Жамбыл облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Жамбыл облысы әкімінің және мемлекеттік органның қызметін терроризмге қарсы және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
1) өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құжаттарды және мәлiметтердi мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнен сұратуға;
2) құзыерті шегінде нормативтiк құқықтық актілерiнiң жобаларын әзiрлеуге;
3) құрылымдық бөлімше қызметін жақсарту бойынша облыс әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстарды енгізуге;
4) облыс әкімі аппараты тарапынан өткізіліп жатқан кенестеріне, отырыстарына қатысуға;
5) облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізуге;
6) аумақтық мемлекеттік органдардан, аумақтық басқармалардан, аудандық және қалалық атқарушы органдардан, мекемелерден белгіленген тәртіппен бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға ақпараттар мен мәліметтер (оның ішінде компьютерлік байланыс каналдары бойынша) сұрастырып алуға;
7) облыс әкімі аппаратының басшылығына бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгіуге құқылы.
1) облыс әкімі, оның орынбасарларының және аппарат басшысының құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарымен қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
2) құқық қорғау саласындағы мемлекеттік органдарымен байланыс орнатып, заң бұзушылықтарға жол бермеу, алдын алу бағытындағы бірлескен іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
3) қылмысқа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жарық көруі мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді;
4) облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін (материалдарын әзірлеу, отырыстарын өткізу, хаттамасын әзірлеу және оның орындалуын қадағалау және т.б.) ұйымдастырады;
5) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді (полицияның сервиске бағдарланған кәсіби моделін) енгізу жөніндегі ведомствоаралық тобының жұмысын үйлестіреді, топ жұмысына қатысты іс-шараларды ұйымдастырады;
6) діни экстремизм және терроризмге қарсы бағыттағы шараларды ұйымдастырады;
7 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
8) облыс аумағында құқық бұзушылықтың және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындап, облыс әкіміне бекітуге ұсынады;
9) облыстық терроризмге қарсы комиссиясының (ары қарай - ТҚК) отырысын ұйымдастырады;
10) ТҚК отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Терроризмге қарсы Орталығына жоғарыда көрсетілген бағыттағы атқарылған іс-шаралар бойынша есеп береді;
11) Қазақстан Республикасы министрліктерінің аумақтық бөлімшелерінен және облыс әкімдігінің басқармаларынан діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуы және облыстағы діни ахуал туралы мәліметтерді жинақтайды;
12) облыс аумағында орналасқан ведомстволық бағынышты кәсіпорындар мен мекемелерде тәуелсіз меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бағытындағы заңнамалық актілердің орындалуын бақылайды;
13) облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал обьектілердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды дайындайды;
14) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын нығайту бойынша қабылданған шараларды зерделеп, оны жетілтіру ұсыныстарды әзірлейді;
15) терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел Штабтың жанында құрылған материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының жұмыстарын және жедел штабтың хаттамалық тапсырмаларын іске асырылуын қадағалайды;
16) Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылайды;
17) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы базасында терроризмге қарсы бағытта өткізілетін біліктілікті арттыру курстарына мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуын үйлестіреді;
18) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы Штабына ұсыныстарды дайындайды;
19) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіреді;
20) терроризмге қарсы профилактикалық іс-шаралардың орындалуын, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды әзірлеу және осы шараларды іске асырылуын бақылайды;
21) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді шешуге қатысады;
22) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға әсер ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасау, бағалау және болжау іс-шараларын атқарады;
23) төменгі тұрған терроризмге қарсы комиссиялардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
24) терроризм және құқық бұзушылық профилактикасы саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу мен үйлесімді жүзеге асыруда ынтымақтасты жүзеге асырады;
25) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның көріністерін барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс- қимылдарын ұйымдастыруға, үйлестіру мен жетілдіруге қатысты ұсынымдар береді;
26) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
27) өз құзеретті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, азаматтарды қабылдайды;
28) дағдарыс жағдайы туындаған кезде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен іс-әрекеттері жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының ведомствалары мен министрліктердің аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін үйлестіреді;
29) дағдарыс жағдайының қаупі төнген және туындауы кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған Өңірлік жедел штабының жұмысын (материалдарын әзірлеу, отырыстарын өткізу, хаттамасын әзірлеу және оның орындалуын қадағалау және т.б.) жүргізеді;
30) облыс әкімі аппараты басшысымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру