|
Жамбыл облысы әкімінің Талас ауданы, Қаратау және Қасқабұлақ ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындалуы туралы (29.08.2023 жыл)
|
||||
|
1. |
Есейхан ауылына кіреберістегі автомобиль жолына (12 шқ) орташа жөңдеу жұмыстарын жүргізу
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2024 жылғы мамыр |
Аудандық маңызы бар 10,3 шақырымды құрайтын Есейхан ауылына кіре беріс автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 426 млн. 900 мың теңгеге жобалық- сметалық құжаттамалары әзірленіп, құжаттамаға сәйкес 50/50 қағидаты бойынша қаражат толық қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері нәтижесінде жеңімпаз мердігер «Қаратау жолдары» ЖШС-і анықталды. Орта жөндеу жұмыстары а.ж. сәуір айының 15 жұлдызында басталады.
|
|
2. |
Қаратау ауылдық округін газ жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
2024 жылғы маусым |
Талас ауданы бойынша Қасқабұлақ, Есейхан, Қарой және Көктал ауылдарын газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ дайындауға және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға аудандық бюджеттен 2023 жылы наурыз айында 34 млн. 197 мың теңге қарастырылды. Қасқабұлақ, Есейхан және Қарой ауылдарын жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС-і тарапынан жалпы соммасы 995,9 млн. теңгені (Қасқабұлақ – 354,2 млн.тг., Есейхан – 328,3 млн. тг., Қараой – 313,4 млн.тг.) құрайтын ЖСҚ әзірленді. Тиісті бюджеттік өтінім облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды. Қаражат қарастыру күтілуде. |
|
3. |
Есейхан ауылын ауыз сумен тұрақты және сапалы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2024 жылғы маусым |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан Есейхан ауылын ауыз сумен тұрақты пайдалану мақсатында ауыз су нысандарына жеке сарапшыларды тарта отырып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Онда, су сорғыш нысаны мен су тарату нысаны арасындағы 4 шқ құрайтын пластикалық құбырды темір құбырға ауыстыру туралы ұсыныстар беріліп, құны 26 млн. теңгені құрайтын ЖСҚ әзірленді. Қазіргі таңда, аудандық бюджеттен 9 млн. теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстарына қажетті құжаттар топтамасы дайындалуда.
|
|
4. |
Есейхан ауылында спорт нысанын салу бойынша ұсыныс енгізу
|
Талас ауданының әкімі |
2023 жылғы қазан |
Есейхан ауылына кіші футбол алаңшасын соғу мақсатында ЖСҚ әзірленіп, аудандық бюджеттен 4 млн. 746 мың теңге бөлінді. Жүргізілген мемлекеттік сатып алу рәсімдері нәтижесінде жеңімпаз мердігер болып ЖК «Ә.Бижан» анықталды. Футбол алаңшасын соғу жұмыстары а.ж. 20 сәуірінде басталады.
|
|
5. |
Қараой ауылында Шабақты өзені арқылы өтетін автокөліктерге арналған көпір салу мәселесін қарастыру |
Талас ауданының әкімі |
2024 жылғы қаңтар |
Қараой ауылында Шабақты өзені арқылы өтетін автокөліктерге арналған көпір салуға 13 млн. 283 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, аудандық бюджеттен қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша жүргізілген мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде жеңімпаз мердігер болып ЖК «Ә.Бижан» анықталды. Көпір салу жұмыстары а.ж. 20 сәуірінде басталады.
|
|
6. |
Есейхан ауылын «Ауыл Аманаты» жобасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы желтоқсан |
Есейхан ауылын 2024 жылға «Ауыл Аманаты» жобасына енгізу бағытында Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттар топтамасы дайындалуда.
|
|
7. |
Есейхан ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көліктерінің сапасын зерделеп, жөңдеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
2023 жылғы желтоқсан |
Есейхан ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көліктерінің сапасы зерделенді. 2 жедел жәрдем көлігі тіркелген. Аталған көлікттер а.ж. қазан айында толық жөнделді.
|
|
8. |
Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесіндегі №13 көпқабатты тұрғын үйдің және 3 мөлтек ауданындағы №5, №6 жатақхананың құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы желтоқсан |
Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі №13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталды. Ал, Қаратау қаласы 3 мөлтек аудандағы №5, №6 жатақханалар ғимаратын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 318 млн. 072 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары сапалы жүргізіліп, толық аяқталды. (Мердігер "ALTYN LTD" ЖШС-гі)
|
|
9. |
«Игілік» ШЖҚ КМК қалпына келтіру жұмысын аяқтап, жылыту маусымына толықтай дайын болуын қамтамасыз ету |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы қазан |
Аудан әкімінің 15 маусымдағы 2023 жылғы №01-158 қаулысына сәйкес, Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджеттік сала нысандарының 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау жөніндегі аудандық штаб құрамы бекітілген. Қаратау қаласында тұрғын үй қорында 152 шағын және көпқабатты тұрғын үйлер бар, барлығы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. (2 қабатты-84 үй, 3 қабатты-2 үй, 4 қабатты-17 үй, 5 қабатты-47 үй, 9 қабатты-2 үй) Бүгінгі күнге, 152 шағын және көпқабатты тұрғын үйлердің 152 жылыту маусымына дайын. №3 мөлтек ауданы №20, №21, Молдағұлова №59, Әуезов №1 үй тұрғындарымен жиын өткізіліп, модернизация бойынша тұрғындардың келісімі алынуда. Қаратау қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Игілік» МКК-нің орталық қазандығы. Орталық қазандықтың газ шығыны орташа сағатына 3700 м3, тәулігіне 88 800 м3. Қаратау қаласындағы «Игілік» МКК-нің орталық қазандығына 15 млн. 300 мың м3 табиғи газ сатып алуға 464 млн 826 мың теңге қаражат бөлінген. 2023-2024 жылыту маусымына қажетті газ көлемі 15 млн. 300 мың м3, тәулігіне шамамен 88 800 м3. Қаратау қаласы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы екі желілік есептемемен 28,9 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда, тозу деңгейі 43,2 пайыз немесе 12,5 шақырым. Ағымдағы жылы «Зеленстрой» ҚТБ мекемесінен Панфилов №1 көшесіне дейінгі 1 шқ 120 метр жылу желілерін күрделі жөндеу және ауыстыру үшін аудандық бюджет есебінен 9 млн 500 мың теңге қаражат бөлініп, ескі жылу құбырларын бұзу (демонтаж) жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 85 млн 782 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары 100 пайызға аяқталған. Бұдан бөлек, аудандық бюджет қаражаты есебінен Талас ауданы, Көктал су қоймасындағы 8,1 шақырым әуе электр желілерін ауыстыруға 74 млн 919 мың теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Орталық қазандықтың ПТВМ-30 №5, №6 ыстық су қазандықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 25 млн 169 мың теңге қарастырылып, бүгінгі таңда қазандықтың ақау актісі бойынша қазандықтың трубалары ауыстырылды. Сондай-ақ, кварталішілік 2,5 шақырым жылу желілерін қаптау (изоляция) қалпына келтіру жұмыстарына 20 млн 521 мың теңге бөлініп жылу желілерін қаптау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге, жөндеу жұмыстары 100 пайызға аяқталған.
|
|
10. |
Есейхан ауылында әлеуметтік игіліктерді сапалы қамтамасыз етіп, азаматтарды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізу |
Талас ауданының әкімі |
Тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Есейхан ауылында әлеуметтік игіліктерді сапалы қамтамасыз етіп, азаматтарды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізуде.
|