Облыс әкімінің 2023 жылы Байзақ ауданынының Үлгілі және Қостөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша АҚПАРАТ

Облыс әкімінің 2023 жылы Байзақ ауданынының Үлгілі және Қостөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулерінде

берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша

 АҚПАРАТ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалуына жауаптылар

Іске асыру мерзімдері

Орындалуы

Облыс әкімінің Үлгілі және Қостөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

1.             

Үлгілі ауылдық округінде интернет жылдамдығын көтеру мәселесін қарастыру

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы,

Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жыл

4 тоқсан

Ағымдағы жылдың наурыз айында Үлгілі ауылына мұнара орнатылып, «Beeline», Kcell Tеле-2 байланыс жүйесінің желілері және арнайы қоршауы орнатылып, іске қосылды.

Тапсырма орындалды

2.             

Үлгілі ауылдық округінің «Қаражота» каналын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу

Байзақ ауданының әкімі

2023 жыл

4 тоқсан

Жамбыл обылысының су шаруашылығы жүйелерін қалпынакелтіру жол картасы» бойынша, «Қазсушар» РМК теңгерімінен 19 канал ауданның коммуналдық меншігіне алынған. «Қаражота» каналына күрделі жөндеу (бетондау немесе лоток қою) жұмыстарын жүргізу үшін ақаулық (дефектный) актілері жасалынып, жобалық-сметалық құжаттамаларын (ЖСҚ) дайындау үшін бастапқы 5 млн. теңге қаражат қойылды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін ЖСҚ дайындалғаннан кейін, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, 2024 жылы ЖСҚ бойынша аталған каналға күрделі жөндеу жұмыстары үшін қаражатқа өтінім берілетін болады.

                        Тапсырма орындалу үстінде

3.             

Үлгілі ауылы мен Тараз қаласы арасында қатынайтын жолаушылар көлігін жүргізуге мүмкіндіктерін қарастыру

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жыл

2 тоқсан

Көкөзек - Ауыл береке бағытында 1 автобус (Қосы батыр, Жақаш, Түймекент, Сарыкемер ауылдары арқылы) бойынша қоғамдық көліктер «АрсенТрансКомпаний» ЖШС-ы қаражаты есебінен сынамалы түрде жүргізілді. Аталған мердігер мекеме өкілдерімен қоғамдық көлік бағытын Үлгілі ауылы арқылы жүргізу бойынша келіссөздер жүргізіліп, Көкөзек - Ауыл береке бағытындағы қоғамдық көлік Үлгілі ауылы арқылы жүргізілуде.

Тапсырма орындалды

4.             

«Медеу» каналының табанына тазалау жұмыстарын жүргізу

 

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша), Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жыл

2 тоқсан

Аудан бойынша суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру жобасы аясында 2020 жылдан бастап «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тарапынан 8 млрд. 725 млн. теңгеге «Еуропалық Қайта Құру және даму банкі» есебінен жалпы ұзындығы 228,4 шақырым құрайтын 72 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге «Медеу» каналының 3,4 шақырымын бетондады - жоба бойынша 3,4 шақырым, жөндеу жұмыстары толық аяқталып, ағын су берілді.

Тапсырма орындалды

5.             

Ауыл ішіндегі электр желілерінің бағаналары ескіріп, тозығы жетуіне байланысты жаңаға ауыстыру жолдарын қарастыру

Байзақ ауданының әкімі

2024 жыл

2 тоқсан

Үлгілі ауылындағы көшелердің электр желілеріне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 14,3 млн. теңгеге «Алира Сервис» ЖШС мен келісім шарт жасалып, жұмыстар толық жүргізілді.

Тапсырма орындалды

6.             

Талас ауылында орналасқан мәдениет үйін мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін қарастыру

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімідігінің қаржы,

мәдениет архивтер және құжаттама басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

3 тоқсан

Талас ауылындағы жекеменшік иелігіндегі 300 орындық мәдениет үйі ғимаратын мемлекет меншігіне сатып алуға жергілікті бюджеттен 60 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша меншік иесі мен аудандық мәдениет үйі арасында келісім шарт жасалды. Ғимаратты мемлекет меншігіне қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

                                    Тапсырма орындалды

7.             

Талас стансасы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету

Байзақ ауданының әкімі

2024 жыл

4 тоқсан

Талас станциясындағы ауыз су желілері «Теміржолсу» АҚ «Теміржолсу-Алматы» ЖШС теңгерімінде болғандықтан аудандық бюджет есебінене қандай да бір ағымды немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жоқ. Талас станциясындағы ауыз су желілерін аудандық коммуналдық меншікке қабылдау бойынша 14.03.2023 жылы және 20.06.2023 жылы «Теміржолсу» АҚ «Теміржолсу-Алматы» ЖШС-не хаттар жолданған. Қазіргі таңда, «Теміржолсу» АҚ «Теміржолсу-Алматы» ЖШС тарапынан Шу ауданында орналасқан су имараттары Шу аудандық коммуналдық меншікке берілген. Байзақ ауданы аумағындағы нысандар жергілікті коммуналдық меншікке беріледі деп күтілуде.

                         Тапсырма орындалу үстінде

 

Облыс әкімінің 2023 жылы Байзақ ауданынының Үлгілі және Қостөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша АҚПАРАТ
Дата публикации
28 декабря 2023