Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Мойынқұм ауданы Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ

  Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Мойынқұм ауданы Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

 

Кездесу өткен күн: 30.09.2023 жыл

Берілген тапсырмалардың барлығы: 19

Оның ішінде:

  • орындалғаны – 10
  • орындалу үстінде – 2
  • орындалмаған - 7

 

№

Іс-шараның

атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

1

Айдарлы ауылындағы №2 және Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқталуын қатаң бақылауда ұстау

2023 жыл қараша

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудандық білім  бөлімі

Айдарлы ауылындағы №2 орта мектебі бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет құрылысты бақылау басқармасының келісімен мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына                               20-қарашаға  дейін мерзімі ұзартылды.  Қосымша келісім шарт жасалды. Келісім-шарт бойынша күрделі жөндеу жұмыстары мерзімде аяқталмаған жағдайда мердігер мекемеге  айыппұл төлейтіндігін ескертіп №1895  21.11.2023  хат жолданды. 19.12.2023 жылы мердігер мекемеге Жамбыл облыстық ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берілді. Келесі сот отырысы 19.03.2024 жылы сағат 16:00 болады. Сыртқы брусчатка төсеу жұмыстары ғана  қалды. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап мектеп пайдалануға беріледі.

Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет құрылысты бақылау басқармасының келісімімен мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 30-желтоқсанға дейін мерзімі ұзартылды. Мердігерге ғимаратты көрсетілген мерзімде өткізілмеген жағдайда мекемеге айыппұл төлейтіндігін ескертіп, 03.01.2024 жылы №6 хат жолданды. 19.01.2024 жылы мердігер мекемеге Жамбыл облыстық ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берілді. Келесі сот отырысы 04.04.2024 жылы болады.

Орындалмады.

2

Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу

2024 жыл

1 сәуір

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудандық білім  бөлімі

Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу және сараптамадан өткізу үшін 5 млн. 964 мың теңге қаржыға сұраныс берілген.

Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланған. Нәтижесі ағымдағы жылдың 5 сәуірінде анықталатын болады.

Орындалу  үстінде.

3

Көкжелек ауылының нақты мекен-жайын «Геолокация» жүйесіне енгізу

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің сәулет, қала  құрылысы және құрылыс  бөлімі.

«Ұлттық кеңістік деректер қоры»  филлиалының тарапынан топографиялық карталарға нақты орындары белгіленіп, түзету жұмыстары жүргізілді.

Орындалды.

4

Көкжелек ауылында «Beeline» байланыс операторымен ұялы байланысты күшейту бойынша келіссөздер жүргізу

 

2023 жыл

15 қараша

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Бүгінгі таңға Көкжелек ауылында Beeline ұялы байланысы 4G интернет жылдамығымен  қамтамасыз  етілді.

Орындалды.

5

Аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың негізінде құрылыстың          1-кезеңіне жоспарланған қаражаттың қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау

2024 жыл

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің сәулет, қала  құрылысы және құрылыс  бөлімі.

Аудандық газ құбырлары жобасының 1 кезеңі  68,5 шақырым болатын трасса құбыры (Айдарлы, Бірлік, Биназар) жобалық құны 18 512 218,86 мың теңгені құрады, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы №19-0148/22 02.05.2023 жылы алынды. Аталған жобаны қаржыландыру бойынша өтінім беріліп,  «Инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды» алынды.

Жоспарда 2600,0 млн. теңге қаржы қаралып мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады.

Орындалды.

6

Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел бағытындағы облыстық мәндегі автомобиль жолының бойын сексеуілден тазалау

2024 жылдың             1-тоқсаны

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының жиегіндегі көпжылдық сексеуіл ағаштарын жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында, тазарту қажеттілігі жөнінде салалық басқармаға ұсыныс жолданған. Жамбыл облысының прокуратурасының 25.05.2023 жылғы №2-0723-05715 хатына сәйкес, Облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының екі жиегінде өсіп тұрған жабайы сексеуілдер мемлекеттік орман қоры учаскелеріне тиесілі. ҚР мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл ағашы қызыл кітапқа енуіне байланысты, барлық сексеуіл ағашын кесуге тыйым салынған.

Орындалды.

7

Күшаман ауылына шағын спорт ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, жол картасына сәйкес құрылысын жүргізу

2024 жылы ЖСҚ әзірлеу,

2025 жылы құрылысын салу

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің сәулет, қала  құрылысы және құрылыс  бөлімі.

Күшаман ауылына шағын спорт ғимаратын салу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына келісім алуға 01.03.2024 жылы шығыс №2-205 санды хат жолданған. Басқарма тарыпынан жауап күтілуде.

Орындалмады.

 

8

Күшаман ауылдық округі аумағындағы жерлерінің жергілікті тұрғындардың пайдалану (үлесі) көрсеткіштеріне талдау жасап, ұлғайту бойынша ұсыныс енгізу

2023 жыл

20 қараша

Аудан әкімінің орынбасары

Е.Әмірханов

 

аудан әкімдігінің жер  бөлімі

Қызылотау ауылдық округіне тиесілі жердің жалпы көлемі 107547,7 гектар, оның ішінде: ауылшаруашылығындағы жерлер 24 932,11 гектар, елді мекендердің жерлері 2 272 гектар, орман жер қоры 42 679,7 гектар, су қорының жері  89,7 гектар, босалқы жерлер 37 574,21 гектар.

2022 жылы 4 конкурс ұйымдастырылып, Онда 117 жер теліміне, жалпы жер көлемі 27083,1068 гектар, суармалы егістік 606,4389 гектар, жайылымы 25493,4457 гектар, шабындығы 983,2222 гектарға құжаттары қабылданып, жер телімдері берілді. Осы конкурста Қызылотау ауылдық округінің 4 тұрғынына Амангелді жер қоры жерінен жалпы алаңы 1338,8274 гектар оның ішінде 38,8274 гектар суармалы егістік 1300 гектар жайылымдық 5 жер учаскесі берілді.

2022 жылы босалқы жер қорынан егістік жерлерді қайта айналымға енгізу бойынша Күшаман ауылының 17 тұрғынына бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін Амангелді жер қоры жерінен конкурссыз 1 гектардан жер телімдері берілді.

2023 жылы 3 конкурс ұйымдастырылып, Онда 58 жер теліміне, жалпы жер көлемі 16805,5125 гектар, суармалы егістік 481,0451 гектар, жайылымы 16095,6163 гектар, шабындығы 228,8551 гектарға құжаттары қабылданып, жер телімдері берілді. Осы конкурста Қызылотау ауылдық округінің 2 тұрғынына Амангелді жер қоры жерінен жалпы алаңы 1973,0 гектар жайылымдық 3 жер учаскесі берілді.

Елді мекендердегі жайылым жерлерді кеңейту мәселесі бойынша Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтеріне 2000 гектардан, барлығы 4000 гектар жайылым жерлерді елді мекен жерлеріне қосу жұмыстары жоспарланып, аудан әкіміне сұраныс жолданды. 2024 жылы қаржы  қарастырылып тиісті  шешім  қабылданатын  болады. Орындалу  үстінде.

 

9

Күшаман ауылындағы Амангелді Иманов атындағы орта мектептің шатырын ауыстыру жұмыстарын жүргізу

2024 жылдың               1-тоқсаны

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудандық білім  бөлімі,

Күшаман ауылындағы Амангелді Иманов атындағы орта мектебінің бір жақ қабырғасында жарық пайда болуына байланысты сесмикалық жағдайын анықтау үшін алғашқы құжаттар жинақталуда. Облыстық білім басқармасына өтінім ағымдағы жылдың сәуір айында берілетін болады.  Орындалмады.

 

10

Ағын су тапшылығына байланысты Бірлік ауылы «Байбарақ-Агро» АШК ұжымының сұранысына сәйкес «Ауыл аманаты» жобасы аясында алынған несиелердің төлем мерзімін ұзартуды қарастыру

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

Е.Әмірханов

 

аудан әкімдігінің ауыл  шаруашылығы  бөлімі

Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында құрылған «Байбарақ Агро» ауылшаруашылық кооперативі техникаларына төлем мерзімін ағын судың тапшы болуына байланысты қосымша 1-жыл жеңілдік (каникул) мерзімін ұзарту туралы сұранысына сәйкес, аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі тарапынан Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылық басқарамасының басшысы Н.Жігітековке шығыс №8-1-228, 16.10.2023 жылы ұсыныс хат жолданып, сұранысы қанағаттандырылды. Яғни қосымша           1-жылға жеңілдік (каникул) уақытын ұзартты.

Орындалды.

 

11

Күшаман ауылының ветеринарлық пунктіне жаңа қызметтік көлік алу мүмкіндігін қарастыру

2024 жылдың               1-тоқсаны

Аудан әкімінің орынбасары

Е.Әмірханов

 

аудандық ветеринариялық станциясы комуналдық  мемлекеттік мекемесі

      Мойынқұм аудандық ветеринариялық станциясы   теңгерімінде 25 дана қызметтік автокөлік тіркелген, оның ішінде 19 дана НИВА автокөліктері 2013 жылы берілгендіктен тоғызы жетіп, қайта жаңартуды қажет етеді. Мекеме облыстық бюджеттен қаржыландыратын болғандықтан, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Н.Құрмантаевқа шығыс №195, 20.10.2023 жылы сұраныс еңгізілген. Қаржы бөлінген жағдайда шешімін табады.

Орындалмады.

 

12

Жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасына орнатылған трансформаторды, аудандық электр желілері мекемесі арқылы іске қосуға қолдау көрсету

2024 жыл

1 наурыз

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Зерделеу барысында жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасында орнатылған трансформатор жоқ екендігі анықталды. Заң талаптарына сәйкес жеке тұлғаларға трансформатор қамтамасыз ету қарастырылмаған.

Орындалды.

 

 

 

13

Күшаман ауылындағы ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған клуб ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

2024 жыл              20 наурыз

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің  мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімі.

Күшаман ауылындағы ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған клуб ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін,  жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу/есептеу/жасау жөніндегі жұмыстар мемлекеттік сатып алу порталында жарияланып, «General Partners» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Бүгінгі таңда жеңімпаз мердігер тарпынан 8 млн.200 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Орындалу үстінде.

 

 14

Күшаман ауылына кіре берісіндегі автомобиль жолына жүргізілген жөндеу жұмыстарында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Күшаман ауылына кіре беріс автомобиль жолындағы кемшіліктер «АлКонСер ЛТД» ЖШС-гі тарапынан толығымен қалпына келтірілді.

Орындалды.

 

 

 

15

Күшаман ауылы ауыз су жүйесіне жаңа су сүзгіш (мембрана) қондырғы орнату

2024 жыл   20 ақпан

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Күшаман ауылында ауыз су жүйесіне су сүзгіш (мембрана) қондырғысын орнату үшін, ауыз су сынамалары алынып, 13.03.2023 жылғы №2230001011041846 хаттамасының қорытындысына сәйкес ауыз су ішуге жарамды, су сүзгіш қажет етпейтіндігі анықталды.  

Орындалды.

 

 

 

16

Көмір бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдау

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

Кәсіпкерлік бөлімі

Бөлім тарапынан Мойынқұм ауданы бойынша көмір бағасы негізсіз қымбаттау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында Мойынқұм ауданы аумағында көмір түсіретін темір жол тұйығы жоқ болуына байланысты,  көршілес  Шу ауданының кәсіпкерлік субъектілері Мойынқұм ауданына «Шұбаркөл», «Қаражыра» тас көмірлерін Шу қаласында орналасқан темір жол тұйығынан тоннасы 21000-22000 тенгеден тасып алынып Мойынқұм ауданына (жол шығындары, жанар-жағар май шығындары, салық шығындары, жұмыс күші шығындарын қоса алғанда) тоннасы 27000-28000 теңге аралығында аудан тұрғындарына өткеретіндігі анықталды. Шу ауданының кәсіпкерлеріне көмір бағасын қыстық жылыту маусымында негізсіз көтермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Орындалды.

17

Күшаман ауылы тұрғындарына жедел жәрдем қызметінің уақытында көрсетілуін қамтамасыз ету

2023 жылдың соңына дейін

 

 

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудандық  орталық аурухана.

Аудан бойынша дәрігерлік амбулаториялар бірнеше елді мекендерді біріктіре отырып құрылған. Себебі дәрігерлік амбулатория құрылуы үшін халық саны 1650-ден асуы қажет. (Күшаман ауылының халық саны – 651)

Күшаман, Көкжелек және А.Назарбеков ауылдары Көкжелек дәрігерлік амбулатория құрамына кіретін болғандықтан, осы елді мекендегі жауапты фельдшерге жүгінеді.

Орындалды.

18

Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын қаржыландыру үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың мерзімінде қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау

2024 жыл

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

«Радай» өзеніндегі көпір құрылысына жобалау-сметалық құжаттарын жобалаушы болып «Лидер Проект Дизайн» ЖШС-гі анықталып, жобалық-сметалық құны 626,4 млн теңгені құрады. Мемлекеттік сараптамадан №19-0390/21, 27.09.2021 жылы оң қорытындысы шығып, жобаны қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінім ұсынылған. 2024 жылы  Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын жүргізу үшін жоба құны 626 млн теңге,       ( 555,5 млн. (ҰҚ-400,0 млн, ОБ-100,0 млн. АБ-55,5 млн) теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурс жарияланды. 512,5 млн теңгеге жеңімпаз  «ЖБИ-С» ЖШС анықталып, қазіргі таңда келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

Орындалды.

19

№8 Мойынқұм колледжінің аттестатаудан өтуі және оның материалдық-техникалық базасын күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізіп, колледж аумағындағы жатақхана ғимаратын мекеменің теңгеріміне өткізу

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,

аудандық білім  бөлімі.

№8 Мойынқұм колледжін аттестаттаудан өту үшін  профилактикалық бақылаудың 1,2 кезеңінен өтпеген. Қорытынды 3 кезеңін білім саласындағы сапаны бақылау департаменті ағымдағы жылдың 25 наурызында өткізу жоспарлануда.      

Колледж аумағындағы жатақхана ғимаратында осал топтағы отбасылар тұрады. Осыған байланысты, жатақхана ғимаратын №8  Мойынқұм колледжінің теңгеріміне 2024 жылдың мамыр айында өткізу жоспарлануда.

Орындалмады.

 

 

 

 

С.Төлегенов______________                      М.Тулеулиев___________                      Е.Әмірханов_______________

 

 

 

 

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Мойынқұм ауданы Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ
Дата публикации
09 апреля 2024