Облыс әкімінің Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының БЕКІТІЛІСІ

                                                                                                                                                   БЕКІТЕМІН

Жамбыл облысының әкімі                                     

   __________ Н.Нұржігітов

«   _ «  шілде  2023 жыл

 

 

Облыс әкімінің Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының

БЕКІТІЛІСІ

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалу барысы

1

2

3

4

5

 

1.     

«КазСода» ЖШС-нің құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауда ұстау

 

 

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,
Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

«Сарысу ауданында жылдық қуаттылығы 500,0 мың тоннаны құрайтын кальцийлендірілген сода өндіру зауытының құрылысы» қазіргі таңда жалғасуда. Әктас және тас тұзын өндіруге лицензия алынды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың шілде айында басталды.

        «QazaqSoda» ЖШС зауытына жалпы құны 398,0 млн.теңгені құрайтын электр энергиясын тарту бойынша құрылысы аяқталып, Сарысу ауданы әкімдігінің балансына берілді.

         Сонымен қатар, су жүйесін Ақкөл көлінен зауыт шекарасына дейін тарту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Теміржол тұйығын тарту жобасы бойынша 23.02.2023 ж. 12,6 млрд теңгені құрайтын жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті. Құжаттар облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына берілді, қаржыландыру күтілуде.

         Зауыттың тұрмыстық қажеттіліктері үшін газ құбырын тарту бойынша ЖСҚ әзірленуде (Шаян-ЕвроХим-Жаңатас).

         Жоба 2025 жылдың ІІ-ші жартыжылдығында іске қосылады деп жоспарлануда.

 

2.     

Жаңаталап ауылындағы мектепке жапсарлас салынып жатқан құрылыс (акт, спорт зал және асхана құрылысы) жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес аяқталуын бақылауда ұстау

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жыл  

(қыркүйек-қараша), аралық ақпарат тоқсан сайын

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,
Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Жаңаталап орта мектебіне спорт зал, акт зал және асхана құрылысы жобасы 193,0 млн. теңгеге «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылуда, құрылыс-монтаж жұмыстары жобамен спорт зал 10%-ға, акт зал мен асхана 50%-ға аяқталған. 

 

3.     

Жаңаталап ауылындағы мектептің футбол алаңшасын ретке келтіру

 

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

27 шілде

Сарысу ауданының әкімі

Жаңаталап орта мектебінің футбол алаңшасы ретке келтірілді. Яғни, маңайында өсіп кеткен шөптері жұлынды, спорт инвентарлары толық сырланды. Алаңды ақпен сызу жұмыстары жүргізілді.

 

4.     

Игілік а/о округінің теңгеріміндегі Өтес каналын (700 га жерге су келеді, ұзындығы 7 шақырым) ретке келтіру (лоток салу т.б.) бағытында жұмыстар жүргізу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы

27 шілде

Сарысу ауданының әкімі

«Өтес» каналы Байқадам ауылдық округінің әкімі аппаратының теңгерімінде.

      Қазіргі таңда, аудан әкімдігі тарапынан каналға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар жасатуға 5,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде (қорытындысы 2024 жылдың қаңтар айында шығады).

 

5.     

Елді мекендердегі ағын су арықтары мен каналдарды жөндеу мәселесін ауыл тұрғындарымен кеңесіп шешу

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты

Сарысу ауданының әкімі

Ауданда суармалы егістікті суаруға арналған 2 су қоймасы және (Ынталы және Бүркітті) 16 су жеткізуге арналған магистралды каналдар бар. Су қоймалары «ҚазСуШар» РМК мекемесінің теңгерімінде, ал каналдар толық аудандық коммуналдық меншікте.

        Аудандағы су жүйелері каналдарының жалпы ұзындығы 109,4 км құрайды. Бүгінде 3 каналға (Бүркітті - 129,6 млн тг, Жаңа Кәрітоған – 329,7 млн тг және Сарыөзек – 193,0 млн тг) лоток жүйелерін орналастыру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары дайындалып, жалпы 652,3 млн. теңгеге облысқа бюджеттік өтінім берілді.

        Одан бөлек, аудан тұрғындарымен өткен кездесулер барысындағы айтылған ұсыныстарды ескере отырып, 12 каналға жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін 2023 жылы аудандық бюджеттен 57,0 млн тг қаржы бөлінді. Барлық каналдардың ЖСҚ-лары қазан айына дейін толық дайындалып, облыстық бюджетке өтінім берілетін болады.

 

6.     

Ауыл ішіндегі арық жүйелерін тазалау жұмыстарын тұрғындармен бірлесіп жүргізуді ұйымдастыру    

 

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы  

27 шілде

Сарысу ауданының әкімі

      Ауданда суармалы егістікке пайдаланылатын 109,4 км ұзындықтағы 16 каналға наурыз-сәуір айында Байқадам, Жайылма, Жаңаталап, Игілік ауылдық округтері белсене араласып толық тазалау жұмыстары жүргізілді оған 70 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

      А.ж. маусым айында аудан әкімінің орынбасары Қ.Аманов  «Қазсушар» РМК Жамбыл облысы филиалынан арнайы техника (эксковатор) жіберуге сұраныс енгізіп, 2 км «Сарыөзек», 3 км «Өтес» 4 км «Төменгі бүркітті» жалпы ұзындығы 9 км каналдың бойы тазаланды.

      Сонымен қатар маусым айынын 26-27 екі күнге «Ынталы» су қоймасы уақытша жабылып, барлық каналдардын бойы тазаланды.

      Игілік ауылында маусым айының 30 дейін 1,0 шақырымнан астам ауыл ішіндегі арық толық тазаланды. Жұмысқа Игілік ауылының 50-ден аса тұрғындары қатысты.

      Жайылма ауылдық округіне қарасты Қызылдихан, Маятас елді-мекендерінде 3,8 ш/қ астам ауыл ішіндегі көше арықтары шілде айының 1-2-3 күндері тазаланды. 

      Саудакент елді-мекенінде 8 шақырым және Ұйым аулында 1,5 шақырым арықтар толық тазаланды.

 

7.     

Игілік ауылдық клубының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлуді қарастыру 

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы  

28 шілде

Сарысу ауданының әкімі

       Аудан әкімдігі тарапынан Игілік ауылдық клубына ЖСҚ әзірлеуге және сараптамаға алдағы нақтылауға (қыркүйек айындағы) бюджеттік өтінім (жоба құны 150,0 млн. теңге) ұсынылды. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдардағы даму жоспарына енгізілді.

 

8.     

Ауыл шаруашылығы бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін АШК мен ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын күшейту

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз ӘКҚ» АҚ (келісімі бойынша)
Сарысу ауданының әкімі (жинақтау) 

       2023 жылдың басынан аудан шаруа қожалықтары 270,5 млн теңге мемлекеттік қолдауларға қол жеткізді. Оның ішінде 45,8 млн теңге егін шаруашылығында тыңайтқыш және тұқым сатып алуға, 107,7 млн теңге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында және 116,9 млн теңге агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық салымдарға төленді.

       Мемлекеттік қолдаулар жөнінде тұрықты түсіндіру жұмыстары әр жиын сайын, оның ішінде аудан әкімінің халықпен кездесу жиындарында, тұрғындарымен ұйымдастырылатын көшпелі қабылдау және жеке қабылдауда жүйелі айқындалуда.

 

9.     

Игілік ауылының кіреберісіндегі автожолды (4 шқ) жөндеу жұмыстарының жоспарланған мерзімде жүргізілуін назарда ұстау

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты

Сарысу ауданының әкімі

       Саудакент (0-3,3 шқ, жоба құны - 267,5 млн.тг), Игілік (0-4,1 шқ, жоба құны - 260,5 млн.тг) және Ақтам (0-9,7 шқ, жоба құны – 329,9 млн.тг) ауылдарына кіре беріс автожолдарына орта жөндеу жұмыстарды жүргізу мақсатында бүгінгі таңда жобалық сметалық құжаттамалары әзірленген (жалпы құны 858,0 млн.тг).

       Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін (қазан айында сараптама қорытындысын алу жоспарлануда) облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өтінім берілетін болады.

 

10.  

Бүркітті су қоймасының сыйымдылығын кеңейту жұмыстарын жүргізу мақсатында «Казсушар» РМК-дан Жайылма ауылдық округінің теңгеріміне уақытша алуды ұйымдастыру

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы  

1 тамыз

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ауыл шаруашылығы басқармасы, «Казсушар» РМК (келісімі бойынша)
Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

       «Бүркітті» су қоймасын (сиымдылығы 8,3 млн м3) аудандық коммуналдық меншікке алу жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне ұсыныс енгізіліп, қазіргі таңда жауабы күтілуде.

       Аудан тарапынан «Бүркітті» су қоймасының сиымдылығын 8,3 млн м3-тан 15,0 млн м3 жеткізу жоспарланды. Ол үшін «Бүркітті» су қоймасының табанын қазып, дамбасын қосымша 2 есе нығайтуды қажет етеді.

       Аталған жұмыстарды бастамас үшін Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен толыққанды зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады.

 

11.  

Жайылма а/о Маятас ауылындағы 50 орындық мектептің құрылысына  әзірленген жобаны қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізу

 

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

2023 жылғы  

31 шілде

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,
Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

       Маятас ауылына 50 оқушыға арналған мектеп құрылысының бастамасына облыстық бюджеттен 1 млн.теңге қаралды, аяқтауға қаражат 2024 жылы қаралатын болады. Жоба құны 409,9 млн теңге.

 

12.  

Жаңатас қаласындағы 200 орындық жекеменшік мектеп жобасының барлық деңгейдегі заңдылығын қарап, тиімділігін зерделеп, ақпарат ұсыну

 

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы, 
Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

      Жаңатас қаласында 5 орта білім беру мекемелері орналасқан (М.Әуезов м/г, Ш.Уалиханов м/г, Абылайхан м/л, Абай о/м, Д.Қонаев о/м). Оқушылар саны 2022-2023 жылғы оқу жылы бойынша 5103 баланы құрады. Бұл қала халқының 20,0 пайызын құрап отыр (қала халқының саны - 25 512).

       Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, Жаңатас қаласының 4 шағын ауданынан жеке кәсіпкер тарапынан 1 га жер теліміне 200 орындық мектеп салу жоспарлануда (Мердігер: «Ақ Айсер Табыс» ЖШС, Жоба құны: 800,0 млн. тг.).

       Аталған жекеменшік мектептің тиімділігі әр оқушыға деген жіті білім мен білім сапасының арттыруға септігін тигізетін болады.

 

13.  

«Еврохим» және «Шоқпар ЖЭС» ЖШС-нің тарапынан жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына жергілікті атқарушы орган тарапынан барынша қолдау көрсетуді ұйымдастыру

 

облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасарлары Қ.Мәдібек, Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

     «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндіру зауытының 2-ші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Химия зауытының құрылыс алаңына 50 бірлікке дейін құрылыс техникасы (экскаваторлар, бульдозерлер, самосвалдар, грейдерлер) тартылып, құрылыс материалдары (арматура, цемент) жеткізілген. Бүгінгі күнге іргетас салынып (бетон жұмыстары, арматуралық болаттан жасалған қаңқаны монтаждау), бетон-ерітінді торабы орнатылды, құрылыс мердігерінің вахталық персоналының тұруы үшін ғимараттары салынды.

      Қазіргі уақытта, жобаның II кезеңі үшін энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау объектілері, тазарту құрылыстары және дикальций фосфатын өндіруге арналған шикізат қоймасы салынды.

     Қазіргі таңда, «Шоқпар ЖЭС» ЖШС жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде, жоба аясында орнатылатын 22 жел турбинасының бүгінгі күнге 15-і орнатылды. 

     Құрылыс жұмыстарына аудан әкімдігі тарапынан барынша қолдау көрсетілуде.

 

 

 

 

Облыс әкімі аппаратының басшысы                                                                                            М.Мәтен

Облыс әкімінің Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының БЕКІТІЛІСІОблыс әкімінің Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының БЕКІТІЛІСІ
Дата публикации
04 октября 2023