Жамбыл облысының 2024 жылдың қаңтар-наурыздағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2024 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өнімдері 193,1 млрд. теңгені, НКИ - 90,3% құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 13,4%-ға (25,1 млрд. теңге, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 5,1%-ға (1,6 млрд.теңге) өсім байқалады.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі 19%-ға (120,9 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 1,3%-ға (45,5 млрд. теңге), төмендеді.
2024 жылы 426 жаңа жұмыс орынын құрумен 34,9 млрд. теңгеге 5 өнеркәсіптік-инновациялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда («Shagala Mining» ЖШС-гі - Мойынқұм ауданындағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу, құны - 29568 млн. теңге, қуаттылығы - 9072 тн/жыл., 200 жаңа жұмыс орны құрылды (Мойынқұм ауданы); «Kazchemtrading» ЖШС-гі - цемент зауытының құрылысы, құны – 4500 млн.теңге, қуаттылығы – 400 мың тн/жыл., 167 жаңа жұмыс орны құрылды (Сарысу ауданы); «IMG Group» ЖШС-гі – мақсары майы өндірісін құру, құны – 120 млн. теңге, қуаттылығы – 360 тн/жыл., 8 жаңа жұмыс орыны құрылды (Жуалы ауданы); «Genesis» ЖК – қызанақ шырынын өндіру, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу, гидропоникада жасыл жем өндіру, құны – 220 млн. теңге, қуаттылығы – қызанақ 250 тонна, қияр – 375 тонна, қызанақ шырыны – 35000 литр, жасыл жем – 250 тонна жылына, 18 жаңа жұмыс орыны құрылды (Жуалы ауданы); «Satellie GS» ЖШС– мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, құны – 500 млн.теңге, қуаттылығы – 30 мың тонна құрамында алтын бар кен концентраты жылына, 33 жаңа жұмыс орны құрылды (Мойынқұм ауданы)).
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 44,7 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызға 102,0%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 0,4 млрд. теңге (НКИ-100%), мал шаруашылығы - 44,3 млрд. теңге (НКИ - 102,0%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2024 жылы облыстық бюджеттен 19,8 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2024 жылғы 1 сәуіріне 7,1 млрд.теңге игерілді.
Өсімдік шаруашылығында 2024 жылға 161,6 мың га күздік егін егілді, бұл жоспарда көзделген 100%-ды құрайды.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 27,4 мың тонна (102,7%) ет (тірі салмақта), сүт - 54,2 мың тонна (101,3%), жұмыртқа - 21,8 млн. дана (92,0%) өндірілді.
МІҚ саны 531,0 мың басты (104,2%), қой - 3650,0 мың басты (105,3%), жылқы - 185,3 мың басты (107,4%), құс - 2209,0 мың басты (113,4%) құрады.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 1266,4 млрд. теңге (102,7%), жұмыспен қамтылғандар саны – 169,5 мың адамды (111,0%) құрады.
2024 жылғы 1 сәуірге жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 106,7 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 90,5%-ды құрайды.
2024 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда айналымы 115,1 млрд.теңгені құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызына 2,3%-ға өсті, көтерме тауар айналымы – 69,4 млрд. теңгені құрап, 9,4%-ға төмендеді.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылғы қаңтар-ақпандағы сыртқы сауда айналымы 41,8 млн. АҚШ долларын немесе 2023 жылғы қаңтар-ақпанға 70,5%-ды құрады, оның ішінде экспорт - 12,8 млн. АҚШ доллар (57,7%), импорт - 29,0 млн. АҚШ доллар (78,2%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты (16,2 млн. АҚШ доллар). Начало формы Начало формы
Көлік. Көлік қызметтері 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында 131,3 млрд.теңгені (116,7%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 11,5 млн. тонна (106,1%), жүк айналымы – 10,4 млрд.ткм (102,9%), жолаушыларды тасымалдау – 15,9 млн. адам (111,7%), жолаушылар айналымы – 0,5 млрд. жкм (120,4%) құрады.Конец формы
Конец формы
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 85,7 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 124,4%-ды құрады.
Инвестиция көлемінің өсуі Меркі ауданында республикалық маңызы бар «Мерке-Бурыл Байтал» автожолының учаскесін қайта жаңарту есебінен (НҚ «Қазавтожол» АҚ Жамбыл облыстық филиалы), Талас ауданында негізгі құралдарды сатып алу есебінен («ИнвестКомпани» ЖШС), Сарысу ауданында химиялық кешен құрылысына және құрал-жабдықтарды сатып алуға жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу («Еврохим-Қаратау» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.
Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 31,6 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 110,6%-ды құрады.
Өсім Тараз қ. 15 шағын ауданында ішкі инженерлік желілерді (газ, су, электр, кәріз, жылумен жабдықтау) салу («ТаразСтрой - 2004» ЖШС-гі), Меркі ауданында республикалық маңызы бар «Меркі-Бұрыл Байтал» автожолын қайта жаңғырту («ҚР «СиньСинь» Құрылыс және даму жөніндегі Қытай компаниясы» ЖШС-гі филиалы), Мойынқұм ауданында «Орталық-Оңтүстік» дәлізі шегінде «Күрті-Бурыл Байтал» автожол учаскесін қайта жаңарту («СП СинеМедасСтрой» ЖШС-гі) есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 125,6 мың ш.м немесе 2023 жылдың тиісті деңгейіне 102,8%-ды құрады.
Инфляция деңгейі 2024 жылғы наурыз айында 2023 жылғы желтоқсанға 2,4% - құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 2,8% - ға, азық-түлік емес тауарларға - 1,4% - ға, ақылы қызметтерге - 2,9% - ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен (ҚР – 2,6%).
Азық-түлік тауарлары бойынша 2024 жылғы наурызда бағалар қияр - 9,9%-ға, жұмыртқа - 9,2%-ға, күріш - 3,6%-ға, сүт өнімдері - 3,2%-ға, (о. і. сүзбе - 5-9% майлығы - 9,2% -ға, айран - 2,5% майлығы - 6,1%-ға, қаймақ - 1,4% - ға), жаңа піскен жемістер - 2,2% (о. і. алма - 1,4% - ға), шай - 2,0% - ға, нан - 1,8% - ға, қант - 1,8% - ға, макарон - 1,4% - ға (о. і. рожки - 2,7% - ға), балық және теңіз өнімдері - 1,1% - ға, шұжық - 0,9% - ға, ет - 0,3% - ға (о. і. сиыр еті - 0,6% - ға, құс еті - 0,1% - ға), тұз - 0,9% - ға өсті.
Өсімдік, күнбағыс майлары - 6,8% - ға, жарма - 3,9% - ға (о.і. қарақұмық майы - 7,3% - ға), май мен май -2,1% - ға, жаңа піскен көкөністер - 0,4% - ға (о. і. пияз - 20,6% - ға, картоп - 4,9% - ға, ақ қырыққабат - 2,1% - ға).
Ұн, жылқы еті, қой еті мен шошқа еті, қатты ірімшіктің бағасы өзгеріссіз қалды.
Азық - түлік емес тауарлар бойынша тұрмыстық аспаптардың бағасы - 1,3% - ға, жуу және тазалау құралдарына - 0,7%-ға, сыртқы киімге - 0,3%-ға өсті.
Басқа заттардың, аспаптардың және жеке пайдаланылатын тауарлардың бағасы - 0,4%-ға, дизель отыны - 0,2%-ға төмендеді.
Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында тұрғын үйді күтіп - ұстау үшін төлем бағасы - 16,0% - ға, интернет - 9,5% - ға, әуе жолаушылар көлігі - 8,9% - ға, ұялы байланыс қызметтері - 3,9% - ға, теміржол жолаушылар көлігі - 1,1% - ға өсті.
Туристерді медициналық сақтандыру қызметтері - 2,2% - ға, сақтандыру -1,0% - ға төмендеді.
Салықтар. 2024 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік бюджетке 59,9 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 115,9% (о.і. РБ – 16,5 млрд. теңге (86,2%), ЖБ - 43,4 млрд. теңге (133,4%) түсті.
Салық бойынша берешек 3,9 млрд.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 165,8%-ды құрады.
Бюджет. 2024 жылдың 1 сәуіріне облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 138,3 млрд.теңгені, о.і. өзіндік кірістері – 43,4 млрд. теңгені немесе болжамға 133,4%-ды (о.і. салықтық түсімдер – 37,9 млрд. теңге (131,1%), салықтық емес түсімдер – 2,4 млрд. теңге (141,1%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 3,1 млрд. теңге (162,2%) құрады.
Бюджеттік шығындар 99,9%-ға (122,6 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 17536 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 4818 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 434 адам, жастар практикасымен 578 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен - 7701 адам қамтылды.
Жаңадан 16961 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 7160. Жұмыс іздеп тіркелген 24605 адамның 13258-і жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 287585 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 18,1%-ға артты (2023 ж. 4 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
139608 теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға өсті (2023 ж. 4 тоқсан).
2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында 33,7 мың тұрғынға 765,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 684,9 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 56,9 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 23,9 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 339,4 млрд. теңге қарастырылып 45,4 млрд. теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,7%. 20 білім беру нысанын дамытуға 24,4 млрд.теңге бөлінді.
Білім беру саласында 20 білім беру нысанын дамытуға 24,4 млрд. теңге бөлінді.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 1 мектеп (600 орындық), Жамбыл ауданы Шайқорық а. 1 мектеп (600 орындық), Қордай ауданында 3 мектеп (1500 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (600 орындық), Шу ауданында 2 мектеп (1200 орындық), Тараз қ. 1 мектеп (1200 орындық) құрылысы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 1 мектеп (100 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (150 орындық), Мойынқұм ауданында 2 мектеп (200 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектеп (120 орындық), Сарысу ауданында 1 мектеп (50 орындық), Шу ауданында 1 мектеп (100 орындық), Тараз қаласында 1 мектеп (180 орындық) және 3 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстағы 446 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 342 мектепте 799 интерактивті панельдер орнатылған.
Бүгінге, 586 мектепке дейінгі ұйымдармен (465 балабақша, 121 шағын орталықтар) 63,1 мың бала немесе 92,1% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2023 жылдың деңгейінен 0,4 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2024 жылы
18,0 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге - 2,2 млрд. теңгесі игерілді, немесе 99,9%-ды құрады.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,8 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 1,2 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 6,6 млрд. теңге бөлінді, есепті мерзімге 38,7 млн. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 5038,2 млн. теңге (о.і. РБ - 3023,0 млн. теңге, ЖБ - 2015,2 млн.теңге) қарастырылған.
Бөлінген қаражатқа 26 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (ДА - 5, МП - 7, ФАП – 10 құрылысы, Қордай ауданында 270 төсекке арналған орталық аудандық аурухана, Қордай ауданы Масаншы а. емханасына қосымша құрылысы, Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана салу, Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту).
2024 жылдың қаңтар-наурызында психикалық бұзылулар және қан айналымы жүйесімен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Сонымен қатар, туберкулез, қант диабеті, қатерлі ісік, наркологиялық және мерез ауруларымен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.
Ана өлімі тіркелмеген.