Облыс әкімінің 2023 жылы Талас ауданының тұрғындарымен өткен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша АҚПАРАТ

 

Облыс әкімінің 2023 жылы Талас ауданының тұрғындарымен өткен кездесулерінде

берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша

 АҚПАРАТ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалуына жауаптылар

Іске асыру мерзімдері

Орындалуы

03.03.2023 жыл

Бостандық және Аққұм ауылдық округтері

1.             

Бостандық ауылдық округі тұрғындарына ауыл шаруашылық техникаларын (комбайн) сатып алу бойынша ұсыныс беру

 

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылғы

І тоқсан

Ағымдағы жылы Бостандық ауылдық округіндегі «Зерхат»  шаруақожалығының төрағасы Мейірбеков Ержан өз қаражаты есебінен құны 30 млн. теңгені құрайтын 1 комбайн техникасын сатып алып, ел игілігіне пайдалануда.

  

2.             

Бостандық ауылдық округіндегі орталық саябаққа, ауылдық балабақшаның қоршауына жөндеу жұмыстарын жүргізу

Талас ауданының әкімі

2023 жылғы мамыр

«Ақбөпе» бөбек-жай бақшасы мен орталық саябақтың 80 метр қоршауы а.ж. сәуір айында қалпына келтірілді.

3.             

Бостандық – Ақкөл ауылдары арасындағы аудандық деңгейдегі тас жолды жөндеуге ұсыныс беру

 

облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылғы

ІІ тоқсан

Аудан аумағындағы аудандық маңызы бар жолдардың ағымдағы жөндеуді (ямочный ремонт) қажет ететін бөлігіне аудандық бюджеттен барлығы 40,7 млн. теңге қаржы қарастырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары а.ж. маусым айында толығымен аяқталды. Оның ішінде Ақкөл-Талапты бөлігіндегі жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

4.             

Бостандық ауылдық округіне қарасты Талапты ауылына ауылдық клуб салуға ұсыныс беру, ЖСҚ әзірлеу

 

облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылғы сәуір

Бостандық а/о қарасты «Талапты ауылына мәдениет үйінің құрылысын салуға құны 149,2 млн тг. ЖСҚ әзірленіп, ЖСҚ сараптамасы алынған.Тиісті бюджеттік өтінім облыс әкімдігінің мәдениет, экономика және құрылыс басқармаларына мерзімінде ұсынылған. Алайда, елді мекендерге арналған өңірлік стандаттар жүйесінің талаптарына сәйкес болмауына байланысты (адам саны 1000-нан асқанда, Талапты ауылында 527 адам тұрады) облыстық бюджеттен қаржылық қолдау таппады. Осыған орай, демеушілік есебінен ауылдық клуб соғу мақсатында ауылдық округтен шыққан меценаттар мен жеке кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

5.             

Бостандық ауылдық округіндегі тұрғындарға ауыз судың тәулігіне 24 сағат берілуін қамтамасыз ету

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Тұрақты

Бостандық ауылына тәулік бойы ауыз су беру мәселесі Аққұм ауылындағы ұңғыманы (скважина) іске қосу үшін 2023 жылдың тамыз айының 18 күні өткен кезекті нақтылауда аудандық бюджеттен 3,8 млн. теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша жеңімпаз «КФ Тараз ОО «КОС»» ЖШС болып анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары толық 31.10.2023 жылы аяқталды.

 

6.             

Қамқалы – Тараз облыстық деңгейдегі тас жолдың Бостандық – Тараз бөлігі арқылы  ауыр жүк автокөліктерін жүруін заң талаптарына сәйкес реттеу

Облыстық полиция департаменті

2023 жылғы

ІІ тоқсан

Қамқалы – Тараз облыстық деңгейдегі тас жолдың Бостандық – Тараз бөлігі арқылы жүретін тас жолға полиция департаментімен жол белгілері орнатылған. Ағымдағы жылы инертті материалдар тасымалдағаны үшін 9 жүк машинасының иесіне хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда жүк көліктері аталған тас жолмен жүруіне толық шектеу қойылды.

7.             

Аққұм ауылдық округіне қарасты Жаңақоныс елді мекеніне ауыз су тарту мәселесін заң талаптарына сәйкес қарастыру

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылғы

ІІ тоқсан

Жаңақоныс елді мекеніндегі 7 үйді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Аққұм ауылынан келетін су құбырына қосу үшін 1,5 млн. теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесі бойынша жеңімпаз ЖК «Рысқұлов» болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 31.10.2023 жылы толық аяқталып, бүгінгі күнге 7 үй ауыз сумен қамтамасыз етілді.

 

8.             

Аққұм ауылы мен Жаңақоныс елді мекенін жалғастыратын жолды шағал төсеу арқылы жол салу мәселесін қарастыру

 

Талас ауданының әкімі

2023 жылғы

ІІ тоқсан

Ағымдағы жылдың 4 шілдесі 42,5 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, 2023 жылдың 28 тамызы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім тапсырылып, қаржыландыру күтілуде.

9.             

Бостандық, Аққұм ауылдарына келетін «Жиембет» каналын жөндеу жұмыстары бойынша ұсыныс беру

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылғы

ІІ тоқсан

«Жиембет» каналын жөндеу жұмыстары бойынша 1,2 млрд теңгеге ЖСҚ әзірленіп, облыстық құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына бюджеттік өтінім берілген. Қаржыландыру күтілуде.

10.          

Аққұм ауылдық округіндегі «Барбол Тоқтықожаұлы атындағы» орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылғы

ІІ тоқсан

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 59,5 млн. теңге қаражат қарастырылып, тамыз айының 1-нен бастап ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, а.ж. 30 қыркүйегі толық аяқталды. Мердігер «Объектстрой» ЖШС-гі.

30.06.2023 ж.

Үшарал және Қызыләуіт ауылдық округтері

11.          

Досбол, Түгіскен, Үшарал ауылдары арқылы Тараз қаласына қатынайтын автобустардың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі

2023 жылғы қазан

Бүгінгі таңда, Досбол, Түгіскен, Үшарал ауылдары арқылы Тараз қаласына қатынайтын кіші Газель автокөлігінің орнына үлкен «SETRA» маркалы автобусымен ауыстырылып, тұрақты түрде жүруде. Жүру уақыты күнделікті Досбол – 6.30, Түгіскен – 7.00, Үшарал – 7.20.

12.          

Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев орта мектебінің жылу жүйесіне арнайы мамандармен зерделеу жүргізу

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

2023 жылғы тамыз

Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеуге облыстық білім басқармасы тарапынан 22,8 млн. теңге қарастырылып, 2023 жылдың қыркүйек айында толық ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

13.          

Ә.Сағынтаев орта мектебінің қазандығын табиғи газға ауыстыру

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

 

2024 жылғы маусым

Үшарал ауылдық округіндегі (Үшарал ауылы, Ә.Сағынтаев о/м, Бозарық о/м, №1 Ферма н/м, Арал ауылы Талас о/м, Қайыр ауылы, Абай о/м) және Кеңес ауылдық округіндегі (Көшек Батыр ауылы, Жамбыл о/м, Бөлтірік шешен ауылы Ш.Уалиханов о/м және Балбөбек балабақшасы) газ жүйесіне ауыстыруды қажет ететін 8 әлеуметтік нысанға ЖСҚ әзірлеуге 14,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, ЖСҚ әзірленуде. Жобалаушы мекеме «БатысГрант»  ЖШС.  Аталған нысандарды газ жүйесіне ауыстыру жұмыстары 2024 жылға жоспарлануда.

 

14.          

Үшарал ауылдық округінің Арал және Қайыр ауылдарына қатынайтын аудандық мәндегі автожолды жөндеу

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

 

2024 жылғы мамыр

Үшарал ауылдық округінің Арал және Қайыр ауылдарына қатынайтын аудандық мәндегі автожолын орташа жөндеу жұмыстарына құны               90 млн. 414 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, облыстық автомобиль жолдары басқармасына тиісті бюджеттік өтінім ұсынылды. 2024 жылы қаражат қарастыру күтілуде.

 

15.          

Арал және Қайыр ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етуге  арналған модульдік контейнерлік блокты орналастыру

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

 

2024 жылғы

маусым

Аудан аумағындағы 7 елді мекенді (Қарой, Қожағаппар, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Сейілбек, Тұрымқұл) сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 30 млн. тг. бөлініп (2022 жылға 25 млн. тг, 2023 жылға 5 млн. тг.), Арал (149,3 млн. тг) және Қайыр (160,3 млн. тг), ауылдарын сумен қамту бойынша ЖСҚ-лар әзірленді. Қазіргі таңда, жобалар облыстық энергетика басқармасына ұсынылды. Қаражат қарастыру күтілуде. 

 

16.          

Қызыләуіт – Қаратау (18 шқ) төте жолына асфальт төсеу жұмысын  жүргізуге ұсыныс беру, ЖСҚ әзірлеу

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жылғы наурыз

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК ж/е АЖ бөлімі, «ТаразДорПроект» жобалаушы мекеме өкілдерінің және Талас ауданы Қызыәуіт ауылдық округі әкімінің қатысуымен «Қызыләуіт-Қаратау» бағытындағы жолдың жағдайы зерделенді.

Аталған бағытта бүгінде күніне 5-6 жеңіл көлік қатынауда. Қолданыстағы Қаратау қаласына Ақкөл ауылы арқылы айналма жол 86 шақырымды құрайды.

Зерделеу барысында аталған бағыттағы төте жолдың ұзындығы 25 шқ құрайтындығы, күрделі рельефті ойлы-қырлы, сортаң жерлермен және 6 шаруа қожалығының жерін қиып өтуіне байланысты шаруа қожалықтардың жерін мұқтаждығына қайтару қажет екендігі анықталды.

Нәтижесінде, 2 нұсқада V-техникалық санаттағы (100 автомобиль/тәулігіне есебімен) жол құрылысының алдын ала есептілігі жүргізілді.

І нұсқа – шағалды жол, құны - 1 024,5 млн.теңге (ұзындығы - 25 шқ, ені - 6 м, қалыңдығы - 30 см. 2 қабатты шағалды жол төсемі, 10 - дана су құбыры мен 1 - дана көпір)

ІІ нұсқа – асфальтобетонды жол, құны – 1 279,7 млн.теңге (ұзындығы - 25 шқ, жол төсемінің ені - 6 м; қалыңдығы - 6 см., ені - 4,5 м.)

Бүгінгі таңда ЖСҚ әзірлеу мақсатында қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

17.          

Қызыләуіт ауылындағы балабақша ашудың тиімді жолын қарастыру

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

 

2023 жылғы

желтоқсан

Қызыләуіт ауылына жаңа үлгідегі балабақша соғу мақсатында жеке кәсіпкер Қасымов Беріктің атына Дүйсенбин көшесі бойындағы «Балдәурен» балабақшаның маңындағы 0,025 га. бос жердің құжаттары рәсімделіп, берілген. Құрылыс жұмыстарын бастау 2024 жылдың наурыз айына жоспарлануда.

 

18.          

Қызыләуіт ауылдық округіндегі Керімбай Оязбек атындағы «Көктал» ЖШС қатысты ауыл тұрғындарының талаптарын шешу

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкім (жинақтау)

 

2023 жылғы қазан

2017 жылы жеке кәсіпкер Сұлтанбек Жанабек Қызыләуіт ауылдық округіндегі Керімбай Оязбек атындағы «Көктал» ЖШС-ін арнайы өткізілген аукцион рәсімдерінің нәтижесінде сатып алған. Қазіргі таңда, ЖШС-нің жерлері мен мүлкі мемлекеттік фондқа өткізілген. Сол себепті, 91 азамат өздеріне тиесілі пай үлестерін ала алмауда. Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі және аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, заң талаптарына сәйкес сот рәсімдеріне жүгіну қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген

 

19.          

Қотырәуіт әуітін жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыру

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,

 

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жылғы ақпан

«Қотырәуіт» су қоймасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2023 жылдың тамыз айында аудандық бюджеттен 10 млн. 339 мың теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Мердігер: «ПазылСтройСервис» ЖШС.

 

29.08.2023 жыл

Қаратау ауылдық округі мен Қаратау қаласы

20.          

Есейхан ауылына кіреберістегі автомобиль жолына (12 шқ) орташа жөңдеу жұмыстарын жүргізу

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жылғы

мамыр

Аудандық маңызы бар Есейхан ауылына кіреберіс 10,316 шақырым автомобиль жолын орташа жөңдеуден өткізу үшін құны 426 901,0 мың теңге құрайтын ЖСҚ-сы 2021 жылы әзірленіп, ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінімге ұсынылып, қаржыландыру күтілуде.

 

21.          

Қаратау ауылдық округін газ жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

2024 жылғы маусым

Талас ауданы бойынша Қасқабұлақ, Есейхан, Қарой және Көктал ауылдарын газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ дайындауға және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға аудандық бюджеттен 2023 жылы наурыз айында 34 млн. 197 мың теңге қарастырылды. Қасқабұлақ, Есейхан және Қарой ауылдарын жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС-і. Аяқталу мерзімі а.ж. 31 желтоқсаны. 2024 жылы бюджеттік өтінім беру жоспарлануда.

 

22.          

Есейхан ауылын ауыз сумен тұрақты және сапалы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі

(жинақтау)

2024 жылғы

маусым

Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан Есейхан ауылын ауыз сумен тұрақты пайдалану мақсатында ауыз су нысандарына жеке сарапшыларды тарта отырып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Онда, су сорғыш нысаны мен су тарату нысаны арасындағы 4 шқ құрайтын пластикалық құбырды темір құбырға ауыстыру туралы ұсыныстар беріліп, қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

 

23.          

Есейхан ауылында спорт нысанын салу бойынша ұсыныс енгізу

 

Талас ауданының әкімі

2023 жылғы қазан

Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан Есейхан ауылына спорт нысанын салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаражат қарастыру бойынша жұмыстары жүргізілуде.

 

24.          

Қараой ауылында Шабақты өзені арқылы өтетін автокөліктерге арналған көпір салу мәселесін қарастыру

Талас ауданының әкімі

2024 жылғы

қаңтар

Қараой ауылында Шабақты өзені арқылы өтетін автокөліктерге арналған көпір салуға 13 млн. 283 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыру мақсатында аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім а.ж. қараша айында тапсырылды. Қаржыландыру күтілуде.

25.          

Есейхан ауылын «Ауыл Аманаты» жобасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізу

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылғы

желтоқсан

Есейхан ауылы «Ауыл Аманаты» жобасына енгізу 2024 жылға жоспарланды. Қазіргі таңда тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттар топтамасы дайындалуда.

 

 

26.          

Есейхан ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көліктерінің сапасын зерделеп, жөңдеу жұмыстарын жүргізу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

2023 жылғы

желтоқсан

Есейхан ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көліктерінің сапасы зерделенді. 2 жедел жәрдем көлігі тіркелген. Аталған көлікттер а.ж. қазан айында толық жөнделді.

 

27.          

Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесіндегі №13 көпқабатты тұрғын үйдің және 3 мөлтек ауданындағы №5, №6 жатақхананың құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу

 

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

2023 жылғы

желтоқсан

Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі №13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталды. Ал, Қаратау қаласы 3 мөлтек аудандағы №5, №6 жатақханалар ғимаратын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 318 млн. 072 мың тг. бөлініп, құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілуде.  (Мердігер «ALTYN LTD» ЖШС-гі) Құрылыс жұмыстары а.ж. 31 желтоқсаны толық аяқталады.

 

28.          

«Игілік» ШЖҚ КМК қалпына келтіру жұмысын аяқтап, жылыту маусымына толықтай дайын болуын қамтамасыз ету

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі

(жинақтау)

2023 жылғы

қазан

Аудан әкімінің 15 маусымдағы 2023 жылғы №01-158 қаулысына сәйкес, Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджеттік сала нысандарының 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау жөніндегі аудандық штаб құрамы бекітілген.

Қаратау қаласында тұрғын үй қорында 152 шағын және көпқабатты тұрғын үйлер бар, барлығы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

(2 қабатты-84 үй, 3 қабатты-2 үй, 4 қабатты-17 үй, 5 қабатты-47 үй, 9 қабатты-2 үй)

Бүгінгі күнге, 152 шағын және көпқабатты тұрғын үйлердің 152 жылыту маусымына дайын.

№3 мөлтек ауданы №20, №21, Молдағұлова №59, Әуезов №1 үй тұрғындарымен жиын өткізіліп, модернизация бойынша  тұрғындардың келісімі алынуда.

Қаратау қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Игілік» МКК-нің орталық қазандығы.

Орталық қазандықтың газ шығыны орташа сағатына 3700 м3, тәулігіне 88 800 м3. Қаратау қаласындағы «Игілік» МКК-нің орталық қазандығына 15 млн. 300 мың м3 табиғи газ сатып алуға 464 млн 826 мың теңге қаражат бөлінген. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 263 млн 800 мың теңге қаражат игерілген.

2023-2024 жылыту маусымына қажетті газ көлемі 15 млн. 300 мың м3, тәулігіне шамамен 88 800 м3.  Қажетті қаржы көлемі 268 млн 743 мың теңге. (Жалпы қажетті қаражат 469,8 млн теңге.)

Қаратау қаласы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы екі желілік есептемемен 28,9 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда, тозу деңгейі 43,2 пайыз немесе 12,5 шақырым.

Ағымдағы жылы «Зеленстрой» ҚТБ мекемесінен Панфилов №1 көшесіне дейінгі 1 шқ 120 метр жылу желілерін күрделі жөндеу және ауыстыру үшін аудандық бюджет есебінен 9 млн 500 мың теңге қаражат бөлініп, ескі жылу құбырларын бұзу (демонтаж) жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 85 млн 782 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары 100 пайызға аяқталған.

Бұдан бөлек, аудандық бюджет қаражаты есебінен Талас ауданы, Көктал су қоймасындағы 8,1 шақырым әуе электр желілерін ауыстыруға                                 74 млн 919 мың теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.

Орталық қазандықтың ПТВМ-30 №5, №6 ыстық су қазандықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 25 млн 169 мың теңге қарастырылып, бүгінгі таңда қазандықтың ақау актісі бойынша қазандықтың трубалары ауыстырылды.

Сондай-ақ,  кварталішілік 2,5 шақырым жылу желілерін қаптау (изоляция) қалпына келтіру жұмыстарына 20 млн 521 мың теңге бөлініп жылу желілерін қаптау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге, жөндеу жұмыстары 100 пайызға аяқталған.

 

29.          

Есейхан ауылында әлеуметтік игіліктерді сапалы қамтамасыз етіп, азаматтарды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізу

Талас ауданының әкімі

Тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын

Есейхан ауылында әлеуметтік игіліктерді сапалы қамтамасыз етіп, азаматтарды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізуде

 

 

 

Облыс әкімінің 2023 жылы Талас ауданының тұрғындарымен өткен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша АҚПАРАТ
Дата публикации
27 декабря 2023