Жамбыл облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі туралы ереже

   

Жамбыл облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі Жамбыл облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - Құрылымдық бөлімше) болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

  1. Мақсаты:

1) Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс  саласындағы Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын  іске асыру.

2) Аудандық, қалалық атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелерде Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдары орындалуын бақылау.

3) Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жоспарларын дайындау, облыстың атқарушы органдарында, мекемелерінде жұмылдыру және аумақтық ic-шараларының жоспарлануын бақылау.    

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) аумақтық мемлекеттік статистика  органдарынан, аумақтық басқармалардан, аудандық және қалалық атқарушы органдардан,мекемелерден белгіленген   тәртіппен   бөлімге   жүктелген   міндеттерді   орындауға ақпараттар мен мәліметтер (оның ішінде компьютерлік байланыс каналдары бойынша) сұрастырып  алу;

2) қажет болған жағдайда облыс әкімдігі бөлімдері мен басқармаларының, сондай-ақ өзіне ведомстволық бағынышты басқарма қызметкерлерін жұмылдыру   дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, экстремизм және терроризмге қарсы, Жамбыл облысының шекаралас аудандарының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етужұмысы бойынша мәліметтер  дайындау мен қарау жұмысына тартады;

3) облыс әкімінің жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бойынша  маңызды  іс-шаралар  отырысына  қатысады;

4) облыс әкімі аппаратының басшылығына бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

5) Авариялар мен  дүлей апаттардың алдын алуды және жою бойынша тиісті шараларды үйлестіру және бақылау.

6) Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша тиісті шаралар Жамбыл облысының шекара аумағында орналасқан  аудандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар ұйымдастыру.

7) Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша тиісті шараларды үйлестіру және бақылау.

8) Аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша тиісті шаралар ұйымдастыруды бақылау.

9) Дағдарыс жағдайы туындағанда қоғамдық қауіпсіздікті қауіп-қатерден қамтамасыз етіп мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен іс-әрекеттері Жоспарына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының ведомстваларымен, Министрліктердің аумақтық бөлімдерімен және жергілікті атқарушы органдарымен олардың іс-әрекеттерін үйлестіру.

  1. Функциялары:

1) Жамбыл облысының есептік жылға арналған жұмылдыру дайындығының перспективалық және  жылдық жоспарларын дайындау және уақтылы түзету;

2) Облыс көлемінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша шаралар жүргізуді бақылау;

3)  Қорғаныс icтepi жөніндегі департамент, басқарма, бөлімдерге бейбітшілік уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмыстарына көмек көрсету, облыстық әскерге шақыру комиссиясының отырысына қатысу, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық  оқу-жаттығуларды өткізуге ат салысу;

4) жинақтау жоспарына сәйкес республикалық біліктілікті көтеру курстарына және облыстық дайындау және оқыту орталығына тыңдаушыларды жинақтау;

5)  облыс әкімінің бірінші орынбасары басқаратын саласы бойынша құжаттарды рәсімдеу, сақтау және жүргізу тәртібін ;

6)  номенклатураға сәйкес, тиісті салалар бойынша жинақтау папкаларын жүргізу мен қалыптастыру.

7) аумақтық қорғаныс жоспарларын дайындауға көмек көрсету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде аумақтық қорғаныс  бойынша шараларға  қатысу;

8) облыста жасақталатын аумақтық қорғаныс құрылымдарының және материалдық-техникалық құралдар, азық-түлік, жанар-жағармай материалдары, дәрі-дәрмек және олардың тіршіліктерін қамтамасыз етуші басқа да құралдардың қорларын қаржылай және материалдық-техникалық ұйымдастыруды бақылау;

9) жинақтау жоспарына сәйкес республикалық біліктілікті көтеру курстарына және облыстық дайындау және оқыту орталығына тыңдаушыларды жинақтау;

10) Жамбыл облысы әкімінің жоспары бойынша командалық - штабтық оқу - жаттығулар өткізуді бақылау;

11)  аудандық аумақтық қорғаныс бөлімдерінде бөлімнің  құзіретіне сәйкес  мақсатты  кешенді зерделеу жүргізу.

12)  ерекше кезеңде халықты орналастыру және көшіру жоспарларын жасауға және көшіру шараларын жүргізу жөніндегі жұмыстарына қатысады;

13)  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің  жоспарына сәйкес                оқу-жаттығулар мен іс-шараларына  қатысады.

14) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, табиғи және  техногенді сипаттағы жағдайда азаматтық қорғаныс бойынша белгіленген талаптардың орындалуын, құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізуге жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылған басқару органдарының,  Азаматтық  қорғау қызметтерінің  жұмысын  бақылайды;

15)  жергілікті төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша материалдық, азық-түлік және басқа да ресурстарды құру және пайдалану жөніндегі                   ic-шараларын жоспарлауға көмек көрсетеді;

16) облыс әкіміне құқық қорғау органдарының, Қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің күштері мен құралдарын зілзалаларды және табиғи апаттарды жоюға тарту, төтенше жағдай болған аймақта қоғамдық тәртіптің сақталуын және нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар  енгізеді.

17) Жамбыл облысы аумағы бойынша өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметімен және басқа ведомстволарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру;

18) Қазақстан Республикасының тұрғындарын және әкімшілік-аймақтағы бірлестіктері басшыларымен шекара аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамалық актілердің сақталуын ұйымдастыру;

19) Облыс әкімінің бірінші орынбасарының қарауына Жамбыл облысының шекара  маңында орналасқан аудандарының аумағы мен  тұрғындарының қауіпсіздігін күшейту және жетілдіру  бойынша ұсыныс дайындау.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі туралы ереже
Дата публикации
08 февраля 2024