Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының БЕКІТІЛІСІ

Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының

БЕКІТІЛІСІ

(06.06.2023 ж. №1185-А)

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

3

4

5

1.    

Д.Қонаев ауылына кіреберісіндегі облыстық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарын бақылауға алу

 

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,
Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

     Т.Рысқұлов ауданы көлемінде орналасқан облыстық маңызы бар «Құмарық-Юбилейное» автомобиль жолы Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарайды.

     Аталған облыстық маңызы бар «КН-27 Құмарық-Юбилейное автомобиль жолының 8-13 шқ орташа жөндеу» жобасы 2022 жылы әзірленіп, 20.01.2023 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ КМК-нан №РЗ/Жамбыл-65/2023 санмен ведомстволық оң қорытынды алынған. Жобаның сметалық құны 182 369,983 мың теңге.

     Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «Рауан» ЖШС-гі жеңімпаз атанып, келісімшарт жасалған. Облыстық маңызы бар «Құмарық-Юбилейное» автомобиль жолының 8-13 км аралығынан 5 км жолды орташа жөндеу жұмыстары 29.05.2023 жылдан басталған.

 

2.    

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автодәлізінің бойындағы ауыл атауы көрсетілген белгідегі «Юбилейное» атауын «Д.Қонаев» деп ауыстыру жұмыстарын заңға сәйкес жүргізу

 

2023 жылғы  

30 маусым

Облыс әкімінің орынбасарлары Е.Ибрайханов, Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тілдерді дамыту басқармалары, «КазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы (келісім бойынша),
Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

     «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Құмарық - Д.Қонаев ауылдарының маңында орналасқан, Д.Қонаев ауылына бағыттау жол белгілерінде (жолдың екі жағында орналасқан) Юбелейное (YIBILEINOE - YUBILEYNOE) деген атауын Дінмұхамед Қонаев (DINMUHAMED QONAEV - DINMUKHAMED KUNAYEV) деп ауыстырып беру туралы  «КазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облысы филиалының  директорына аудан тарапынан хат жолданды, қазіргі таңда ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

 

3.    

Әбілқайыр ауылына КБМ (кешенді блок-модуль) орнатуға 2024 жылға бюджеттік өтінім беру

 

2023 жылғы

30 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) 

     2023 жылы халық саны аз 6 елді мекенге (Әбілхайыр, Сұмқайты, Қосапан, Тойқұдық, Мамыртөбе, Аққайнар) кешенді блокты модульдік (КБМ) қондырғысын орнату арқылы таза ауыз сумен қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда тиісті құжаттар баға ұсыныстары әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданды.

 

 

4.    

Жайылым жерді тиімді пайдалану жолдарын ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы, жер қатынастары басқармалары,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңы талаптарын жүзеге асыру мақсатында 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары Т.Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясының 07.07.2022 жылғы №20-10 бірлескен шешімімен жайылымдарды пайдалану Жоспары мен Схемасы бекітілген. Сонымен қатар жайылым жоспары мен схемасы Ақниет ауылдық округінің әкімшілігінің көрнекі жеріне ілінді. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен ауылдық округі әкімшілігі тарапынан ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

5.    

Д.Қонаев ауылына кірер жолда жол ережесіне сәйкес ауыр жүк көліктерінің қатынауына рейдтік жұмыстар ұйымдастыру

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,
Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

     Д.Қонаев ауылына кірер жолда жол ережесіне сәйкес ауыр жүк көліктерінің қатынауына рейдтік Тұрар Рысқұлов аудандық АПБ-нің Әкімшілік полиция бөлімінің Жол техникалық инспекциясына зерделеуге жолданды.

 

6.    

Д.Қонаев ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын жоспарға сәйкес  жүргізу

 

2023 жылғы  

27 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Д.Қонаев ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізуге  ЖСҚ жасалынып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған, облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына  95,9 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілген. Қазіргі таңда қаржылық қолдау таппай отыр.

 

7.    

Ауыл шаруашылығы саласын арнайы техникалармен қамтамасыз етуге басымдық беру

2023 жылғы  

27 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,
 Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) 

Бүгінгі күнге аудан бойынша 2023 жылдың 6 айына 47 дана жаңа ауыл шаруашылық техникасы 1 млрд 132,8 млн теңгеге алынды. Ол 2023 жылға жоспарланған 12 пайыздың 5 пайызын құрайды. Техника алу жұмысы жалғасуда.

 

8.    

Көкдөнен, Сарыбұлақ каналдарындағы судың көлеміне зерделеу жасап,  тиімділігі бойынша ұсыныс беру

2023 жылғы

 30 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) 

Көкдөнен ауылынан 12,93 км қашықтықта  Сарыбұлақ каналы орналасқан. Жалпы көлемі 3,8 га. Қазіргі таңда Көкдөнен ауылына шамамен 150 л су арықпен ағып, лотоктың жоқтығынан жерге сіңіп кетуде. 12  км қашықтыққа сыйымдылығы 500л жер асты труба орнату қажеттілігі бар.

 

9.    

Көкдөнен ауылдық округіне дренаж қазу бойынша бюджеттік өтінім беру

 

2023 жылғы  

27 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары,

 Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Көкдөнен ауылдық округіне дренаж қазу бойынша Көкдөнен ауылына 5,7 млн.теңге, Жақсылық ауылына 15,7 млн.теңгеге ЖСҚ құжаттары дайындалып, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінім берілді.

 

10.        

Жақсылық ауылындағы таудан аққан судың көп болуына орай «Жамбыл су қоймалары» КММ-мен бірлесе су қоймасын салу мәселесін қарастырып, ұсыныс беру

 

2023 жылғы  

30 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ауыл шаруашылығы басқармасы, «Жамбыл су қоймалары» КММ,
Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Жақсылық ауылына су Шөңгер ауылынан баратын болғандықтан, жоспар бойынша Шөңгер ауылында су қоймасы салыну көзделуде.

 

11.        

Жақсылық, Көкдөнен ауылдарына қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін шешу жолдарын қарастыру

2023 жылғы  

30 маусым

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,
Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

«Жамбыл облысында тұрғын саны 100 асатын елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту бойынша 2023-2025 жылдарға арналған»  Жол картасына сәйкес,
2023 жылға Көкдөнен ауылын автобуспен тасымалдауды қамтамасыз ету жоспарланған, бүгінгі таңда конкурстық құжаттамалары әзірленіп, 16.06.2023 жылғы «Құлан таңы» газетінің №45 шығарылымына 10 бағыт бойынша 2 айлық зерделеуге хабарлама жарияланды.

 

12.        

Жақсылық ауылында мәдениет үйін және спорт кешенін салу мәселесі бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізу

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармалары,  
Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Жақсылық ауылындағы ескі, босаған амбулатория ғимараты Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің теңгеріміне берілді. Ауылдық клуб болып ашылуына штаттық бірліктерге (үйірме жетекшісі мамандарына) аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне сұраныс берілді. Алдағы уақытта би үйірмесі жүргізілетін болады.

 

13.        

«Ауыл аманаты» жобасы аясында берілген тапсырмалардың орындалуын және бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын  бақылауда ұстау

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз ӘКҚ»  (келісімі бойынша), Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Көкдөнен ауылдық округінде 3 елді мекен бар (Көкдөнен, Жақсылық,ст Құмарық). Жобаға енген Көкдөнен, Жақсылық, Құмарық ауылы. Көкдөнен ауылындағы халық саны – 3709 адам, аулалардың жалпы саны – 717. Ауылдық округ ауданы – 57498,031 га. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер - 53513,75 га, оның ішінде егістік - 14210,39 га (суармалы егістік 1512,27 га), жайылым жерлер - 37879 га, шабындық - 1368 га           

Бүгінгі күнге «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша «Тараз ӘКК-ге» тексеруге өткізілгені 120 құжат, 90 құжат қабылданған. Көкдөнен әкімшілігінде 60 құжат дайындалуда. Жоба басты назарда.

 

14.        

Жеке қосалқы шаруашылықтағы мүйізді ірі қара малдарды асылдандыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы, ветеринария басқармалары,
Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)

Көкдөнен ауылында 2 пада 230 аналық бас сиыр, 4 бұқа бар. 3асыл тұқымды,
1  тауарлы.  Үйден қашырған асыл тұқымды бұқаға 30 сиыр.  Жақсылық ауылы бойынша 3 пада 185 аналық бас сиыр 3 бұқа,  1 асыл тұқымды бұқа, 2 бас тауарлы бұқа, 28 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды.

 

 

 

           

 

Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының БЕКІТІЛІСІ
Дата публикации
04 октября 2023