Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімі туралы ереже

Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1.Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімі  Жамбыл облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше) болып табылады.

  1. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  2. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

  1. Мақсаты:

1) Облыс әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

2) Қаржы-экономикалық, құрылыс және энергетика саласы бойынша (экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, мемлекеттік кірістер) тиісті министрліктермен үйлестіру жұмыстарын жүргізу;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) ҚР Қолданыстағы заңнама шеңберінде Мемлекеттік және өзге   органдар, меншік түріне   қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер  басшыларынан және лауазымды тұлғаларынан қажетті мәселелер бойынша   жазбаша және ауызша түсініктемелер, қажетті ақпараттар, құжаттар мен өзге материалдарды сұратып алуға;

2) Облыс әкімінің карауына, әкімдік мәжілісіне, кеңестерге енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысуға облыс әкімі аппараты бөлімдерінің, департаменттер, басқармалар, құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да бақылаушы және қадағалаушы органдардың қызметкерлерін тартуға;

         3) Бөлім қызметін жақсарту бойынша облыс әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстарды енгізуге;

         4) Облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізуге құқылы.

5) Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

2) Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады. 

3) Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

4) Бөлім басшысы Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

5) Бөлім басшысы осы мақсатта:

Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

  1. Функциялары:

         1) Бөлім өз қызметі шегінде экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс  басқармаларының қызметін үйлестіреді және жетекшілік етеді.

2) Облыс әкімдігінің мәжілістеріне, кеңестеріне және басқа іс-шараларына ұсынылатын жобаларды уақытылы және сапалы әзірлеуін, мерзімде ұсынылуын үйлестіреді.

3) Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарының кеңестерінде өтетін тиісті салалар бойынша хаттамалардың орындалуын зерделейді.

4) Облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарына және облыс әкімі аппаратының басшысына тиісті салалар жағдайын сипаттайтын материалдарды дайындау, салаларының жағдайы туралы зерделеу жұмыстарын жасауын бақылайды, үйлестіреді.

5) Облыстағы тиісті салаларының дамытудың бағыттарына ұсыныстар жасау.

6) Облыс әкімдігінің басқармаларымен және Тараз қаласы мен аудан әкімдері аппараттарымен тиісті салалар бойынша өзара жұмыс жасауын үйлестіреді.

7) Облыс әкімі тапсырмаларының орындалуы мен облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары және мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың орындалуы бойынша талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізеді, анықтама дайындайды.

8) Тиісті салалар бойынша анықталған кемшіліктерді облыс әкімі аппараты басшысына ұсыныстарды дайындайды, еңгізеді, талдайды.

9) Жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша облыс әкімінің және оның орынбасарының азаматтарды қабылдауына қатысады, олар бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, бақылайды.

10) Облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Үкімет қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді.

11) Облыс әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарының жұмысын ұйымдастырады.

12) Облыс әкімі орынбасарының басшылық ететін салалар шеңберінде тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл жүргізеді.

13) Министрліктердің тапсырмаларын және облыс әкімінің шешімдері мен қаулыларын уақтылы орындайды.

14) Жамбыл облысы әкімдігі жанынан құрылған жетекшілік ететін салалары бойынша консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын ұйымдастырады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімі туралы ереже
Дата публикации
07 февраля 2024