Облыс әкімінің Мойынқұм ауданы Мыңарал және Шығанақ ауылдық округтерітұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ

 

Облыс әкімінің Мойынқұм ауданы Мыңарал және Шығанақ ауылдық округтерітұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

 

Кездесу өткен күн: 24.02.2023 жыл

Берілген тапсырмалардың барлығы: 15

Оның ішінде:

  • орындалғаны – 8
  • орындалу үстінде – 7

 

№

Іс-шараның

атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

1

Шығанақ ауылдық округінде кәсіпкерлермен келісіп, көп қабатты үйлердің жинақтағыш тұндырғыштарынан (септик)сұйықтұрмыстық қалдықтарды жинауға және оларды көмуге арналған жерге тасымалдауға арналған арнайы көлік (ассенизаторская машина)жұмысын ұйымдастыру

2023 жылғы

1 маусым

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Арнайы көлік (ассенизаторская машина) жұмысын ұйымдастыру бойынша көрші Алматы облысына қарасты Үлкен ауылының «Үлкен су» жеке кәсіпкері ай сайын Шығанақ ауылына бір рет келіп жұмыс жасайтын болып  келісілді.

Орындалды.

 

 

 

2

Шығанақ ауылдық дәрігерлік амбулаторияда күндізгі стационар жағдайында ем алуға жағдай жасау

2023 жылғы

20 наурыз

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудандық орталық аурухана

Шығанақ дәрігерлік амбулаториясының күндізгі стационар бөлімі - 5 төсекке арналған. Барлық науқастар  клиникалық протоколға сәйкес ем қабылдауда. Бір жыл ішінде 480 науқасты  емдеуге  мүмкіндік бар.  Тұрғындар сұранысы толық өтелген.

Орындалды.

3

Шығанақ ауылының ауыз су имараты «Шығыс кең басқармасының» ЖШС жекеменшікке өту заңдылығын зерделеу

2023 жылғы

1 сәуір

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов,

Мойынқұм ауданынның прокуроры Т.Оспанов

(келісімі

бойынша)

 

Ауыз су  имараты «Шығыс кең басқармасы» ЖШС-нің  теңгеріміне заңды түрде өткендігі анықталды. Бүгінгі таңға «Шығыс кең басқармасы» ЖШС жекеменшігінде.  Сонымен  қатар ескі имараттың қолданыста болмауына, жарамсыз болуына және Жамбыл облысының шекаралық аймағынан тыс орналасуына байланысты қайта теңгерімге алудың қажеттілігі жоқ. Себебі 2013 жылы Шығанақ ауылына жаңа ауыз су имараты пайдалануға берілген. Ауыз су жүйесін күтіп ұстауға бюджеттен қаражат қаралды.

Орындалды.

4

Аудан бойынша ауыз су тарату имаратындағысу тұшытқыш мембраналық қондырғының пайдалануына, техникалық қызмет көрсетуіне аудандық бюджеттен жеткілікті қаражат бөлу

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Шығанақ , Жамбыл, Қылышбай ауылдарына суды тазарту станцияларындағы  мембраналық  қондырғыны  күтіп ұстауға 2023 жылға қажетті химиялық реагенттерге 7,2 млн. теңге қаржы бөліген. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен ст. Мыңарал, Мыңарал, Шығанақ, Мирный-Қияхты-ст.Бурылбайтал елді мекендеріне мембраналық қондырғы орнату және оны  1 жылдық қызмет көрсетуге  311,9  млн теңге қаржы қарастырылды.

Орындалды.

5

Цемент зауытынан  алынатын  паддонның  бағасы туралы (от  жағуға  пайдаланылатын)

тұрақты

Аудан әкімі

Ауыл әкімі

Бүгінгі  таңға 1 тонна ағаштың (паддон) бағасы 75 мыңнан 25 мыңға түсіріліп халыққа босатылуда.

Орындалды.

 

 

6

Мыңарал ауылындағы ауыз су жүйесін қайта жаңғырту бойынша ұсыныс енгізу

2023 жылғы

1 сәуір

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Мыңарал және ст. Мыңарал елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су қабылдау имараттарына қуаттылығы 15м3/сағ мембраналық қондырғы және тазарту кешенін орнатуға 152,520 мың теңгеге салалық басқармаға 13.04.2023 және 22.05.2023 жылы бюджеттік өтінім  ұсынылған. Қазіргі таңда қаржы қарастырылып  "Мойынқұм су-жылу" КМКМК тарапынан  23.10.2023 жылы «ABIROY GROUP» ЖШС мен келісім шарт жасалған. Бүгінгі күнге жұмыстары басталды.

Орындалу үстінде.

7

Мыңарал ауылының тұрғыны Қ.Б.Саутовқа Қазақстан Республикасының азаматтығы мен құжаттарын заңдастыруға көмек көрсету

2023 жылғы

1 мамыр

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудандық  полиция бөлімі Ж.Тохабаев

(келісімі бойынша),

 

Мыңарал ауылының тұрғыны Қ.Б.Саутовқа Қазақстан Республикасының азаматтығы мен құжаттарын заңдастыру мәселесі бойынша қазіргі таңда Саутова Руфина және Саутов Қанаттың Ресей Федерациясының азаматы екені анықталып Ресей Федерациясының паспорты алынды. Осы уақытқа дейін ешқандай құжатсыз тек қана туу туралы куәлігімен ғана жүрген болатын. 09.01.2024 жылы Саутова Руфина және Саутов Қанат Мойынқұм аудандық көші-қон полиция бөліміне барып ықтияр хатқа сәйкес сауалнама (анкета), өмірбаяндары толтырылып, саусақ іздері (отпечатка) алынып көші қон полиция басқармасына құжаттары жөнелтілді. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Көші Қон Басқармасынан келісілген түрдегі жауап күтілуде. Анасы Саутова Альмираға Қазақстан Республикасының азаматтығы мен құжаттарын заңдастыру мәселесі қызы Саутова Руфина және ұлы Саутов Қанатқа шетелдіктердің тұруға ықтиярхаты берілген соң жүзеге асырылады. Себебі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымындағы «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау қажет, төлем қабілеттілігін растау 1320 айлықтық есептік көрсеткіш, яғни 4 873 440 теңгені құрап отыр. Аталған заңда шетелдік азаматтың Туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда төлем қабілеттілігін растаудан босатылады. Сол себепті қызы Саутова Руфина және ұлы СаутовҚанатқа шетелдіктердің тұруға ықтиярхаты берілген соң, анасына еліміздің азаматтығын алуы оңай болады.2024 жылдың6 ақпанындаА.Саутова Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Конульдігіне барып Ресей Федерациясы аумағынан тыс жердегіРесей Федерациясыныңазаматының жеке басын куәландыратын паспорт беру туралы өтініш берді.Бекітілген талаптарға сәйкес өтінішті қарау уақыты  3 айды құрайды.

2024 жылғы 15 наурыздағы жағдайға байланыстыағымдағы жылдың 9 қаңтарында Жамбыл облысы көші-қон полиция басқармасына Саутова Руфина және Саутов Қанат құжаттарының ықтияр хатынақанағаттырылсын деген бұйрық беріліп,аталған азаматтар 2024 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының азаматтығына заңдастырылу үшін ХҚКО-на барып, жеделдетілген  түрде жеке куәлік алу үшін мемлекеттік баждарын төлеп, наурыз айының соңына дейін Саутова Руфина және Саутов Қанат жеке куәлік тапсырылатын болады.

Орындалу үстінде:

8

Мыңарал ауылдық округіндегі ескірген электр желілері мен электр бағаналарын жаңарту жұмыстарын жүргізу қажеттілгіне қарай электр қуатын арттыру мақсатында трансформатор орнату

2023 жылғы

1 маусым

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Мыңарал ауылында тозған желілер мен өткізу қабілеті жеткіліксіз желілерді ауыстыра отырып, 6-10 және 0,4 кВ қуаттылықтағы тарату желілерін реконструкциялау» нысанының ЖСҚ – сын әзірлеу үшін 2022 жылы 13,4 млн. теңге бөлініп құжаттар сараптаманың оң қорытындысы алған. Жоба құны 446,3 млн. теңге. Жоба 2023 жылдың 3 шілде күні облыстық бюджеттің қарауына ұсынылды.

Орындалу үстінде.

9

Мыңарал ауылдық округін жедел жәрдем көлігімен

қамтамасыз ету бойынша

ұсыныс енгізу

2023 жылғы

20 наурыз

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудандық орталық аурухана

Бүгінгі таңға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарамасының тарапынан жедел-жәрдем көлігі беріліп, қазіргі уақытта Мыңарал ауылдық округі жедел-жәрдем көлігімен қамтамасыз етілді.

Орындалды.

10

Шығанақ ауылындағы ауыз су жүйесіне қосымша (цистерна) орнату

2023 жылғы

1 маусым

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Шығанақ ауылындағы ауыз су жүйесіне қосымша цистерна орнатуға қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталына салынып, жеңімпаз мердігер  «Kaly» ЖК - мен 892,0 мың теңге келісім шарт жасалынып, қазіргі таңда цистерна толық орнатылған.

Орындалды.

11

Шығанақ ауылындағы ауыз су тарату имаратындағы су сапасын ретке келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ мамандарымен бірлесіп, ауыл азаматтарын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру

2023 жылғы

1 сәуір

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Шығанақ ауылындағы ауыз су тарату имаратындағы су сапасын ретке келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ мамандарымен бірлесіп, ауыз су имаратынның 4 қызметкерін оқыту жұмыстарын ұйымдастыру Шығанақ ауылына мембраналық қондырғыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен соң іске асырылады.

Орындалу үстінде.

12

Шығанақ ауылында ауыз судың тәулік бойы берілуін қамтамасыз ету

тұрақты

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Шығанақ ауылы ауыз су имараттарына қуаттылығы 42м3/сағ мембраналық қондырғы мен тазарту кешенін орнатуға және 1 жылдық сервистік қызмет көрсетуге 114,6 млн.теңге. қаржы қарастырылып, "Мойынқұм су-жылу" КМКМК тарапынан                      24.10.2023 жылы «Dier» ЖШС мен келісім шарт жасалған.Бүгінгі күнге жұмыстары басталды.

Орындалу үстінде.

13

Шығанақ ауылдық округі аумағында «Балқаш-Бұрылбайтал» тас жолының қайта жаңғырту жобасы аясында жүргізіліп жатқан автокөлік жолынан МІҚ малдар өткелін салу

2023 жылғы

1 мамыр

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ы Шығанақ ауылдық округ әкімшлігінің сұранысына сәйкес «Алматы-Екатеренбург» автомобиль жолының 348, 354 және 360 шақырымдарында қосымша 3 мал өткелін салу жұмыс кестесіне (ГПР) сәйкес жоспарланды. Бүгінгі күні мал өткелінде жұмыстар толығымен аяқталды.

Орындалды.

 

14

Ауылдық  клубты жөндеуден  өткізу  мәселесі туралы

 

2023 жыл

31 желтоқсан

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов, аудан әкімдігінің мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімі

Шығанақ ауылының клубын  күрделі  жөндеуден  өткізу жұмыстарын облыс әкімдігінің мәдениет,архивтер және құжаттамалар басқармасы тарапынан Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілді. Аудандық бюджеттен ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5500,0 мың теңге қаржы қарастырылып. Жоспраға сәйкес 2025 жылы күрделі жөндеуден өткізу  жоспарлануда. 

Орындалу үстінде.

15

Аудан  орталығына  қоғамдық  көліктің  қатынауы туралы

 

2023 жыл

31 желтоқсан

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль

«Мойынқұм - Бурылбайтал - МыңАрал» маршрутына 2 айлық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда, әлеуметтік маңызы бар маршруттарды тізіміне қосу және тасымалдау құқығына конкурс өткізу үшін  аудан әкімдігі 1 тамыз 2023 жылы  аудандық  газетке  хабарлама  берді. Қыркүйек айында конкурс жарияланып ЖК "Рысымбетов" жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі таңда  «Мойынқұм - Бурылбайтал - МыңАрал» бағытында жүретін маршруттың шығындарына  есептеулер жүргізілуде.

Орындалу үстінде.

 

 

 

 

   ________________                                        ______________                                               ______________

С.Төлегенов                                                  Е.Әмірханов                                                    М.Тулеулиев

Облыс әкімінің Мойынқұм ауданы Мыңарал және Шығанақ ауылдық округтерітұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ
Дата публикации
09 апреля 2024