Жамбыл облысы әкімі аппаратының
заң қызметі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары,
құқықтары мен міндеттері
1) әкімнің, әкімдіктің және мемлекеттік органның қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
2) әзірленетін құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік органның заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
4) мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру, мемлекеттік органда құқықтық насихаттауды ұйымдастыру;
5) нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.
1) осы ереженің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен өз функцияларын орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату;
2) мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі құқықтық актілері мен өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ құқықтық насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелерді тарту;
3) біліктілікті арттыру курстарынан және (немесе) әділет органдарында, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың заң қызметтерінде тағылымдамадан өту арқылы өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалиына норма шығармашылық қызметтің қызығушылық танытатын мәселелері бойынша дәрістер мен семинарлар өткізу туралы ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша материалдық ынталандыру алу.
1) мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiру;
2) мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттарың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері, облыс әкімдігінің басқармалары әзірлеген жағдайда келісу арқылы әзірлеуге қатысу;
3) құқықтық актілердің жобаларын әзірлеумен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің, облыс әкімдігінің басқармаларының, қала және аудан әкімі аппараттарының қызметкерлері үшін тоқсан сайын тағылымдамалар мен семинарлар өткізу;
4) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету.
1) Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарауға, сондай-ақ Үкімет Аппаратында Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастама жасаған заң жобаларына енгізілетін депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Үкімет Аппаратында және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде қатысу;
2) заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу;
3) мемлекеттік органның басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық актілердің жобаларын және құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды, соның ішінде құқықтық насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;
4) мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілерге түсіндірме беру;
5) мемлекеттік орган әзірлеген және қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді жүйелі есепке алуды ұйымдастыру;
6) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерін орындауы жөніндегі қызметті үйлестіру;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен жіберілетін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерін іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган жоспарының жобасын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерінің іске асырылу барысы туралы ақпаратты келісу;
8) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметіне, оның ішінде құқықтық актілердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша әділет органдарының ескертулеріне талдау жасау, және оның нәтижелерін:
норма шығармашылық қызметті жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстармен бірге жоғары тұрған басшыны;
қабылданған шаралармен бірге әділет органын хабардар ету;
9) тиісті сот талқылауына алып келген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында мемлекеттік органның қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта бір реттен сиретпей талдау жүргізу және мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) мемлекеттік органда құқықтық мониторинг жүргізу жұмысын үйлестіру;
12) алгоритмді сақтай отырып, құрылымдық бөлімшелермен бірге сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағым жасау құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және тиісті лауазымды тұлғаға ұстанымды енгізу;
13) мемлекеттік орган басшысымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
Құрылымдық бөлімшеге осы ережеде және заңнамалық актілерде көзделмеген функцияларды жүктеуге жол берілмейді.
құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылық жасайды және заң қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
мемлекеттік органның басшылығына заң қызметінің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.