Қордай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды
іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу барысы |
|
1. |
Ауданға ірі инвесторларды тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу
|
Тұрақты, тоқсан аралық ақпарат ұсыну |
Қордай ауданының әкімі |
Қордай ауданыныңда орналасқан «Когадыр» кен орнында алтын өндіретін зауыт құрылысы. Жоба құны 50-70 млрд.теңге. Іске асыру мерзімі 2024-2028 ж. Жоба бастамашысы «Turlov Private Holding» ЖШС. Сонымен қатар ауданда «Синомашкарьер» ЖШС әктас өндіру зауытын салу жұмыстары жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2024-2026 жылдар. Жобаның құны 5,0 млрд.теңге. |
|
2. |
«Эко-Чикен» құс фабрикасына мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту мүмкіншілігін қарастыру |
2024 жыл 1 маусым |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) «Тараз» ӘКК» АҚ (келісім бойынша) |
«Эко-Чикен» құс фабрикасына қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен толық қамтамасыз етілген. Аудан әкімдігі тарапынан «Эко-Чикен» құс фабрикаларының өнімдерін өткізу жолдарын жақсарту мақсатында, ауданның ірі сауда орындары «Флагман», «Семейный» сауда үйлері басшыларымен келіссөздер жүргізіліп, Эко-Чикен» құс фабрикаларының өнімдерін өткізу бойынша келісімге келді. |
|
3. |
Қарасу ауылдық округіндегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылысы жүргізіліп жатқан мектептің сапасын бақылауға алу |
Тұрақты, тоқсан аралық ақпарат ұсыну
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің құрылыс (жинақтау), білім басқармасы, Қордай ауданының әкімі |
Қарасу ауылдық округіндегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылысы тұрақты бақылауға алынған |
|
4. |
Қарасу ауылдық округіндегі «Береке-Өтеген» кооперативіне мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін қарастыру |
2023 жыл 31 желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз» ӘКК» АҚ (келісім бойынша) Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Қарасу ауылдық округінде «Береке Өтеген» ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыздандыру үшін 76,0 млн. теңгеге 6 бірлік әр түрлі техника сатып алу жоспарланған. (1 трактор, 1 соқа, 1 тұқым, 1 сепкіш, 1 шөп тайлағыш, 1 шөп орғыш)
|
|
5. |
«Ауыл аманаты» жобасының 5 – ші бағытын дамыту бойынша тұрғындармен жұмыстар жүргізу |
Тұрақты, тоқсан аралық ақпарат ұсыну
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз» ӘКК» АҚ (келісім бойынша) Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Кенен ауылдық округінде (өз кәсібін ашу) құс шаруашылығы «Эко Чикен» 4 адам 34,4 млн теңге несие алып, іске асырылды. Қаракемер а/о өз кәсібін ашу үшін 29,2 млн. теңгеге 4 жоба қаржыландырылады. Оның ішінде: 2 жоба ЭКО Чикен – 17,2 млн теңге; 2 жоба Омарта және жабдықтары – 12,0 млн теңге. Қарасу а/о өз кәсібін ашу үшін - 20,5 млн теңгеге 3 жоба қаржыландырылады: 1 жоба гидропоника 3,3 млн теңге, қаражатын алды. ЖК Малиев Исмар жылыжай салу 8,6 млн теңге және ЖК Малиева Зульфия жиһаз жасайтын цех ашу 8,6 теңге, құжаттарын «Тараз» ӘКК» АҚ-ға өткен жылдың қараша айында өткізіліп, қарастырылуда. |
|
6. |
Қарасу ауылдық округіндегі жайылым жерлерді кеңейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу |
Тұрақты, тоқсан аралық ақпарат ұсыну
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, ҚР АШМ жер ресурстарын басқару комитеті облыстық департаменті (келісімі бойынша), Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Жайылым жерлерді кеңейту бойынша Қарасу ауылдық округіне аудандық босалқы жер қорынан 884,0 га жайылым жер учаскесі Қордай ауданы әкімдігінің 21.11.2022 жыл №471 қаулысымен бекітіліп берілді.
|
|
7. |
Ауданда тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын кеңінен пайдалану бағытында жұмыстарды жандандыру
|
Тұрақты, тоқсан аралық ақпарат ұсыну
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау)
|
2024 жылдың 1 қаңтарына жалпы 16 219 гектар жерге су үнемдеу технологиясы еңгізілсе, 2024 жылы су үнемдеу технологиясын жалпы 17 000 гектарға жеткізу жоспарлануда. 2024 жылы жаңа жоба - 781 га. Ірі жобалар «Благовещенка» ЖШС, «Азиз» ШҚ, «Бай Нур» ШҚ. |
|
8. |
Шаруаларға жер асты суын пайдаланатын ұңғыма қазғаны үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды кеңінен түсіндіру
|
2023 жыл 31 желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Ауданда 31 ұнғымалар орналасқан («Грин Вилл» ЖШС - 2 бірлік, «Алмалы Колос» ЖШС -1 бірлік, «Азия сад» ЖШС -2 бірлік, «Күнгей» ШҚ -1 бірлік, «Алмарасан» ШҚ -1 бірлік, «Сүлутор» ШҚ -7 бірлік, «Асмаан» ШҚ -3 бірлік және «СПК Халал Ет» ЖШС -7 бірлік, «Носер» ШҚ -2 бірлік, «Надежда» ШҚ -1 бірлік, «Благовещенский» ШҚ -1 бірлік, «Енбек» ШҚ -1 бірлік, «Пан» ШҚ -1 бірлік және «Береке» ШҚ -1 бірлік). Жалпы суармалатын егіс көлемі 2 811 га. Ағымдағы жылы «Айша», «Сусамыр», «Султан Бейбарс», «Нива», «Валя» шаруа қожалықтары ұнғымалар қазу жоспарлауда. |
|
9. |
Ауданда ағын суды көп қажет ететін егістік көлемін азайту бағытында жұмыстарды жүргізу
|
2024 жыл 1 ақпан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Ағымдағы жылдың ақпан айында кестеге сәйкес жұмысшы тобымен аудан әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық «КазСушар» басшысымен бірлесіп ауылдық округтарындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жиналыс ұйымдастырылып, алқаптарға ылғал пайдалануы төмен дақылдарды орналастыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. (суды ұтымды пайдалану, суармалы кезеңінде «КазСушар» теңгеріміндегі каналдар арқылы су алу үшін каналдың меншік иесімен келісім шартқа отыру қажеттілігін, каналдан тікелей су сорғымен су алмау, су үнемдеу технологияларын қолдану, ұнғымалар қазу, ауыспалы егісті сақтау). |
|
10. |
Сортөбе ауылындағы өрт сөндіру депосының құрылысына қаржы бөлу мәселесін бақылауға алу |
Тұрақты, тоқсан аралық ақпарат ұсыну
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапын ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Орталық мемлекеттік органдарға бюджеттік өтінім тапсырылды. |