Жамбыл облысы әкімінің Мойынқұм ауданы Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ

  Жамбыл облысы әкімінің Мойынқұм ауданы Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

Кездесу өткен күн: 30.09.2023 жыл

Берілген тапсырмалардың барлығы: 19

Оның ішінде:

  • орындалғаны – 3
  • бақылаудан алуды қажет етеді – 3
  • орындалу үстінде – 9
  • орындалмағаны – 4

 

№

Іс-шараның

атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

2

3

4

5

1

Айдарлы ауылындағы №2 және Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқталуын қатаң бақылауда ұстау

2023 жыл қараша

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудандық білім  бөлімі

Айдарлы ауылындағы №2 мектебінің күрделі жөндеу  жұмыстарының жоба құны 270 225,861 теңге.  Мемлекеттік сатып алу конкурсының  жеңімпазы Алматы қаласы «DaurenBuild» ЖШС-і. 27.03.2023 жылғы келісім шарт әзірленіп, мердігер  ұсынған сомма 235715,769 мың теңгені  құраған. Бүгінгі таңда күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізілуде.

Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының жоба құны 340689,878 мың теңгені құраған. Мемлекеттік сатып алу конкурсының  жеңімпазы Алматы қаласы «Dauren Build» ЖСШ-і. 27.03.2023 жылыы келісім шарт әзірленіп мердігердің ұсынған соммасы 296167,195 мың теңгені құраған. Бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізідуде.

Орындалу  үстінде

2

Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу

2024 жыл

1 сәуір

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудандық білім  бөлімі

Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 2023-2027 жылдардағы даму жоспарына енгізілген. 2024 жылы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар әзірленіп тиісті  сұаныс енгізілетін болады.

Орындалу  үстінде

3

Көкжелек ауылының нақты мекен-жайын «Геолокация» жүйесіне енгізу

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің сәулет, қала  құрылысы және құрылыс  бөлімі.

«Ұлттық кеңістік деректер қоры»  филлиалының тарапынан топографиялық карталарға нақты орындары белгіленіп, түзету жұмыстары жүргізілді.

Орындалды.

4

Көкжелек ауылында «Beeline» байланыс операторымен ұялы байланысты күшейту бойынша келіссөздер жүргізу

 

2023 жыл

15 қараша

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Бүгінгі  таңға Көкжелек ауылы 4G  интернет  жылдамығымен  қамтамасыз  етілген.

Орындалды.

5

Аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың негізінде құрылыстың          1-кезеңіне жоспарланған қаражаттың қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау

2024 жыл

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің сәулет, қала  құрылысы және құрылыс  бөлімі.

Аудан тұрғындарын газбен қамту үшін әзірленген 1 кезеңінің жобасын қаржыландыру бойынша 2023 жылға 1 млн. теңге қаржы қаралып, қолданыстағы заң талаптардың мерзімінен сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстары жыл аяғына дейін жүргізілетіндігін хабарлаймын.

Тиісті құрылыстың тапсырыс берушісі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика басқармасы.

Мерзіміне сай жұмыстар жүргізілуде, қосымша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарланатын болады.

Орындалу  үстінде

6

Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел бағытындағы облыстық мәндегі автомобиль жолының бойын сексеуілден тазалау

2024 жылдың             1-тоқсаны

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

    Облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының жиегіндегі көпжылдық сексеуіл ағаштарын жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында, тазарту қажеттілігі жөнінде салалық басқармаға ұсыныс жолданған. Жамбыл облысының прокуратурасының 25.05.2023 жылғы №2-0723-05715 хатына сәйкес, Облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының екі жиегінде өсіп тұрған жабайы сексеуілдер Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне тиесілі. ҚР мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салынған.

Орындалу  үстінде

 

 

 

7

Күшаман ауылына шағын спорт ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, жол картасына сәйкес құрылысын жүргізу

2024 жылы ЖСҚ әзірлеу,

2025 жылы құрылысын салу

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің сәулет, қала  құрылысы және құрылыс  бөлімі.

      Күшаман ауылына шағын спорт (ангарный) құрылысын салу бойынша облыстық экономика басқармасымен келісіліп 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілді. 2024 жылы  ЖСҚ әзірлеу жоспарлануды.

Орындалу  үстінде

 

8

Күшаман ауылдық округі аумағындағы жерлерінің жергілікті тұрғындардың пайдалану (үлесі) көрсеткіштеріне талдау жасап, ұлғайту бойынша ұсыныс енгізу

2023 жыл

20 қараша

Аудан әкімінің орынбасары

Е.Әмірханов

 

аудан әкімдігінің жер  бөлімі

    Елді мекендердегі жайылым жерлерді кеңейту мәселесі бойынша Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтеріне 2000 гетардан, барлығы 4000 гектар жайылым жерлерді елді мекен жерлеріне қосу жұмыстары әзірленіп, жоспарланды. 2024 жылы қаржы  қарастырылып тиісті  шешім  қабылданатын  болады.

Орындалу  үстінде

 

 

9

Күшаман ауылындағы Амангелді Иманов атындағы орта мектептің шатырын ауыстыру жұмыстарын жүргізу

2024 жылдың               1-тоқсаны

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудандық білім  бөлімі,

Күшаман ауылындағы Амангелді атындағы негізгі мектебінің шатырын ауыстыруға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысына шығыс №1492, 04.10.2023 жылы 1 млн 148 мың теңге қаржы сұраныс жолданған, бүгінгі күнге қаржы қарастырылмады.  

Орындалмады

10

Ағын су тапшылығына байланысты Бірлік ауылы «Байбарақ-Агро» АШК ұжымының сұранысына сәйкес «Ауыл аманаты» жобасы аясында алынған несиелердің төлем мерзімін ұзартуды қарастыру

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

Е.Әмірханов

 

аудан әкімдігінің ауыл  шаруашылығы  бөлімі

Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында құрылған «Байбарақ Агро» ауылшаруашылық кооперативінің сұранысына сәйкес, аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі тарапынан Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылық басқарамасының басшысы Н.Жігітековке шығыс №8-1-228, 16.10.2023 жылы ұсыныс хат жолданып, бүгінгі күнге әлі жауабы ұсынылмады.

Орындалмады

11

Күшаман ауылының ветеринарлық пунктіне жаңа қызметтік көлік алу мүмкіндігін қарастыру

2024 жылдың               1-тоқсаны

Аудан әкімінің орынбасары

Е.Әмірханов

 

аудандық ветеринариялық станциясы комуналдық  мемлекеттік мекемесі

      Мойынқұм аудандық ветеринариялық станциясы   теңгерімінде 19 дана НИВА қызметтік автокөлік тіркелген. Қызметтік автокөліктер 2013 жылы берілгендіктен тоғызы жетіп, қайта жаңартуды қажет етеді. Мекеме облыстық бюджеттен қаржыландыратын болғандықтан, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Н.Құрмантаевқа шығыс №195, 20.10.2023 жылы сұраныс еңгізілген. Бүгінгі күнге басқармадан жауап ұсынылмады.

Орындалмады.

12

Жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасына орнатылған трансформаторды, аудандық электр желілері мекемесі арқылы іске қосуға қолдау көрсету

2024 жыл

1 наурыз

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Зерделеу барысында жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасында орнатылған трансформатор жоқ екендігі анықталды. Заң талаптарына сәйкес жеке тұлғаларға трансформатор қамтамасыз ету қарастырылмаған.

Бақылаудан  алуды  қажет етеді.

 

 

 

 

13

Күшаман ауылындағы ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған клуб ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

2024 жыл              20 наурыз

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің  мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімі.

Күшаман ауылдық клубы ауыл әкімшілігінің ғимаратында орналасқан, клуб ауыл әкімшілігінің меншігінде.

2021 жылы жобалық сметалық құны құны 109989,225 мың теңгені құрайтын ауылдық клубтың реконструкциясына ЖСҚ-сын «Алмаз Проект Строй» ЖШС әзірледі, сараптаманың оң қортындысы  20.09.2021 жылы №ОЕ-0019/21 санды берілді. Алайда, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі №113 бұйрығымен бекітілген "Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі" талаптарына сәйкес (Құрылыс нормалары мен қағидаларының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес халық саны 1000 адам болғанда) келмегендіктен құрылыс жұмыстары тоқтады (Күшаман ауылында халық саны-668 адам).

Орындалмады.

 

14

Күшаман ауылына кіре берісіндегі автомобиль жолына жүргізілген жөндеу жұмыстарында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Күшаман ауылына кіре беріс автомобиль жолындағы кемшіліктер «АлКонСер ЛТД» ЖШС-гі тарапынан толығымен қалпына келтірілді.

Орындалды

 

 

 

15

Күшаман ауылы ауыз су жүйесіне жаңа су сүзгіш (мембрана) қондырғы орнату

2024 жыл   20 ақпан

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Күшаман ауылында ауыз су жүйесіне су сүзгіш (мембрана) қондырғысын орнату үшін, ауыз су сынамалары алынып, 13.03.2023 жылғы №2230001011041846 хаттамасының қорытындысына сәйкес ауыз су ішуге жарамды, су сүзгіш қажет етпейтіндігі анықталды.  

Бақылаудан  алуды  қажет етеді.

 

 

 

 

16

Көмір бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдау

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

 

 

Кәсіпкерлік бөлімі

Мойынқұм ауданы бойынша көмір түсіретін темір жол тұйығының болмауына байланысты көмір тасымалдау және оны өткеру, көршілес Шу ауданынан «Шұбаркөл», «Қаражыра» тас көмірлері тасымалдануда. Аталған көмір аудан орталығында (жол шығындары, салық шығындары, жұмыс күші шығындарын қоса алғанда) тоннасы 27000-28000 теңге аралығында сатылымда.  Тасымалдап сататын көлік саны: 3 камаз, 2 газель көлігі.

 Орындалу үстінде.

 

 

17

Күшаман ауылы тұрғындарына жедел жәрдем қызметінің уақытында көрсетілуін қамтамасыз ету

2023 жылдың соңына дейін

 

 

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудандық  орталық аурухана.

Күшаман ауылының тұрғындары ауырған жағдайда          I-III категория бойынша Тараз қалалық  жедел жәрдем стансасы арқылы шақыртулар жасалады.                     IV-категорияға шақырту болған жағдайда Күшаман ауылы  Көкжелек дәрігерлік амбулатория құрамына кіретін болғандықтан, елді мекендегі жауапты фельдшерге жүгінеді.

Бақылаудан  алуды  қажет етеді.

 

 

 

18

Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын қаржыландыру үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың мерзімінде қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау

2024 жыл

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

      «Радай» өзеніндегі көпір құрылысы жобалық сметалық құжаттың соммасы 626 млн теңге.       

       27.09.2021 жылы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Аталған жобаны қаржыландыру бойынша тиісті  басқармаға  өтінім ұсынылды.

Орындалу үстінде.

 

 

 

19

№8 Мойынқұм колледжінің аттестатаудан өтуі және оның материалдық-техникалық базасын күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізіп, колледж аумағындағы жатақхана ғимаратын мекеменің теңгеріміне өткізу

2023 жылдың соңына дейін

Аудан әкімінің орынбасары

С.Төлегенов

 

аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі,

аудандық білім  бөлімі.

             Колледж аумағындағы жатақхана ғимаратында осал топтағы отбасылар тұруына байланысты, жатақхана ғимаратын №8  Мойынқұм колледжінің теңгеріміне өткізу 2024 жылға жоспарлануда. 

 

Орындалу  үстінде.

 

 

 

 

С.Төлегенов______________                      М.Тулеулиев___________                      Е.Әмірханов_______________

 

 

Жамбыл облысы әкімінің Мойынқұм ауданы Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ
Дата публикации
25 декабря 2023