2022 ЖЫЛҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ

2022 жылғы облыстық бюджеттің

атқарылуы туралы

 

2022 жылы облыстық бюджеттің кірістері 620 млрд. 569,3 млн.теңге сомасында немесе 100,3%-ке қамтамасыз етілді, бюджетке 1 млрд. 930,3 млн.теңге артық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда, кірістер 15,5%-ке немесе 83 млрд. 192,0 млн.теңгеге артқан.

Жалпы кірістердің 8,7%-ін меншікті кірістер, 20,7%-ін аудандар мен Тараз қаласынан түскен трансферттерден, 26,0%-ін республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер, 13,3%-ін нысаналы даму трансферттері мен 31,3%-ін республикалық бюджеттен алынған субвенциялар құрады.

Облыстық бюджеттің меншікті кірістерінің жоспары 54 млрд. 104,0 млн.теңгеге немесе 103,8%-ке орындалып, 2021 жылмен салыстырғанда           12 млрд. 535,4 млн.теңгеге немесе 30,2%-ке,  2020 жылмен салыстырғанда           20 млрд. 799,8 млн.теңгеге немесе 62,5%-ке,артқан.

Жоспардағы салықтық түсімдер 47 млрд. 759,2 млн.теңге сомасында немесе 104,4%-ке, салықтық емес түсімдер 6 млрд. 305,9 млн.теңгеге немесе 98,9%-ке, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 38,9 млн.теңгеге немесе 125,5%-ке қамтамасыз етілді.

Есепті жылда облыстық бюджетке 566 млрд. 465,4 млн.теңге сомасында, оның ішінде аудандар мен Тараз қаласынан – 128 млрд. 112,1 млн.теңге, республикалық бюджеттен 438 млрд. 353,2 млн.теңге сомасында трансферттер түсті, оның ішінде 194 млрд. 453,9 млн.теңге сомасында субвенция, 161 млрд. 535,4 млн.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттері және 82 млрд. 363,9 млн.теңге сомасында нысаналы даму трансферттері алынды.

Бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша жасалған кредиттік келісімдерге сәйкес 14 млрд. 076,5 млн.теңге бюджетке қайтарылды.  

Есепті жылда қарыздардың түсімі 26 млрд. 300,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде: мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен – 15 млрд. 700,2 млн.тенге,  республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен 10 млрд. 600,3 млн.теңге сомасында түсімдер түсті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан кредиттік келісімге қол қойылмауы салдарынан 4 млрд. 507,4 млн.теңге түспей қалған.

 

Облыстық бюджет шығындары жоспарда 618 млрд. 311,8 млн.теңге болса, іс жүзінде 612 млрд. 354,4 млрд.теңгеге немесе 99,0%-ке орындалды.

Бюджеттік қаражаттарды игеру бойынша 17 бюджеттік бағдарлама әкімшілері 100%-дық көрсеткішке қол жеткізіп отыр, оның ішінде: облыс әкімінің аппараты, полиция департаменті, жер қатынастары, денсаулық сақтау,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, ішкі саясат, тілдерді дамыту, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, еңбек инспекциясы, сәулет және қала құрылысы, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, ветеринария, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, цифрлық технологиялар басқармалары.

          Бюджет қаражаттарының игерілуі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша – 99,6%-ті, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басқармасы бойынша – 99,5%-ті, құрылыс басқармасы бойынша – 99,4%-ті,  жастар саясаты басқармасы бойынша – 98,5%-ті, облыс мәслихатының аппараты бойынша – 98,1%-ті, ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша – 88,9%-ті, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша – 87,3%-ті, туризм басқармасы бойынша – 83,2%-ті құраған.

2022 жылға арналған облыстық бюджет шығындарының 41,4%-ы                  (253 507 618,8 мың теңге) білім беруге, 2,7%-ы (16 736 820,5 мың теңге) денсаулық сақтауға, 3,9%-ы (23 588 625,4 мың теңге) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға, 4,3%-ы (26 421 381,3 мың теңге) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, 1,9%-ы (11 875 809,4 мың теңге) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестікке және 45,8%-ы  (280 224 101,5 мың теңге) басқа салаларға бағытталған.

Есепті жылда облыстық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары 545 млрд. 012,4 млн.теңгені, даму бюджеттік бағдарламалары 115 млрд. 601,5 млн.теңгені құрады.

 

Функционалдық бағыттар бойынша:

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» бойынша жоспарда 5 млрд. 024,2 млн.теңге болса, игерілгені 5 млрд. 018,2 млн.теңгені немесе 99,9%-ті құрады (игерілмегені – 6,0 млн.теңге).

«Қорғаныс» бойынша жоспарда 905,1 млн.теңге болса, игерілгені 900,3 млн.теңгені немесе 99,5%-ті құрады (игерілмегені – 4,8 млн.теңге).

«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» бойынша жоспардағы 19 млрд. 929,7 млн.теңге 100,0%-ке игерілді (игерілмегені – 3,8 млн.теңге).

«Білім беру» бойынша жоспардағы бойынша жоспардағы 253 млрд. 610,2 млн.теңге 100,0%-ке игерілді (игерілмегені – 102,6 млн.теңге).

«Денсаулық сақтау» бойынша жоспарда 16 млрд. 812,2 млн.теңге болса, игерілгені 16 млрд. 736,8 млн.теңгені немесе 99,6%-ті құрады (игерілмегені – 75,4 млн.теңге).

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» бойынша жоспардағы 23 млрд. 589,6 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» бойынша жоспардағы 26 млрд. 425,8 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша жоспарда 11 млрд. 914,1 млн.теңге болса, игерілгені 11 млрд. 875,8 млн.теңгені немесе 99,7%-ті құрады (игерілмегені – 38,3 млн.теңге).

«Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» бойынша жоспарда 9 млрд. 990,7 млн.теңге болса, игерілгені 5 млрд. 025,8 млн.теңгені немесе 50,3%-ті құрады (игерілмегені – 4 964,9 млн.теңге).

 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» бойынша жоспарда 43 млрд. 171,4 млн.теңге болса, игерілгені 42 млрд. 621,1 млн.теңгені немесе 98,7%-ті құрады (игерілмегені – 550,3 млн.теңге).

«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» бойынша жоспардағы 39 млрд. 929,4 млн.теңге 100,0%-ке игерілді.

«Көлік және коммуникация» бойынша жоспардағы 12 млрд. 724,7 млн.теңге 100,0%-ке игерілген.

«Басқалар» функционалдық тобы бойынша жоспарда 6 млрд. 224,5 млн.теңге болса, игерілгені 6 млрд. 020,8 млн.теңгені немесе 96,7%-ті құрады (игерілмегені – 203,6 млн.теңге).

 «Борышқа қызмет көрсету» функционалдық тобы бойынша жоспардағы 3 млрд. 447,8 млн.теңге 100,0%-ке игерілген. Жергілікті атқарушы органның алынған қарыздары бойынша есептелген сыйақылар уақтылы және толық көлемде төленді.

            «Трансферттер» бойынша жоспардағы 144 млрд. 612,6 млн.теңге 100%-ке игерілді.

         Есепті жылда аудандар мен Тараз қаласы бюджеттеріне республикалық бюджет есебінен 131 млрд. 863,6 млн.теңге сомасында субвенциялар, заңнаманың өзгеруіне байланысты шығындарды өтеуге республикалық бюджетке 10 млрд. 802,1 млн.теңге сомасында трансферттер аударылды, 2021 жылы пайдаланылмай қалған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтаруға 1 млрд. 946,9 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.

        «Бюджеттік кредиттер» бойынша жоспарда 36 млрд. 507,9 млн.теңге болса, орындалғаны 32 млрд. теңгені немесе 87,7%-ды құрады, кредиттік келісімге қол қойылмауы салдарынан 4 млрд. 507,4 млн.теңге игерілмеген.

«Қаржылық активтерді сатып алу» бойынша жоспардағы 960,7  млн.теңге толығымен игеріліп, «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға – 717,7 млн.теңге (ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алу үшін) және «Таразэнергоорталық» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 243,0 млн.теңге (РК-4 қазандығының жылу жүктемесін арттыру үшін қуаттылығы 50 мВт дейінгі қосымша су жылытқыш қазандарын орнату арқылы блокты модульді қазандығын сатып алу және орнату үшін) бөлінді.

«Қарыздарды өтеу» бойынша жоспарғы 15 млрд. 298,5 млн.теңгенің 100,0%-ті игеріліп, кредиттік шарттарға сәйкес жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет алдындағы 3 млрд. 298,4 млн.теңге сомасындағы борышы мен шығарылған бағалы қағаздар бойынша 12 млрд. теңге сомасындағы борыштары толығымен өтелді.

 

Есепті жылда әр түрлі себептерге байланысты 10 млрд. 465,0 млн.теңге сомасындағы қаражаттар игерілмеген, оның ішінде:

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 11,3 млн.теңге игерілмеген, оның ішінде:

4,3 млн.теңге – ерекше авариялы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру бойынша су қоймалардың ағымдағы жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаражат;

1,1 млн.теңге  – жеңіл автокөлік сатып алудан үнемделген қаражат;

5,9 млн.теңге – Жамбыл облысы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу бойынша «Aspan Tau LTD» ЖШС-гі өз міндеттемелерін толығымен орындамау себебінен келісім-шарт біржақты бұзылып, ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес сотқа берілуіне байланысты игерілмей қалған.

Ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша 4 млрд. 628,0 млн.теңге игерілмеген.

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ирригациялық жүйелер кешенін сатып алуы және оларды орнату жөніндегі дайындық жұмыстарын қаржыландыру үшін кредит беру» бойынша 2021 жылдың 26 қазанында  «VALLEY KUSTO GB BV» компаниясымен Қазақстанда демонстрациялық фермалар желісін құру және ауыл шаруашылығы дақылдарын суару мен олардың түсімділігін басқарудың заманауи жүйелерін шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №768 қаулы бекітілген.

 Қаулыға сәйкес «QZQ Finance» ЖШС-гі қаржы институты ретінде танылып, компаниямен 1000 бірлік мөлшерде механикаландырылған суару машиналарын жеткізу және одан әрі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне лизингке беру көзделген. Алайда, тараптар жағынан келісім шарттардың толық орындалмауына байланысты қаражаттың республикалық бюджеттен түспеуі себебінен жоспар орындалмай қалған.

Білім басқармасы бойынша – 183,8 млн. теңге, оның ішінде:

72,0 млн. теңге – білім басқармасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау бойынша   2022 жылғы 25 қарашадағы ҚР Бас прокуратурасының ұсынымы негізінде игерілмеген;

58,7 млн.теңге – ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары бойынша игерілмеген, оның ішінде:

Байзақ ауданының білім бөлімі бойынша жұмыстардың толық атқарылмауына байланысты – 2,5 млн.теңге, тауарлардың толық жеткізілмеуіне байланысты – 5,5 млн.теңге, Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі бойынша жұмыстардың толық атқарылмауына байланысты – 16,7 млн.теңге, Талас ауданы білім бөлімі бойынша жұмыстардың толық атқарылмауына байланысты – 27,8 млн.теңге, техникалық қадағалау бойынша 3,8 млн.теңге игерілмеген;

32,5 млн.теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша:

2,5 млн.теңге - Мойынқұм ауданы білім бөлімі бойынша  мердігердің есеп шоты бұғатталуынан;                                                                                                                                                                                 17,2 млн.теңге – ҚР Ұлттық қорынан Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі   бойынша мердігердің жұмысын толық орындамауына байланысты;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  12,8 млн.теңге – ҚР Ұлттық қорынан Меркі ауданы білім бөлімі бойынша үнемделген.  

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша – 70,2 млн.теңге, оның ішінде:

Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша 2022 жылғы 22 желтоқсандағы жасалған келісім- шартқа сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін өндірістік пайдалануға тапсыру жұмыстары мерзімінде орындалмауына байланысты игерілмеген.

құрылыс басқармасы бойынша – 550,2 млн. теңге, оның ішінде:

418,4 млн. теңге (РБ) – ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту бойынша қалыптасқан, соның ішінде:

268,2 млн.теңге – Шу ауданындағы «Тасөткел» су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын жоғарылатып 2-кезегін реконструкциялау бойынша құрылыс материалдарының тым қымбаттауына байланысты жобаға түзетулер енгізу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты;

106,9 млн.теңге –  Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының «Бетқайнар» шекара бөлімшелері учаскелерінде жағалауды бекіту жұмыстарының құрылысы бойынша мердігер компанияның («Жигер-2004» ЖШС-гі, келісім-шарт №17/22-С 12.12.2022) кеш анықталуына байланысты;

43,3 млн.теңге – Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының «Қайнар» шекара бөлімшелері учаскелерінде жағалауды бекіту жұмыстарының құрылысы бойынша мердігер компанияның («Жигер-2004» ЖШС-гі, келісім-шарт №18/22-С 12.12.2022) кеш анықталуына байланысты.

75,3 млн.теңге – денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша, оның ішінде:

30,4 млн.теңге – Тараз қаласындағы 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) бойынша ескі диспансерден жұмыс жасап тұрған 3 медициналық қондырғыны ауыстыру бойынша жұмыстардың орындалмауына байланысты игерілмей қалған.

23,1 млн.теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін кепілдендірілген трансферт есебінен Шу ауданы Шу қаласы Сәтпаев көшесі №155 жер телімінде орналасқан қалалық емхананың ғимаратын қайта құру бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері нәтижесінде үнемделген; 

20,7 млн.теңге – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстар нәтижелерінің анықталмауына байланысты игерілмеген, оның ішінде:

6,0 млн.теңге – Меркі ауданы Ақжол ауылында 80 орындық  мектеп құрылысын салу бойынша;

6,0 млн.теңге –  Меркі ауданы Аспара ауылдық округі Қайыңдысай ауылында 150 орындық мектеп құрылысы бойынша;

6,0 млн.теңге – Қордай ауданы Бәйтерек ауылындағы 150 орындық орта мектептің құрылысы бойынша игерілмей қалған.

29,1 млн.теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша Украина мен Ресей арасындағы жағдайға байланысты медициналық құрал жабдықтар уақытылы жеткізілмеуінен игерілмеген.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

қаржы басқармасы

ОБ ИСПОЛНЕНИИ ОБЛАСТНОГО БЮДЖЕТА НА 2022 ГОД
Дата публикации
29 января 2024