Облыс әкімінің 2023 жылы Ақтоған және Т.Рысқұлов ауылдық округтерінің тұрғындарымен өткен кездесулерінде берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша
АҚПАРАТ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалу үстінде |
|
1 |
«ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалымен бірлесіп, Ақтоған ауылдық округіндегі «Молалы» каналын теңгерімге қабылдап, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша) Меркі ауданының әкімі Мерзімі: 2023 жылғы 1 маусым |
Ақтоған ауылдық округіндегі «Молалы» және «Р-3-1-2» каналдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін әкімдіктің теңгеріміне алынды. «Молалы» каналына және де аудандағы 18 каналдарға ЖСҚ әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 17 787,0 мың теңге қаражат бөлініп, ЖСҚ дайындалды. Бүгінгі күнге сараптамадан өткізілуде. Мерзімі 29.12.2023 жыл. «Р-3-1-2» каналы Ақтоған ауылдық округіндегі «Тілеміс батыр» ЖШС теңгерімінен әкімдік теңгеріміне алынды. Аудан бойынша иесіз 45 каналдар мен бірге құжаттарын рәсімдеуге аудандық бюджеттен 18 536,6 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге каналдардың жерге орналыстыру жобасы дайындалып, мемлекеттік актісі жасалуда. Мерзімі: 29.12.2023 жыл.
|
|
2 |
Ақтоған ауылында 60 га жеке тұрғын үй алқабының ауыз су жүйесін жүргізу жұмыстарының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету |
Меркі ауданының әкімі Мерзімі: 2023 жылғы 1 маусым |
Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Ақтоған ауылында орналасқан 60 га тұрғын үй алқабының су жүйесінің құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімін тарату мақсатында жер кадастр жоспары әзірленіп жер телімін бөлу жұмыстары жүргізілуде.
|
|
3 |
Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
Меркі ауданының әкімі Мерзімі: 2023 жылғы желтоқсан айы
|
Рысқұлов ауылдық округіндегі көшелерді асфальттау үшін АБ
|
|
4 |
Интернациональный ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының қажеттілігін зерделеп, ауданның даму жоспарына енгізу мүмкіншілігін қарастыру
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) Мерзімі: 2023 жылғы қараша айы |
Интернациональный ауылындағы спорт кешені ауылдық округтің теңгерімінде, ауылдық округі әкімдінінің тарапынан ЖСҚ әзірленді. Аудандық бюджеттен 52,3 млн. теңге қаражат қарастырылды, қазіргі таңда Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жеңімпаз «КАНСУЛком» ЖШС. Аталған мердігермен 40,0 млн теңгеге 09.09.2023 ж. келісімшартқа отырды. Жөндеу жұмыстары 18.12.2023 ж. аяқталады. |
|
5 |
Т.Рысқұлов ауылында №28 орта мектебінің теңгерімінде тұрған су мұнарасын аудандық «ГазПлюсСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгеріміне өткізу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының әкімі (жинақтау) Мерзімі: 2023 жылғы 20 қазан |
Меркі ауданының білім бөлімінің теңгеріміндегі барлық су ұңғымаларын аудандық ауыз су жүйесін күтіп-ұстаушы «АлатауСу-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жерге орналастыру жобасы әзірленуде. |
|
6 |
Ақермен ауылдық округі, Алтын арық ауылына 100 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірлеу |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының әкімі (жинақтау) Мерзімі: 2023 жылғы 30 қараша |
Алтын арық ауылында 100 орындық жаңа мектеп құрылысын жүргізу үшін мекмлекеттік акт жасалынды, Ақермен ауылдық округінің теңгерімінде. Жобалау және іздестіру жұмыстары әзірленді. |
|
7 |
Ақтоған ауылдық округтеріндегі ескірген электр желілері мен электр бағаналарын жаңарту жоспарына енгізіп, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) Мерзімі: 2023 жылғы 1 маусым |
Ақтоған ауылдық округіндегі Қазақдихан ауылы тұрғындарының ескірген электр желілері мен электр бағаналарын жаңарту өтініштері бойынша «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-ң аудандық электр тарату жүйелері мекемесімен түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 104 дана ағаш бағаналарын темірбетон бағаналарға ауыстыру, 3400 метр СИП электр кабельдері жүргізу жұмыстары 2023 жылдың инвестициялық бағдарлама енгізілді. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес а.ж. қыркүйек-қазан айында атқарылатын болады. Ауылдық округ бойынша зерделеу барысында 5 көшенің жоғарғы бөліктерінде әуе желілері иесіз болып танылды. Себебі бағаналары мен электр сымдары иесіз, заң аясында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған көшелердегі әуе желілерінің меншік құқығы анықталған анықталмағанын және иесіз мүлік ретінде есепке алынғандығын растап беру туралы «Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы Жер кадастры және Жылжымайтын мүлкі бойынша Меркі аудандық бөліміне 18 мамыр 2023 жылы сұраныс хат жолданылды. Тиісті мекемеде 1 жыл иесін анықтау жұмыстары жүргізіліп, ЖКХ бөлімінің меншігіне беріліп, ЖСҚ әзірленуде. |
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалған тапсырмалар |
|
1 |
Т.Рысқұлов ауылдық округіне балалар, спорт (стрит воркаут) алаңшысының құрылысын жүргізу |
Меркі ауданының әкімі Мерзімі: 2023 жылғы 30 тамыз |
Т.Рысқұлов ауылында стрит воркаут құрылысын жүргізу үшін жергілікті бюджет есебінен 2,7 млн тг. қаражат қарастырылып, стрит воркаут пайдалануға берілді. (Т.Рысқұлов а/о Интернациональный ауылында спорт алаңшасы, Т.Рысқұлов ауылында 2 футбол алаңшасы, 1 балалар ойын алаңшасы бар). |
|
2 |
Т.Рысқұлов ауылдық округінде интернет жылдамдығын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) Мерзімі: 2023 жылғы 1 мамыр |
Т.Рысқұлов елді мекені Актив, Теле2, Билайн мобильді операторларының 4G мобильді байланысымен және «Қазақтелеком» АҚ талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған. Интернациональное елді мекені Теле2, Билайн мобильді операторларының 4G, Актив мобильді операторының 3G мобильді байланысымен және «Транстелеком» АҚ талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған. |
|
3 |
Меркі ауданының таулы аймағында орналасқан «Қарақыстақ» жерінде алтын өндірісі орнының жер қойнауын пайдалану заңдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау) Меркі ауданының прокуратурасы (келісім бойынша), Меркі ауданының әкімі Мерзімі: 2023 жылғы 15 наурыз |
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және «Тараз» ӘКК» АҚ-ы арасында 2017 жылғы 20 ақпанда Жамбыл облысындағы (Меркі және Т.Рысқұлов аудандары) «Қарақыстақ» кен орнында шашыранды алтын өндіруге 5 жыл мерзімге №5046-ТПИ келісімшарты жасалған. Келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде (2017-2021 жылдары) өңірдің әлеуметтік саласын және оның инфрақұрылымын дамытуға облыстық бюджетке 33,0 млн. теңге төлемдер жасалды. Төлемдер төленгенімен, өндіру жұмыстарын жүргізбеген. 2022 жылдың 20 ақпанында келісімшарттың мерзімі аяқталған. Министрлік «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 278-бабының 12-тармағына сәйкес, келісімшарттың мерзімін ұзартудан бас тартып, келісімшарттың қолданысы 2022 жылғы 6 сәуірдегі №04-2-18/2476-И хабарламасымен тоқтатылды (бұзылды).
|
|
4 |
Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі жайылым жер мәселесін шешу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау) Мерзімі: 2023 жылғы 15 наурыз |
2022 ж. 29 шілдедегі Рысқұлов а/о Т.Рысқұлов ауылының тұрғындарының «Ата-Нұр» ШҚ жүргізуге жалға берілген ауданы 15,34 га тәлімді егістік жер учаскесін қайтаруды талап етіп жолдаған арызына сәйкес Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданып, Департамент тарапынан жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама толтырылды. Рысқұлов а/о әкімінің аппараты тарапынан нұсқамада көрсетілген заң бұзушылықты жою мақсатында 14.10.2022 ж. облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданып, аталған соттың 17.01.2023 ж. №3115-22-00-2/1774 шешімімен талап қоюы қанағаттандырылып, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен Ш.Далиева арасында жасалған 12.09.2012 ж. №136 жер учаскесін жалға беру туралы келісімшарттың күші жойылды. Жер учаскесі жер қорына қайтарылды. Т.Рысқұлов ауылдық округінің аумағынан 2015 жылы Бейсеналиев Медет Серікұлына «Серік-Бекарыс» шаруа қожалығын жүргізу үшін жалпы ауданы 14,6 гектар, оның ішінде 11,75 гектар суармалы егістік, 2,85 гектар жайылым жер учаскелері 49 жыл мерзімге жалға берілген. Осыған орай, Рысқұлов а/о Интернациональный ауылының тұрғындарынан жалпы ауданы 14,6 га жерді қайтару туралы түскен өтініші бойынша жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
|
|
5 |
Аудан көлеміндегі елді мекендердегі жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру мақсатында зерделеп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу |
Меркі ауданының әкімі Мерзімі: 2023 жылғы 15 наурыз
|
Аудан аумағындағы елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету бойынша Меркі ауданы аумағында 2 ай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, «Меркі-Ақжол», «Меркі-Ойтал», «Меркі-Ақермен» және «Меркі-Т.Рысқұлов» елді мекендері облыстық маслихатқа ұсынылып, шешім бекітілді. Аталған бағыттар тұрақты қоғамдық көлікпен қамтылған. |
|
6 |
Т.Рысқұлов ауылында орналасқан мал қорымын қоршау жұмыстарын жүргізу |
Меркі ауданының әкімі Мерзімі: 2023 жылғы 1 наурыз |
Рысқұлов ауылдық округіндегі мал қорымы әкімшілік тарапынан ағаш қоршаумен оқшауланып, қоршалды. |
|
7 |
Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі көшелердің түнгі жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
Меркі ауданының әкімі Мерзімі: 2023 жылғы 2 желтоқсан
|
Рысқұлов а/о Интернациональный ауылы №7 орта мектебінде орналасқан Қ.Мұхамеджанов пен Талапты көшелерінде 39 дана, Т.Рысқұлов ауылындағы №28 орта мектебі алдындағы жол бойында 11 дана күндіз күн сәулесінен қуат алатын және түнде жасанды жарық ұсынатын көше шамдары орнатылған. Кәзіргі уақытта түнгі көше шамдарының басқару пультының көмегімен жарығы күшейтіліп, жақсарды. Тұрғындар тарапынан шағым-талаптар жоқ. |