|
Жамбыл облысы Талас ауданы, Үшарал және Қызыләуіт ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындалуы туралы (30.06.2023 ж. ) |
||||
|
1. |
Досбол, Түгіскен, Үшарал ауылдары арқылы Тараз қаласына қатынайтын автобустардың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
2023 жылғы қазан |
Досбол, Түгіскен, Үшарал ауылдары арқылы Тараз қаласына қатынайтын кіші Газель автокөлігінің орнына үлкен «SETRA» маркалы автобусымен ауыстырылып, тұрақты түрде жүруде. Жүру уақыты күнделікті Досбол – 6.30, Түгіскен – 7.00, Үшарал – 7.20.
|
|
2. |
Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев орта мектебінің жылу жүйесіне арнайы мамандармен зерделеу жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы тамыз |
Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеуге облыстық білім басқармасы тарапынан 22,8 млн. теңге қарастырылып, 2023 жылдың қыркүйек айында толық ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
|
|
3. |
Ә.Сағынтаев орта мектебінің қазандығын табиғи газға ауыстыру |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау)
|
2024 жылғы маусым |
Үшарал ауылдық округіндегі (Үшарал ауылы, Ә.Сағынтаев о/м, Бозарық о/м, №1 Ферма н/м, Арал ауылы Талас о/м, Қайыр ауылы, Абай о/м) және Кеңес ауылдық округіндегі (Көшек Батыр ауылы, Жамбыл о/м, Бөлтірік шешен ауылы Ш.Уалиханов о/м және Балбөбек балабақшасы) газ жүйесіне ауыстыруды қажет ететін 8 әлеуметтік нысанға ЖСҚ әзірлеуге 14,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, жалпы құны 383 млн. 291 мың теңгені құрайтын ЖСҚ-лар әзірленген. Қазіргі таңда, аталған жобалар бойынша бюджеттік өтінім Жамбыл облысының энергетика басқармасына ұсынылып, қаражат қарастыру күтілуде.
|
|
4. |
Үшарал ауылдық округінің Арал және Қайыр ауылдарына қатынайтын аудандық мәндегі автожолды жөндеу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау)
|
2024 жылғы мамыр |
Үшарал ауылдық округінің Арал және Қайыр ауылдарына қатынайтын аудандық мәндегі автожолын орташа жөндеу жұмыстарына құны 540 млн. 621 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, облыстық автомобиль жолдары басқармасына тиісті бюджеттік өтінім ұсынылды. Ағымдағы жылы қаражат қарастыру күтілуде.
|
|
5. |
Арал және Қайыр ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған модульдік контейнерлік блокты орналастыру
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау)
|
2024 жылғы маусым |
Аудан аумағындағы 7 елді мекенді (Қарой, Қожағаппар, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Сейілбек, Тұрымқұл) сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 30 млн.теңге бөлініп (2022 жылға 25 млн.тенге, 2023 жылға 5 млн. теңге), Арал (149,3 млн. тг) және Қайыр (160,3 млн. тг), ауылдарын сумен қамту бойынша ЖСҚ-лар әзірленіп, қаражаттары толық қарастырылған. Аталған жобалар бойынша жүргізілген мемлекеттік сатып алу рәсімдері нәтижесінде жеңімпаз мердігер «Самұрық констракшен групп» ЖШС болып анықталды. Блок модульді контейнерлерді орнату жұмыстары а.ж. сәуір айында басталады.
|
|
6. |
Қызыләуіт – Қаратау (18 шқ) төте жолына асфальт төсеу жұмысын жүргізуге ұсыныс беру, ЖСҚ әзірлеу
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2024 жылғы наурыз |
2023 жылдың 3 шілдесінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК ж/е АЖ бөлімі, «ТаразДорПроект» жобалаушы мекеме өкілдерінің және Талас ауданы Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің қатысуымен «Қызыләуіт-Қаратау» бағытындағы жолдың жағдайы зерделенді. Аталған бағытта бүгінде күніне 5-6 жеңіл көлік қатынауда. Қолданыстағы Қаратау қаласына Ақкөл ауылы арқылы айналма жол 86 шақырымды құрайды. Зерделеу барысында, аталған бағыттағы төте жолдың ұзындығы 25 шқ құрайтындығы, күрделі рельефті ойлы-қырлы, сортаң жерлермен және 6 шаруа қожалығының жерін қиып өтетуіне байланысты шаруа қожалықтардың жерін мұқтаждығына қайтару қажет етіндігі анықталды. Нәтижесінде, 2 нұсқада V-техникалық санаттағы (100 автомобиль/тәулігіне есебімен) жол құрылысының алдын ала есептілігі жүргізілді. І нұсқа – шағалды жол, құны - 1 024,5 млн.теңге (ұзындығы - 25 шқ, ені - 6 м, қалыңдығы - 30 см. 2 қабатты шағалды жол төсемі, 10 - дана су құбыры мен 1 - дана көпір) ІІ нұсқа – асфальтобетонды жол, құны – 1 279,7 млн.теңге (ұзындығы - 25 шқ, жол төсемінің ені - 6 м; қалыңдығы - 6 см., ені - 4,5 м.) Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірлеу мақсатында қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілуде.
|
|
7. |
Қызыләуіт ауылындағы балабақша ашудың тиімді жолын қарастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің білім басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау)
|
2023 жылғы желтоқсан |
Қызыләуіт ауылына жаңа үлгідегі балабақша соғу мақсатында жеке кәсіпкер Қасымов Беріктің атына Дүйсенбин көшесі бойындағы «Балдәурен» балабақшаның маңындағы 0,025 га. бос жердің құжаттары рәсімделіп, берілген. Құрылыс жұмыстарын бастау 2024 жылдың маусым айына жоспарлануда.
|
|
8. |
Қызыләуіт ауылдық округіндегі Керімбай Оязбек атындағы «Көктал» ЖШС қатысты ауыл тұрғындарының талаптарын шешу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкім (жинақтау)
|
2023 жылғы қазан |
2017 жылы жеке кәсіпкер Сұлтанбек Жанабек Қызыләуіт ауылдық округіндегі Керімбай Оязбек атындағы «Көктал» ЖШС-ін арнайы өткізілген аукцион рәсімдерінің нәтижесінде сатып алған. Қазіргі таңда, ЖШС-нің жерлері мен мүлкі мемлекеттік фондқа өткізілген. Сол себепті, 91 азамат өздеріне тиесілі пай үлестерін ала алмауда. Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі және аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, заң талаптарына сәйкес сот рәсімдеріне жүгіну қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген
|
|
9. |
Қотырәуіт әуітін жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Талас ауданының әкім (жинақтау) |
2024 жылғы ақпан |
«Қотырәуіт» су қоймасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2023 жылдың тамыз айында аудандық бюджеттен 10 млн. 339 мың теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Мердігер: «ПазылСтройСервис» ЖШС.
|