Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылдың 12 айының қысқаша есебі

Жамбыл облысы әкімінің аппараты

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылдың 12 айының қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО) бекітілген Тізілімге сәйкес 174 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 281 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 11 қызмет түрі (3,9 %);
  • электронды түрде – 270 қызмет (96,1 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 89 қызмет (31,7 %).

2023 жылдың 12 айында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 13,4  млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 13 338 342 қызмет (99,22 %);
  • қағаз түрінде – 816 қызмет (0,01%);
  • қағаз түрінде (баламалы) – 103 296 қызмет (0,77%);

Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1 360 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
 шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 65.

Сонымен қатар, 1 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің бас тарту мерзімдері бұзылған.

Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2023 жылдың 12 айында 3 464 түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 4 322 330 халық қамтылды.          

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына жүргізілген

 ішкі бақылау жұмыстары бойынша

2023 жылдың 12 айының қысқаша есебі

 

Есепті мерзімде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, 2023 жылдың 12 айында 110 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 74 жергілікті атқарушы органдар мен 36 ведомстволық бағынысты ұйымдарды қамтыды (жалпы 110 нысан).         Нәтижесінде 464 заңбұзушылықтар анықталып, 21 жауапты тұлғаға тәртіптік жауапкершілік қолданылды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 10 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 5 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 116 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 6 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 76 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 4 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 63 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 184 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 180 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылдың 12 айының қысқаша есебі
Дата публикации
10 января 2024