Жамбыл облысы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп бөлімі
туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) әкімдік қызметіне ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыру және мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттерді сапалы және уақтылы орындау.
1) құрылымдық бөлімшенің және ведомстволық бағынысты басқарманың жұмысына тиісті бұйрықтар мен өкімдер жобаларымен танысуға;
2) құрылымдық бөлімшенің және ведомстволық бағынысты басқарманың жұмысын жақсарту мақсатында облыс әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстар енгізуге;
3) ведомстволық бағынысты басқарманың басшысынан, бас есепшісінен керекті мәліметтер (есеп, түсініктеме) сұрауға;
4) облыс әкімі аппаратына қаржылық қамтамасыздандыруды іске асыру;
1) Қазақстан Республикасының Заңдылығын сақтауды, шығыстар сметасын орындау барысын, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есептесу жағдайларын және ақшалай қаржылар мен материалдық құндылықтарды сақтауды бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
2) бухгалтерлік есеп және есептілік ісін ұйымдастыру және басшылық жасау. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды рәсімдеу және белгіленген тәртіпте мұрағатқа өткізу;
3) ұйым басшысымен бірлесе отырып банктік құжаттарға және тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаржыларды қабылдау және беруге негіз болып табылатын құжаттарға қол қою;
4) мемлекеттік бюджетке төлемдердің, әлеуметтік сақтандыруға жарналардың дұрыс есептелуін және уақтылы аударылуын бақылау;
5) бухгалтерлік есеп шоттарында жүзеге асырылып отырған барлық шаруашылық операциялардың көрсетілуін бақылау;
6) белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілікті жасау; облыстық қаржы, статистика басқармаларына, зейнетақы қорларына, Жамбыл облысы бойынша салық комитетіне статистикалық және басқа да есептердің уақтылы берілуін бақылау; кірістердің түсімін және қаржылардың шығыстарын бақылау;
7) қаржылық-бюджеттік тәртіпті сақтау, есепке қатысы бар ұйымдардың барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеу тәртібі бөлігінде талаптардын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;
8) №2, №5, №8 м/о жасау үшін бастапқы құжаттардың дұрыс және тиімді ресімделуін бақылау;
9) Басшымен келісе отырып шығыстар сметасына есептер жасау және белгіленген мерзімдерде есептер беріп отыру;
10) құжаттарды, есептерді сақтау, есеп саясаты бойынша тігуге дайындау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте мұрағатқа өткізу;
11) құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және жасалып отырған кассалық және банктік операциялардың заңдылығын алдын ала бақылауды жүзеге асыру, кіріс, шығыс құжаттарды уақтылы жасау және ресімдеу, еңбекақы, іссапарлық және банктік құжаттарды аудару, ақшалай қаражатты түгендеуді жүргізу, құжаттарды тігуге іріктеуді бақылау, банктік құжаттарды уақтылы жеткізу, олардың операцияларын жалпылау, бюджеттік бағдарламалардың барлық ерекшеліктері бойынша тапсырыстарды, анықтамаларды, тізілімдер мен шоттарды рәсімдеуді бақылау.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру