Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

         ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары 174 қызмет түрін, кіші түрімен қоса алғанда 281 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 21,2%-ын құрайды (1324).

         Оның ішінде:

            - 109 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;

            - 11 қызмет қағаз түрінде;

            - 270 қызмет электрондық түрде көрсетіледі.

         2023 жылдың 12 айында облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 13,4 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

            -           электронды түрде – 13 338 342 қызмет (99,22 %);

            -           қағаз түрінде – 816 қызмет (0,01%);

            -           қағаз түрінде (баламалы) – 103 296 қызмет (0,77%). 

         2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 2 млн. қызметке көбейді (2022 жылдың 12 айында 11,3 млн. қызмет көрсетілген).

         Атап айтқанда, сұранысқа ие қызметтерге денсаулық сақтау, ветеринария және білім беру саласының қызметтері кіреді («Дәрігердің қабылдауына жазылу» – 10,9 млн., «Жедел медициналық көмек шақырту» – 528 мың, «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» - 273 мың, «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» - 144 мың, «Дәрігерді үйге шақыру» – 115 мың, «Ветеринариялық паспорт беру» – 110 мың, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» – 25 мың, «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» – 18 мың қызмет).

         2023 жылдың қорытындысы бойынша 66 мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген. Атап айтқанда: мемлекеттік қызметтердің мерзімдері бұзылып көрсетілгені 65 және мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1.  Жіберілген бұзушылықтар үшін 26 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 19 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұлдар салынды.

         Есепті кезеңде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары бекітілген жоспарларға сәйкес 110 ішкі бақылау  іс-шараларын өткізді (74 ЖАО, 36 ведомстволық бағынысты ұйымдар қамтылды).

         Іс-шаралар қорытындысы бойынша 464 бұзушылық анықталды:

         -           мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзудың 10 фактісі;     

            -           мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімін бұзудың 5 фактісі;

            -           мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің
116 фактісі;

            -           мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 6 фактісі;

            -           мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 76 фактісі;

            -           мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 4 фактісі;

            -           мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 63 фактісі;

            -           мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 184 фактісі.      

         Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 178 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 21 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (16 – «ескерту», 4 – «сөгіс», 1 – «қатаң сөгіс»).  

         2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактілері тіркелген жоқ.

         2023 жылы «Жаңа шабыт» Республикалық қоғамдық бірлестігі Агенттік орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін айқындау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Оның нәтижелері бойынша облыстың ЖАО-ның мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 76,0 % құрады.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында облыс әкімі аппартының басшысымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары, Жамбыл облысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою және ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары, Жамбыл облысы аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша Бекітілісі, Жамбыл облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен негізгі ережелерін насихаттау және ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілді.

         Облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.

         2023 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 162 қызметкер өтті (2020 жылы – 30, 2021 жылы – 119, 2022 жылы - 148).

         Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2023 жылы 4 322 330 халықты қамтылған 3 464 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Дата публикации
17 мая 2024