Жамбыл облысы әкімінің Талас ауданы ауданы, Бостандық және Аққұм ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындалуы туралы
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Орындалуына жауаптылар |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы |
|
1. |
Бостандық ауылдық округі тұрғындарына ауыл шаруашылық техникаларын (комбайн) сатып алу бойынша ұсыныс беру
|
облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы І тоқсан |
Ағымдағы жылы Бостандық ауылдық округіндегі «Зерхат» шаруақожалығының төрағасы Мейірбеков Ержан өз қаражаты есебінен құны 30 млн. теңгені құрайтын 1 комбайын техникасын сатып алып, ел игілігіне пайдалануда.
|
|
2. |
Бостандық ауылдық округіндегі орталық саябаққа, ауылдық балабақшаның қоршауына жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Талас ауданының әкімі |
2023 жылғы мамыр |
«Ақбөпе» бөбек-жай бақшасы мен орталық саябақтың 80 метр қоршауы 2023 жылдың сәуір айында қалпына келтірілді.
|
|
3. |
Бостандық – Ақкөл ауылдары арасындағы аудандық деңгейдегі тас жолды жөндеуге ұсыныс беру
|
облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
Аудан аумағындағы аудандық маңызы бар жолдардың ағымдағы жөндеуді (ямочный ремонт) қажет ететін бөлігіне аудандық бюджеттен барлығы 40,7 млн. теңге қаржы қарастырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары а.ж. маусым айында толығымен аяқталды. Оның ішінде Ақкөл-Талапты бөлігіндегі жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
|
|
4. |
Бостандық ауылдық округіне қарасты Талапты ауылына ауылдық клуб салуға ұсыныс беру, ЖСҚ әзірлеу
|
облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы сәуір |
Бостандық ауылдық округіне қарасты «Талапты ауылына мәдениет үйінің құрылысын салуға құны 149,2 млн тг. ЖСҚ әзірленіп, ЖСҚ сараптамасы алынған.Тиісті бюджеттік өтінім облыс әкімдігінің мәдениет, экономика және құрылыс басқармаларына мерзімінде ұсынылған. Алайда, елді мекендерге арналған өңірлік стандаттар жүйесінің талаптарына сәйкес болмауына байланысты (адам саны 1000-нан асқанда, Талапты ауылында 527 адам тұрады) облыстық бюджеттен қаржылық қолдау таппады. Осыған орай, демеушілік есебінен ауылдық клуб соғу мақсатында ауылдық округтен шыққан меценаттар мен жеке кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
|
|
5. |
Бостандық ауылдық округіндегі тұрғындарға ауыз судың тәулігіне 24 сағат берілуін қамтамасыз ету |
облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Тұрақты |
Бостандық ауылына тәулік бойы ауыз су беру мәселесі Аққұм ауылындағы ұңғыманы (скважина) іске қосу үшін 2023 жылдың тамыз айының 18 күні өткен кезекті нақтылауда аудандық бюджеттен 3,8 млн. теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша жеңінпаз «КФ Тараз ОО «КОС»» ЖШС болып анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары толық 31.10.2023 жылы аяқталды.
|
|
6. |
Қамқалы – Тараз облыстық деңгейдегі тас жолдың Бостандық – Тараз бөлігі арқылы ауыр жүк автокөліктерін жүруін заң талаптарына сәйкес реттеу |
Облыстық полиция департаменті |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
Қамқалы – Тараз облыстық деңгейдегі тас жолдың Бостандық – Тараз бөлігі арқылы жүретін тас жолға полиция департаментімен жол белгілері орнатылған. Ағымдағы жылы инертті материалдар тасымалдағаны үшін 9 жүк машинасының иесіне хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда жүк көліктері аталған тас жолмен жүруіне толық шектеу қойылды.
|
|
7. |
Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңақоныс елді мекеніне ауыз су тарту мәселесін заң талаптарына сәйкес қарастыру |
облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
Жаңақоныс елді мекеніндегі 7 үйді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Аққұм ауылынан келетін су құбырына қосу үшін 1,5 млн. теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесі бойынша жеңінпаз ЖК «Рысқулов» болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 31.10.2023 жылы толық аяқталып, бүгінгі күнге 7 үй ауыз сумен қамтамасыз етілді.
|
|
8. |
Аққұм ауылы мен Жаңақоныс елді мекенін жалғастыратын жолды шағал төсеу арқылы жол салу мәселесін қарастыру
|
Талас ауданының әкімі |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
Аққұм ауылы мен Жаңақоныс елді мекенін жалғастыратын жолды шағал төсеу үшін 42,5 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленген. 2024 жылы аудандық бюджеттен қаражат қарастыру жоспарлануда.
|
|
9. |
Бостандық, Аққұм ауылдарына келетін «Жиембет» каналын жөндеу жұмыстары бойынша ұсыныс беру |
облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
«Жиембет» каналын жөндеу жұмыстары бойынша 1,2 млрд теңгеге ЖСҚ әзірленіп, облыстық құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына бюджеттік өтінім берілген. Қаржыландыру күтілуде.
|
|
10. |
Аққұм ауылдық округіндегі «Барбол Тоқтықожаұлы атындағы» орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу |
облыс әкімдігінің білім басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы ІІ тоқсан |
2023 жылы облыстық бюджеттен 59,5 млн. теңге қаражат қарастырылып, тамыз айының 1-нен бастап ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың 30 қыркүйегі толық аяқталды. Мердігер «Объектстрой» ЖШС-гі.
|