Жамбыл облысы әкімдігі, облыстың жергілікті атқарушы органдарына ағымдағы жылдың 9-айында 59 985 (2022 жылдың 9-айында – 51 819) өтініш тіркеліп, оның ішінде облыс әкімі аппаратына – 2 917 (2 930) өтініш тіркелген, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға артқан (8 166).
Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес 59 985 (51 819) өтініштің 41 428 (40 065) арыз, 3 780 (2 782) шағым, 10 273 (6 485) сұраулар, 2 701 (1 345) хабарламалар, 1 735 (1 104) ұсыныс, 68 (38) үн қосу. Өтініштер ішінде басым бөлігі арыздар 50 821 (84,7%) болып келеді.
Жалпы арызданушылар саны – 32 524 (жеке тұлға – 29 596 (91%), заңды тұлға - 2 943 (9%).
Анықтама: 2022 жылдың 9-айында жалпы арызданушылар саны – 31 546 (жеке тұлға – 29 175 (92,4%), заңды тұлға – 2 392 (7,6%).
Салыстырмалы түрде өтінішпен жүгінгендер саны 2023 жылдың 9-айында 3% артқан.
Өтініштердің жалпы санынан бөліп қарағанда 2023 жылдың 9-айында өтіштердің басым көпшілігі Тараз қаласына – 19 627 (19 578), Қордай ауданына – 5 469 (4 319), Шу ауданына – 3 221 (3 433), Байзақ ауданына – 2 395 (2 598) түскен.
Сондай-ақ, облыс тұрғындары атынан Президент Әкімшілігіне 300 (336), Үкімет Аппаратына 153 (38) өтініш түсіп, оларға белгіленген мерзімінде тиісті жауаптары берілген.
Талдау көрсеткендей, түскен өтініштердің 26% (15 629) жер, 14,2% (8 524) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, 11,4% (6 860) білім саласы, 7,6% (4 598) жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, 2,7% (1 679) тұрғын үй мәселесі, 2,6% (1 598) ауыл шаруашылық, салаларына қатысты.
Есепті кезеңде 48 723 (45 513) әкімшілік акт қабылданды. Өтініштердің 37 226 (35 848) қолайлы әкімшілік акт, 6 671 (6 410) ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданған, 4 826 (3 255) әкімшілік рәсім тоқтатылды, 10 532 (6 306) оңайтылған әкімшілік іс қаралған.
Есептік кезеңде қабылданған қолайлы актінің саны 37 226 (35 848) 3,7%-ға артқан, ал ауыртпалық салатын әкімшілік акт 6 671 (6 410) 3,9%-ға артқан.
2023 жылдың 9-айында облыс бойынша барлығы 3 253 (1 214) қабылдау өткізіліп, 8 984 (5 806) азамат қабылданды.
Анықтама: облыс әкімі 36 қабылдау жүргізіп, 292 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің орынбасарлары – 27 қабылдау жүргізіп, 207 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің аппарат басшысы - 5 қабылдау жүргізіп, 8 азаматты қабылдаған.
Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыс басқармаларының басшылары 3 185 қабылдау өткізіліп, 8 477 азамат қабылданды.
Қабылдауда болған 5 816 (4 719) азаматтың мәселелері қанағаттандырылса, 3 168-не (1 087) түсіндірме берілген.
Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған жауаптарына қанағаттану бойынша өтініш берушілердің кері байланысы және пікірлеріне «Qliq» талдамалық модулінде мониторинг жүргізді.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 2 693 (4,4%) өтініш бойынша ішінара бағалау түрінде кері байланыс және пікірлер алынды.
Нәтижесінде мемлекеттік органдардың жауаптарына «өте жақсы» - 1 825 (67,7%), «жақсы» - 315 (11,6%), «орташа» - 178 (6,6%), «жаман» - 169 (6,2%) және «өте нашар» - 206 (7,6%) деген бағалаулар берілген.
«е-Otinish» жүйесінде күнделікті заңды және жеке тұлғалардың жолданымдарын есепке алуын реттейтін, нормативтік құқықтық актілерді және қолданыстағы заңнама талаптарын бұлжытпай сақтауда бақылау күшейтілді.