Өнеркәсіп. 2023 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 574,6 млрд. теңгені құрады, НКИ-106,7%.
Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 14,0%-ға (69,1 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде 7,6%-ға (412,4 млрд. теңге) өсім байқалады.
Сонымен қатар, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 5,2%-ға (89,0 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 6,5%-ға (4,0 млрд.теңге) төмендеді.
2023 жылы 27,2 млрд. теңгеге 3 өнеркәсіптік-инновациялық жоба іске асырылуда, онда 170 жаңа жұмыс орны құрылады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 231,7 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-тамызына 97,0%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 92,0 млрд. теңге (НКИ-90,0%), мал шаруашылығы – 139,6 млрд. теңге (НКИ-102,7%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2023 жылы 27 369,7 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 6 716,0 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 20 653,7 млн.теңге. 2023 жылғы 1 қыркүйегіне 16 243,8 млн. теңге игерілді.
2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 762,5 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,3 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 407,2 мың га, майлы дақылдар – 65,6 мың га, көкөніс және бақша дақылдары – 59,8 мың га, картоп - 11,3 мың га, қант қызылшасы – 10,8 мың га, жемшөп дақылдары - 212,2 мың га.
2023 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша 379,7 мың га немесе егін жинау алаңының 100% дәнді масақтары жиналды, онда өнімділік 9,6 ц/га құрады.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында 82,6 мың тонна ет (тірі салмақта) немесе 104,9%, сүт - 232,9 мың тонна (101,4%), жұмыртқа – 88,4 млн. дана (91,4%) өндірілді.
МІҚ саны 548,3 мың басты (105,2%), қой – 3784,3 мың басты (108,6%), жылқы – 190,4 мың басты (109,3%), құс – 1993,3 мың басты (106,3%) құрады.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2023 жылғы қаңтар-наурызында шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 192,5 млрд. теңге (138,8%), жұмыспен қамтылғандар саны - 157,1 мың адамды (122,0%) құрады.
2023 жылғы 1 қыркүйекке жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 107,4 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 89,4%-ды құрайды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында (Бизнестің жол картасы - 2025 іске асырылуы бастағаннан бері) барлық қаржылық қолдау құралдары бойынша сомасы 231,8 млрд.теңгеге 10 085 жоба іске асырылуда. Начало формы
Оның ішінде «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау», жалпы сомасы 172,4 млрд. теңгені құрайтын 5309 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. 13,8 млрд. теңгеге 537 жоба).
«Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 37,2 млрд. теңгені құрайтын 4362 жоба жүзеге асырылуда (2023 ж. – 5,9 млрд. теңгеге 477 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 21,4 млрд.теңгеге 136 жоба іске асырылуда (2023 ж. – 283,4 млн. теңгеге 6 жоба).
2023 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда айналымы 303,6 млрд.теңге және 2022 жылғы қаңтар-тамызға 3,9%-ға, көтерме тауар айналымы – 263,4 млрд. теңгеге (0,2%-ға) ұлғайды.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 280,0 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы қаңтар-шілдеге 133,6%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 56,3 млн. АҚШ долларын (78,3%), импорт - 223,7 млн. АҚШ долларын (162,6%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 167,4 млн. АҚШ доллары.Начало формы
Конец формы
Көлік. Көлік қызметтері ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 332,1 млрд.теңгені (99,3%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 29,4 млн. тонна (90,7%), жүк айналымы – 27,8 млрд.ткм (95,3%), жолаушыларды тасымалдау - 38,1 млн. адам (117,9%), жолаушылар айналымы – 1,2 млрд. жкм (90,2%) құрады.
Инвестиция. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 268,0 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 108,0%-ды құрады.
Инвестиция көлемінің өсуі мыс өндіру («Қазақмыс корпорациясы Балқашцветмед өндірістік бірлестігі» ЖШС-гі), шахта салу («ZANASHYR Прожект» ЖШС-гі), республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін (Меркі-Тернбайтал) қайта жаңарту, тау-кен күрделі қазбаларына жұмсалатын шығындарға, Сарысу ауданында жел электр станциясының («Шоқпарская жел электр станциясы» ЖШС-гі), тыңайтқыштар өндіру зауытының («Еврохим-Қаратау» ЖШС-гі) құрылысына тартылған инвестиция есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 133,8 млрд. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 124,8% құрады.
Өсім Мойынқұм ауданында Орталық-Оңтүстік дәлізі шеңберінде «Құрты-Бурылбайтал» 21,52-22,14 шқ жол учаскесін («СинеМидасСтрой» БК ЖШС-гі және «Тодини Конструкциони Женерали» АҚ ЖФ) қайта жаңарту, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің «Балқаш-Бурыл Байтал» учаскесін (Қазақстан филиалы «Синодрокорпорейшн Лимитед» АҚ) қайта жаңарту, Шу ауданындағы Шатыркөл-Жайсан кластерінде («Инженеринг Групп» ЖШС-гі) байыту фабрикасын салу, «Меркі-Бурыл Байтал» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шу 90-000-126+638 шқ айналма учаскесін («ҚР «СиньСинь» Құрылыс және даму жөніндегі қытай компаниясы» ЖШС-гі филиалымен) қайта жаңарту, Шатыркөл кенішінің объектілерін салу («Омаров атындағы қазу тресті Қазақмыс Шахта корпорациясы» ЖШС-гі филиалы), ЖЭС-тің 6 іргетасын салуды аяқтау («GFD PARTNER» ЖШС-гі), Ақкөл көлінен кальциленген сода өндіретін зауыттың шекарасына дейін су құбырын салу («Fortis» ЖШС-гі) есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 389,9 мың ш.м немесе 2022 жылдың тиісті деңгейіне 101,2%-ды құрады.
Өсім жеке құрылыс салушылардың тұрғын үйді пайдалануға беруі есебінен қамтамасыз етілді.
Инфляция деңгейі 2023 жылғы тамыз айында 6,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,9%-ға, азық-түлік емес ауарлар - 7,1%-ға, ақылы қызметтер - 6,4%-ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР – 6,6 %).
Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы тамызда 2023 жылғы шілдеге 100,9 құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша - 100,3%-ды, азық-түлік емес тауарлар бойынша - 101,0%-ды, ақылы қызметтер бойынша - 102,2%-ды құрады.
Азық-түлік тауарлары бойынша 2023 жылғы тамызда бағалар қырыққабат - 21,0%-ға, кофе - 4,8%-ға, күріш - 3,5%-ға, алкогольсыз сусындар - 3,0%-ға, шәй - 2,0%-ға, шұжық, ет - 1,3%-ға (о.і. жылқы еті - 2,1%-ға, қой еті - 1,8%-ға, сиыр еті - 1,3%-ға, ет – 0,3%-ға), балық және теңіз өнімдері - 0,9%-ға, сүт өнімдері - 0,7%-ға (о.і.қатты ірімшік - 2,2%-ға, сүзбе - 0,9%-ға, айран - 0,6%-ға, жемістер – 0,6%-ға (о.і. алма - 4,8%-ға), май және тоң май - 0,5%-ға (о.і. сары май - 2,1%-ға) артты.
Көкөністердің бағасы - 9,9%-ға төмендеді (о.і. пияз - 27,1%-ға, қызанақ - 19,4%-ға, қызылша - 4,4%-ға, қияр - 3,9%-ға, картоп - 1,1%-ға, сәбіз - 0,3%-ға), қант - 3,4%-ға, өсімдік майы - 1,2%-ға, жұмыртқа - 0,3%-ға, жарма - 0,2%-ға (о.і. қарақұмық - 0,3%).
Нан, ұн, макарон өнімдері, қаймақ бағасы өзгеріссіз қалды.
Азық - түлік емес тауарлар бойынша сұйытылған газдың (баллондарда) бағасы - 2,8%-ға, өзге де заттарға, аспаптар мен жеке пайдаланылатын тауарларға - 2,4%-ға, шыны бұйымдарға, ас құралдары мен үй ыдыстарына - 1,7%-ға, аяқ киімге - 1,5%-ға, сыртқы киімге - 1,2%-ға, қызмет көрсетуге және тұрғын үй - жайларды жөндеу - 0,6%-ға, жуу және тазалау құралдары, бензин - 0,4%-ға, фармацевтикалық өнім - 0,1%-ға артты.
Кітаптар мен кеңсе тауарларының бағасы - 0,4%-ға төмендеді.
Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында демалыс, ойын - сауық және мәдениет саласында - 10,1%-ға, ыстық су - 6,1%-ға, ұялы байланыс - 2,8%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету - 1,6% - ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу - 0,1%-ға артты.
Көлік қызметтеріне - 0,2%-ға (о.і. әуе жолаушылар көлігі - 20,1%-ға, теміржол жолаушылар көлігі - 0,7%-ға) төмендеу байқалады.
Салықтар. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік бюджетке 138,8 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 107,8% (о.і. РБ – 42,6 млрд. теңге (76,0%), ЖБ - 96,2 млрд. теңге (132,3%)) түсті.
Салық бойынша берешек 4,2 млрд.теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 111,3-ды құрады.
Бюджет. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 390,2 млрд.теңгені, оның ішінде өзіндік кірістері – 96,2 млрд. теңгені немесе болжамға 132,3%-ды (о.і.салықтық түсімдер – 86,8 млрд. теңге (126,8%), салықтық емес түсімдер – 6,0 млрд. теңге (237,7%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 3,4 млрд. теңге (199,3%) құрады. Бюджеттік шығындар 99,7%-ға (357,7 млрд.теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 43 434 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 19 540 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1 068 адам, жастар практикасымен – 1 607 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен - 9 348 адам қамтылды.
Жаңадан 49 991 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 35 717. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 40 158 адамның 28 100 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 291 861 теңгені құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 12,4%-ға артты (2023 ж. 2 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
121 857 теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ға өсті (2023 ж. 1 тоқсан).
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 51,3 мың тұрғынға 2 804,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 2 670,3 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 99,9 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 34,5 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2023 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 314,7 млрд. теңге қарастырылып, 194,8 млрд теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 100%, 27 білім беру нысанын дамытуға 27,7 млрд.теңге бөлінді.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 2 мектептің (1200 орындық), Қордай ауданында 2 мектептің (600 орындық), Тараз қаласында 4 мектептің (5000 орындық) құрылысы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Жамбыл ауданында 1 мектептің (150 орындық), Меркі ауданында 2 мектептің (230 орындық), Қордай ауданында 1 мектептің (150 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектептің (300 орындық), Сарысу ауданында 1 мектептің (50 орындық), Шу ауданында 1 мектептің (300 орындық) және Тараз қаласында 4 мектептің (3 180 орындық) құрылысы мен 8 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.
Ағымдағы жылы 13 жобаны іске асыру есебінен 1 апатты, 5 орын тапшылығы бар, 3 тозығы жеткен және 4 жапсарлас ғимараттың мәселесі шешілетін болады.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстағы 446 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 349 мектепте 2321 интерактивті тақталар орнатылды.
Бүгінге, 573 мектепке дейінгі ұйымдармен (451 балабақша, 122 шағын орталықтар) 60,3 мың бала немесе 91,7% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2022 жылдың деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2023 жылы
13,5 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге 6,5 млрд. теңге игерілді, немесе 100%-ды құрады.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,6 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 2,3 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,5 млрд. теңге бөлінді (ЖБ - 4,8 млрд. теңге, ҰҚ - 0,7 млрд. теңге), есепті мерзімге 1,6 млрд. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 3772,0 млн. теңге (оның ішінде ЖБ - 1170,7 млн.теңге, Ұлттық қордан - 2 601,3 млн. теңге) қарастырылған.
Бөлінген қаражатқа 21 денсаулық сақтау нысанын (ДА - 6, МП – 7, ФАП – 2 құрылысы, Жуалы ауданы Б. Момышұлы а. орталық аудандық ауруханасы ғимаратына, Масаншы а. емханасына қосымша құрылысы, Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана құрылысы, Шу ауданы Шу қ. қалалық емханасын, Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту, Тараз қ. 200 орынға арналған онкодиспансер құрылысы) салу жоспарлануда.
2023 жылғы қаңтар-тамызда қатерлі ісік аурулары, наркологиялық аурулар, психикалық бұзылулар, қант диабеті және қан айналымы жүйесімен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сонымен қатар, туберкулез және мерез ауруларымен сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.
Ана өлімінің 5 жағдайы Тараз қаласында (1), Т.Рысқұлов (2), Байзақ (1) және Меркі (1) аудандарында тіркелді.