Облыс әкімінің 2023 жылы Байзақ ауданы Жағызтөбе және Темірбек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесулерінде
берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша
АҚПАРАТ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Орындалуына жауаптылар |
Іске асыру мерзімдері |
Орындалуы |
|
2023 жыл Облыс әкімінің Жағызтөбе және Темірбек ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі |
||||
|
1. |
«Темірбек» каналы арқылы ағын суды Темірбек ауылдық округ тұрғындарына толық жеткізу жолдарын қарастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, |
2023 жыл 2 тоқсан |
Темірбек» оң жағалау және сол жағалау каналдарына ағымдағы жылдың суармалау мерзіміне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Темірбек ауылдық округінің тұрғындарының сұраныстарына сәйкес, ағын су жеткізілуде. Вегетациялық кезең кезінде, тұрғындардың сұранысына сәйкес, бұл каналға күнделікті секундына 200-250 литр ағын берілді. Тапсырма орындалды |
|
2. |
Шахан ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету |
«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облысы филиалы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау) |
2024 жыл 4 тоқсан
|
Шахан ауылын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін 318,8 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп Жамбыл облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданып 2024 жылға ауыз су жүйесін жүргізу жоспарлануда. Тапсырма орындалу үстінде |
|
3. |
Сарыбарақ ауылына жаңа мектеп кұрылысын салу мүмкіндіктерін қарастыру
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау) |
2024 жыл 3 тоқсан |
Темірбек ауылдық округі Сарыбарақ ауылынан 100 орындық мектепке жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» КММ-сі «СуҚұрылысПроект» ЖШС-мен соммасы 10,8 млн. теңгеге 2023 жылдың 9 наурызында №40/23 келісім шарт бекітіп, ЖСҚ әзірленді. «Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыбарақ ауылында 100 орындық мектеп салу» жұмыс жобасы бойынша «Ekspertiza-TaRa» ЖШС 30.05.2023ж. №ETara-0120/23 оң қорытындысын берді. Жалпы сметалық сомма 1,3 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарланып отыр. Тапсырма орындалу үстінде |
|
4. |
Тегістік ауылының жайылымын кеңейту жолдарын қарастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің білім, |
тұрақты |
Жалпы Темірбек ауылдық округі бойынша 24604 гектар жайылымдық жер бар, оның ішінде елді мекендердің жайылымы 5426 гектар. Бүгінгі күнге, елді мекендерде жайылымдық жерлерді кеңейту мақсатында, шаруашылықтардан жерлерді қайтарып, ауылдық окрутердің теңгеріміне қосып беру жұмыстары атқарылуда. Елді мекендердің иелігіндегі малдарды жайылымдарға және дақылдан босаған егістік жерлерге жаю үшін, ауылдық округ 37 шаруашылықтың жалпы көлемі 1258 гектар егістік және 6340 гектар жайылым жерімен меморандум жасады. Бұл жұмыстар жыл сайын аудан тарапынан бақылауда. Тапсырма орындалды |
|
5. |
Шахан ауылының Құрманғазы көшесінің жолын жөндеу (шағал төсеп беруді) мәселесін қарастыру |
|
2023 жыл 4 тоқсан |
Шахан ауылында орналасқан Құрманғазы көшесінің жолына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, 2023 жылғы 1 қыркүйекте №11-1-20/995 аудандық бюджетке өтінім ұсынылған Тапсырма орындалу үстінде |
|
6. |
Жалғызтөбе ауылдық округіне жаңа типті емхана және спорт кешенін салу жолдарын қарастыру |
Байзақ ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жыл 4 тоқсан |
Жетібай ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория нысаны құрылысын жүргізуге 246,8 млн теңгені құрайтын келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «НұрТұрсын» ЖШС. Нысанның аяқталу мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айы. Жетібай ауылына спорт кешенін салу жұмыстары ауданның даму жоспарына енгізілмеген Тапсырма орындалу үстінде |
|
7. |
Жетібай ауылының орталық Төле би көшесіне 3 жерден жасанды жол кедергілерін және жаяу жүргіншілер жолағын орнатуды зерделеп қарастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, |
2023 жыл 3 тоқсан
|
Ағымдағы жылдың маусым айында Жетібай ауылы Төле би көшесіне 3 жерден жасанды жол кедергілері орнатылып, жол белгілері орнатылды
Тапсырма орындалды |
|
8. |
Жетібай ауылының Төле би көшесі 2-бұрылысына жол салу, ауыз су кіргізу және көше жарығын орнату жолдарын қарастыру |
облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жыл 3 тоқсан |
1. Жетібай ауылында орналасқан 3 көшенің (Төле би көшесінің 2-ші бұрылысын қоса алғанды) орта жөндеу жұмыстарына 32 млн. теңге қаралып, жұмыстар толық аяқталды. 2. Төле би көшесінің 2-ші бұрылысының көше жарығына 1,4 млн. теңге қаралып, қазіргі таңда мердігер мекеме лермен келісім шарт жасалған. Мердігер мекеме «Аб-Сен құрылыс» ЖШС тарапынан қажетті жұмыстар жүргізілмегендіктен тапсырыс беруші тарапынан Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолданды (№590, 01.12.2023 ж). 3. Жоғарыда аталған көшеге ауыз су желісін кіргізу үшін 24 млн. теңгені құрайтын жоба әзірленіп, аудандық бюджетке өтінім ұсынылды. Тапсырма орындалу үстінде |
|
9. |
Жалғызтөбе ауылдық округіне келетін Ақберді және Тілеуболат-4 каналдарын бетондау және судың шығынын азайту мақсатында су бекетін ауыл маңына орнатып беру жолдарын қарастыру |
Байзақ ауданының әкімі |
2024 жыл 4 тоқсан |
Аудан бойынша суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру жобасы аясында 2020 жылдан бастап «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тарапынан 8 млрд 725 млн. теңгеге «Еуропалық Қайта Құру және даму банкі» есебінен жалпы ұзындығы 228,4 шақырым құрайтын 72 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жамбыл обылысының су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жол картасы» бойынша, «Қазсушар» РМК теңгерімінен 19 канал ауданның коммуналдық меншігіне алынған. «Сеңкібай» шаруашылықаралық каналынан бөлінетін «Ақберді» және «Тлеуболат-4» каналдарын күрделі жөндеу (бетондау немесе лоток қою) жұмыстарын жүргізу үшін ақаулық (дефектный) актілері жасалынып, жобалық-сметалық құжаттамаларын (ЖСҚ) дайындау үшін әр каналға бастапқы 4 млн. теңгеден жалпы 8 млн. теңге қаражат қойылды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін ЖСҚ дайындалғаннан кейін, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, 2024 жылы ЖСҚ бойынша аталған каналдарға күрделі жөндеу жұмыстары үшін қаражатқа өтінім берілетін болады. Тапсырма орындалу үстінде |