Кездесу өткен күн: 09.09.2022 жыл
Берілген тапсырмалардың барлығы: 20 тапсырма
Оның ішінде:
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін дамыту бағытында тиісті шаралар қабылдау |
2022 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі: 2022 жылдың қорытындысымен 24 719,5 млн. теңгені, нақты көлем индексі 84,2 %-ды құрады Құрылыс жұмыстарының көлемі: 2022 жылдың қорытындысымен 12 065,3млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 39,1 %-ды құрады. Тұрғын үй алаңы: Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2022 жылдың қорытындысымен 6625,0 шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 39,0 %-ды құрады. Орындалмады. |
|
2. |
Ауданды абаттандыру және жасыл аймақтар құру |
2022 жылғы 30 қараша |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
2022 жылға аудан бойынша 10 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Алайда Жамбыл облысының прокуратурасы және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 2022 жылдың тексеру қорытындысымен аудан бойынша 4,0 мың түп ағаш отырғызылмағаны анықталды. 2023 жылға жоспар бойынша 10,0 мың түп ағаш егу бекітілген. Бүгінгі күнге тек 3,7 мың түп ағаш екпелерін көктем айларында отырғызылған, қалған 6,3 мың дана ағаш егу жұмыстары күз айларында жоспарлануда. Алайда бүгінгі күнге егілген ағаштардың 1,1 мың данасы қурап қалған (Мойынқұм а/о 500 түп, Қылышбай а/о 600 түп). Жасыл белдеуін құру жұмыстары 37%-ға орындалған. Орындалмады |
|
3. |
Ауданға инвестициялық жобалар тарту бағытында жұмыстар жүргізу
|
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын
|
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлікбөлімі |
Аудан аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған жалпы жобалық құны 34,4 млрд. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба Жамбыл облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізіліп, 2025 жылға қарай жүзеге асырылуы жоспарланып отыр. Олар: 1. Turan Industry» ЖШС. «Табиғи тастан плиталарды, қаптауға арналған тақтайшаларды өндіру бойынша зауыт салу» жобасы. 2. «SATELLITE GS» ЖШС. «Мыңарал кен орнында құрамында алтын бар кенді өндіру және өңдеу» жобасы. 3. «Максутова» ЖК. «Балық өңдеу цехы» жобасы. 4. «Shagala Mining» ЖШС. Мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу жобасы. 5. «АЛТЕК MINING» ЖШС. «Доре қорытпасын өндіру бойынша қазіргі заманғы тау-кен байыту кешенін салу және пайдалану» жобасы. 6. «Бастан-Эк» ЖШС. «Мырыш кендерін өңдеу және өндіру» жобасы. 7. «Qazken Invest» ЖШС. «Тау-кен өндірісін ұйымдастыру, марганец кенін өндіру»жобасы. Орындалу үстінде |
|
4. |
Ауылдық кітапханаларды интернет желісімен қамтамасыз ету |
2022 жылғы 30 қараша |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Аудан бойынша 20 кітапхана орналасқан оның 18 интернетпен қамтылған, қалған 2 ауылда Сарыөзек және Ұланбел ауылдары интернетпен қамтылмаған. Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерді талшықты – оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы аясында Ұланбел, Сарыөзек ауылдары интернет желісімен қамтылуы күтілуде. Орындалу үстінде
|
|
5. |
Шу өзені мен Радай өзегінің жағалауын және су құрылымдарын жаңғырту |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің сәулет және қалақұрылысыбөлімі |
Шу өзені мен Радай өзегінің жағалауын және су құрылымдарын жаңғырту жұмысы бойынша («Фурманов» су торабынан «Радай» өзегіне дейін) жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге «Пана-2030» ЖШС-гі. Жобаның болжамды сметалық құны 394,9 млн.теңгені құраған. Яғни бүгінгі таңда жоба Сәулеттік бюродан келісім алынып, жоба сараптамаға ұсынылды. Жобаның мемлекеттік сараптамадан шығу уақытысы болжам бойынша ағымдағы жылдың қараша айында. Орындалу үстінде |
|
6. |
Қанағаттанарлықсыз жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдар мен ауыл ішілік жолдарына жөндеу мәселесін шешу жолдарын қарастырып, ұсыныс енгізу |
2022 жылғы 31 қазан |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Мойынқұм ауданы бойынша аудандық маңызы бар жолдар 158,2 шқ және Аудандық маңызы бар 124,4 шқ автомобиль жолдарын және 59 шқ елді мекен көшелерін орта жөндеу үшін қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде. Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар "Көкжелек ауылына кіре-беріс" автожолына 4,7 шақырым орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Шығанақ, Биназар, Мойынқұм ауылдарындағы 11,7 шақырымды құрайтын 20 көшеге орта жөндеу жұмыстары аяқталды. Одан бөлек, аудан тарапынан 6 көшеге 4 шқ орта жөндеу жұмыстары аяқталды. 2024 жылы аудандық маңызы бар автомбиль жолын жөндеу бойынша 29,7 шақырымды құрайтын 4 жобаға ЖСҚ әзірленуде. 2024 жылы елді мекен көшелерін жөндеу бойынша 25,3 шқ құрайтын 23 көше орта жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Орындалу үстінде |
|
7. |
Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру бойынша ұсыныс енгізу |
2022 жылғы 31 қазан |
Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудандық білім бөлімі |
Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ 19.01.2021 ж. № QKZ-0002/21 сараптамадан өткен. Келісім-шарт бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына 2023 жылға 296,1 млн.тг қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде
|
|
8. |
Радай көпірін ретке келтіру туралы
|
жыл соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі |
«Радай» өзеніндегі көпір құрылысының» ЖСҚ соммасы 626 млн.теңгені құрап №19-0390/21, 27.09.2021 жылы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Аталған жобаны қаржыландыру бойынша өтінім берілген. Орындалу үстінде |
|
9. |
Ауданды газдандыру мәселесі туралы
|
жыл соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің құрылыс бөлімі |
1. Шу ауданы Қонаев ауылының газ құбырына қосылу нүктесінен Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылына дейінгі құбырлары жобаны 3 кезеңке бөлінді. Атап айтқанда 1 кезең 67,5 шақырым болатын (Айдарлы, Бірлік, Биназар) жобалық құны 18,500 млн. теңге, 2 кезең 44 шақырым (Назарбеков, Көкжелек, Күшаман) жобалық құны 4 млрд. теңге, 3 кезең 35,5 шақырым болатын (Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай) жобалық құны 4 млрд теңге. Жалпы газ құбыры жобасы бойынша құны болжам бойынша 26,5 млрд теңгені құрайды. 1-кезеңінің жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы №19-0148/22 02.05.2023 жылы алынды. Жобалық сметалық құны 18 500,0 млн.теңге болды. Аталған жобаны қаржыландыру үшін 2023 жылдың 12 мамырында«Инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды» алынып ҚР Энергетика министрлігіне өтінім берілді. 2 кезең жобаcы шілде айында 3 кезең тамыз айында мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Яғни 2 кезең қыркүйек айында және 3 кезеңнің газ құбыры жобасы болжам бойынша мемлекеттік сараптамадан ағымдағы жылдың 30 қазанында қорытынды алынады. Сонымен қатар ауыл ішіндегі газбен жабдықтау жүйелері 4 кезеңге бөлініп жобалар әзірленді. Атап айтақанда: - 1-ші жоба Айдарлы, Бірлік және Биназар ауылдары жалпы құны 1 977,0 млн теңге. Аталған жоба бүгінгі таңда «Сәулет бюро» мекемесінен келісім алынып, ведомствалық сараптамаға енгізіліп, оң қорытындысы алынып, жобаны қаржыландыру бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ағымдағы жылдың 19 маусымында бюджеттік өтінім ұсынылды. - 2- ші жоба А.Назарбек, Көкжелек және Күшаман ауылдары жалпы құны 1 млрд. теңге. (шілде айында сараптамаға ұсынылды. Болжам бойынша қыркүйек айында) -3-ші жоба Жамбыл және Қылышбай ауылдары жалпы кұны болжам бойынша 1 млрд. теңге. -4-ші жоба Аудан орталығындағы Мойынқұм ауылы жалпы құны болжам бойынша құны 1 млрд. теңге. Яғни 3 және 4 кезеңдегі жобалардың құжаттарын жинақтау, яғни тиісті мекемелерден келісім алу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалар кезең-кезеңімен ведомствалық сараптамаға ұсынылады. Жалпы Мойынқұм ауданы қарасты 9 елді мекенді газдандыру бойынша 7 жоба әзірленіп жоба құны болжам бойынша 31,477 млн. теңге. 2. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы 4 елді мекенді (Хантау, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек) жеткізуші газ құбырларының болжамды ұзындығы – 103,6 шақырым. (Мердігер«Redline Pro» ЖШС) Қосылу нүктесі – Қылышбай және Биназар ауылдарында орналасқан шкафтық газ реттеу станциясынан. Яғни аталған елді мекендерді газдандыру бойынша жоғарыда аталған әдісті пайдалана отырып газ құбыры 2 кезеңге бөлініп; 1- кезең Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек және 2 кезең - Хантау ауылына дейінгі газ құбыры. Яғни 1 және 2 кезеңдегі газ құбыры жобалардың яғни тиісті мекемелерден келісім алу, мемлекеттік сараптамаға ұсыну алдында құжаттарды түгелдеу жұмыстары жүргізілуде. Яғни болжам бойынша қыркүйек айы ішінде сараптамаға ұсыналады. Ауылы ішіндегі газ тарқату желілері бойынша әр ауылға (Хантау, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек) бөлек жоба әзірленіп ведомствоаралық сараптамаға ұсынылып, ағымдағы жылдың 17 шілдесін оң қорытынды алынып бюджеттік өтінім (Энергетика басқармасына) берілді. Жалпы жобаны аяқтау болжам бойынша ағымдағы жылдың 4 тоқсанында. Орындалу үстінде. |
|
10. |
Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу т.б.) бойынша жұмыстарды жандандыру |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын
|
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, халықты жұмыспен қамту орталығы |
Тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары бойынша аудан көлемінде 27 жиын өткізіліп, Мойынқұм таңы газетіне 9 мақала жарияланған. 2022 жылдың 8-24 қыркүйек аралығында еңбек вице-министрі жетекшілік жасаған топ, облыстық басқарма тарапынан келген топтар ауданның барлық елді мекенін қамтып жаңа бағдарламаларды насихатталды. Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті дамытуға ауданда 57 азамат қайтарымсыз грант алды. Атаулы әлеуметтік көмекке 80 отбасындағы 459 адамға 31 млн. 528 мың теңге тағайындалып, төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейінгі 110 балаға 228 химиялық тауарлар топтамасы және 667 азық-түлік берілді. Орындалды |
|
11. |
Ауданда тұрақты жұмыс орындарын ашу |
2022 жылдың соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, халықты жұмыспен қамту орталығы |
Ауданға Ұлттық жобалар бойынша жалпы 944 жұмыс орны құру жоспары бекітілген, оның ішінде тұрақтысы 266 және уақытша 678 жұмыс орны. 2022 жыл қорытындысымен барлығы 1247 жұмыс орны құрылды. Оның 912 уақытша, 335 тұрақты жұмыс орындары. Жоспар орындалды. Орындалды. |
|
12. |
Аудан аумағында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында үгіт-насихат жұмыстарын күшейту |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі |
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы жедел профилактикалық іс-шаралар жоспарлары әзірленген, олар бойынша 9 - «Құқықтық тәртіп», 12 - «Қауіпсіз жол», 8 - «Учаске» атты 29 іс-шара атқарылған. Аудандық «Мойынқұм таңы» газеті арқылы және АПБ-мен арнайы ашылған «moinkum_police» инстаграмм әлеуметтік желі парақшасында құқық бұзушылықты ескерту, патриоттықты салауатты өмір салтын насихаттау, рухани байлыққа бағыттау, құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің оң жұмыстарын, атқарылған іс-шаралар мен қол жеткізілген табыстар туралы барлығы 57 мақала жарияланған. Орындалды. |
|
13. |
Аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің жұмыс орны және жалақы қысқару мәселесін зерделеу |
2022 жылғы 30 қыркүйек |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудандық орталық аурухана |
Аудандық орталық ауруханасында 2022 жылы кредиторлық қарыздарының болуы орын алған. 14.ақпан күні берешек зейнетақы қоры, жалақы қарыздар, өзге де төлемдер толығымен өтеліп, мәселе шешілді. Орындалды. |
|
14. |
Мойынқұм ауданының Ұланбел ауылын көгілдір газбен қамту мақсатында «Амангелді-Газ» ЖШС арқылы газ жүргізу бағытында ұсыныс енгізу |
2022 жылғы 30 қараша |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің сәулет және қалақұрылысыбөлімі |
«Амангелді газ» кен орнынан табиғи газды өндірудің өзіндік құны жоғары болуына байланысты, бүгінгі күні аталған кен орында өндірілген табиғи газ экспортқа (Қытай Республикасына) тасымалданады. Бұл ретте, Ұланбел ауылына дейінгі жеткізуші газ құбырын «Амангелді газ» кең орнынан жүзеге асырылған жағдайда, облыстағы тауарлық газ тұтынушылары тарифының ұлғаюына әкеп соғады. Қосылу нүктесінде газ қысымы өте жоғары (50-55 МПа) болғандықтан, қосымша шағын автоматтандырылған газ тарқатушы стансасын салу қажет етеді. Жеткізуші газ құбырының және АГТС-ның болжамды құрылыс құны – 1,1-1,3 млрд.теңге. Бұл өз кезегінде экономикалық тұрғыда тиімсіз. Ұланбел ауылын газдандыру бойынша энергетика басқармасымен келісіліп 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілді. Шу ауданы бағытынан тартылатын газ құбырына қосу арқылы шешу көзделуде. Орындалды. |
|
15. |
Бірлік ауылындағы спорт кешенінің құрылысын мерзімінде аяқталуын бақылауға алу |
2022 жылғы 30 қараша |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің сәулет және қалақұрылысыбөлімі |
«Бірлік ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенін соғу» жобасы құрылысына конкурс қорытындысымен «Тараз құрылыс Инвест» ЖШС жеңімпаз болып, 278,0 мың теңгеге 28.07.2021 жылы №65 келісім шарт жасалған. Спорт кешенінің құрылысы 30 желтоқсан 2022 жыл аяқталып пайдалануға берілді. Орындалды.
|
|
16. |
Аудандағы мемлекеттік мекемелерде зейнет жасындағы қызметкерлер бойынша талдау жасау |
2022 жылғы қыркүйек |
Аудан әкімі аппараты |
Ауданда мемлекеттік мекемеде келісім-шарт негізінде қызмет атқарып отырған зейнеткер азаматтар жоқ. Орындалды. |
|
17. |
Қылышбай ауылындағы ауыз су сапасын және ауыз су жүйесін жүргізген мердігерлер бойынша зерделеу жұмыстары жүргізу |
2022 жылғы 30 қараша |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Жамбыл облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ауыз су сынамасы жіберілген, 03.10.2022 жылы РО-22-09026 нөмірмен сынаманың нәтижесі оң қортынды болып белгіленген. Бүгінгі күні «Абырой Груп» ЖШС өз қаражаты есебінен судың сарғыштығын қалпына келтіретін химиялық реагенттерімен тазарту жұмыстарын жүргізді. Елді мекенде жағдай тұрақты. Орындалды |
|
18 |
Мойынқұм су жылу мекемесі туралы
|
жыл соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
«Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Мойынқұм су-жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мамандандырылған көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына 2020 жылдың 27 наурызында сот шешімімен оңалту шаралары қолданылған. Сот шешімі 2020 жылдың 27 сәуірінде заңды күшіне еніп, оңалту рәсімі жүргізілуде. 2023 жылдың 31 шілдесіне мекеменің қалған жалпы қарызы 35,6 млн. теңгені құрайды (тек салық бойынша). Төлем кестесіне сәйкес қарыздарды толық өтеу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Орындалды
|
|
19 |
Тоғандардың тазалануы, шлюздың ремонттары туралы
|
жыл соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі |
Аталған жұмыстарды атқару үшін жергілікті бюджеттен 120,7 млн теңге қарастырылып, конкурска салынып жеңмпаздар анықталды. Соның ішінде Бірлік ауылдық округі бойынша «Бірлік, Оңғарбай» каналдарына механикалық тазалау жұмыстарын және ауыл ішілік каналдарды тазалау жұмыстарын 9,0 млн теңгеге «Стройобъект» ЖШС жұмыстарды толық көлемде аяқтады. Шлюздерді қалпына келтіру бойынша 2,7 млн.теңгеге 8 шлюзге ремонт жасалынып пайдалануға тапсырылды. Орындалды |
|
20 |
Мойынқұм ауылы Похаленко көшесінің ауыз су мәселесі туралы
|
жыл соңына дейін |
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Б.Майлин көшесімен Пахоленко көшесін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 7,2 млн тг. қарастырылып, мердігер тарапынан 200 диаметрлік магистралды су құбырынан, 650 метр 100 мм диаметрлік құбырмен Б.Майлин, Пахоленко көшелері қиылысына жалғау жұмыстарын жүргізілген. Бүгінгі таңға ауыз су берілуде. Орындалды |