Жамбыл облысы әкімінің Мойынқұм ауданыМыңарал және Шығанақ ауылдық округтерітұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде
АҚПАРАТ
Кездесу өткен күн: 24.02.2023 жыл
Берілген тапсырмалардың барлығы: 15
Оның ішінде:
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Шығанақ ауылдық округінде кәсіпкерлермен келісіп, көп қабатты үйлердің жинақтағыш тұндырғыштарынан (септик)сұйықтұрмыстық қалдықтарды жинауға және оларды көмуге арналған жерге тасымалдауға арналған арнайы көлік (ассенизаторская машина)жұмысын ұйымдастыру |
2023 жылғы 1 маусым |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Арнайы көлік (ассенизаторская машина) жұмысын ұйымдастыру бойынша көрші Алматы облысына қарасты Үлкен ауылының «Үлкен су» жеке кәсіпкері ай сайын Шығанақ ауылына бір рет келіп жұмыс жасайтын болып келісілді. Орындалды.
|
|
2 |
Шығанақ ауылдық дәрігерлік амбулаторияда күндізгі стационар жағдайында ем алуға жағдай жасау |
2023 жылғы 20 наурыз |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудандық орталық аурухана |
Шығанақ дәрігерлік амбулаториясының күндізгі стационар бөлімі - 5 төсекке арналған. Барлық науқастар клиникалық протоколға сәйкес ем қабылдауда. Бір жыл ішінде 480 науқасты емдеуге мүмкіндік бар. Тұрғындар сұранысы толық өтелген. Орындалды. |
|
3 |
Шығанақ ауылының ауыз су имараты «Шығыс кең басқармасының» ЖШС жекеменшікке өту заңдылығын зерделеу |
2023 жылғы 1 сәуір |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, Мойынқұм ауданынның прокуроры Т.Оспанов (келісімі бойынша)
|
Ауыз су имараты «Шығыс кең басқармасы» ЖШС-нің теңгеріміне заңды түрде өткендігі анықталды. Бүгінгі таңға «Шығыс кең басқармасы» ЖШС жекеменшігінде. Сонымен қатар ескі имараттың қолданыста болмауына, жарамсыз болуына және Жамбыл облысының шекаралық аймағынан тыс орналасуына байланысты қайта теңгерімге алудың қажеттілігі жоқ. Себебі 2013 жылы Шығанақ ауылына жаңа ауыз су имараты пайдалануға берілген. Ауыз су жүйесін күтіп ұстауға бюджеттен қаражат қаралды. Орындалды. |
|
4 |
Аудан бойынша ауыз су тарату имаратындағысу тұшытқыш мембраналық қондырғының пайдалануына, техникалық қызмет көрсетуіне аудандық бюджеттен жеткілікті қаражат бөлу |
тұрақты |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Шығанақ , Жамбыл, Қылышбай ауылдарына суды тазарту станцияларындағы мембраналық қондырғыны күтіп ұстауға 2023 жылға қажетті химиялық реагенттерге 7,2 млн. теңге қаржы бөліген. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен ст. Мыңарал, Мыңарал, Шығанақ, Мирный-Қияхты-ст.Бурылбайтал елді мекендеріне мембраналық қондырғы орнату және оны 1 жылдық қызмет көрсетуге 311,9 млн теңге қаржы қарастырылды. Орындалды. |
|
5 |
Цемент зауытынан алынатын паддонның бағасы туралы (от жағуға пайдаланылатын) |
тұрақты |
Аудан әкімі Ауыл әкімі |
Бүгінгі таңға 1 тонна ағаштың (паддон) бағасы 75 мыңнан 25 мыңға түсіріліп халыққа босатылуда. Орындалды. |
|
6 |
Мыңарал ауылындағы ауыз су жүйесін қайта жаңғырту бойынша ұсыныс енгізу |
2023 жылғы 1 сәуір |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Мыңарал және ст. Мыңарал елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су қабылдау имараттарына қуаттылығы 15м3/сағ мембраналық қондырғы және тазарту кешенін орнатуға 152,520 мың теңгеге салалық басқармаға 13.04.2023 және 22.05.2023 жылы бюджеттік өтінім ұсынылып,қаражат бөлініп, "Мойынқұм су-жылу" КМКМК келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
7 |
Мыңарал ауылының тұрғыны Қ.Б.Саутовқа Қазақстан Республикасының азаматтығы мен құжаттарын заңдастыруға көмек көрсету |
2023 жылғы 1 мамыр |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудандық полиция бөлімі Ж.Тохабаев (келісімі бойынша),
|
Мыңарал ауылының тұрғыны Қ.Б.Саутовқа Қазақстан Республикасының азаматтығы мен құжаттарын заңдастыру мәселесі бойынша қазіргі таңда Саутова Руфина және Саутов Қанаттың Ресей Федерациясының төлқұжаттары мен соттылық жоқ туралы анықтамалары алынып, Ресей Федерациясының елшілігінде есепке тұрғызылды. Аудандық көші-қон полиция бөліміне ықтияр хатқа сәйкес тапсырылатын құжаттар тізімін қызы Руфина және ұлы Қанатқа ұсынылып тізімге сәйкес құжаттар жинастырылуда. Құжаттар толық жинастырылғаннан соң, аудандық көші-қон полициясы тарапынан Астана қаласаның ішкі істер органдарына келісімге жіберіледі. Келісімге жіберу уақыты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Анасы Саутова Альмираның кірістер басқармасынан қарызы жоқ деген анықтама Ресей Федерациясынан келмеді. Қазіргі таңда екінші рет өтініш жіберіліп жауабын күтілуде. Орындалу үстінде. |
|
8 |
Мыңарал ауылдық округіндегі ескірген электр желілері мен электр бағаналарын жаңарту жұмыстарын жүргізу қажеттілгіне қарай электр қуатын арттыру мақсатында трансформатор орнату |
2023 жылғы 1 маусым |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Мыңарал ауылында тозған желілер мен өткізу қабілеті жеткіліксіз желілерді ауыстыра отырып, 6-10 және 0,4 кВ қуаттылықтағы тарату желілерін реконструкциялау» нысанының ЖСҚ – сын әзірлеу үшін 2022 жылы 13,4 млн. теңге бөлініп құжаттар сараптаманың оң қорытындысы алған. Жоба құны 446,3 млн. теңге. Жоба 3 шілде күні облыстық бюджеттің қарауына ұсынылды. Орындалу үстінде. |
|
9 |
Мыңарал ауылдық округін жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс енгізу |
2023 жылғы 20 наурыз |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудандық орталық аурухана |
Бүгінгі таңға денсаулық сақтау басқармасы тарапынын мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, Мыңарал ауылын жедел жәрдем көлігімен жыл соңына дейін қамтамасыз етіледі. Орындалу үстінде |
|
10 |
Шығанақ ауылындағы ауыз су жүйесіне қосымша (цистерна) орнату |
2023 жылғы 1 маусым |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Шығанақ ауылына ауыз су цистернасының қажеттілігі зерделеніп, цистернаның қажеттілігі жоқ екендігі анықталды. Шығанақ ауылы ауыз су имараттарына қуаттылығы 42м3/сағ мембраналық қондырғы мен тазарту кешенін орнатуға және 1 жылдық сервистік қызмет көрсетуге 114,6 млн.теңге бөлінді. Қаржы қарастырылдыү Қазіргі уақытта келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
11 |
Шығанақ ауылындағы ауыз су тарату имаратындағы су сапасын ретке келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ мамандарымен бірлесіп, ауыл азаматтарын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру |
2023 жылғы 1 сәуір |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Шығанақ ауылындағы ауыз су тарату имаратындағы су сапасын ретке келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ мамандарымен бірлесіп, ауыз су имаратынның 4 қызметкерін оқыту жұмыстарын ұйымдастыру Шығанақ ауылына мембраналық қондырғыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен соң іске асырылады. Орындалу үстінде. |
|
12 |
Шығанақ ауылында ауыз судың тәулік бойы берілуін қамтамасыз ету |
тұрақты |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Шығанақ ауылы ауыз су имараттарына қуаттылығы 42м3/сағ мембраналық қондырғы мен тазарту кешенін орнатуға және 1 жылдық сервистік қызмет көрсетуге 114,6 млн.теңге бөлінді. Қаржы қарастырылды. Қазіргі уақытта келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
13 |
Шығанақ ауылдық округі аумағында «Балқаш-Бұрылбайтал» тас жолының қайта жаңғырту жобасы аясында жүргізіліп жатқан автокөлік жолынан МІҚ малдар өткелін салу |
2023 жылғы 1 мамыр |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
|
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ы Шығанақ ауылдық округ әкімшлігінің сұранысына сәйкес «Алматы-Екатеренбург» автомобиль жолының 348, 354 және 360 шақырымдарында қосымша 3 мал өткелін салу жұмыс кестесіне (ГПР) сәйкес жоспарланды. Бүгінгі күні мал өткелінде жұмыстар толығымен аяқталды. Орындалды.
|
|
14 |
Ауылдық клубты жөндеуден өткізу мәселесі туралы
|
2023 жыл 31 желтоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
Шығанақ ауылының клубын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы 2025 жылдың даму жоспарына енгізген. Орындалу үстінде.
|
|
15 |
Аудан орталығына қоғамдық көліктің қатынауы туралы
|
2023 жыл 31 желтоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль |
«Мойынқұм - Бурылбайтал - МыңАрал» маршрутына 2 айлық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда, әлеуметтік маңызы бар маршруттарды тізіміне қосу және тасымалдау құқығына конкурс өткізу үшін аудан әкімдігі 1 тамыз 2023 жылы аудандық газетке хабарлама берді. Қыркүйек айында конкурс ойнатылып ЖК "Рысымбетов" жеңімпаз болып анықталды. 2024 жылдың бірінші нақтылауына субсидиясы бойынша өтінім беріледі. Орындалу үстінде. |