2023 жылдың 12-айында облыстық жергілікті атқарушы органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша ақпарат

2023 жылдың 12-айында облыстық жергілікті атқарушы органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша ақпарат.

 

  1. Келіп түскен жалпы өтініштер бойынша.

Жамбыл облысы әкімдігі, облыстың жергілікті атқарушы органдарына 2023 жылдың 12-айында 79 554 (2022 жылдың 12-айында – 77 069) өтініш тіркеліп, оның ішінде облыс әкімі аппаратына – 4 958 (4 901) өтініш тіркелген, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға артқан (2 485).

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес 79 554 (77 069) өтініштің 59 961     (60 577) арыз, 4 337 (3 703) шағым, 9 666 (9 000) сұраулар, 3 261 (2 165) хабарламалар, 2 256 (1 571) ұсыныс, 73 (53) үн қосу. Өтініштер ішінде басым бөлігі арыздар 59 961 (84,7%) болып келеді.

Жалпы арызданушылар саны – 37 789 (жеке тұлға – 34 325 (90,8%), заңды тұлға – 3 480 (9,2%).

Анықтама: 2022 жылдың 12-айында жалпы арызданушылар саны – 38 877 (жеке тұлға – 35 914 (92,3%), заңды тұлға – 2 989 (7,7%).

Салыстырмалы түрде өтінішпен жүгінгендер саны 2023 жылдың                12-айында 2,7% кеміген.

2..Өтініш иелерінің жыныстық құрамы бойынша.

Өтініш иелерінің жыныстық құрамы бойынша, модуль дерегіне сәйкес, өтінішпен жиі ер адамдар жүгініп отыр, атап айтқанда, 2023 жылдың 12-айында 49,9% ер азаматтар (17 104), 50,1% әйел азаматшалар (17 187), сондай-ақ,        2022 жылдың 12-айында 45,4% ер азаматтар (16 271), 54,6% әйел азаматшалар      (19 592).

3..Өтініш иелерінің жас құрамы

Өтініш иелерінің жас құрамы облыс көлемінде өтінішпен жүгінетіндердің басым бөлігінің жастық құрамы  31-40 жас аралығын құрайды, 9 078 азамат (орташа есеппен 26,5%). 12-айында да осы жас құрамы жоғары белсенділікті көрсетіп отыр. Одан кейін 41-50 жас аралығы бойынша азаматтар өтінішпен жиі жүгінгендігін көрсетіп отыр (орташа есеппен 22,2%).

  1. Өтініш иелерінің әлеуметтік мәртебесі.

Өтініш иелерінің әлеуметтік мәртебесі облыс көлемінде өтінішпен жиі өздігінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыспен қамтылғандар және кәсіпкерлер жүгінген. Атап айтқанда, 2023 жылдың 12-айында өздігінше жұмыспен қамтылғандар 32,8% (12 393 азамат) жүгінсе, ал 2022 жылдың 12-айында 28,2% (11 515 азамат) өтінішпен жүгінген.

Ал, 2023 жылдың 12-айында жұмыспен қамтылғандар 27,3% (10 372 азамат), 2022 жылдың 12-айында 20,6% (8 249  азамат) құраған.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 12-айында зейнеткерлер үлесі 16,9%        (6 398 азамат) көрсетсе, 2022 жылдың 12-айында 17,5% (6 962 азамат) болып отыр.

Демек, облыс көлемінде өздігінше жұмыспен қамтылғандардың уәждері басым болып тұр.

  1. Өтініштердің жалпы қаралу нәтижелері.

Өтініштердің жалпы санынан бөліп қарағанда 2023 жылдың 12-айында өтіштердің басым көпшілігі Тараз қаласына – 26 169 (26 104), Қордай ауданына – 7 292 (5 758), Жамбыл ауданына – 5 050 (4 009), Шу ауданына – 4 294 (4 645), Байзақ ауданына – 3 193 (3 590) түскен.

Талдау көрсеткендей, түскен өтініштердің 26% (17 985) жер, 14,2% (11 086) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық,  11,4% (8 598) білім саласы, 7,6%         (6 942) жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, 2,7% (1 788) тұрғын үй мәселесі, 2,6% (1 906) ауыл шаруашылық, салаларына қатысты. 

Есепті кезеңде 39 243 (39 171) әкімшілік акт қабылданды. Өтініштердің    32 535 (31 935) қолайлы әкімшілік акт, 6 708 (6 236) ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданған, 2 352 (1 972) әкімшілік рәсім тоқтатылды, 16 878      (13 965) оңайтылған әкімшілік іс қаралған.

Есептік кезеңде қабылданған қолайлы актінің саны 32 535 (31 935) 1,8%-ға артқан, ал ауыртпалық салатын әкімшілік акт 6 708 (6 236) 7%-ға артқан.

Жергілікті атқарушы органдар 2023 жылдың 12 айында 407 іс бойынша жауапкер болып табылған.

Жергілікті атқарушы органдарының іс әрекеттеріне қатысты 358 әкімшілік іс бойынша шешім шығарылған, оның 75 - канағаттандырылған, ал 40 іс бойынша бас тартылған. Сонымен қатар, 193 іс бойынша талап қоюлар қайтарылып, 21 іс медиация тәртібімен аяқталған. Лауазымды тұлғаларға қатысты соттармен 29 жеке ұйғарым шығарылған, 49 іс қаралуда.

Сондай-ақ, облыс тұрғындары атынан Президент Әкімшілігіне 402 (438), Үкімет Аппаратына 194 (57) өтініш түсіп, оларға белгіленген мерзімінде  тиісті  жауаптары берілген.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратына барлығы 20 кіріс тапсырмалар түсіп мерзімінде жауаптар берілді.

Анықтама: ҚР Президенті - 1

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы - 2

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасары – 4

ҚР Президентінің Кеңесшісі - 1

ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі – 3

ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі – 1

ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау Бөлім меңгерушісінің орынбасары - 1

ҚР Үкімет Аппараты Басшысының Орынбасары – 5

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының Орынбасары – 1

ҚР Үкімет Аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі - 1

Анықтама: Тараз қаласының 11 жасар тұрғыны Ж. Байзақова ҚР Президенті  Қ.К. Тоқаевқа хат жолдап, несие және тұрғын үйдің жай-күйі мәселесін көтерген.

Зерделеу барысында 2014 жылы Ж.Байзақованың анасы А.Байзақова (2020 ж. қайтыс болған) Цесна Банктен (қазіргі кезде Жусан банк) 2 849 518 тенге несие алғаны. Аталған несие төленбеген соң банк сотқа жүгініп, банктің пайдасына өсім пұлды қоса алғанда 3 959 039 теңгені және сот шығыны мемлекеттік баж 118 771  теңгені өндіру туралы сот шешімі шыққаны, сот шешіміне сәйкес несие қарызы өтініш иесінің әжесіне көшкені және сот орындаушысы әжесі К.Ерханованың зейнетақысының 50%-ын ұстап қалып отырғаны белгілі болды.

Нәтижесінде несиелері толығымен өтеліп, Тұрғын үйді жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.

 

  1. Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы.

2023 жылдың 12-айында облыс бойынша барлығы 4519 (1 618) қабылдау өткізіліп, 11882 (7 741) азамат қабылданды.

Анықтама: облыс әкімі 50 қабылдау жүргізіп, 453 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің орынбасарлары – 33 қабылдау жүргізіп, 238 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің аппарат басшысы - 7 қабылдау жүргізіп, 20 азаматты қабылдаған.

Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыс басқармаларының басшылары 4 429 қабылдау өткізіліп, 11 171 азамат қабылданды.

Қабылдауда болған 7 858 (5 321) азаматтың мәселелері қанағаттандырылса,         4 024-не (2 420) түсіндірме берілген.

  1. Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған жауаптарына өтініш берушілердің кері байланысы және пікірлері.

Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған жауаптарына қанағаттану бойынша өтініш берушілердің кері байланысы және пікірлеріне «Qliq» талдамалық модулінде мониторинг жүргізді.

2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 3 764 (4,3%) өтініш бойынша ішінара бағалау түрінде кері байланыс және пікірлер алынды.

Нәтижесінде мемлекеттік органдардың жауаптарына «өте жақсы» - 2 569 (68,2%), «жақсы» - 435 (11,5%),  «орташа» - 233 (6,1%), «жаман» - 213 (5,6%) және «өте нашар» - 314 (8,3%) деген бағалаулар берілген.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша анықталған заң бұзушылықтар.

Облыста жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдау барысында мерзімдерін бұзып қараған 146 өтініш және қайта бағыттау мерзімдерін бұзып қараған 41 өтініш орын алды.

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауға жауапты ретінде басшылардың арасынан тиісті тұлғаларды анықтап, «е-Otinish» жүйесінде статистикалық есебінің дұрыстығына бірінші басшыға жауаптылық ескертіп, анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша қызметкерлер мен олардың басшыларының тәртіптік жауапкершіліктерін шешу қарастырылды.

Анықтама: 43 басшылық құрам, 85 қызметкер, жалпы 128 тұлға жауапкершілікке тартылды.

«е-Otinish» жүйесінде күнделікті заңды және жеке тұлғалардың жолданымдарын есепке алуын реттейтін, нормативтік құқықтық актілерді және қолданыстағы заңнама талаптарын бұлжытпай сақтауда бақылау күшейтілді.

  1. Азаматтарды қабылдау орталықтарының кейбір мәселелері туралы.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде  «Азаматтарды  қабылдау орталықтарының  кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 20 маусымдағы №490 Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына сәйкес, облыс орталығында азаматтарды қабылдау орталығы (бұдан әрі – АҚО) Жамбыл облысы әкімдігінің жанынан 2023 жылы 20 желтоқсанда ашылды, регламенті бекітілді.

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 127 мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимарат АҚО-ға сәйкес болып анықталды. АҚО жоғарыда аталған ғимараттың бірінші қабатында орналастырылды, ауданы 199 ш.м.: 1 өзіне өзі қызмет көрсету залы, 2 азаматтарды қабылдау залы, 1 нәтиже аймағы, 1 күту аймағы, ресепшн, кеңес беру аймағы.

Нәтиже аймағына денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармалары, Тараз қаласы әкімінің аппаратының қызметкерлері тартылды. Жалпы 10 қызметкер жұмыс атқарады.

Жергілікті атқарушы және аумақтық 47 мемлекеттік органның бірінші басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген және АҚО бірыңғай алаңында орналастырылған.

Орталық АҚО-мен байланысты қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықталған, байланыс орнатылған, сонымен қатар, қажетті жиһаз және компьютерлік техникалар, брендбук, ғимараттың белгілері орнатылған, ресми интернет-ресурстарда АҚО ашылғаны туралы ақпараттық материалдар орналасқан.

 

 

2023 жылдың 12-айында облыстық жергілікті атқарушы органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша ақпарат
Дата публикации
16 января 2024