Жамбыл облысы әкімінің Шу ауданы Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Жамбыл облысы әкімінің Шу ауданы Дулат, Балуан  Шолақ ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

 

Берілген тапсырмалардың барлығы: 21

Оның ішінде:

  • орындалғаны – 13
  • орындалу үстінде – 6
  • орындалмағаны - 2

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

4

5

 

1.     

Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Шу ауданының әкімі

«Ұлттық жоба» аясында Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру бойынша – қайтарымсыз грантқа (400 АЕК немесе 1 380 000 тг) жалпы        138,0 млн тг  қаражат бөлініп, 4 лек бойынша 25 адамнан  100 адамға грант беру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 1 лек бойынша 217 адамның өтініші қабылданып,  құжаттары комиссия отырысына құжаттары рәсімделуде, алайда комиссия отырысында бизнес жобалары мақұлданбаған азаматтарға жұмыспен қамтудың басқа да белсенді шараларына тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

2023 жылы 21-35 жас аралығындағы жастарға 2,5 пайызбен аудан бойынша 31 жасқа Аграрлық несие корпорациясы арқылы  микрокредит беру жоспарлануда. Бүгінгі күнге қала және ауыл жастарына несие алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Атаулы әлеуметтік көмекке 3000 адамға 292  млн 770 мың теңге бөлінді Игерілгені – 383 отбасындағы 1968 адамға – 68 млн 231,3 мың теңге. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1077 балаға  58 млн 256 мың теңге қарастырылған, орындалғаны – 332 отбасы,  адам – 610 қаржы 9 млн 247,8 мың теңге 

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев және тиісті бөлім басшыларымен бірлесе Шу қаласы және 18 ауылдық округ тұрғындарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Орындалды

2.     

Балуан Шолақ ауылдық округіне балалар, спорт (стрит воркаут)алаңшасының құрылысын жүргізу

 

2023 жылғы

30 тамыз

Шу ауданының әкімі

Балуан Шолақ ауылына 2020 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында стрит воркаут  және жасанды төсеніші бар футбол алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы округке қарасты Жиделі ауылына аудандық бюджеттен спорт алаңшасын салуға 24,5 млн теңге қарастырылды. Бүгінгі күнге мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Орындалды

 

3.     

Ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдайтын кәсіпкерлермен келісім-шарт жасап, қоқыстарды белгіленген полигонға шығару жұмысын жүргізу

2023 жылғы

1 сәуір

Шу ауданының әкімі

Шу қаласы мен алығы Төле ауылына қосымша қоқыс жинау үшін 12 кубтық 4 дана техникамен  «Green sity» ЖШС қызмет көрсетуде.

Шу қаласы, Төле би, Қонаев ауылыдық полигонының жұмысын жүйелендіру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жеке инвесторға сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары жүргізілуде.

Яғни жеке инвестор полигонды күтіп ұстап, сонымен қатар қалдықтарды қайту өңдеумен айналысатын болады. Қоқыс жәшіктерін жаңарту мәселесіне де көңіл бөлініп, 30 қарашаға 250 дана қоқыс жәшіктері жеткізіледі. Сондай-ақ, қоқыс жәшіктері тұратын орындарды да кезең кезеңімен ретке келтіру 2024 жылдан бастап жүзеге асырылады.

Орындалды

 

4.     

Бәйдібек, Бөлтірік, Балуан Шолақ ауылдарын табиғи газға қосу жұмыстарын жүргізу

тұрақты,

аралық ақпарат

тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Аталған ауылдарға газ тарту жұмыстарына тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика басқармасы болып табылады. Қазіргі уақытта табиғи газды таратушы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан табиғи газға жаңадан қосылуға ниет білдірушілерге техникалық шарттар берілмеуде. Себебі ағымдағы жылы қыс мезгілінде табиғи газ қысымы төмендеп, газ тапшылығы байқалды. Сондықтан да аудан аумағынан АГРС құрылысы аяқталмайынша ауданды толыққанды табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігі шектеулі.

Орындалмаған

 

5.     

Дулат ауылдық округіндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы

30 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Дулат а/о Бәйдібек ауылындағы Әшімбаев көшесінің жол жабынын орташа жөндеу-0,9 км- Республикалық бюджеттен 32,1 млн теңге қарастырылып, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілді

Орындалды

 

6.     

Дулат ауылдық округіне қарасты Бөлтірік ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеу

2023 жылғы

1 мамыр

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 

Дулат ауылдық округіне қарасты Бөлтірік ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленіп бюджеттік өтінім ұсынылды.

Орындалды

 

7.     

Дулат ауылдық округінде интернет жылдамдығын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу

2023 жылғы

1 мамыр

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің цифрлы технологиялар басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлы технологиялар басқармасы тарапынан Дулат ауылдық округіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Округке қарасты Бәйдібек және Бөлтірік елдімекендері бүгінгі таңға «Актив» 3G мобильді байланысымен қамтылған. Аталған елдімекенде «Теле2» мобильді байланысы өте нашар, базалық станция орнатылмаған. «Билайн» мобильді байланысы көрші орналасқан Балуан Шолақ ауылындағы базалық стациядан қамтылғандықтан, байланыс сапасы сын көтермейді. Бүгінгі күнге базалық станция орнату мақсатында «Билайн» және «Теле2» мобильді операторларымен келіссөздер жүргізілуде. 

Орындалды

 

8.     

Байланыс операторлармен тиісті жұмыстар жүргізіп, барлық елді мекендердегі интернет жылдамдығы бойынша зерделеу жүргізу

2023 жылғы

сәуір-мамыр

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің цифрлы технологиялар басқармасы  (жинақтау)

Елді мекендердегі интернет жылдамдығын арттыру мақсатында бүгінгі күнге зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалу үстінде

9.     

Балуан Шолақ – Жиделі бағытындағы 17,3 шқ салынған жолды мердігер тарапынан қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы

30 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Ағымдағы жылдың наурыз айында Балуан Шолақ – Жиделі бағытындағы 17,3 шқ болатын жолды мердігер «Рауан» ЖШС-сі тарапынан тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Орындалды

10.  

Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтері аумағынан өтетін Меркі-Бурыбайтал күре жолына жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршау жолдарын қарастыру және мал өту белгілерін орнату

2023 жылғы

1 мамыр

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов,

Полиция департаменті

(келісімі бойынша),

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша),

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалына аталған мәселе бойынша ағымдағы жылдың 18 мамыр күні №922 шығыс хатымен хат жолданды. 19 мамыр күні «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалынан №22-01/22-03/571-И шығыс хаты жолданды. Хатта Республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойына кез-келген жол белгісін орнату, Жамбыл облысы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының нұсқамасы негізінде қойылатыны туралы жазылған.

Орындалды

 

11.  

Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтеріндегі ескірген электр желілері мен электр бағаналарын жаңарту жоспарына енгізіп, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

 

 

 

 

2023 жылғы сәуір-мамыр

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС (келісімі бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Шу ауданының электр желілерінің ұзындығы 1459,74 шқ құрайды. Оның 357,7 шқ (тозығы жеткен 0,84%) коммуналдық меншікте,  1099,04 шқ (тозығы жеткен 80%) «Шу аудандық электр желілері» ЖШС меншігінде. Аудан бойынша 638 станциялар бар.  «Шу аудандық электр желілері» ЖШС-де 226 (35,4%), коммуналдық мекеме теңгерімінде 155 (24,2%), жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары теңгерімдерінде 257 (40,2%).

Жалпы аудандағы станциялар, электр қуатын таратушы желілер мен бағандардың 80% тозығы жетіп отыр.

2022 жылы Шу аудандық электр қуатын тарату мекемесімен Алға ауылдық округіне қарасыты Сауытбек ауылын толық электр қуатын таратушы желілері мен бағандары ауыстырылды.

Ағымдағы жылға Алға ауылының 3 көшесінің толық электр қуатын таратушы желілер мен бағандары ауыстырылуда. Алайда елді мекендердің электр желілері мен бағандардың тозығы жетуіне байланысты жылына кемінде 6-7 ауыстыру қажет.

Орындалу үстінде

 

12.  

Балуан Шолақ ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын зерделеп, азаматтардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау

2023 жылғы

20 наурыз

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Балуан Шолақ ауылы тұрғындарының спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында Балуан Шолақ ауылындағы мәдениет үйінің жай-күйі зерделенді. Нәтижесінде 2022 жылы күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің кіші залында ауыл жастары спортпен (қазақша күрес) шұғылдануда.

Орындалды

13.  

Балуан Шолақ ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына қажеттілігін зерделеп, ауданның даму жоспарына енгізу мүмкіншілігін қарастыру

 

2023 жылғы

10 наурыз

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Үйсімбаев,

облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Ағымдағы жылы Балуан Шолақ және Көкқайнар ауылдарына күрес залдарының құрылысын жүргізуге жобалау сметалық құжаттары дайындалып, сараптамаға жолданды.

Орындалды

14.  

Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтерінде ПУИД-2 бағдарламасы аясында каналдарды қайта жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау

2023 жылғы

30 қазан

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

«Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы

(келісімі бойынша)

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

 

ПУИД-2  пен  16 нысанға қайта жаңғырту жүргізілуде (103,9 км), 5 863 га суармалы алқабы бар. (Мердігер «Туннель Садд Ариана» компаниясы  2022 ж.  4 ақпаннан  жұмыстарын бастады.)  Балуан Шолақ, Дулат және Қонаев а/о тұрғындарымен жиын өткізіліп, мердігер тиісті міндеттемелерін орындайтынын айтқан. Алайда бүгінгі күнге қаржы тапшылығына байланысты жұмыстар тоқтап тұр.

Орындалу үстінде

 

15.  

ПУИД-2 бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Госфонд каналын толық бетондау

2023 жылғы

30 қазан

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

«Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы

(келісімі бойынша)

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

ПУИД-2 бағдарламасы аясында ұзындығы 11,9 шқ Госфонд каналына жоба бойынша 3,42 шқ бетондалып, шлюздар орнатылып, қалған шақырымы жер арнасы (земляной) қазылып, жұмыстар аяқталды. Келесі жылы іске қосылады.

Орындалу үстінде

 

16.  

Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтерінде МІҚ малдарының өлімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы 20 наурыз

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы (жинақтау)

Шу ауданының әкімі

 

Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтерінде МІҚ малдарының кене арқылы жұғатын тейлериоз, пироплазмоз аруларының  кенелердің көптігінен орын алғаны анықталды. Бүгінгі күнге аталған елді мекендерде кенеге қарсы дизенфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді

Орындалды

 

17.  

Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтерінде МІҚ малының ауруын алдын алу мақсатында, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы сәуір-мамыр

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтері әкімдері, ветеринариялық дәрігерлеріне және ауыл тұрғындарына кенеге қарсы дизенфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Бүгінгі күнге ауылдық округтерде эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Орындалды

 

 

18.  

Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар пилигондарына зерделеу (орналасқан жері елдімекенге қажеттілігіне, қызмет атқаруына, қоршалуына) жүргізу

2023 жылғы

1 сәуір

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеубасқармасы (жинақтау)

Аудан бойынша 35 елді мекен, оның 21-де полигон және қоқыс тастайтын орындары бар.    

6 полигонда қоршауы бар (Абай, Далақайнар, Жаңақоғам, Көкқайнар және Шу қаласы, Төле би)  15 полигонның  (Қонаев, Бірлік, Бәйдібек, Шоқпар, Жаңажол, Белбасар, Еңбекші, Тасөткел, Бірлікүстем, Балуан Шолақ, Ақсу, Оразалы батыр, Алға, Жайсан, Ақтөбе) қоршауы жоқ. Қоршауы жоқ 15 полигонның техникалық құжаттамасына сәйкес айналдыра ені 1 метр тереңдігі 1 метр   қазылған.

Орындалу үстінде                                                      

 

19.  

Балуан Шолақ ауылдық округін «Тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобаға 2023 жылы енгізу мүмкіншілігін қарастыру

2023 жылғы

1 сәуір

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің

ауыл шаруашылығы басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

 «Ауыл аманаты» жобасына  2023 жылы Бірлікүстем, Жаңажол, Көкқайнар ауылдық округтері енгізілген.  Қазіргі таңда ПУИД-2 бағдарламасы аясында Балуан Шолақ ауылдық округіне қарасты «Ақтөбе» каналына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану жобаның І-бағытын іске асыру мүмкін емес. «Ақтөбе» каналының құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін алдағы уақытта жобаға енгізу қарастырылады.

Орындалу үстінде

20.  

«KazAquaAlliance» ЖШС-і инвестициялық жобасының іске асырылуына қолдау көрсету

2023 жылғы

1 мамыр

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

«KazAquaAlliance» ЖШС басшысы Мақсұтов Данияр Жадыраұлы. Өндірілетін өнім түрі карп балығын өсіру.

Жоба Алматы облысына ауысуына байланысты Шу ауданында іске асырылмайды.

Орындалмаған

 

21.  

 «Тасөткел» су қоймасына су жинау жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы

1 сәуір

Облыс әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

«Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы

(келісім бойынша), Шу-Талас бассейіндік инспекциясы

(келісім бойынша),

Шу ауданының әкімі (жинақтау)

Тасөткел су қоймасында  1,9 млрд қайта жаңарту жұмыстар жүргізулуде.

Суды 515,4-ші белгіге дейін су жинауға рұқсат берілді (378,4 млн. м3). Жалпы ауданға қажетті су көлемі 472 млн. м3.

Тасөткел су қоймасына 368,7 млн. м3 су жиналып. Бүгінгі күнге судың көлемі 333,7 млн. м3 құрайды. Судың келуі 14,9 млн.м3, судың тасталынуы 38,0 млн.м3 құрайды. Вегитациялық кезеңге сәйкес шаруаларға ағын берілуде.

Орындалды

 

 

           

 

Жамбыл облысы әкімінің Шу ауданы Дулат, Балуан Шолақ ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
Дата публикации
25 декабря 2023