Облыс әкімінің 2023 жылғы 9 қарашада Сарысу ауданына жұмыс сапары барысында
көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1. |
Сарыөзек және Жаңакәрітоған каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша бюджеттік өтінім ұсыну
|
2024 ж. І-тоқсан |
Сарысу ауданының әкімі |
2023 жылы 3 каналға жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындалып, бюджеттік өтінім берілді («Бүркітт» каналы бойынша өтінім 15.02.2023 жылы №01-307 санды хатымен Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына). Оның ішінде, «Бүркітті» каналы (2,3 км) - 124,276 млн. тг (қайта жаңғырту) қаржы бөлініп, мердігері анықталды («Байтұр-2050» ЖШС, келісім-шарт құны 113,130 млн. тг.). Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдап алу жүргізілуде. Қалған 2 каналдың қаржысы («Жаңа Кәрітоған» - 329,7 млн. тг. (4,2 км) және «Сарыөзек» - 193 млн. тг. (4,3 км)) қолдау таппады. («Бүркітт» каналы бойынша өтінім 15.02.2023 жылы №01-307 санды хатымен Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс хат беріліп, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы атынан бюджеттік өтінім қалыптастырылып облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды). Осыған байланысты, 2 каналды жобаларымен бірге «ҚазСуШар» РМК-нің теңгеріміне өткізу жұмыстары атқарылуда («Сарыөзек» каналын республикалық теңгерімге беру туралы 24.10.2024 жылғы №207 қаулысы шықты). 2 канал толығымен республикалық меншікке өткізілген соң, «ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалы тарапынан республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім беріледі.
|
|
2. |
Қажеттілігіне қарай ауылдық округтерде ангар типтегі спорт кешендерінің құрылысын салу үшін ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну
|
2024 ж. І-жартыжылдық |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Сарысу ауданының әкімі (жинақтау) |
2024 жылға облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Сарысу ауданы бойынша Жаңатас қаласындағы Дегерес елді мекеніне, Жаңаарық және Ә.Бүркітбаев ауылдарына спорт зал құрылысына ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 18 млн. теңге қаржы қарастырылды. Бүгінгі күнге ЖСҚ әзірлеуге мердігер (проектант) анықталған ("Асад-ЛТД" ЖШС, келісім-шарт құны 16,2 млн. теңге). ЖСҚ дайындалған соң, бюджеттік өтінім ұсынылады.
|
|
3. |
Жаңаталап ауылдық округінде бокс және күрес үйірмелерін ашуды ұйымдастыру
|
2024 ж. |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)
|
Аудан аумағында орналасқан барлық спорт мектептері облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынысты болуына байланысты, 2023 жылдың 16 қарашасында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының атына «2024 жылға жоспарға бокс және күрес үйірмелерін ашу» бойынша №1-26-370 сұраныс хат жолданды. Басқарма тарапынан қосымша үйірмелер ашу қарастырылып, №11 Сарысу колледжі ғимаратынан бокс және қазақша-самбо күрестерінен үйірмелер ашылып, жұмыс жүруде.
|
|
4. |
Аудан орталығында жаңа аурухана құрылысын салу бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсыну |
2024 ж. І-тоқсан |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
|
Жаңатас қаласы, Әулие ата көшесінің бойынан 250 келушіге арналған жаңа талапқа сай емхана (200 тәулігіне төсектік стационарымен) құрылысын жүргізу және оған қызмет көрсету үшін 5,0 га жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы берілді. Бүгінгі таңда, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттік өтінім (жоба құны - 66,7 млн. теңге) беріліп, қаралуда.
|
|
5. |
Аудандық орталық аурухананың лифтін қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру
|
2024 ж. ІІ-тоқсан |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)
|
Сарысу аудандық орталық ауруханасының істен шыққан лифтін қайта қалыпқа келтіру мақсатында, облыстық денсаулық сақтау басқармасына қаржы қарастыруға сұраныс беріліп, нәтижесінде 36,0 млн тг қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге аудандық орталық аурухананың «Емдеу бөлімі» мен «Бас ғимаратқа» жедел саты (лифт) орнату жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау мақсатында конкурс жарияланған.
|
|
6. |
«Жаңатас Су-Жылу» КМК-ның техникалық су сақтайтын резервуарын жаңарту үшін жаңа құралдарды (РВС - 2000 м.куб) алу бойынша бюджеттік өтінім ұсыну
|
2024 ж. І-тоқсан |
Сарысу ауданының әкімі |
Қалалық қазандыққа 1976-1978 жылдары орнатылған сиымдылығы РВС-2000 м.куб техникалық су сақтайтын темір резевуарды ауыстыруға ЖСҚ дайындау үшін аудандық бюджеттен 2024 жылға 11,3 млн.теңге қаржы қаралды. ЖСҚ әзірлеуге «Uni project group» ЖШС келісім-шарт жасалды. ЖСҚ дайындалған бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.
|
|
7. |
«Жаңатас Су-Жылу» КМК-ның электр қуатын өндіретін электр генераторларын (1250 кВа - 1 дана, 410 кВа-3 дана) сатып алу бойынша 2024 жылға бюджеттік өтінімдер ұсыну
|
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің энергетика басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі |
Тиісті мекемеге электр қуатын өндіретін электр генераторларын (1250 кВа - 1 дана, 410 кВа-3 дана) сатып алу облыстық бюджеттен 2024 жылға 230,5 млн.теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге электр қуатын өндіретін электр генераторларын (1250 кВа - 1 дана, 410 кВа-3 дана) сатып алу бойынша (20.02.2024 жылы) «Silk Way Machinery» ЖШС келісім-шарт жасалды. Генераторлар жеткізу мерзімі 3 дана 410 кВа – 70 күн, 1 дана 1250 кВа – 180 күн.
|
|
8. |
«ЕвроХим» МХК құрылысының 2-ші кезеңін жоспарға сәйкес аяқтауды қатаң бақылауда ұстау |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі
|
II кезеңді іске асыру мерзімі 2022-2026 жылдар. Күкірт қышқылы зауытының құрылысын аяқтау 2025 жылдың 4 тоқсанында жоспарланып отыр. Өндірістік қуаты жылына кемінде 1 млн. тонна минералды тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдер. Жұмыс орындары, құрылыс сатысында 2000-ға дейін жұмыс орны, сондай-ақ пайдалану сатысында кемінде 1200 жаңа жұмыс орны құрылады. Қосымша сервистік кәсіпорындарда (аутсорсинг) жұмыс орындары құрылады. Бас мердігер - химия саласындағы жобаларға маманданған "CNCEC" (Chinese National Chemical Engineering Company) ірі қытай құрылыс-инжинирингтік компаниясы. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге, химиялық кешен объектілерінің тік орналасу (планировка) аяқталды, арматуралық болаттан жасалған 1 770 тонна қаңқа орнатылды, 8 000 текше метр бетон құйылды, ауданы 6 800 ш. м. дейінгі іргетастарды гидрооқшаулау орындалды,бетон-ерітінді торабы орнатылды, мердігер қызметкерлерінің тұруы үшін ғимараттар салынды. "Қазатомөнеркәсіп" ҰК " АҚ-мен 500 мың тонна күкірт қышқылын сатып алу ниеті туралы келісім жасалды.
|
|
9. |
«ЕвроХим» МХК-нің заңды тіркеуін Алматы қаласынан Жаңатас қаласына ауыстыру мәселесі бойынша салықтық және басқа да түсімдер мен төлемдерге тиісті зерделеу жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу
|
2023 ж. |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің қаржы басқармасы, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша), Сарысу ауданының әкімі
|
Бұл туралы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің бас директорына «ЕвроХим» кешені Жамбыл облысы Сарысу ауданында қызмет жүргізуіне байланысты, ауданның жер қойнауын пайдаланушы ретінде заңды мекен-жайын Сарысу ауданына қайта тіркеу туралы ресми хат ұсынылды. Аталған кәсіпорын заңды мекен-жайын Сарысу ауданына ауыстырған жағдайда қаржылай және кадрлар тапшылығына ұшырауы мүмкіндігін хабарлайды. Себебі, әкімшілік қызметкерлерінің басым бөлігі Алматы қаласында кеңседе жұмыс атқарады. А.ж. сәуір айында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС және облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының қатысуымен жиын өтті. Жиын қорытындысымен ұсыныс, талаптар тыңдалып, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында «ЕвроХим» МХК АҚ-на қатысушыдан шешім алу (решение участника) үшін «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС тарапынан хат ұсынылды. |
|
10. |
Ауданда жайылым жерлерді кеңейту жұмыстарын жандандыру
|
Тұрақты |
Сарысу ауданының әкімі |
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 639,1 мың га, оның ішінде жайылым - 532,7 мың га, шабындық - 34,1 мың га, бөгде жерлер - 47,4 мың га, егістік - 24,7 мың га және көпжылдық екпелер - 157 га құрайды. Шаруаларға жайылымдық жерлер конкурс арқылы кедергісіз берілуде. 2023 жылы 3 конкурс ұйымдастырылды, өткен конкурста 42 жер, 39 302,0 га жер учаскесі айналымға енгізілді, оның 38 917,0 га жайылым, 327,0 га егістік (оның суармалы 61 га), 66 га шабындық. 2021 жылы аудан бойынша 49,4 мың га жайылым жер елді мекен жерлеріне бекітіліп берілсе, 2022 жылы 65,0 мың га жер бекітіліп берілді. Елді мекен жерлері 72470 га дан 182470 га ұлғайды. Бүгінгі таңда, аудандағы елді-мекен жайылымы 174,6 мың гектарды құрап отыр. Аймақта жайылым жетіспеушілігі жоқ |
|
11. |
Ауданда іске асырылып жатқан құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімінде және сапалы атқарылуын қамтамасыз ету
|
Тұрақты |
Сарысу ауданының әкімі |
2024 жылға 18,5 млрд. теңгеге 51 жоба әзірленген. Оның ішінде, 20 жоба (7,3 млрд. тг.) қолдау тауып отыр. Олар: «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында - 2 жоба, 175,7 млн. теңге (оның ішінде: РБ – 169,8 млн.тг., аудандық бюджет-5,9 млн.тг.): - Өндіріс ауылындағы Отарбаев орта мектебін күрделі жөндеу 116,1 млн. тг (РБ); - Тоғызкент ауылындағы Т.Аубакиров (0,320 км) және Есмырза (1,150 км) көшелерінің жол жабынын орташа жөндеу, ұзындығы-1,47 км 1 жобаға 59,6 мың теңге (оның ішінде: РБ – 53,7 млн.тг., аудандық бюджет-5,9 млн.тг.). «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 13 жоба 5,8 млрд. теңге: - Жаңатас қаласындағы 2 шағын аудан №32 (90 пәтер) көпқабатты үй ғимаратын қайта жаңғырту 496,7 млн.теңге (ОБ); - Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 401,8 млн. теңге (оның ішінде РБ – 397,8 млн. тг., аудандық бюджет – 4,0 млн. тг.); - Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен берілетін кредит 409,9 млн. теңге (РБ); - Саудакент ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту 39,1 млн.теңге (ОБ); - Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысы 380,5 млн. тг (ОБ); - Жаңатас қаласында орналасқан қалалық қазандықты газдандыру– 2537,7 млн. теңге (ҰҚ – 2283,9 млн.тг, ОБ –253,8 млн. тг); - Жанатас қаласындағы жылу жүйесін жөндеу 2 жоба 148,0 млн теңге (Жаңатас қаласында (орталық саябақтан 2-шағын ауданға дейін) жылу желілерін іріктеп күрделі жөндеу және Жаңатас қаласындағы жылу желілерін таңдау бойынша күрделі жөндеу (1 шағын аудан 2 ғимарат және 2 шағын аудан 21 үйден 29 үйге дейін )(ОБ); - Сарысу ауданы 14 елді мекендерін (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жанаталап, Уюм, Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Бүркітбаев, Арыстанды) (жеткізілетін, тарататын) газ құбырларын салу мен газдандыру – 1 161,2 млн. теңге (ҰҚ -849,7 млн. тг, ОБ -311,5 млн. тг); - Аудандық маңызы бар Тоғызкент ауылына кіре беріс жолын орта жөндеу (0-0,730 км) 27,2 млн теңге (ОБ -13,6 млн. тг, АБ – 13,6 млн.тг); - Аудандық маңызы бар Жанаталап ауылына кіре беріс жолын орта жөндеу (0-2,6 км) 113,0 млн теңге (ОБ -56,5 млн. тг, АБ – 56,5 млн.тг); - Жаңатас қаласы Құрылысша масивіне (Строитель, Горняк, Фосфарит) су құбыры желілерінің құрылысын салу 23,6 млн теңге (өтпелі нысан 2023 жылдан ОБ); - - Тоғызкент ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту (аяқтау) - 86,6 млн. теңге; «Облыстық дамыту бағдарламасы» аясында 4 жобаға 328,9 млн. теңге: - Жаңатас қаласындағы Абай атындағы орта мектебін күрделі жөндеу – 258,1 млн. тг (ОБ) - Жайылма ауылдық округінде биотермиялық шұңқыр құрылысы-24,3 млн. тг (АБ); - Қамқалы ауылдық округінде биотермиялық шұңқыр құрылысы-23,0 млн. тг (АБ); -Түркістан ауылдық округінде биотермиялық шұңқыр құрылысы -23,5 млн тг (АБ); «БЖК-2025» бағдарламасы аясында - 1 жоба, 939,7 млн. теңге: Ауданда қуаты жылына 400 мың тонна кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін Ақкөл көлінен су тартқышты салу (бірінші кезек) – 939,7 млн.тг. (РБ/ОБ).
|
|
12. |
Аудандағы сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар тауарларға жүйелі түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп, үстеме бағасының заң талаптарына сәйкес сақталуын қамтамасыз ету
|
Тұрақты |
Сарысу ауданының әкімі |
Сауда үстемақысын сатып алынған бағадан 15%-ға асырмау жөнінде Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерде орналасқан азық-түлік дүкендеріне (16.02.2024 ж.) жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы әкімдіктің әлеуметтік желілердегі (инстаграм, фейсбук) ресми парақшаларында, аудандық «Сарысу» газетінде ақпарат жарияланып отыр. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің жолдаған жұмыс алгоритмі бойынша жұмыстар атқарылып, аудан әкімінің өкіміммен арнайы комиссия құрылды. 2024 жылдың 29 ақпанынан бастап сауда орындарын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Нәтижесінде, Байқадам ауылдық округінде орналасқан «Самұрық», «Марат», «Саудакент» және «Сұлтан» азық-түлік дүкендеріне ӘҚбтК 204 бабына сәйкес, ескерту түрінде шара қолданылды (2023 жылы 1 дүкенге айыппұл салынды). Барлық атқарылған жұмыстардың ақпараты облыстық кәсіпкерлік басқармасына тұрақты ұснылып отыруда
|
|
13. |
Ауданда іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларға өндіріс кезеңіндегі мамандар қажеттілігін анықтап, колледждерде сұранысқа ие болған мамандықтар бойынша оқытуды қамтамасыз ету
|
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі |
Ауданда жұмыссыз ретінде 1 048 адам тіркелген. Бүгінгі таңға, дейін жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың ішінде «ЕвроХим», «Казфосфат», «Жаңатас ЖЭС» және т.б. кәсіпорындарына жұмысқа түрғандар жоқ. Жалпы ауданда 2 колледж бар, олар: 1) «Жаңатас көпсалалы колледжінде» 12 мамандық және 18 біліктілік курстары бойынша 492 студент білім алады. Колледж тарапынан аудандағы барлық кәсіпорындармен 3 жақты меморандум жасалған. Бүгінге дейін колледж бітірген студенттердің ішінде «Қазфосфат» - 62, «ЕвроХим» - 3, «Жаңатас ЖЭС» - 2 түлек тұрақты жұмысқа орналасқан. 2) «№11 Сарысу колледжінде» 5 мамандық бойынша студенттер білім алады. Жалпы студент - 217
|
|
14. |
Сорбұлақ тұз көлінің жер асты суларын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін тиісті құзырлы органдардың сараптама қорытындысын алып, ұсыныс енгізу
|
2024 ж. сәуір |
Сарысу ауданының әкімі |
Сорбұлақ тұз көлінің жер асты суларын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін ғылыми-негізделген қорытынды беру туралы «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры Н.Н. Балғабаевқа (№01-1998 14.11.2023 ж.) және «У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС директоры М.К. Абсаметовқа (№01-1999 14.11.2023 ж.) ресми хат ұсынылды. Ғылыми-негізделген қорытынды алынған соң, жер асты суын пайдалану туралы ұсыныс дайындалатын болады.
|
|
15. |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер асты суларын пайдалану бағытындағы қазылатын ұңғымаларға төленетін субсидия көлемі туралы ақпаратты тұрғындарға насихаттау
|
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі |
2023 жылы жайылымдық алқаптарды 36 дана су ұңғымасы қазылған. Мемлекет тарапынан осы жұмыстарға 307,4 млн теңгеге субсидия қаржысы аударылған. 2023 жылы қазылған қосымша 4 су ұңғымасының өтініші ауыл шаруашылығы басқармасына жолдандыған. Шаруа қожалықтар өз қаражаты есебінен су ұңғымаларын қаздырады. Мемлекет тарапынан су ұңғымас қазылған жер бедерінің түріне байланысты субсидиялау жұмыстары жүргізіледі. Шөлейтті аридтік аумақтарда 375 метрге дейін су ұңғымасын қазуға рұқсат етілген. Бір метр құдық ұңғыма қазу және труба орнату үшін ең жоғарғы сомма 70,0 мың теңгеден аспауы тиіс. Осы сомаының 50% субсидияланатындығы туралы аудан тұрғындарына тұрақты түрде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді. |
|
16. |
Ауданда балық шаруашылығын дамыту мәселесін қарастыру
|
2024 ж. тамыз |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Сарысу ауданының әкімі |
Үлкен Қамқалы су айданын ЖК «Сәтті» (Баушенов Ринат Бақытұлы) 2021 жылдың желтоқсан айында 49 жылға пайдалану құқығын алды. Су айдынының жалпы жайылатын көлемі 301 га құрайды. 2022 жылдың қараша айында аталған көлге құны 2,2 млн. теңге болатын 7,0 мың дана күміс тұқы және 25,0 мың дана сазан шабақтары жіберілді. Алдағы уақытта, көлдің өткел түсін темір тормен жауып, қосымша 100,0 мың дана шабақ жіберу жоспарлануда. Қыркүйек айынан бастап, балық аулау жұмыстары басталды. Ауланған балық көлемі 12,0 тонна. Су айданын пайдаланушы кәсіпкер 2024 жылдың орта кезеңінде су айданының басында балық өнімдерін консервілейтін қайта өңдеу цехінің құрылысын жүргізуді жоспарлауда. |
|
17. |
Ауданда іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың (Қазақсода, ЕвроХим және т.б.) маңында жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, шағын және орта бизнес кластерін дамыту |
2026 жыл |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Сарысу ауданының әкімі (жинақтау) |
Ауданда іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың («Қазақсода», «ЕвроХим» және т.б.) маңында жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, шағын және орта бизнес кластерін дамыту мақсатында 2 субаймақ құру жоспарланды. Субаймақ құрудың Жол картасы бекітілді. Бүгінгі күнге 2 субаймақтың Сарысу-1» қосалқы аймағы - 38 га (Qazaq Soda ЖШС жанында), «Сарысу-2» қосалқы аймағы - 30 га («ЕвроХим-Қаратау» ЖШС маңы) жер телімдері анықталды. Бұл ретте инженерлік-инфрақұрылым желілеріне ең жақын қосылу нүктелері анықталып, алдын ала шығындар есебі жүргізіліп, «Тараз» Индустриялық аймағы басқарушы компаниясы» ЖШС-не ұсынылды. Қосымша 2 нүктеден (бұрынғы ДСК, ЖБИ зауыты маңынан -9,2 га, «Тараз көлік жолы» ЖШС асфальт-бетон зауыты маңынан - 60,0 га) субаймақтар ашу және қажетті инженерлік-инфрақұрылым желілеріне ең жақын қосылу нүктелері анықталып, алдын ала шығындар есебі жүргізіліп, «Тараз» Индустриялық аймағы басқарушы компаниясы» ЖШС-не ұсынылды.
|