Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының
2023 жылдың ІV тоқсанында
көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
174 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 281 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2023 жылдың ІV тоқсанында облыс бойынша ЖАО 3,5 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 399 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 20.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 348 521 халықты қамтыған 1 023 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.
2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
56 қызметкерлері өтті.
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының
2023 жылдың ІV тоқсанында
көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасын
ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі
Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 21 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп,
18 жергілікті атқарушы органдар, 3 ведомстволық бағынысты ұйымдарды қамтыды (21 нысан).
Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып өткізілді.
Нәтижесінде 115 заңбұзушылықтар анықталды және 52 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Сонымен қатар бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
7 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзудың 1 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 22 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 28 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 4 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 28 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 32 фактісі анықталды.