Жамбыл облысы әкімінің Мойынқұм ауданы Ұланбел және Қарабөгет ауылдық округтері тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде
АҚПАРАТ
Кездесу өткен күн: 04.05.2023 жыл
Берілген тапсырмалардың барлығы: 15
Оның ішінде:
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Айдарлы ауылындағы «Мойынқұм Құс» шаруашылығын кеңейту үшін мемлекеттік қаржылай қолдау жұмыстарын ұйымдастыру |
2023 жылдың 30 қазан |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов,
аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлікбөлімі |
«Мойынқұм құс» жобасын кеңейту мақсатында жоба жетекшісі – жеке кәсіпкер Тайбағаров Батырхан Шотайұлы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдау шарасын алуға ниет білдіріп, нәтижесінде, тиісті құжаттары жинақталып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалына өткізілген болатын. Банк тарапынан кәсіпкердің құжаттары қаралып, кәсіпкерлігінің табыс көзін растауын талап еткен болатын. Алайда, кәсіпкердің карантиндегі 2000 бірлік тауықтары әлі күнге жеткізілмеуіне байланысты, табыс көзін растау мүмкін болмай отыр. Карантиндегі тауықтары жобаның жүзеге асырылу орнына жеткізілгеннен кейін, тиісті құжат банктің қарауына ұсынылатын болады. Орындалмады |
|
2 |
Ұланбел ауылы тұрғындарының ірі қара малдарының «Сона» жәндігінің тасымалдауымен белгісіз аурудан өлу себебін лабороториялық зерттеулер арқылы анықтап, тиісті шара қабылдау |
2023 жылғы 20 тамызға дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы (келісімі бойынша) |
Ауырған ірі қара малдарынан қан сынамасы алынып, Мойынқұм аудандық ветеринариялық зертханасынан өткізілген. Сынама нәтижелері Сарыбезгек ауруының белгілерін көрсеткен. Көрсетілген аурудың алдын алуға арнайы вакцина жоқ. Алайда мал ауырған кезде алғашқы кезеңінен кешіктірмей қосымша антибиотиктер салу арқылы емдеуге болатыны ескертілді. Сонымен қатар Ұланбел ауылындағы 3 мың гектар жердегі аса қауіпті, үйірлі шегірткелерге химиялық өңдеу жұмыстарын бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп, сона жәндігімен бірге жойылды. Аумақтық инспекция мен ветеринариялық станса бірлесе отырып аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Орындалды |
|
3 |
Тұрғындардың сұранысы бойынша Ұланбел, Қарабөгет және басқада ауылдық округтерден ветеринарлық дәріхана ашу жұмыстарын ұйымдастыру |
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлікбөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Мойынқұм ауданының ветеринариялық станциясы |
«Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Мойынқұм аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-сі Ұланбел және Қарабөгет елді мекендерінде халыққа ең қәжетті мал дәрігерлік қоры қалыптастырылып, шағын бұрыш жауапты мал дәрігерлерінің есебінен ветеринариялық пункті ішінен ашылды. Дәрі-дәрмек ветеринарлық дәрігер арқылы сатылуда. Орындалды |
|
4 |
Қарабөгет ауылының тұрғындарын «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландыру үшін «Тараз» ӘКК» АҚ бірлесіп жұмыстарды ұйымдастыру
|
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығыбөлімі |
«Ауыл аманаты» жобасы аясында бүгінгі таңға Бірлік, Қызылтал, Қызыотау ауылдық округтері енгізіліп, тиісті құжаттарын «Тараз» ӘКК» АҚ өткізілді. 2024 жылға Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай ауылдарын енгізу жоспарлануда. Бірінші кезекте Шу өзені бойындағы ағын суға жақын ауылдарды қамту жоспарланған, Қарабөгет ауылына жаз мезгілінде ағын ағын су болмайды. Ағын су мәселесі шешілгенге кейін ауылдық округті қаржыландыру тізіміне қосу жоспарлануда. Орындалды |
|
5 |
Құмөзек ауылын, Қарабөгет ауылдық округінен бөлу мәселесі туралы
|
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкмінің орынбасары С.Төлегенов |
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заңының 2 бап 2 тармағына сәйкес, ауылдық округ халқының жалпы саны кемінде 500 адам болатын екі және одан көп ауылдық елді мекендерден тұруы тиіс. Қарабөгет ауылдық окургінің халық саны 1633 құрайды. Оның ішінде: Құмөзек ауылы – 750 адам, Қарабөгет – 481 адам, Сарыөзек – 402 адам. Қарабөгет ауылдық округі құрамынан Құмөзек ауылын бөлу жоғарыда көрсетілген заңға қайшы. Орындалды |
|
6 |
Ұланбел ауылына жоғары жылдамдықтағы мобильді интернет (4G) орнату мәселесін шешу жолдарын қарастыру |
2023 жылдың соңына дейін |
аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерді талшықты – оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленген. Жол картаға Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылы қосылған. Бағдарлама аясында бүгінгі таңға Транстелеком мекемесі тарапынан интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізуде.Орындалу үстінде. |
|
7 |
Ұланбел ауылындағы бұрынғы интернат ғимаратынан балабақша ашу мәселесі туралы
|
2023 жылдың соңына дейін |
ауыл әкімі, аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі |
Ұланбел ауылындағы иесіз ғимаратты меншік иесіне алу үшін, ғимарат астындағы жері заңдастырылғаннан кейін, ғимаратқа техникалық төлқұжаты жасалынып, апаттық жағдайына сараптама жүргізіледі. Аталған ғимарат иесіз, құжаты жоқ болуына байланысты, демеуші есебінен құжаттар әзірленуде. 2023 жылдың соңына дайін құжаттар толық әзірленетін болады. Орындалу үстінде. |
|
8 |
Мойынқұм – Ұланбел облыстық маңызы бар тас жолының бойындағы сексеуілдерді тазалау жұмыстарын ұйымдастыру |
2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Жамбыл облысының прокуратурасының 25.05.2023 жылғы №2-0723-05715 санды хатына сәйкес, Облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының екі жиегінде өсіп тұрған жабайы сексеуілдер Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне тиесілі. ҚР Үкіметінің 06.04.2005 жылғы №310 қаулысымен 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін сексеуіл ағашының кез келген түрін кесуге тыйым салынған. Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2024 жылдың наурыз айынан бастап сексеуілдерді қырқу жұмыстары, жолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаражат есебінен жүргізілетін болады.Орындалу үстінде. |
|
9 |
Ұланбел ауылындағы мектеп алдындағы Қазақстан көшесіне асфальт төсеу мәселесі туралы
|
2023 жылдың соңына дейін |
аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
2024 жылға Ұланбел ауылындағы Бегенов, Төле би және Қазақстан көшелерін орта жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 2,6 млн теңге аудандық бюджеттен бөлініп ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Болжам бойынша жоба құны 128 млн. теңге құраған. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып тиісті салалық басқармаға ұсыныс енгізілді. Орындалу үстінде.
|
|
10 |
Қарабөгет ауылы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сараптама қорытындысын алу немесе жаңа мектеп құрылысына құжаттар рәсімдеу |
2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Мойынқұм аудандық бөлім бөлімі (келісімі бойынша) |
Қарабөгет ауылындағы 80 орындық мектептің құрылысы бойынша сметалық құны 1 702 969, 9 теңгені құраған. Тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің құрылысы басқармасы, құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігері «Quality Desingn Technology Construction» ЖШС. Құрылыстың аяқталу мерзімі 14.11.2024 жыл. Орындалды |
|
11 |
Ұланбел ауылы аумағынан мал өлекселерін тастайтын «Беккер» шұңқырын салу жұмыстарын аяқтау |
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
Мойынқұм ауданына қарасты Ұланбел, Қарабөгет, Биназар және Шығанақ ауылдық округтеріне қолданыстағы заңнама талаптырына сәйкес жеке инвестор негізінде құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда жүргізілуде. Яғни 2024 жылдың жергілікті бюджетінен қаржысы қаралып мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес тиісті елді мекендер биотермиялық шұңқырлармен (мал өлексесін тастау орны) қамтамасыз етіледі. Орындалу үстінде. |
|
12 |
Қарабөгет ауылындағы апатты жағдайдағы көпірдің құрылысына жасалған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптама қорытындысын алып, бюджеттік өтінім енгізу |
2023 жылғы 20 шілдеге дейін |
аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Қарабөгет ауылының кіре-беріс автожолы көпірінің құрылысы» жобасының әзірлеуге аудандық бюджеттен-16,8 млн. теңге қаржы қарастылып, жобалаушы «Абсолют Строй Инжиниринг» ЖШС мен келісім-шарт жасалынды. (2022 ж-3,0 млн.тг; 2023 ж-13,832 млн.тг). Жоба құны 432,6 млн.тг. 16.05.2023 жылы Мемлекеттік сараптамаға құжаттар енгізіліп, 04.08.2023 жылы Сараптаманың №19-0274\23 санды оң қорытындысы алынды. 2024 жылға арналған республикалық бюджеттің 1-ші нақтылауына бюджеттік өтінім ұсынылды.Орындалды |
|
13 |
Ұланбел-Ойық, Ұланбел-Мойынқұм бағыттарында ірі көлемде тұз тасымалдаумен айналысатын жүк көліктерін жол жабындысына зиян келтіруіне байланысты көлік бақылау инспекциясымен бірлесе рейдтік шаралар ұйымдастыру |
2023 жылдың соңына дейін |
аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық полиция бөлімі (келісімі бойынша) |
Ұланбел-Ойық, Ұланбел-Мойынқұм облыстық маңызы бар тас жолымен ірі көлемде тұз тасымалдаумен айналысқан 6 жүк көлігі аудандық ішкі істер бөлімімен тоқтатылып, көлік инспекциясына өткізілді, тиісті айыппұл хаттамасы толтырылды. Аудандық полиция бөлімі тарапынан рейдтік жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
14 |
Айдарлы ауылындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстары мерзімінде аяқталуын бақылауда ұстау
|
2023 жылдың 20 қыркүйек |
аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы |
Құрылысын жүргізу үшін бөлінген қаражат 359 199,0 мың теңге (РБ-323 279,0 мың теңге, ЖБ-35 920,0 мың теңге) мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, яғни "Нурбек" ЖШС анықталып, мердігердің сомасы 326982,530 мың теңге (ққс-сыз 291 948,687 мың теңге). Бүгінгі таңға тиісті жобалаушы және техникалық қадалаушылардың қатысумен техникалық кеңестің хаттамасы негізінде келісім шартқа өзгеріс енгізіліп, аяқтау мерзімі 2024 жылдың 2 тоқсанына ұзартылды.
Орындалу үстінде.
|
|
15 |
Мойынқұм ауданындағы дала өрттері қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау |
2023 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімінің төтенше жағдайлар және жұмылдыру жөніндегі бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ұланбел, Мойынқұм, Бірлік, Бұрылбайтал ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі (келісімі бойынша) |
2023 жылдың басынан 1 дала өрті орын алған. Көлемі 47 гектар. Табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарына жанар-жағар майға 1,6 млн. теңге өрт сөндіру құралдарына 2,3 млн. теңге бөлінген. Аудандағы 16 ауылдық округ ауыл әкімдітерінде 10 адамнан тұратын 160 ерікті өртке қарсы жасақтары құрылған. 35 дана аспалы бүріккіштер, 170 дана алғашқы құралдар күрек, хлопушка дайындалған. Тіркеме соқалары бар 15 трактор, 30 бейімделген техника 30, 3 су тасығыш техникасы бар ауыл тұрғындарымен келісім шарттар жасалған. Бұдан бөлек ауданда 3 орман шаруашылығы қызметкерлерінің арнайы жасағы дала өрттерінің алдын алу бойынша рейдтік шаралар жүргізеді. Қажетті құрал жабдықтар жеткілікті көлемде. Орындалу үстінде. |