Жамбыл облысы әкімінің Шу ауданы Өндіріс, Жаңажол ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
Берілген тапсырмалардың барлығы: 17
Оның ішінде:
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
4 |
5 |
|
|
1. |
Абай ауылы «Карабас» каналына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу;
|
2024 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
Абай ауылы «Карабас» каналына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп (құны 1 684 млн) сараптамаға жолданды. Қорытындысы жыл соңына дейін алынады. Орындалды.
|
|
2. |
Өндіріс ауылдық округіне қарасты «Нарқызыл» жайлауынан жайылым жер округ теңгеріміне ортақ пайдалануға беру жолдарын қарастыру; |
2023 жылғы 30 желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Өндіріс ауылдық округінде мал басының өсуіне байланысты шалғайдан жайылым жер учаскесін беру аудандық жер комиссиясының қорытындысымен 4000 га жер берілді. Қазіргі таңда жерге орналастыру жобасын дайындау жұмыстарын жүргізуде. Орындалды
|
|
3. |
Кәсіпкерлерді тарта отырып қой жүнін өңдейтін шағын цех ашу жолдарын қарастыру; |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Шу ауданының әкімі |
«Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылуы көзделген бизнес жобалар тізімінде қой жүнін өңдеу цехы қарастырылмаған. Аудан тұрғындарына және жеке кәсіпкерлеріне аталған бағытта ұсыныстар берілген. Қой жүніне қазіргі таңда сұраныстың аз болуына байланысты, жобаны іске асыруға ниетті кәсіпкерлерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде
|
|
4. |
Шу ауданына жер инспекторы өкілін тағайындау мүмкіндігін қарастыру; |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер ресурстарын басқару департаменті (жинақтау) |
Аудан бойынша жер инспекторын тағайындауға аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы ұсынылды. Орындалды
|
|
5. |
Абай ауылына денешенықтыру сауықтыру кешені салу үшін ЖСҚ әзірлеу; |
2024 жылғы 30 мамыр |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
Шу ауданында жалпы құны 2,8 млрд. құрайтын Шу қаласы, Жаңажол, Шоқпар, Білік, Ақтөбе, Көктөбе ауылдарына денешенықтыру сауықтыру кешені салу үшін ЖСҚ әзірленген. Абай ауылында жеке кәсіпкер есебінен 2022 жылы спорт кешені салынып пайдалануға берілген. Абай ауылына денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Орындалу үстінде |
|
6. |
Абай ауылдық мәдениет үйінің алдындағы халық ақыны Жақсыбай Жантөбетов ескерткішінің құжаттарын рәсімдеп заңдастыру; |
2023 жылғы 30 желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, мәдениет басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
Бюстке қажетті құжаттары жинақталып, 2024 жылы жергілікті уакілетті органға құқық берілгендіктен келісімге қайта жолданып, шешімі кұтілуде. Орындалу үстінде |
|
7. |
«Ауыл аманаты жобасының» 5-бағыты аясында Абай ауылындағы «Тлеумаханова» жеке кәсіпкерге өнім көлемін ұлғайту мақсатында мемлекеттік қолдау көрсету; |
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауылшаруашылық, «Тараз» ӘКК (келісім бойынша) Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шу аудандық филиалымен бірлесе, ЖК «С.Тлеумахановаға» «СТ-КZ» сертификаты берілді. Кәсіпкердің өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында, «Тараз ӘКК» АҚ арқылы 27,0 млн. теңгеге қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Жігітековке 16.10.2023 жылғы №744 сұраныс хаты жолданған. Сонымен қатар, 2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасы Өндіріс ауылдық округіне енгізілуі жоспарлануда. Орындалды
|
|
8. |
Жаңа жол ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның қазандығын табиғи газға қосу; |
2023 жылғы 30 қазан |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау)
|
Жаңа жол ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның қазандығын табиғи газға қосу ЖСҚ әзірленіп (құны – 1,5 млн.тенге), Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурсқа берілді. Орындалды
|
|
9. |
«Тасөткел» су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын жоғарылату (2-кезегі реконструкциялау) бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарына аяқтау;
|
2023 жылдың соңына |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау)
|
«Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» КММ-сі мен «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС арасында 20.07.2023 жылы қосымша келісім шарт №219-2-5-7 жасалды. Бүгінгі күнге жалпы құрылыс жұмыстары 90% орындалды. 2024 жылдың мамыр айының соңына дейін құрылысты толық аяқтау жоспарлануда. Орындалу үстінде
|
|
10. |
Жаңа жол ауылына мәдениет үйінің құрылысын жүргізу үшін, құжаттарын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну; |
2023 жылғы 1 қараша |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
ЖСҚ әзірленген (құны 309,8 млн тенге) Сараптама қорытындысы алыны (№CCon-0356/21 от 30.11.2021), бюджеттік өтінім ұсынылды. Орындалды |
|
11. |
Жаңа жол ауылы Б.Момышұлы орта мектебіне күрделі жөндеу және жапсарлас ғимарат салу үшін зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ЖСҚ әзірлеу; |
2024 жылғы 1 сәуір |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы білім басқармасы (жинақтау)
|
Жаңа жол ауылы Б.Момышұлы орта мектебіне күрделі жөндеу және жапсарлас ғимарат салу үшін зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жапсарлас ғимарат құрылысын жүргізу қажет етпейтіндігі анықталды және күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу 2024 жылға жоспарланған. Орындалды |
|
12. |
Жаңа жол ауылынан аудан орталығына тұрғындарды тасымалдауға қоғамдық көлік жүруін қамтамасыз ету;
|
2023 жылғы 30 желтоқсан |
Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
«Жамбыл облысындағы тұрғын саны 100 асатын елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту бойынша Жол картасы бекітілген. Аудан бойынша ағымдағы жылға 3 қоғамдық көлік ауданішілік бағытта ашылуы тиіс. Олар: 1. «Бірлікүстем – Қонаев – Шу» 2. «Еңбекші – Белбасар – Жаңажол– Шу» Осыған орай, ағымдағы жылы ауылдық округтегі елді мекендерді аудан орталығымен байланыстыратын қоғамдық көлік қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында 2 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілді. «Бірлікүстем – Қонаев – Шу» «Еңбекші – Белбасар – Жаңажол– Шу» «Шу өңірі» газетінде жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына конкурс өткізу туралы хабарландыру беріліп, конкурс ағымдағы жылы 18-ші тамызында өтті. Конкурсқа «Назар сервис» ЖШС-гі және «Ақжол-2000» ЖШС-гі қатысып, жеңімпаз болып «Ақжол-2000» ЖШС-гі анықталды. 28 тамызда «Ақжол-2000» ЖШС-мен 3 жылға келісім-шарт жасалынды. Ағымдағы жылы ауданішілік 2 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынауда. Тапсырма орындалды. Орындалды |
|
13. |
Жаңа жол ауылындағы электр желілері мен электр бағаналарына жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу; |
Тұрақты аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС (келісімі бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
Шу ауданының электр желілерінің ұзындығы 1459,74 шқ құрайды. Оның 357,7 шқ (тозығы жеткен 0,84%) коммуналдық меншікте, 1099,04 шқ (тозығы жеткен 80%) «Шу аудандық электр желілері» ЖШС меншігінде. Аудан бойынша 638 станциялар бар. «Шу аудандық электр желілері» ЖШС-де 226 (35,4%), коммуналдық мекеме теңгерімінде 155 (24,2%), жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары теңгерімдерінде 257 (40,2%). Жалпы аудандағы станциялар, электр қуатын таратушы желілер мен бағандардың 80% тозығы жетіп отыр. 2022 жылы Шу аудандық электр қуатын тарату мекемесімен Алға ауылдық округіне қарасыты Сауытбек ауылын толық электр қуатын таратушы желілері мен бағандары ауыстырылды. Ағымдағы жылға Алға ауылының 3 көшесінің толық электр қуатын таратушы желілер мен бағандары ауыстырылуда. Алайда елді мекендердің электр желілері мен бағандардың тозығы жетуіне байланысты жылына кемінде 6-7 ауыстыру қажет. Орындалу үстінде
|
|
14. |
Жаңа жол ауылына балалар ойын алаңы мен воркаут алаңшасын орнату үшін ЖСҚ әзірлеп, орнату мүмкіндігін қарастыру
|
2023 жылғы 25 желтоқсан |
Шу ауданының әкімі |
Жаңа жол ауылына балалар ойын алаңы мен воркаут алаңшасын орнату үшін ЖСҚ әзірленді. Құны 53 млн. 2024 жылға іске асыру жоспарда. Орындалды.
|
|
15. |
Төле би ауылындағы Әл-Фараби мектебінің құрылыс жұмыстарын шұғыл аяқтап, пайдалануға беру
|
2023 жыл 1 қазан |
Шу ауданының әкімі |
Төле би ауылындағы Әл-Фараби мектебінің құрылыс жұмыстары аяқталып, ағымдағы жылдың 20 қарашасы пайдалануға берілді. Орындалды. |
|
16. |
Шатыркөл кен байыту фабрикасын салық төлеуші ретінде Шу ауданына тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру
|
2024 жыл
|
Шу ауданының әкімі |
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің еншілес «Zhanashyr Project» ЖШС – Жайсан кен орнын өнеркәсіптік игеру кәсіпорнымен 2024 жылы Шу аудандық кірістер басқармасына тіркеу туралы келісілді. Орындалды. |
|
17. |
Шу ауданының әкімдігі және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның орындалуын басты назарда ұстау
|
Тұрақты аралық ақпарат тоқсан сайын |
Шу ауданының әкімі |
Шу ауданының әкімдігі және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның орындалуы тұрақты бақылауда. «Қазақмыс Корпорациясы» меморандум аясында жүктелген міндеттерін уақытылы орындауда. Орындалды. |