Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі бағыттары бойынша Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық және сараптамалық қамту.
1) жергілікті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының сақталуы бойынша ұсыныстар енгізу;
2) өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрату және алу;
3) жүктелген міндеттерді сапалы және мерзімінде орындау;
4) жүктелген міндеттерді орындауда облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру;
5) құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді;
6) құрылымдық бөлімшені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады;
7) құрылымдық бөлімше басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
8) құрылымдық бөлімше басшысы Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
9) құрылымдық бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды;
11) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін реттейтін колданыстағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік органдармен жүзеге асырылуын және орындалуын сараптау.
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылау жұмыстарын жүргізеді;
2) облыс көлемінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізеді;
3) көрсетілген қызметтердің нәтижелері бойынша талдаулар жасап, ақпараттар дайындайды және облыс әкімін, облыс әкімі аппараты басшысын, облыс әкімдігін хабардар етіп отырады;
4) атқарылған жұмыстар бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар және ақпараттар әзірлейді;
5) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысанын, мазмұнын және нәтижесін жақсарту жөнінде қала мен аудан әкімдеріне, ауылдық (селолық), поселкелік округ әкімдеріне тәжірибелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді;
6) көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуда тиісті облыс әкімдігінің басқармаларымен, аудандар мен қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерімен бірлесе отырып жұмыстар жүргізеді;
7) жергілікті атқарушы органдармен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің нормативтік-құқықтық актілерін облыс әкімдігінің веб-сайтына орналастыруды, өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда, Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары мен Тараз қаласы және аудан әкімдіктерімен жаңартылуына бақылау жүргізеді;
8) Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімі актілерінің орындалуын қадағалауды қамтамасыз етеді;
9) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы
5 қарашадағы № 605 бұйрығының негізінде «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру