Жамбыл облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды
дамыту бөлімі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) облыс әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
1) өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
2) өзіне жүктелген міндеттерді сапалы және мерзімінде орындауға жауапты;
3) өзіне жүктелген міндеттерді орындауда облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруы мүмкін;
4) құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді;
5) құрылымдық бөлімшені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады;
6) құрылымдық бөлімше басшысы Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
7) құрылымдық бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
8) құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
1) атқарылған жұмыстар бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар және ақпараттар әзірлейді;
2) басшылықты және облыс әкімі аппаратын облыстың қоғамдық-саяси өмірі, әлеуметтік және экономикалық мәселелері бойынша шұғыл және талдау ақпаратымен қамтамасыз етеді;
3) Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімі актілерін орындауды қадағалау жүйесін қамтамасыз етеді;
4) жүйелік әкімшілік басқарады;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің порталының шлюзіна қоғамдық қол жеткізу пункттерінің жұмысын қадағалайды;
6) «Электрондық әкімшілік» облыстық бағдарламасының орындалуын қадағалайды;
7) облыс әкімінің қарауындағы әкімдік отырысын, ақпаратты-бақылау жұмыстары күйінің мәселелері бойынша аппараттық және селекторлық жиналыстарды ақпаратпен қамтамасыз етеді;
8) ішкі құжатайналым, сонымен қатар қала, аудан әкімдерінің аппараттарымен және облыстық және облыстық құрылымдармен құжатайналымды жүргізу және әкімшілік басқарады;
9) мемлекеттік органның бағдарламалық қамтамасыздандыруын уақытылы жаңартып отырады;
10) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының сайлаушылар тізімдерін жаңартуға және салыстырып тексеруді қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйенің жұмысын қадағалайды;
12) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығына сәйкес тізбеде бекітілген жергілікті атқарушы органның ашық деректер жиынтығын өзектендіруді орналастырады және бақылайды;
13) облыс әкімінің сайтын нақтыланған ақпаратпен толықтырылуын, жаңартылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру, облыс әкімі аппаратының бөлім басшылары тарапынан ұсынылған ақпараттарды облыс әкімінің сайтына енгізеді;
14) мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету және тіркелген осалдықтарды жою, сондай-ақ республикалық ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және оларды облыс аумағында енгізеді;
15) «e-Otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қолданыстағы заңнама аясында қарайды;
16) мемлекеттік органның серверлік жабдықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тіркелген осалдықтарды жояды;
17) облыс әкімдігі бөлімшелерінің жергілікті-есептеу желілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
18) мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету және тіркелген осалдықтарды жою, сондай-ақ республикалық ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және оларды облыс аумағында енгізеді;
19) мемлекеттік органның ақпараттық технологиялардың ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдастырады;
20) ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинарлар өткізу және ақпараттық қауіпсіздікке жауапты әкімдікке ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандарымен ақпараттық қауіпсіздік саласында туындаған мәселелерді қарайды;
21) вирустық шабуылдар, сондай-ақ ақпараттық деректердің бұзылуын алдын алу бойынша жұмыс атқарады;
22) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ бірге анықталған бұзушылықтар мен олардың салдарын жою бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
23) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысына сәйкес киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын сақтау жергілікті желілерді және интернетке аппаратқа ведомстволық бағынысты барлық мемлекеттік органдарға интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы қосылуын бақылайды;
24) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мекемелерге тексеру жүргізеді;
25) Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
26) бейнеконференцбайланыс өткізуді қамтамасыз етеді;
27) басқармаларда, аудандық әкімдіктерде және бөлімдерде, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдіктерінде қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесіне биометрияны енгізеді.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық
бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру