Жамбыл облысының 2024 жылдың қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 Жамбыл облысының 2024 жылдың қаңтардағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2024 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өнімдері 62,1 млрд. теңгені, НКИ - 90,1% құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 23,2%-ға                             (6,2 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемінде 1,6%-ға (0,5 млрд.теңге) өсім байқалады.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі 21,4%-ға (40,1 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 5,4%-ға (15,3 млрд. теңге) төмендеді.

2024 жылы құны 34,9 млрд. теңгені құрайтын 5 өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда және 426 жаңа жұмыс орынын құру жоспарлануда («Shagala Mining» ЖШС - Мойынқұм ауданындағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу,    құны - 29568 млн. теңге, қуаттылығы - 9072 тн/жыл., 200 жаңа жұмыс орыны ашылады (Мойынқұм ауданы); «Kazchemtrading» ЖШС - цемент зауытының құрылысы, құны – 4500 млн.теңге, қуаттылығы – 400 мың тн/жыл., 167 жаңа жұмыс орыны ашылады (Сарысу ауданы); «IMG Group» ЖШС – мақсары майы өндірісін құру, құны – 120 млн. теңге, қуаттылығы – 360 тн/жыл., 8 жаңа жұмыс орыны ашылады (Жуалы ауданы); «Genesis» ЖК – қызанақ шырынын өндіру, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу, гидропоникада жасыл жем өндіру, құны – 220 млн. теңге, қуаттылығы – қызанақ 250 тонна, қияр – 375 тонна, қызынық шырыны – 35000 литр, жасыл жем – 250 тонна жылына, 18 жаңа жұмыс орыны ашылады   (Жуалы ауданы); «Satellie GS» ЖШС– мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, құны – 500 млн.теңге, қуаттылығы – 30 мың тонна құрамында алтын бар кен концентраты жылына, 33 жаңа жұмыс орыны ашылады (Мойынқұм ауданы)).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 14,7 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтарына 102,2%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 0,1 млрд. теңге (НКИ - 100,0%), мал шаруашылығы - 14,5 млрд. теңге (НКИ - 102,2%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2024 жылы ОБ - 19,8 млрд. теңге                 субсидия бөлінді. 2024 жылғы 1 ақпанына қаражат игерілмеген.

Өсімдік шаруашылығында 2024 жылға 161,6 мың га күздік егін егілді, бұл жоспарда көзделген 100% құрайды.

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында                    4,0 мың тонна ет (тірі салмақта) немесе 104,9%, сүт - 3,8 мың тонна (100,5%), жұмыртқа - 5,4 млн. дана (102,7%) өндірілді.

МІҚ саны 244,9 мың басты (103,6%), қой - 2 030,2 мың басты (108,0%), жылқы - 91,1 мың басты (105,6%), құс - 1 139,5 мың басты (99,2%) құрады.

 

 

Конец формы

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 864,9 млрд. теңге (103,6%), жұмыспен қамтылғандар саны - 170,0 мың адамды (118,5%) құрады.

2024 жылғы 1 ақпанға жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 107,4 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 90,6%-ды құрайды.

2024 жылғы қаңтарда бөлшек сауда айналымы 34,8 млрд.теңгені құрап, 2023 жылғы қаңтарына 1,3%-ға өсті, көтерме тауар айналымы 19,4 млрд. теңге құрап, 7,7%-ға төмендеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 446,0 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанға 103,9%-ды құрады, оның ішінде экспорт - 83,5 млн. АҚШ доллар (50,5%), импорт - 362,5 млн. АҚШ доллар (137,3%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты (279,0 млн. АҚШ доллар). Начало формы

Көлік. Көлік қызметтері 2024 жылдың қаңтар айында 44,0 млрд.теңгені (131,0%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 3,6 млн. тонна (104,8%), жүк айналымы - 3,4 млрд.тшқ (105,1%), жолаушыларды тасымалдау - 5,1 млн. адам (114,9%), жолаушылар айналымы - 0,2 млрд. жшқ (119,8%) құрады.

 

Конец формы

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 23,5 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 140,4%-ды құрады. 

Инвестиция көлемінің өсуі Жуалы ауданында «Қарасаз - 2023» АӨК және «Алатау-Береке» АӨК ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу есебінен, Меркі ауданында «Қазавтожол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының республикалық маңызы бар «Мерке-Бұрыл Байтал» автожолының учаскесін қайта жаңартуға есебінен, Талас ауданында «ИнвестКомпани» ЖШС-нің негізгі құралдарын сатып алу есебінен, Шу ауданында «Қазақмыс корпорациясы «Балхашцветмед» өндірістік бірлестігі» ЖШС-нің Шатыркөл-Жайсан кластерінде қайта өңдеу фабрикасының құрылысы есебінен қамтамасыз етілді.

Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 5,1 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 218,8%-ды құрады.

Өсім республикалық маңызы бар «Меркі-Бұрыл Байтал» автожолының Шу қаласының 90-000-126+638 шақырымындағы айналма бөлігін қайта жаңғырту есебінен қамтамасыз етілді («ҚР «СиньСинь» Құрылыс және даму жөніндегі Қытай компаниясы» ЖШС-гі филиалымен).

Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі                  30,7 мың ш.м немесе 2023 жылдың тиісті деңгейіне 116,6%-ды құрады.

Инфляция деңгейі 2024 жылғы қаңтар айында 2023 жылғы желтоқсанға 0,8% - құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 1,0% - ға, азық-түлік емес тауарларға  - 0,5% - ға, ақылы қызметтерге - 0,8% - ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық деңгейінде қалыптасты (ҚР - 0,8%).

Азық-түлік тауарлары бойынша 2024 жылғы қаңтарда жұмыртқа - 6,8%-ға, жаңа піскен көкөністер - 4,4%-ға (о.і. қызанақ - 14,2%-ға, қияр - 6,8%-ға, картоп - 0,4%-ға, ақ қырыққабат - 0,3%-ға, сәбіз - 0,1%-ға) балық және теңіз өнімдері - 4,0%-ға, күріш - 3,0%-ға, жаңа піскен жемістер -                 2,3%-ға, шұжықтар - 1,4%-ға, тұздалмаған сары май - 0,4%-ға, сүт өнімдері - 0,3%-ға (о.і. айран - 1,5%-ға), макарон өнімдері - 0,9%-ға (о.і. вермишель -2,2%-ға), ұн - 0,6%-ға, майлар мен тоң майлар, ет - 0,2%-ға (о.і. құс еті - 0,4%-ға) қымбаттады.

Қызылша бағасы - 4,0%-ға, пияз - 0,7%-ға, қант, жарма - 0,2%-ға                        (о.і. қарақұмық - 0,4%-ға), өсімдік және күнбағыс майлары - 0,1%-ға төмендеді.

Нан, шай, тұз, сиыр еті, жылқы еті, қой еті, құс еті, қатты ірімшік, өсімдік майы бағалары өзгеріссіз қалды.

Азық-түлік емес тауарларға баға фармацевтикалық тауарларға -                  1,0%-ға, сырт киімдерге, шыны ыдыстарға, ас құралдары мен тұрмыстық ыдыстарға - 0,7%-ға өсті. Тұрмыстық техниканың бағасы - 0,7%-ға                      (о.і. кір жуғыш машина 4,6%-ға), дизель отыны - 0,1%-ға төмендеді.

Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында автокөліктерді сақтандыру, нотариаттық қызметтер - 7,0%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелері - 4,1%-ға, көлік қызметтері - 2,0%-ға                     (о. і. теміржол жолаушылар көлігі - 10,8%-ға, әуе жолаушылар көлігі -                    2,9%-ға), қоғамдық тамақтандыру қызметтері - 0,6%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер - 0,2%-ға (о.і. театр қызметтері - 41,4%-ға) қымбаттады.

Сақтандыру қызметтері 0,3%-ға (о.і. туристерді медициналық сақтандыру - 8,7%-ға) төмендеді.

Салықтар. 2024 жылдың 1 ақпанына мемлекеттік бюджетке                             14,7 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 176,5%  (о.і. РБ - 3,0 млрд. теңге (64,4%), ЖБ  - 11,7 млрд. теңге (322,6%)) түсті.

Салық бойынша берешек 4,7 млрд.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 181,4%-ды құрады.

Бюджет. 2024 жылдың 1 ақпанына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 37,9 млрд.теңгені, о.і. өзіндік кірістері - 11,7 млрд. теңгені немесе болжамға 322,6%-ды (о.і. салықтық түсімдер - 9,4 млрд. теңге (272,3%), салықтық емес түсімдер - 0,8 млрд. теңге (580,0%), негізгі капиталды сатудан түсімдер  -  1,4 млрд. теңге (7 061,5%) құрады.

Бюджеттік шығындар 95,5%-ға (28,5 млрд.теңге) игерілді.  

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 8202 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 1770 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 216 адам, жастар практикасымен 198 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен  - 4486 адам қамтылды.

Жаңадан 7489 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы -                       2201. Жұмыс іздеп тіркелген 13343 адамның 6631 жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 287585 теңгені құрады,                 бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 18,1%-ға                     артты (2023 ж. 4 тоқсан).

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
123482 теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда                   18,2%-ға өсті (2023 ж. 3 тоқсан).

2024 жылдың қаңтар айында 5,8 мың тұрғынға 14,8 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. тұрғын үй жәрдемақысы - 14,1 млн. теңге,                  үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы - 0,7 млн. теңге төленді).

Білім беру. 2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 346,4 млрд. теңге қарастырылып, 22,1 млрд теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 96,5%. 20 білім беру  нысанын дамытуға 19,6 млрд.теңге бөлінді.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында               1 мектептің (600 орындық), Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында мектеп құрылысы, Қордай ауданында 3 мектептің  (1500 орындық), Меркі ауданында 1 мектептің (600 орындық), Шу ауданында 2 мектептің (1200 орындық),  Тараз қаласында 1 мектептің (1200 орындық) құрылысы жоспарлануда.

Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 100 орындық               1 мектептің, Мойынқұм ауданында 200 орындық 2 мектептің, Т.Рысқұлов ауданында 120 орындық 1 мектептің, Сарысу ауданында 50 орындық                          1 мектептің, Шу ауданында 100 орындық 1 мектептің және 5 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен              1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстағы 445 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 342 мектепте 799 интерактивті панельдер орнатылған.

Бүгінге, 586 мектепке дейінгі ұйымдармен (465 балабақша, 121 шағын орталықтар) 61,3 мың бала немесе 92,2% (1-6 жас) қамтылды,                          бұл 2023 жылдың деңгейінен 0,5 пайыздық тармаққа жоғары.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2024 жылы
15,6 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге - 235,4 млн. теңгесі игерілді.

Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,8 млрд. теңге бөлініп, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 5,6 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 3661,8 млн. теңге                               (о.і. РБ - 3023,0 млн. теңге, ЖБ  - 638,8 млн.теңге) қарастырылған.

Бөлінген қаражатқа 7 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (ДА - 1, МП - 2, ФАП - 1 құрылысы, Қордай ауданы Масаншы а. емханасына қосымша құрылысы, Сортөбе а. бір ауысымда                 200 келушіге арналған емхана салу, Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту).

2024 жылғы қаңтарда туберкулез, психикалық бұзылулар, қант диабеті және қан айналымы жүйесімен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сонымен қатар, қатерлі ісік аурулары, наркологиялық аурулар және мерез ауруларымен сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.

Ана өлімі тіркелмеген.  

 

Жамбыл облысының 2024 жылдың қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
29 февраля 2024