Облыс әкімінің 2023 жылы Байзақ ауданынының Көктал және Мырзатай ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша АҚПАРАТ

Облыс әкімінің 2023 жылы Байзақ ауданынының Көктал және Мырзатай  ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулерінде

берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша

 АҚПАРАТ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалуына жауаптылар

Іске асыру мерзімдері

Орындалуы

Облыс әкімінің Көктал және Мырзатай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

1.             

Тараз қаласы Жамбыл даңғылы көшесіне қилысқан Мамбет батыр көшесі бойына қоғамдық көліктерге «Аялдама және жаяу жүргіншілер жолағы мен жол белгілерін» орнату жолдарын қарастыру

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

3 тоқсан

Тараз қаласы

2.             

Мырзатай ауылдық округіне                                      «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5% несие беру жолдарын қарастыру

 

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

4 тоқсан

 

Мырзатай ауылдық округіне                                      «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5% несие беру Республикалық бюджеттен қаражат бөлінгкен жағдайда, 2024 жылы іске асырылатын болады.

Тапсырма орындалу үстінде

3.             

Мырзатай ауылындағы Мырзатай орта мектебінің жаңындағы шағын орталықтын шатырын жабу жолдарын қарастыру

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

3 тоқсан

 

Бүгінгі күнге Мырзатай орта мектебінің жанындағы шағын орталықтың шатыры жұмсақ жамылғымен (рукан) толықтай жабылды.

Тапсырма орындалды

4.             

Сарыкемер ауылында 5-қабатты 60 пəтерлі тұрғын үйлердің (№1, №2, №3, №4) белгіленген мерзімде құрылысын бітіру

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

1 тоқсан

 

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы бес қабатты 60 пәтерлі төрт тұрғын үйге конкурс жарияланып, жеңімпазы «БИНОМ» ЖШС анықталған. Әр үйдің жалпы сметалық құны 651476,4 мың теңге, оның ішінде құрылыс монтаж жұмыстарына 607675,7 мың теңгені құрады. Нысанның конкурстық құны 438 004,0 мың теңге. 2023 жылға төрт үйдің құрылыс жұмыстары маусым айында басталды. 2023 жылға тұрғын үйлердің қаражаты толығымен қаралған. Аталған 4 үйді 2023 жылдың қорытындысымен кезектілігіне сәйкес пайдалануға беру жоспарлануда.

Тапсырма орындалу үстінде

5.             

Сарыкемер ауылында қуаты 2х16000 кВА ВЛ-35 кВ 35/10 кВ ҚС 2 тізбекті желін белгіленген мерзімде қосуын қамтамасыз ету

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

1 тоқсан

 

Аудан тұрғындарын және жаңадан салынып жатқан нысандарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін,                       2022 жылдың қараша айында Сарыкемер ауылына қуаты 2х16000 кВт Вл 35кВ 35/10кВ екі тізбекті желілі подстанциясының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары «АСБ Электромонтаж» ЖШС-і арқылы                            855, 9 млн. теңгеге жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 95% аяқталды. Нысанның құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтап, пайдалануға қабылдау үшін, 2024 жылға қарастырылған 420,4 млн. теңгені 2023 жылға қарастыру мақсатында ҚР Қаржы министрлігіне хат жолданды                               (№08-3033, 04.05.2023 ж)

Тапсырма орындалу үстінде

6.             

Сарыкемер ауылында құрылысы жүргізіліп жатқан көп қабатты үйлердің және денсаулық нысандарының жарамсыз қалдықтары мен жалпы кәріз жүйесін қалыптастыру ТЭН-ге (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірленсін.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,

Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

4 тоқсан

 

Сарыкемер ауылы тығыз орналасқандықтан әр көше бойымен кәріз жүйесін тарту мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты кәріз жүйесін қажетті аймақтарды қамти отырып, ауыл сыртына шығару жоспары қарастырылуда.

                         Тапсырма орындалу үстінде

7.             

Байзақ ауданында 1 ай көлемінде «Дала күні» (День поля) іс-шарасын ұйымдастырсын

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

Облыс әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы, Байзақ ауданының әкімі

2023 жыл

4 тоқсан

 

Дала күні» (День поля) іс-шарасы 2023 жылдың 28-қарашасы күні Байзақ ауданы «Агрохолдинг Aspan» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 200 гектар жаңбырлатып суару технологиясымен өсірілген қант қызылшасы алқабында ұйымдастырылды.

                                    Тапсырма орындалды

8.             

Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылар санының өсуіне байланысты жаңа мектеп құрылысын салу бойынша жолдар қарастырсын

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

4 тоқсан

 

Сарыкемер ауылынан 600 орындық жаңа мектеп құрылысын салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жер телімін таңдау актісі,  мектептің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт әзірленіп, су құбыры желісін қосудың техникалық шарты, газ тарату жүйесіне және жобалауға арналған техникалық шарт, электр желілеріне қосылудың техникалық шарты алынып, «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» КММ-не  ұсынылды.

Тапсырма орындалу үстінде

9.             

Тараз қаласы Жамбыл даңғылы көшесіне қилысқан Мамбет батыр көшесі бойына қоғамдық көліктерге «Аялдама және жаяу жүргіншілер жолағы мен жол белгілерін» орнату жолдарын қарастыру

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

3 тоқсан

Тапсырма орындалу үстінде

 

Облыс әкімінің 2023 жылы Байзақ ауданынының Көктал және Мырзатай ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша АҚПАРАТ
Дата публикации
28 декабря 2023