Жамбыл облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің
Ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Жамбыл облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. ІАҚ мәртебесі
3-тарау. ІАҚ миссиясы негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттемелері
1) Облыс әкіміне мемлекеттік органның, аумақтарды дамыту бағдарламаларының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу;
2) Мемлекеттік органды тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты облыс әкіміне ұсыну ІАҚ негізгі мақсаты болып табылады.
10-1.ІАҚ құзыреті «Мемлекеттік аудит және мқаржылық бақылау туралы» (бұдан әрі-Заң) 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабы шеңберінде жүзеге асырылады.
1) мемлекеттік органның стратегиялық құжаттарының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органның қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.
1) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және облыстың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында қызметтерінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және облыстың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындауына сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және облыстың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы аумақтарды дамыту бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдайды;
7) мемлекеттік органда тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;
7-1) коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратты тыңдайды;
9) мемлекеттік органның басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерді пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік орган қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;
10) облыс әкіміне жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;
11) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
12) облыс әкімі, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.
Егер тиісті Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, ІАҚ облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.
1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәліметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;
2) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға қарау үшін ұсыну;
3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу;
4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижелері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;
6) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;
7) мемлекеттік органда, оның бағынысты ұйымдарында және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және облыстың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие.
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;
2) ІАҚ-нің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, ІАҚ оқыту бойынша жоспарларын әзірлейді, оларды облыс әкіміне бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;
3) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде облыстың әкімі бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;
5) қайталануды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келіседі;
6) жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, соның ішінде ІАҚ-ның деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарын және мемлекеттік аудит объектілерінің заңды мүдделерін сақтайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады;
10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді;
11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі жасамайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;
13) қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды;
14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді;
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;
16) облыс әкіміне мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;
17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;
18) облыс әкімі басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
4-тарау. ІАҚ қызметін ұйымдастыру
5 тарау. ІАҚ есептілігі