Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «ДАУЫС БЕРУ КҮНІ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» тақырыбы бойынша Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарының мәдениет үйлерінде аумақтық сайлау комиссияларымен учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшыларына арналған семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингте Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының орынбасары С.Мадиева, комиссия хатшысы А.Боранбаев және комиссия мүшесі Т.Жамалов қатысушыларға Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық заңының нормаларын түсіндіру бойынша дәрістер оқыды. Семинар барысында, сайлау күні сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде учаскелік сайлау комиссиялары заң талаптарында айқындалған міндеттерін қатаң сақтауды және заң нормаларына сәйкес жұмыс атқару қажеттілігі туралы нақты айтылды.
Сондай-ақ, оқытылған тақырыптарды меңгеру мақсатында дискуссиялар ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинар-тренингте 2023 жылғы 5 қарашаға белгіленген Жуалы және Т.Рысқұлов аудандары әкімдерінің пилоттық сайлауының ашық өтуін және заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы