Жамбыл облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы Ережесі
1-тарау. Жалпы ереже
- Жамбыл облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) (бұдан әрі – Кадр қызметі) – «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Кадр қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясың, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі - Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
- Кадр қызметінің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртәппен штат санының лимиті шегінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
- Кадр қызметі:
1) басшыдан:
2) бас инспекторлардан тұрады.
2-тарау. Кадр қызметінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Кадр қызметінің міндеті – Жамбыл облысы әкімі аппаратының және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының (бұдан әрі – Облыс әкімдігі) персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Функциялары:
- Облыс әкімдігінің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
- Облыс әкімдігінің кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
- Облыс әкімдігінің кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
- Облыс әкімдігінің кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы («Е-қызмет» ықпалдандырылған ақпараттық жүйесі) арқылы жүргізу;
- Облыс әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, кәсіби бейімделуін, олардың жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастыру;
- Облыс әкімдігінің бірыңғай конкурстық , бірыңғай тәртіптік және аттестациялық комиссиялардың, облыс әкімі аппаратының және облыс әкімдігі басқармаларының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау жөніндегі, лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияларыдың және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу (оның ішінде «еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметті дамыту министрінің 2015 жылғы 30 қарашадығы №929 бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігі басқармаларының келісім берген жағдайында – еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау), мемлекетттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтаудықамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерлету,қызметтік тексерістерді жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында («Е-қызмет» ықпалдандырылған ақпараттық жүйесінде) жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;
- Облыс әкімі аппаратында және облыс әкімдігінің басқармаларында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;
- Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, персоналды басқарудың тұтас жүйесін шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындалуы жөніндегі қызметтерін атқару барысында олардың жұмыстарын үйлестіру;
- Мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бойынша – әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және оларды броньға қою бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері бойынша кадрлық мониторингі және басқа да кадрлық мәселелеріне қатысты талдау жұмыстарын жүргізу.
- Кадр қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Кадр қызметіне оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
- Кадр қызметі Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
- Кадр қызметі:
- Оған Заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды. Мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;
- Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
- Кадр қызметі облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық дербес, облыс әкімі аппартының басшысына тікелей бағынады.
3-тарау. Кадр қызметінің қызметін ұйымдастыру
- Кадр қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзгн де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Кадр қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
- Кадр қызметінің басшысы Кадр қызметінің қызметін жалпыбасқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттерді орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Кадр қызметінің басшысы Жамбыл облысы әкмінің аппаратының басшылығына Кадр қызметінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Кадр қызметінің құзыретіне мәселелер бойынша Кадр қызметінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Кадр қызметінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда –оны алмастыратын адам қол қояды.