Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімі туралы ереже

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімі Жамбыл облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше) болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

  1. Мақсаты:

1) Облыс әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

2) Инфрақұрылымдық дамыту саласы бойынша (көлік және автомобиль жолдары, жолаушылар тасымалы, мемлекеттік сәулет –құрылысын бақылау, сәулет және қала құрылысы, төтенше жағдайлар) тиісті министрліктермен үйлестіру жұмыстарын жүргізу;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Мемлекеттік және өзге органдар, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларына және лауазымды тұлғаларынан қажетті мәселелер бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер, қажетті ақпараттар, құжаттар мен өзге материалдарды сұратып алуға;

2) Облыс әкімінің карауына, әкімдік мәжілісіне, кеңестерге енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысуға облыс әкімі аппараты бөлімдерінің, департаменттер, басқармалар және басқа да органдардың қызметкерлерін тартуға;

         3) Бөлім қызметін жақсарту бойынша облыс әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстарды енгізуге;

         4) Облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізуге құқылы.

5) Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

6) Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

7) Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Жамбыл облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

8) Бөлім басшысы Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

9) Бөлім басшысы осы мақсатта:

Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

  1. Функциялары:

1) Облыс әкімдігінің мәжілістеріне, кеңестеріне және басқа іс-шараларына ұсынылатын жобаларды уақытылы және сапалы әзірлеуін, мерзімде ұсынылуын үйлестіреді.

2) Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарларының кеңестерінде өтетін тиісті салалар бойынша хаттамалардың орындалуын зерделейді.

3) Облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарларына және облыс әкімі аппаратының басшысына тиісті салалар  жағдайын сипаттайтын материалдарды дайындау, салаларының жағдайы туралы талдау, зерделеу жұмыстарын жасауын бақылайды, үйлестіреді.

4) Облыстағы тиісті салаларының дамытудың бағыттарына ұсыныстар жасау.

5) Облыс әкімдігінің басқармаларымен және Тараз қаласы мен аудан әкімдері аппараттарымен тиісті салалар бойынша өзара жұмыс жасауын үйлестіреді.

6) Облыс әкімі тапсырмаларының орындалуы мен облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары және мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың орындалуы бойынша талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізеді, анықтама дайындайды.

7) Тиісті салалар бойынша анықталған кемшіліктерді облыс әкімі аппараты басшысына ұсыныстарды дайындайды, еңгізеді, талдайды.

8) Жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша облыс әкімінің және оның орынбасарының азаматтарды қабылдауына қатысады, олар бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, бақылайды.

9) Облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Үкімет қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді.

10) Облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарларының жұмысын ұйымдастырады.

11) Облыс әкімі орынбасарларының басшылық ететін салалар шеңберінде тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл жүргізеді.

12) Министрліктердің тапсырмаларын және облыс әкімінің шешімдері мен қаулыларын уақтылы орындайды.

13) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің  жоспарына сәйкес оқу-жаттығулар мен
іс-шараларына қатысады.

14) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, техногенді сипаттағы жағдайда азаматтық қорғаныс бойынша белгіленген талаптардың орындалуын, құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізуге жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылған басқару органдарының жұмысын бақылайды.

15) Жергілікті төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша материалдық, азық-түлік және басқа да ресурстарды құру және пайдалану жөніндегі ic-шараларын жоспарлауға көмек көрсетеді.

16) Облыс әкіміне құқық қорғау органдарының, Қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің күштері мен құралдарын зілзалаларды және табиғи апаттарды жоюға тарту, төтенше жағдай болған аймақта қоғамдық тәртіптің сақталуын және нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді.

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімі туралы ереже
Дата публикации
08 февраля 2024