ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2024-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ (2 кезең)

Жамбыл облысы әкімдігінің

2023 жылғы «10» қазандағы

№197 қаулысымен мақұлданды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2024-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

(2 кезең)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз қаласы,  2023 жыл

Мазмұны

 

1.

Жамбыл облысының 2022-2023 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері………………………………………………….........................

4-12

2.

Жамбыл облысының 2024-2028 жылдарға арналған  әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі  басым бағыттары…………........

12-14

3.

Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары…………………

14-23

4.

Экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы……………………………………………………

23-24

5.

2024-2026 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері

24-27

6.

Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың (аудан, облыстық маңызы бар қалалар бөлінісіндегі) негізгі көрсеткіштерінің және жоспарлы кезеңге арналған (аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер бөлінісінде) бюджет параметрлерінің (қосымша түрінде) болжамы

7.

Жергілікті басым бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының 2024-2028 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

 

  1. Жамбыл облысының 2022-2023 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері

Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары.

2022 жылы аймақтың экономикалық дамуы пандемия салдарынан қалпына келтіру шараларының әсерінен дамыды. Геосаяси дағдарысы, әлемдегі антиковидтік шаралар республика мен облыстың экономикасына әсер етті.

Экономиканы, оның ішінде шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ пилоттық жобалар шеңберінде халық табысының төмендеуіне жол бермеуге бағытталған шаралар жүргізілді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасында дамудың оң серпіні байқалады.

Жалпы өңірлік өнім 2022 жылы 2 685,5 млрд.теңгені құрады,                           НКИ - 103,4%.

Жалпы өңірлік өнім құрылымында 18,7% өнеркәсіпке, 11,0% - ауыл шаруашылығына, 14,9% - көлік пен байланысқа, 7,2% - құрылысқа,                           8,9% - саудаға, 39,3% - басқа салаларға тиесілі.

2022 жылы жалпы облыс бойынша еңбек өнімділігінің 3,6%-ға төмендеуі байқалады. Бұл еңбек өнімділігінің көлемінің өнеркәсіпте (0,5%-ға), құрылыста (7,2%-ға),  саудада (9,4%-ға), көлік және қоймада (13,8%-ға) төмендеуіне байланысты.

2022 жылдың қорытындысы бойынша өңір өнеркәсібінде оң динамика қалыптасты, онда нақты көлем индексі 2021 жылға қарағанда 110,5%-ды құрады, 881,4 миллиард теңгеге өнім өндірілді.

Облыста өңдеу саласы дамыған, оның жалпы көлемдегі үлесі 71,2%-ды құрайды, онда 12,1%-ға (627,9 миллиард теңге) өсу байқалды. Өсуге тамақ өнімдері өндірісінің және жеңіл өнеркәсіп (1,1 есе), мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі (1,2 есе), машина жасау (1,3 есе) өндірісінің ұлғаюы әсер етті.

Электрмен жабдықтаудағы жұмыстар мен қызметтердің көлемі                        15,5%-ға (130,6 миллиард теңге), сумен жабдықтаудағы жұмыстар мен қызметтердің көлемі 0,7%-ға (5,9 миллиард теңге) ұлғайды.

Сонымен қатар, салада қызмет көрсетуді төмендету есебінен тау-кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің және карьерлерді игерудің көлемі 1,6%-ға қысқарды.

Өнеркәсіптегі өсудің ынталандырушы факторларының бірі негізгі капиталға 224,4 миллиард теңге (НКИ-112,5%) инвестициялау болып табылады, оның ішінде өңдеу саласына – 120,0 миллиард теңге                              (НКИ-157,1%). Сондай-ақ, индустрияландырудың бірыңғай картасын іске асырылуы, 2022 жылы 56,7 миллиард теңгеге 625 жаңа жұмыс орны бар 8 өндіріс іске қосылды.

 «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 93,1 миллиард теңге сомасына 239 жоба мақұлданды, оның ішінде 69,3 миллиард теңгеге 188 жоба несиелендірді.

Жамбыл облысы «жасыл экономиканы» дамытудың басымды бағыты бойынша өңірлер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады.                        Жалпы белгіленген қуаты 437,8 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 18 нысаны бар.

Ауыл шаруашылығында азық-түлік қауіпсіздігін және азық-түлік импортын алмастыруды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешеннің 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы шеңберінде ауыл шаруашылығына 30,6 миллиард теңге субсидия (оның ішінде республикалық бюджет - 20,3 миллиард теңге, облыстық - 10,3 миллиард теңге), негізгі капиталға 28,6 миллиард теңге инвестиция бағытталды.

Тиімді шаралар негізінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2021 жылғы қарай 7,4%-ға өсті (579,0 миллиард теңге), оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 12,6%-ға (363,5 миллиард теңге), ал мал шаруашылығы 1,6%-ға (215,0 миллиард теңге) төмендеді.                                           Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі 4,2%-ды (бір жұмыспен қамтылғанға 2099,7 мың теңге) құрады.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы түсімі                          (өңдеуден кейінгі салмақта) 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 38,9%-ға (762 мың тонна) артты, орташа өнімділік гектарына 19,8 центнерді құрады. Оның ішінде майлы дақылдар – 23,2% (57,6 мың тонна), ашық топырақтағы көкөністер – 7,8% (1263,5 мың тонна), бақша дақылдары – 20,3%                            (487,6 мың тонна), картоп - 7,2% (287,1 мың тонна). Қант қызылшасының өндірісі 21,9%-ға (134,4 мың тонна) қысқарды.

Су үнемдеу технологиялары 50,9 мың га алаңда қолданылды                           (оның ішінде тамшылатып суару 34,8 мың га, жаңбырлатып суару                            16,1 мың га).

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің                208,6 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды (5,6 мың гектар – егістік, 202,6 мың гектар – жайылым). 2022 жылдың қорытындысы бойынша цифрландырылған егістік жерлердің ауданы 692,8 мың га құрады, бұл                                 88,6% құрайды.

Озық технологияларды енгізу есебінен қарқынды бақтардың ауданы                1051 гектарға жетті.

Сүт өндіруде 2021 жылға қарай 2,0%-ға, жүн – 1,0%-ға; ірі қара мал                             саны – 0,7%-ға, қой саны – 6,7%-ға, жылқы саны – 4,7%-ға, құс саны – 21,4%-ға өскені байқалады. Ет (тірі салмақта) өндірісі 2,5%-ға, жұмыртқа өндірісі 6,1%-ға қысқарды.

1711 тонна ет экспортталды, оның ішінде 168,7 тонна сиыр еті,                        998,6 тонна қой еті, 340 тонна құс еті, 0,7 тонна жылқы еті және 203 тонна шұжық өнімдері.

2019 жылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында басталған «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» пилоттық жобасы өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетті. Мәселен, пилоттық жобаның 5 бағытын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 2,5%-бен 7,2 миллиарда теңге, жергілікті – 2,0 миллиарда теңге (5%-бен) бөлінді. Жобаның бірінші кезеңінде 11 ауылдық округтің 25 елді мекенінде 7856 отбасы қамтылды. 2021 жылы револьверлік тетік бойынша қайтарымды қаражат есебінен 3 ауылдық округте 3,1 миллиард теңгеге 253 жоба іске асырылды. 2022 жылы «Ауыл Аманаты» жобасы аясында республикалық бюджеттен 6,0 миллиард теңге бөлініп, 10 ауылдық округтен 1204 кәсіпкер несие алды.

Кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі, ол бойынша (Бизнестің Жол картасын іске асыру басталғаннан бері - 2025) барлық қаржы құралдары бойынша 211,8 миллиард теңге сомасына 9065 жоба қолдау тапты. «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша – 158,6 миллиард теңгеге 4772 жоба, «Кредиттер/қаржы лизингі бойынша кепілдік беру» құралы бойынша – 31,3 миллиард теңгеге 3885 жоба, «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша – 21,2 миллиард теңгеге 131 жоба. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде                           16423 жұмыс орны сақталып, 5724 жаңа жұмыс орны құрылды.

2023 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 92,6 мың бірлікке немесе 2021 жылға қарағанда 129,8%-ға жетті, онда жұмыспен қамтылғандар саны 151,9 мың адам (122,6%).

Бизнес субъектілері өндірген өнім мен қызмет көлемі 20,9%-ға артып, 1056,5 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі алдын ала мәлімет бойынша 24%-ды құрады.

Бөлшек сауда айналымы сауда кәсіпорындарының тауарларды сатуы есебінен 2021 жылғы деңгейге қарағанда 2,1%-ға ұлғайды.

Көлік қызметтері 5,6%-ға, көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау есебінен – 4,3%-ға, жүк айналымы – 13,2%-ға қысқарды. Байланыс қызметтерінде өсім 2,7% құрады, Интернет желісі қызметтерінің өсуіне байланысты (4,8%-ға).

Сыртқы сауда айналымында, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің мәліметтері бойынша, 1,7 есе немесе 426,4 миллион АҚШ долларына өсім тіркелген, оның ішінде 163,3 миллион АҚШ доллары (2,7 есе) сомасына тауарлар экспортталған, 196,8 миллион АҚШ долларына (1,6 есе) импортталған. Сальдо 99,8 миллион АҚШ долларын құрап, теріс қалыптасты.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 3,2%-ға, оның ішінде импорт – 5,3%-ға, Ресеймен тауар айналымының өсуі есебінен – 1,6%-ға, Қырғызстанмен – 1,3 есе, Армениямен – 1,8 есе өсті. Қырғызстанмен сауданың төмендеуі есебінен тауарлар экспортының көлемі 0,7%-ға қысқарды (49%-ға).

Инвестиция көлемі 2022 жылы 428,5 млрд. теңгені немесе 2021 жылға 102,3%-ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсуі                                 Байзақ ауданында Көктал а. 600 орындық мектеп, 250 орындық орталық клиника, 3 дәрігерлік амбулатория, «Шатыркөл-Жайсан кластерінде байыту фабрикасын, «Корцем» ЖШС-гі цемент өндіру зауытын, биофармацевтикалық зауыт базасында субстанциялар өндіру бойынша цехы құрылысына тартылған инвестиция есебінен байқалады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 229,9 млрд. теңгені немесе                       2021 жылға 102,1% құрады.

Өсім  «Аaengineeringgroup» ЖШС-гі Шатыркөл - Жайсан кластерінде байыту фабрикасын, «Ка-строй ЛТД» ЖШС-гі биофармацевтикалық зауыты базасында субстанциялар өндіру цехын салу, Тасөткел су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын арттыра отырып, 2-ші кезекті қайта жаңарту есебінен қамтамасыз етілді.

Пайдалануға  енгізілген  тұрғын үйлердің жалпы көлемі 693,5 мың ш.м немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 101,5%-ды құрады.

2022 жылы 4 388 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге 25,1 млрд. теңге (20,9 млрд.тг. - құнды қағаз; 3,6 млрд.тг. –  арендалық үй, пилоттық жоба - 0,6 млн.тг.) бөлінді.  Оның 680 пәтерлі                         11 арендалық, 3 648 пәтерлі 56 кредиттік және 60 пәтерлі 1 пилоттық жоба.

2023 жылдың 1 қаңтарына 25,0 млрд. теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 99,8% игерілді.

Жыл қорытындысымен 2 260 пәтерлі 34 үй 124,5 мың шм алаңымен пайдалануға берілді (680 пәтерлі 11 арендалық, 1580 пәтерлі 23 кредиттік).

Аудандық бюджет қаражаты есебінен (сметалық құны 34,8 млрд теңге) 2870 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйдің 49 жобасын іске асыруға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

2022 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында 3,7 миллиард теңге сомасына 72 үй жөнделді, оның 54-і республикалық бюджеттен                       (3,2 миллиард теңге), 10-ы жергілікті бюджеттен (0,342 миллиард теңге),                    6-ы қайтарымды қаражат есебінен (0,169 миллиард теңге), 2-сі демеушілік қаражат есебінен қаржыландырылды. Нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум объектілерінің үлесі 48,9%-дан 44,2%-ға дейін төмендеді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Куатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 19,8 миллиард теңгеге 49 жобаны іске асыру есебінен 22,6 мың тұрғын қамтамасыз етілді. Нәтижесінде қалаларда орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізу 425,3 мың адамды (92,3%), ауылдық елді мекендерде – 635,0 мың адамды (92,0%) құрады.

11,2 миллиард теңгеге 18 жобаны іске асыру есебінен,   орталықтандырылған газбен 17 елді мекен немесе 8,8 мың адам (89,5%) қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, газбен қамтамасыз ету 1099,2 мың адамды немесе 274 елді мекенді құрайды.

Автожол саласын дамытуға жергілікті маңызы бар 247,7 км автомобиль жолдарын (облыстық маңызы бар 194,1 км, аудандық маңызы бар 53,6 км) күтіп ұстауға және жөндеуге 16,2 млрд теңге игерілді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі           97,0%-ға дейін жеткізілді.

2022 жылғы желтоқсанда инфляция деңгейі 19,8% құрады. Азық - түлік тауарларына бағалар  26,0% - ға, азық-түлік емес тауарларға -18,2% - ға, ақылы қызметтерге - 12,5% - ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,5 пайыздық тармаққа төмен (ҚР-20,3%).

Әлеуметтік сала. Басты басымдықтардың бірі жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттыру болып табылады.

2022 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 75 565 адам  қамтылды. Бос жұмыс орындарына 35 590 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1168,                                           жастар практикасымен - 1840, ақылы қоғамдық жұмыстарымен - 9847 адам қамтылды. Жалпы, жұмыспен қамту органдарына жүгінген 76 005 адамның                     38 043-і жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында облыс бойынша 35 347 жаңа жұмыс орындары құрылды (оның ішінде тұрақтысы - 20 261,                    уақытша – 15 086).

Алайда, қалыптасқан жағдайға байланысты, өндірістік белсенділік еңбек нарығының кейбір көрсеткіштеріне теріс әсер етті. Жұмыссыздар саны                        2 498 адамға (28 170) артты. Жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады.

Бұл ретте жұмыс күші 39 355 адамға өсіп, 567 687 адамды құрады, жұмыспен қамтылған халық саны – 36 857 (539 517) адам.

Жалдамалы жұмысшылар саны 25 685 адамға (359 533), өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны – 11 172 адамға (179 984) өсті.

Халықты әлеуметтік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында 2022 жылға бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы                        2021 жылмен салыстырғанда номиналды  тұлғалауда  19,7%-ға ұлғайып,              234 526 теңгені құрады.

Еңбекақыдағы айырмашылықтар экономикалық қызметтің түрлі салаларындағы  қызметкерлерге тән. Еңбекақының ең жоғары шамасы міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет - 571 865 теңге, ең төменгі шамасы - құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет - 69 028 теңге белгіленді. Ең жоғарғы еңбекақы Жамбыл ауданында байқалады - 283 742 теңге, ең төменгі Талас ауданында – 199 792 теңге.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы                  2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды тұлғалауда                      15,6%-ға, нақты 1,4%- ға өсіп, 104 325 теңгені құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі облыс бойынша 5,0%-ды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа төмен.

Білім беру саласында облыстың жұмыс істеп тұрған 572 мектепке дейінгі ұйымдарында (449 балабақша мен 123 шағын орталық) 59,4 мың бала қамтылды. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдар қызметімен қамту 100%-ды, 2-6 жас - 94,1%-ды құрады.

Облыстың барлық 445 мектептері интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге орта есеппен                   4 оқушыны құрайды. 349 мектепте 2430 интерактивті тақта орнатылған, барлық мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілген (100%).

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс экономикасында дамудың оң серпіні байқалады.

574,6 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді (НКИ-106,7%). Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 7,6%-ға (412,4 миллиард теңге) ұлғайды.

Сонымен қатар, электрмен жабдықтаудағы жұмыстар мен қызметтер көлемінің 5,2%-ға, сумен жабдықтаудағы 6,5%-ға қысқаруы байқалады.

Бірыңғай Индустрияландыру картасы шеңберінде 2023 жылы 153 жаңа жұмыс орнын құра отырып, инвестиция көлемі 26,4 миллиард теңге болатын    3 өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 2023 жылы 27,4 миллиард теңге субсидия бөлінді.                            2023 1 қыркүйекке 16,2 миллиард теңге игерілді.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңіне қатысты 3,0%-ға қысқарып, 231,7 миллиард теңгені құрады.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 107,4 мың бірлікті құрады. Тіркелген субъектілердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған ШОБ үлесі 89,4%-ды құрайды.

Бөлшек сауда 3,9%-ға, байланыс қызметтері – 1,3 есеге ұлғайды. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 29,4 миллион тоннаны, жолаушыларды тасымалдау – 38,1 миллион адамды құрады.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 280,0 миллион АҚШ долларын немесе 2022 жылғы қаңтар-шілдеге қарай 133,6% құрады, оның ішінде экспорт – 56,3 миллион АҚШ долларын (78,3%), импорт – 223,7 миллион АҚШ долларын (163,0%) құрады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 14,0%-ға қысқарды.

Инвестиция көлемі 2023 жылдың қаңтар-тамызында 268,0 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 108,0%-ды құрады. 

Инвестиция көлемінің өсуі Сарысу ауданында - жел электр станциясының («Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС), тыңайтқыш өндіру зауытының («Еврохим-Қаратау» ЖШС) құрылыстарына, Шу ауданында - мыс өндіру бойынша тау-кен күрделі қазбаларына («Қазақмыс корпорациясы Балқашцветмед өндірістік бірлестігі» ЖШС), шахта салуға («ZANASHYR Прожект» ЖШС), республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкцияға (Меркі-Бұрылбайтал. Айналма жол - Шу қ. учаскелері, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ЖОФ); қант қызылшасын өсіруге арналған ауыл шаруашылық жерлерін тамшылап суаруға шағын кешенін сатып алуға («Qyzylsha» ЖШС) салынған инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді.    

Құрылыс жұмыстарының көлемі 133,8 млрд. теңгені немесе                            2022 жылдың тиісті кезеңіне 124,8% құрады.

Өсім Мойынқұм ауданында Орталық-Оңтүстік дәлізі шеңберінде Құрты-Бұрылбайтал 21,52-22,14 шқ жол учаскесін («СинеМидасСтрой» ЖШС и  «ТодиниКонструкциониЖенерали» АҚ ЖФ), «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің «Балхаш-Бурыл Байтал» бөлігін қайта жаңғырту («СинодроКорпорейшн Лимитед» АҚ Қазақстандық филиалы),  Шу ауданында – Шатыркүл-Жайсан кластерінде кен байыту фабрикасын салу («АА Инженеринг Групп» ЖШС), «Мерке-Бурыл Байтал» республикалық маңызы бар 90-000-126+638 шқ автомобиль жолының Шу қаласын айналып өту учаскесін қайта жаңғырту («Қазақстан Республикасында ««СиньСинь» құрылыс және даму жөніндегі Қытайлық компаниясы), Шатыркүл кен орны нысанын салу («Қазақмыс Шахта корпорациясы» ЖШС филиалы Омаров атындағы қазу тресті), ЖЭС-ның 6 фундаментін салуды аяқтау («GFD PARTNER» ЖШС), Ақкөл көлінен кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін су құбырын салу есебінен қамтамасыз етілді (ТОО «Fortis»).

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі  389,9 мың ш.м немесе 2022 жылдың тиісті деңгейіне 101,2%-ды құрады.

2023 жылы «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында құны 13,2 млрд.теңгеге 3 929 пәтерлі 74 тұрғын үйдің (323,1 мың ш.м.) құрылысын жүргізіп, жыл қорытындысымен 2 564 пәтерлі 45 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде: 1948 пәтерлі 34 кредиттік үй, 556 пәтерлі 10 арендалық үй және 60 пәтерлі 1 пилоттық тұрғын үй.

8 айдың қорытындысымен 280 пәтерлі 4 кредиттік тұрғын үйдің құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, жеке меншік инвестиция есебінен 324 пәтерлі 7 үйдің құрылысы аяқталды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында облыстың                     367 ауылдық елді мекенінің 297-і (645,8 мың тұрғын) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 2023 жылы 13,6 миллиард теңгеге 54 жоба іске асырылды. Нәтижесінде халық санына шаққанда ауыз сумен қамтамасыз ету 92,0%-дан 96,5%-ға.

274 елді мекенде 1 099,2 мың адам табиғи газбен қамтылды. 2023 жылы        16 газдандыру нысанын салуға 11,1 миллиард теңге бөлінді. 18 ауылдық елді мекенді немесе 19,7 мың адамды газдандыру жоспарлануда. Нәтижесінде газбен қамтамасыз ету деңгейі 92,0%-ға дейін өсті.

Автожол саласына 4,4 км құрылысқа, 11,4 км қайта жаңартуға және 785,6 км автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 24,9 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 97,0%-дан 98,0%-ға дейін ұлғаяды.

Инфляция деңгейі 2023 жылғы тамыз айында 6,3%-ды құрады.                       Азық-түлік тауарларының бағасы 5,9%-ға, азық-түлік емес                            ауарлар - 7,1%-ға, ақылы қызметтер - 6,4%-ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР – 6,6 %).

Әлеуметтік сала. 2023 жылғы қаңтар-тамызда 49 991 жаңа жұмыс орындары құрылды (тұрақты - 35 717, уақытша - 14 274). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 43 434 адам қамтылды. Бос жұмыс орындарына 19 540 адам жұмысқа орналасты, әлеуметтік жұмыс орындарымен - 1 068 адам, жастар практикасымен - 1607 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен - 9 348 адам қамтылды. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген 40 158 адамның 28 100-і жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 291 861 теңгені құрады,                        бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 12,4%-ға жоғары (2023 жылдың 2 тоқсаны).

Білім беру саласында облыстың жұмыс істеп тұрған 573 мектепке дейінгі ұйымдарында (451 балабақша мен 122 шағын орталық) 60,3 мың бала қамтылды. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдар қызметімен қамту                                  3 пен 6 жас аралығындағы 100%-ды, 2-6 жас – 94,1%-ды құрады.

Облыстың барлық 445 мектептері интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге орта есеппен                   4 оқушыны құрайды. 349 мектепте 2 430 интерактивті тақта орнатылған, барлық мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілген (100%).

Облыс тұрғындары үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмек, әсіресе кардиохирургия, урология, балалар хирургиясы және пульманология қызметтері қолжетімді. Халықтың нысаналы топтарына скрининг белсенді жүргізілуде. Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық және дәрілік көмек қамтамасыз етіледі.

Өңірлік даму. Ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту                                        «Ауыл-Ел бесігі» жобасы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде ұлттық стандарттар жүйесіндегі тірек және спутниктік ауылдарды дамыту есебінен жүзеге асырылады.

Ауылдық елді мекендерді анықтау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес даму әлеуеті бар 239 ауыл іріктелді (67 тірек және 172 спутниктік).

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 14,1 млрд.теңгеге                      (Ұлттық қор - 12,4 млрд. теңге, ЖБ - 1,7 млрд. теңге) 82 елді мекенде                           149 жобаны (38 тірек, 43 спутниктік, 1 стратегиялық) іске асыру көзделді.

Жыл қорытындысымен 13,3 млрд.теңгеге 114 нысан іске асырылды (Ұлттық қор - 11,7 млрд. теңге, ЖБ - 1,6 млрд. теңге), 926 жұмыс орны құрылды.

2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 98 елді мекенде                            (39 тіректі, 59 спутникті) 301 жобаны іске асыруға 15,7 млрд.теңге                    (Ұлттық қордан - 6,7 млрд теңге, ЖБ – 9,0 млрд.теңге) бөлінді.

  1. Жамбыл облысының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі басым бағыттары

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы 2024-2028 жылдары өңірдің экономикасы мен әл-ауқатының тұрақты өсуіне бағытталған «Қазақстан - 2050» стратегиясы, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдаулары,  Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары, сондай-ақ ұлттық жобалар және т. б. негізінде бағдарланған қағидаттары арқылы орындалатын болады.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету:

-салық базасын ынталандыру мен кеңейтуге және бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға, көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған фискалдық саясатты жетілдіру жалғастырылады;

-теңгерімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында                    ақша-кредит саясаты шеңберінде инфляцияны 2024 жылы 6,0-8,0%-ға,                            2025 жылы - 5,5%-7,5%, кейіннен 2026-2028 жылдары 5%-ға дейін біртіндеп төмендету көзделіп отыр. Апта сайынғы азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөніндегі практиканы жалғастыру, көтерме (коммуналдық) және бөлшек сауда азық-түлік базарлары мен сауда инфрақұрылымын одан әрі дамыту жолымен ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен молықтыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыру есебінен.

Экономика салаларын дамыту арқылы:

- өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі «2021-2025 жылдарға арналған қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасын, индустрияландырудың бірыңғай картасының индустриялық жобаларын іске асыру, шикізаттық емес экспортты ұлғайту және шетелдік инвестицияларды тарту есебінен өнеркәсіптік әлеуетті дамыту;

-ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін және экспортын арттыру, жобаларды одан әрі іске асыру, саланың барлық технологиялық процестерін цифрландыру, 2021-2030 жылдарға арналған АӨК дамыту Тұжырымдамасын, 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны, «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру есебінен ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру;

-отандық және шетелдік инвестицияларды тарту есебінен инвестициялардың өсу қарқынын жеделдету, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту, бизнес үшін тұрақты және ауыртпалық салынбайтын жағдайларды қамтамасыз ету, мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдарын қолдану;

- шағын және орта бизнесті дамыту және оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесін ұлғайту, субъектілерді онлайн бизнеске көшуге ынталандыру, жеткізу және логистика қызметін дамыту, кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде ауыл кәсіпкерлері үшін нүктелік қолдау алу;

-сауда байланыстарын нығайтып дамыту, экспортты ұлғайту,                         электрондық сауданы дамыту;

-халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту үшін қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылады, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, ТКШ мен тұрғын үй қорын жаңғырту жөніндегі жобалар іске асырылады, жеңілдікті қарыздар шеңберінде тиімді әлеуметтік қолдау көрсетіледі, тұрғын үйдің қолжетімділігін 1 адамға 30 шаршы метрге дейін арттыру;

-көлік-логистикалық кешенді дамыту және зияткерлік көлік жүйесін енгізу, автомобиль жолдарының сапасын арттыру, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде транзиттік жүк ағындарының көлемін ұлғайту;

-экологиялық жағдайды жақсарту, орман қорында және елді мекендерде ағаштар отырғызу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру, «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы шеңберінде қолайлы өмір сүру ортасын құру;

- «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы аясында ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, цифрлық технологияларды жедел енгізу арқылы цифрландыру мен инновациялық экономиканы дамыту, ауылдық елді мекендерді 4G желісімен 100%-ға қамтмасыз ету.

Теңгерімді өңірлік даму арқылы:

- халықтың әл-ауқатын облыстың даму әлеуетін «өсу нүктелерін» арқылы дамыту және өмір сүрудің базалық сапасын өңірлік стандарттар жүйесі негізінде арттыру;

-елді мекендерді ірілендіре отырып, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану, моно - және шағын қалаларды, дамыған инфрақұрылым құра отырып, перспективалы тірек және спутниктік ауылдарды дамыту, функционалдық қалалық аудандарды дамыту арқылы сапалы урбандалу;

- «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында озық өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, ауылдарда дамыған инфрақұрылым құру.

Адами капиталдың сапасын арттыру:

- білім беру сапасын жетілдіру және арттыру, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту, педагогтердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландыруды ұлғайту;

- білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, оның ішінде жеке бастамалар есебінен жаңа нысандар салу және құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту;

- сапалы медициналық қызметтерге қолжеткізуді қамтамасыз ету және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін әсіресе ауылдарда арттыру. Денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Халықтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру үшін негізгі әлеуметтік маңызы бар инфекциялық емес және инфекциялық аурулардың алдын алу және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі іс шаралар іске асырылатын болады;

- жұмыс істейтін азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейтуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге және зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру;

- жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтуды дамытуға,                        еңбек кірістеріндегі теңгерімсіздіктерді жоюға, азаматтардың өндірістік дағдыларын дамытуға, бюджеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға, ғылым мен инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған халықтың табысын арттыру бағытталған бағдарламасы арқылы сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер бойынша дербестендірілген отбасының цифрлық картасы мен әлеуметтік әмиян енгізілетін болады.

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктіліктер алуға, кәсіпкерлікті дамытуға және өз ісін ашуға жағдай жасауға бағытталған                  «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бекітілді.

Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ өзге де адамдар оқыту арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуға тартылады, сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерлік негіздері бойынша дағдыларды үйретіп, жұмысқа орналастыруға ықпал етіледі.

  1. Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары:

3.1 Бюджет-салық саясаты

Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты экономиканың өсуін ынталандыруға және қолдауға, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз етуге және орнықтылығын нығайтуға, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Адами капитал сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беруді, ғылым мен денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталатын болады.

Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік бағдарламаларды 2025 Стратегиялық жоспарының басымдықтары мен міндеттеріне ірілендіру жалғастырылады, сондай-ақ стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторлары мен бюджет шығыстарының үздік үйлесімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жаңа форматы енгізіледі.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады.

Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бұл ретте, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

Жекешелендіру және мемлекет қатысатын кәсіпорындарды бәсекелес ортаға беруде бюджеттің шығыс бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға және қаражаттың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Жоспарлы кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы                        Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

2023 жылға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер                  487 273 941,0 мың теңге, оның ішінде:

- ағымдағы нысаналы трансфертер – 19 384 947,8 мың теңге;

- нысаналы даму трансферттері – 62 614 054,2 мың теңге.

2023 жылға субвенция көлемі  - 405 274 939,0 мың теңгені құрайды.

 

Шоғырландырылған бюджеттің болжамы

млрд.теңге

Атауы

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Түсімдер

667,4

706,0

729,8

701,2

Салықтық түсімдер

118,5

116,3

121,2

120,8

Салықтық емес               түсімдер

6,6

6,8

7,5

7,4

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

14,3

18,5

13,5

16,0

Трансферттер түсімдері

487,3

519,8

558,2

538,2

Шығыстар

680,9

703,9

725,3

698,5

3.2 Инфляция деңгейін тежеу

Жеткізу тізбегіндегі проблемалардың шиеленісуі, азық-түлік пен энергия ресурстары бағасының өсуі, сыртқы инфляциялық қысымның күшеюі, валюта бағамының тұрақсыздығы ішкі экономикалық процестерге әсер етті.

Инфляцияны тежеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірушіден сауда дүкендеріне тікелей делдалсыз жеткізілімді қамтамасыз ету және бағаларына мониторинг жасау, көтерме сауда жеткізушілері және сауда кәсіпорындарымен ішкі нарықты ең төменгі сауда үстемесімен азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасасу, халық тұтынатын тауарларды жеткізу тізбегінде артық делдалдық буынды анықтау және алып тастау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Әлеуметтік-азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті бағаларды белгілеу және сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманы бұзған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту практикасы жалғасады.

Ішкі тұтыну нарығын отандық өндіріс және импортты алмастыру тауарларымен қанықтыру мақсатында ұлттық жобалар шеңберінде одан әрі отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне «айналым схемасы» бойынша қарыздар беру жөніндегі тетіктер іске асырылуда. Бұдан басқа, маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында өндірушілермен және көтерме жеткізушілермен форвардтық келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жалғасады.

Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жататын ерте пісметін көкөніс тауарларын шет мемлекеттерден және басқа облыстардан нарық бағасынан арзан жеткізілуін қамтамасыз ету үшін «айналым схемасы» және форвардтық сатып алу жұмыстары жалғасады.

Тұтыну бағаларына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар жедел тәртіппен қадағаланатын және бәсекелес ішкі нарықтардың дамуын, бағалық сөз байласуға және жосықсыз бәсекелестікке қарсы күресті ескере отырып, халық тұтынатын тауарларға бағаларды тежеу жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.

Азық-түлік нарығын реттеу және бағалардың алыпсатарлық және негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ маусымдық ауытқуларды тегістеу үшін азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі жұмыс жалғасады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендетуге ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар, облыс орталығы мен аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жұмыстары жалғасатын болады.

Сондай-ақ, аудандардағы шаруа қожалықтар өз көкөніс өнімдерін ауылдық округтерде орналасқан дүкендерге жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен делдалсыз тікелей жеткізу жұмыстары жалғасатын болады.

3.3 Экономика салаларын дамыту

Өнеркәсіп. Өнеркәсіпті дамыту «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы шеңберінде жалғасады.

Облыстың басым өнеркәсіп саласы өңдеуші өнеркәсіп болып қала береді. 2028 жылға дейінгі кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдарын өндіру индустриялық мамандану болып қала береді. Фармацевтика өнеркәсібі әлемде коронавирустың пайда болуымен дамуда.

Облыс экономикасының жай-күйі мен серпінді дамуын жақсартуға индустрияландырудың Бірыңғай картасын іске асыру ықпал ететін болады, оның шеңберінде инвестициялар көлемі 1,8 триллион теңгеден асатын, 2,9 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, 42 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Химия саласы экономиканың басым саласы болып қала береді.                       Бұл фосфорлы шикізаттың елеулі қорларымен, фосфориттерді одан әрі әзірлеумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемдерін арттырумен және ассортиментін кеңейтумен, жаңа өндірістердің ашылуымен түсіндіріледі «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС-гі,                                                   «Талас InvestmentCompany» ЖШС-гі, «QazaqSoda» ЖШС-гі).

Қаратау қаласында қуаты жылына 1,4 миллион тоннадан астам кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша «ЕвроХим-Тыңайтқыштар»                      ЖШС ірі жобасын іске асыру жүргізілуде. Инвестициялардың жалпы көлемі 356,6 миллиард теңгеден асады, 500 тұрақты жұмыс орны құрылады.                     Бірінші кезеңде тау-кен кешені іске қосылды, Ресей мен Қазақстан арасында жобаның  2 кезеңін жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, өңірде түрік инвесторының қатысуымен құны                      188,0 миллиард теңге, қуаты 400 мың тонна болатын, 200 жаңа жұмыс орнын ашатын «QazaqSoda» ЖШС кальцийленген сода өндіретін зауыт салу жоспарлануда.

Азық-түлік өндірісінде құны 25,6 миллиард теңге, 100 жаңа жұмыс орнын құра отырып, ет құс шаруашылығын дамыту бойынша ірі жобаларды                   («Алель-Агро» АҚ) іске асыру. Бұдан басқа, 2025 жылы 160 жаңа жұмыс орнын («Qazaq Bio Product» ЖШС) құру және 20,4 миллиард теңгеге бақша дақылдарын, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу, 209 жаңа жұмыс орнын («Қарағанды – АгроИнвест» ЖШС) құру бойынша 3500 бас ірі қара малдың аналық басына 20,8 миллиард теңгеге сүт-тауар фермасын салу бойынша                      2 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Металлургия саласында «Monterra Qazaqstan» ЖШС-гі - инвестиция көлемі 832,0 миллиард теңгені құрайтын алтынды игеру жөніндегі тау-кен металлургия комбинаты (500 жаңа жұмыс орын) және                                            «Shagala Mining» ЖШС-гі - Мойынқұм ауданында 29,6 миллиард теңгеге                   (200 жаңа жұмыс орны) мыс кендерін сусымалы сілтісіздендіру кәсіпорнын салу жобасын іске асыру жоспарлануда.

Құрылыс индустриясында цемент зауытының құрылысы, гипс және басқалары өндіру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізі АӨК дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспары болып табылады. Мақсаты – еңбек өнімділігін арттыру жолымен бәсекеге қабілетті аграрлық қайта өңдеуді құру; өнім экспортын ұлғайту отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету.

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларынан барынша жоғары нәтижелер алу, заманауи технологияларды енгізу,                  «Ауыл аманаты» шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Нәтижесінде, 2029 жылға дейін ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі жыл сайын 2%-ға ұлғаяды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі (ағымдағы орташа жылдық өсу 5-6%), ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейту есебінен көкөніс, рапс, соя, жүгері, құлпынай және таңқурай өндірісін ұлғайту жоспарлануда. Мал басы өседі, балық, ара өсіретін шаруашылықтарды дамыту жалғасады.

Егістік алқаптарын кеңейту, сондай-ақ пайдаланылмайтын егістік алқаптарды айналымға тарту есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру қамтамасыз етілетін болады. Келешекте көлемін              28 мың гектардан 30 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Қант шикізатын өндіру стратегиялық маңызды сала болып табылады. 2029 жылға қарай қант қызылшасын өсіру алаңын ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ, аймақта қарқынды технология бойынша бақтар белсенді түрде өсірілуде. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту қазіргі заманғы асыл тұқымды базаны құру және генетикалық әлеуетті арттыру, бордақылау алаңдары мен қайта өңдеу кәсіпорындарын салу негізінде қамтамасыз етілетін болады.

Экспортқа бағдарланған өнімнің (бидай – Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан; пияз – Польша, Өзбекстан; картоп – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан; жұмыртқа – Тәжікстан, Өзбекстан; мақсары майы – Германия, Нидерланды, Жапония, Иран, Қытай, макарон өнімдері –Тәжікстан, Ауғанстан, ет және субөнімдер – Қытай, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Кувейт) сыртқы нарықтарын дамыту жоспарлануда.

Облыста 3 «Ақмола», «Ырғайты», «Қалғұты» су қоймаларын салу жоспарлануда, сондай-ақ механикалық отрядтармен қосымша суармалы жерлерді қалпына келтіру, суару каналдары мен дренаждық жүйелерін қайта жаңарту бойынша қосымша жұмыстары жүргізіліп,  8 жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Нәтижесінде, суармалы жерлер  көлемі  2025 жылға дейін 181,8 мың гектарды  құрайтын болады.

Жыл сайын жәрмеңкелер ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізу, әлеуметтік павильондарды ұлғайту жоспарлануда.

Туризм. Соңғы жылдары облыста ірі туристік аймақтарды салу, орналастыру орындарының санын ұлғайту, демалыс орындарын абаттандыру және көгалдандыру, ұсынылатын қызметтер тізбесін кеңейту есебінен туристік ағындар өсуінің оң серпіні байқалады.

Облыста туристік аймақтар жұмыс атқаруда: «Көне Тараз»                         тарихи-этномәдени, «Тектұрмас» этно-тарихи кешендері, «Көксай», «Ақ жол», «Тау қымыз», «Тау самалы»,  «Koksai resort», «Алмалы» демалыс аймақтары.

Ішкі және келу туризмнің одан әрі дамуы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылады.

Туризмді одан әрі дамыту үшін:

- 2028 жылға дейін тарихи-археологиялық және экологиялық туризм бойынша жаңа туристік бағыттарды әзірлеу;

- 2028 жылға дейін креативті шешімдер, цифрлық және ақпараттық технологиялар көмегімен облыстың туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Нәтижесінде, өңірге Қазақстандық және шетелдік туристер ағыны жылына орта есеппен 10 мың адамға ұлғайтылатын болады.

Құрылыс. Тұрғын үйдің қолжетімділігін, жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыру бойынша жұмыс                «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жалғасады.

2025 жылға дейін 153,4 миллиард теңге сомасына 524 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Көлік. Көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту облыстың елді мекендері арасындағы көлік байланысын дамытуға және жақсартуға бағытталатын болады. Жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады, жаңа технологиялар енгізіледі. «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде көлік – транзит секторының жетекші рөлін бекітуге, сондай-ақ өңірлер арасында да, өңірлер ішінде де елдің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жалғастырылады.

Облыс автомобиль жолдарының дамыған желісіне ие. 2029 жылға дейін облыстың барлық аудандарында (облыстық маңызы бар 822,5 км, аудандық маңызы бар 398,2 км) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100% – ға дейін жеткізу, автожолдарды салу, реконструкциялау және орташа жөндеу есебінен жоспарлануда.

Тасымалдау сапасын арттыру мақсатында автобус паркін жаңарту жоспарлануда (жыл сайын кемінде 50 автобус сатып алу), ол 2029 жылға қарай 100,0%-ға дейін ұлғаяды.

Байланыс. Инфокоммуникациялық инфрақұрылымда экономика саласында зияткерлік жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын кеңінен енгізу, ауылда электрондық мемлекеттік қызметтерді алу, 3G және 4G технологиялары бойынша мобильді байланыс қызметтерін дамыту, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қол жеткізу «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру арқылы жұмыс  жалғасатын болады.

Базалық салалар кәсіпорындарын (қаржы секторы, мемлекеттік сектор, қалалық инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және басқалар) автоматтандыру және цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады.

Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында 250 және одан да көп адам саны бар барлық елді мекендерде интернет сапасын арттыру бойынша жұмыс қамтамасыз етілетін болады. Ұялы байланыс пен интернетке қолжетімділіктің жаңа буын технологиялары дамитын болады. Урбандалу мен экономикалық орындылықты ескере отырып, халқының саны 250 адамнан кем қалған ауылдарды Интернетке қосу пысықталатын болады.

Сауда. Ішкі сауданы дамыту сауданың қазіргі заманғы форматтарын дамыту, жұмыс істеп тұрған сауда нарықтары инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, электрондық сауданы жетілдіру жолымен жүзеге асырылатын болады.

Сауда саласын дамыту жөніндегі жұмыс сауда инфрақұрылымының қазіргі замануи форматтарын құру және көп форматты сауда объектілерін ұлғайту арқылы кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы шеңберінде «Бастау Бизнес» бойынша жалғастырылатын болады. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импорты мен экспортын әртараптандыру, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауар өндірушілердің үшін қолайлы жағдайлар жасау негізгі міндеттер болып айқындалады.

 «Қайқармет», «Нұралы», «Ауыл-Береке», «Жібек жолы», «Ысты», «Салтанат» сауда базарларын жаңғырту  жалғасады.

3.4 Бизнес-ахуал мен инвестициялық тартымдылықты жақсарту

Кәсіпкерлікті дамыту облыс экономикасының әл-ауқатына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны», «Ұлттық қауіпсіздік» ұлттық жобалары шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Инвестицияларды тарту отандық және шетелдік инвестицияларға бағытталған. Іске асырылып жатқан инвестицияларды тартудың жаңа құралы бизнесті ұлттық экономиканы дамытуға инвестиция салуға ынталандыратын Стратегиялық инвестициялар туралы келісім.

Дауларды реттеу тетіктерін жетілдіру, оның ішінде АХҚО платформасын пайдалану, сондай-ақ әкімшілік рәсімдердің ашықтығы мен шынайылығы инвесторлардың заңнама тұрақтылығына деген сенімін арттырады.

Бюджеттік инвестициялық саясат экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға, әлеуметтік, индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі бастамаларын аяқтауға бағытталатын болады. Экономикалық өсуге және жұмыспен қамтуға мультипликативті әсер ететін салалар бюджеттік инвестициялар үшін басымдылыққа ие болады:

  1. Экономиканың сабақтас салаларының экономикалық белсенділігін қолдау арқылы экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.
  2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту. МҚҰ-мен бiрлесiп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, ауыл шаруашылығын, көлiктi, логистикалық және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi жобалар қаржыландырылады.
  3. Табиғи құбылыстар мен техногендiк апаттардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру есебiнен азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
  4. Білім және ғылым, денсаулық сақтау, туризм және жұмыспен қамту саласындағы ұлттық жобаларды қаржыландыру есебінен әлеуметтік саланы жаңғырту.
  5. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру, оның iшiнде цифрландыру саласындағы ұлттық жобаларды және бағдарламалық құжаттарды қаржыландыру есебiнен жүзеге асыру.

3.5 Адами капиталдың сапасын жақсарту

Құрылымдық және институционалдық реформалар мен қайта құрулардың, сондай-ақ елдің ұзақ мерзімді сапалы дамуының басты ресурсы жоғары білікті адами капитал болып табылады.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік саясат «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» және т.б. сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Білім беру саласында білім алушының тұратын жеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, білім берудің қолжетімділігіне, теңдігіне және сапасына ерекше назар аударылатын болады.

Балаларды 100% қамтуды қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үлкен маңызға ие болады. Оқытудың негізгі нысаны дәстүрлі нысан болып табылады, бұл ретте жеке тәртіп бойынша қашықтықтан оқытуға рұқсат етіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде жеке меншік балабақшалар мен шағын орталықтар салу және ашу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту арқылы инфрақұрылымды кеңейту жалғасады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 3-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды сақтау жоспарлануда, 2-6 жасқа дейінгі балаларды қамту 94,1%-ға дейін жеткізіледі.

Үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін үш ауысымда оқытатын мектептердің орнына жаңа мектептер салынады және мектептерге күрделі жөндеу жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекет кепілдік берген алғашқы жұмыс кәсібін тегін алу, оның ішінде оқу орталықтары мен колледждер базасында барлық ниет білдірушілерді курстық даярлау арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында дуальді оқытудың негізгі қағидаттары мен білім беру бағдарламаларын енгізу жалғастырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық қолжетімді медициналық көмек көрсетуге және сапалы, қауіпсіз дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары мыналар болып табылады:

- нәресте өліміне жол бермеу;

- ана өліміне жол бермеу;

-алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына мобильді бригадаларды енгізе отырып, медициналық қызметтердің қолжетімділігін   100% - ға дейін арттырып, медициналық жабдықтар сатып алу, оның ішінде жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесі үшін.

Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жаңа жұмыс орындарының санын ұлғайту,  аз қамтылған және көп балалы азаматтарды қолдау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.

Мүгедектігі бар адамдар мен балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталықтарын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда.

Еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыру, экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында, жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының, техникалық, кәсіптік білім берудің сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және еңбек делдалдығының тиімді моделін құру үшін «Кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобасы іске асырылуда.  Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ өзге де адамдар жаппай оқыту және қажетті кәсіптер мен кәсіпкерлік негіздері бойынша дағдыларды дарыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ұтқырлығын қолдау арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуға тартылады.

Жұмыс іздеу, азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қолдау және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау үшін еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы, Еңбек биржасы жұмыс істейді.

Мәдениет саласында басты назар тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, театр, концерт және музей қызметін, киноиндустрияны дамытуға, сондай - ақ мәдениет саласындағы жас дарындарды қолдауға, оның негізінде қалыптасқан құндылықтар жүйесіне, шығармашылық белсенділікке, танымал мәдени өнімді құру мүмкіндіктерінің бар болуына аударылатын болады.

  1. Экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерініңболжамы

Экономиканың дамуына елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру негізгі серпін береді, олардың шеңберінде экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, бұл еңбек өнімділігін, экспортқа бағдарланған өндірісті арттыру, Ұлттық жобалар аясында, Индустрияландырудың бірыңғай картасы іске асыру арқылы өңдеуші өнеркәсіптің өсуі, «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру арқылы тұрғын үйді іске қосуды ұлғайту.

Инвестициялық жобалар пулын іске асыру және инвестициялық ахуалды жақсарту ЖӨӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялар үлесінің артуына ықпал ететін болады.

Жамбыл облысының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы 2029 жылға қарай  Қазақстан Республикасының                     2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында анықталған әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге ықпал етеді.

2028 жылға жалпы өңірлік өнімді 4,1%-ға арттыру көзделіп отыр.                Жалпы өңірлік өнім 2028 жылы 2023 жылғы деңгейге нақты тұлғалауда                20,4%-ға артады.

2028 жылы инфляция деңгейін 5,0% дәлізде белгіленді. 

2024-2028 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі шамамен 5-6,7%-ды құрайды.

2024-2028 жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі жылына орта есеппен                  2,4-3,9%-ға өсетін болады.

Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру еңбек ресурстарының сапалы өсуіне және орта мерзімді кезеңде жұмыссыздықты 4,8%-ға дейін төмендетуге ықпал ететін болады.

Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы өсімнің оң серпініне ие болады және 2028 жылда 347 762 теңгеге жетеді.

  1. 2024-2026 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері

5.1 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері экономиканың өсуін ынталандыру және қолдау, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету және орнықтылығын нығайту, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Қойылған мақсаттарға сүйене отырып, орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттік саясат басымдықтары әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындап,  ЖАО дербестігін арттырады.

Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беру, денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталады.

2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды тексеру және тиімсіз шығыстарды оңтайландыру жұмыстары жалғастырылатын Промышленность. Развитие промышленности продолжится в рамках Национального проекта «Устойчивый экономический рост, направленный на повышение благосостояния казахстанцев».

 болады. Әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалады.

Бұл ретте, экономикалық өсу деңгейіне байланысты бюджеттік параметрлер 5%-дан 20%-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілетін болады.

Күрделі шығындарын қысқарту саясаты бюджеттік инвестицияларды жоғары әлеуметтік-экономикалық қайтарымы бар жобаларға ғана шоғырландырылады және тауашаларды босату арқылы жалғасады.

Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаттарын қолдану арқылы бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін күшейту жолымен қол жеткізілетін болады. Осы бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге ерекше назар аударылатын болады.

Салық саясаты шеңберінде салық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру, оның ішінде сәйкессіздіктерді жою және салық салынатын базаны ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасады.

5.2 Бюджетаралық қатынастар

Бюджетаралық қатынастар 2023-2025 жылдарға бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерге (субвенциялар мен алып қоюлар) негізделетін болады.

Жалпы сипаттағы трансферттердің тұрақтылығы үш жылдық кезеңде сақталады.

2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындау қағидаларына сәйкес облыс және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу тәртібі және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамдары әзірленді.

5.3 Жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары

2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары ҚР жалпыұлттық басымдықтарына сәйкес келеді және құлдырау жағдайында экономиканы қалпына келтіруге бағытталатын болады.

Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру бірінші кезектегі бағыттар болып қалуда, оның ішінде:

  1. Халық табысының артуы мен аз қамтылған топтарын қолдауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
  2. Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту және жаңғырту, адам капиталының сапасын арттыру;
  3. Сапалы денсаулық сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету, алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру;
  4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтуды қолдау;
  5. АӨК тиімділігін дамыту және арттыру;
  6. Қайта өңделген өнімнің экспортын ынталандыру арқылы ШОБ-ты қолдау;

7.Көлік инфрақұрылымын дамыту;

  1. Экономика салаларын технологиялық жаңғырту және цифрландыру үшін жағдайлар жасау;
  2. Тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру және тұрғын үйге, оның ішінде табысы төмен азаматтар үшін қол жетімділікті арттыру;
  3. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
  4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады. Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бюджет саясатын іске асырудың басым бағыттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары, мемлекет басшысының 2023 жылғы 29 наурыздағы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

5.4 Жалпы ұлттық басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары

2024–2026 жылдарға арналған облыстық бюджетте «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында айтылған бастамаларды іске асыру шеңберінде мынадай бастамаларға шығындар көзделген:

- әрбір қалада және ауданда отбасын қолдау орталықтарын құру;

- бірыңғай білім беру онлайн-платформасын енгізу;

- 2025 жылға қарай педагогтердің жалақысын 2 есе ұлғайту;

- 2025 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе ұлғайту;

- сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алу үшін гранттар санын 50%-ға ұлғайту;

- «Бірінші жұмыс орны» жобасын іске асыру;

- жастар ұйымдарының жобаларына және волонтерлік қозғалыстарды дамытуға гранттарды қаржыландыруды 1,5 есеге ұлғайту;

- әр өңірде аға буын адамдар үшін белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құру;

- АӨК субъектілерін субсидиялау.

5.5 Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары

2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары мен тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді, сондай-ақ «AMANAT» партиясының  сайлауалды бағдарламасында айтылған бастамаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Қосымша қаржыландыру көздерін тарту үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру МЖӘ тетіктеріне қайта бағдарланатын болады.

Бюджеттік инвестициялар үшін экономика мен жұмыспен қамтудың өсуіне мультипликативтік әсері бар, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салалар басым болып табылады.

Бюджеттік инвестицияның негізгі бағыттары:

  1. Экономиканың сабақтас секторларын дамыту және экономикалық белсенділікті сақтау арқылы экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.

Осы бағыт шеңберінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны», «Ұлттық қауіпсіздік» ұлттық жобалары шеңберіндегі іс-шаралар басым қаржыландырылатын болады.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, су және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй құрылысын дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін одан әрі дамыту арқылы өңірлік драйверлерді дамыту және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту.
  2. Әлеуметтік саланы жаңғырту. Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің желісін кеңейтуді қаржыландыру апатты мектептерді жою және үш ауысымдық білім беру проблемаларын шешу, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту есебінен жүзеге асырылады.
  3. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды іске асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылатын шаралар басым қаржыландырылатын болады.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында бюджетті жоспарлау әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Бюджеттік инвестицияларды тек жоғары әлеуметтік-экономикалық қайтарымы бар жобаларға шоғырландыру және жеке инвестициялар үшін тауашаларды босату арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғасады.

Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаттарын қолдану арқылы бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін күшейту жолымен қол жеткізіледі. Бұл бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардағы тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне ерекше көңіл бөлінеді.

Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2024-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ (2 кезең)
Дата публикации
17 октября 2023