Жамбыл облысы бойынша 2022 жылы жалпы өңірлік өнім 2685,5 млрд. теңгені құрады, НКИ – 103,4%.
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 2212,2 мың теңге (2021 ж. - 1976,9 мың теңге).
2023 жылдың қыркүйек айында инфляция деңгейі 7,0%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 6,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 7,8%-ға, ақылы қызметтер – 6,9%-ға көтерілді.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР – 7,2%).
2023 жылдың 2 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрады.