Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік
паспортын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481
және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы
26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32950 болып тіркелді
"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 2)
тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге
қарсы қорғалуының үлгілік паспорты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл
департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2)
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды
қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.