Жамбыл ауданы Полатқосшы, Бесағаш, Тоғызтарау, Ерназар ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
БЕКІТІЛІСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалуы |
|
1. |
Жалпақтөбе ауылы Жалпақтөбе көшесінен В.Чкалов атындағы орта мектебіне өтетін жерге оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнату |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Саурықов, облыстық полиция департаменті (келісім бойынша), «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Аталған жол бөлігіне жаяу жүргіншілерге (оқушыларға) арналған бағдаршам орнатылды. (Мердігері «N-Stroy Group» ЖШС. Құны 3,3 млн теңге). |
|
2. |
Жалпақтөбе ауылындағы Нұрлы жол көшесін, Түрксіб ауылындағы Р.Рүстембеков көшесін жөндеу жұмыстарына облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Жауанбекова, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Аталған көшелерді орта жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 156,4 қаражат бөлінген. (Нұрлы жол көшесіне мемлекеттік сатып алу жүруде. Р.Рүстембеков көшесіне 53,4 млн.тг, «Қаратау жолдары» ЖШС-мен 14.07.2023 ж. келісім шарт жасалды) Жөндеу жұмыстарын а.ж. ІІІ тоқсанында аяқтау жоспарланған. |
|
3. |
Бесағаш ауылындағы егіншілік, жайылым жерлердің жетіспеуіне байланысты «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің Жамбыл филиалының егіншілік жерін ауыл тұрғындарының иелігіне қайтару жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Көпбосынов, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Жігітеков, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Әкімдік-институт-шаруа қожалығы басшыларымен 2023-2025 жылдары аралығында 50 га жерді пайдалануға 3 жақты меморандум жасалған. Қазіргі таңда 20 гектар жүгері, 30 гектар арпа егілген. |
|
4. |
Түрксіб ауылындағы Р.Рүстембеков көшесіндегі ауыз су жүргізу кезінде қазылған жерлерді мердігер тарапынан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
Кемшілік мердігер тарапынан атқарылды |
|
5 |
Ерназар ауылындағы ауыз су жүйесін жаңғырту жобасына бюджеттік өтінім ұсыну |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Ауыз сумен қамту жобасына энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған. Қаржыландыру күтілуде |
|
6 |
Ерназар ауылдық округін ағын сумен қамтамасыз ету үшін «Сұлукөл» су қоймасын толтыру мүмкіндігін қарастырып, ұсыныс беру |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің басшысы Н.Ергебеков, «КазСушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
«Сұлукөл» су қоймасына 2,5 млн. м³ су жиналып, егіс алқаптарына босатылған. |
|
7 |
Жаңаөткел ауылының ауыз су жүйесі құрылысы жобасына бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қ.Қорғанбаев (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Ауыз сумен қамту жобасына энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған. Жоба құны 379,2 мың теңге. Қаржыландыру күтілуде. |
|
8 |
Талас ауданы әкімдігімен бірлесіп тұрғындарға Аса өзенінің бойындағы гидротехникалық имарат арқылы бірінші кезекте Билікөл көліне қажетті су көлемі жинақталатындығы, кейіннен Ақкөл көліне артылған су көлемі босатылатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «КазСушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Талас ауданының әкімі Н.Жүнісбеков, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Жамбыл, Талас ауданының тұрғындарымен өзен бойындағы гидротехникалық имараттың мақсаты түсіндірілген кездесу өткен. |
|
8 |
Жалпақтөбе ауылына денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Ташметов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Жалпақтөбе ауылына денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсынылған. Қаражыландыру қажет. |
|
10 |
Бесағаш ауылы Абай атындағы орта мектептің сыртқы келбетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Білім басқармасы аталған мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге өтінімді экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына жолдаған (9,0 млн. тг, 12.07.2023 ж.). |
|
11 |
«Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп ауыл тұрғындарына жайылым жерлерді пайдалану жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
«Бесағаш-Ынтымақ» шаруа қожалығының 5,0 мың гектар жерін шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының мал жайылымы ретінде пайдалануға меморандум жасалып, іске асырылуда. |
|
12 |
Бесағаш ауылдық округінің бас жоспарына сәйкес, ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылып жатқан жерлерді жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жұмыстарын ұйымдастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Көпбосынов, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Жігітеков, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Бесағаш ауылының бекітілген Бас жоспарында 1 жер пайдаланушының («Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС) жалпы көлемі 30,57 га жер учаскесі тұр. Серіктестікке аудан аумағындағы мемлекеттік жер қорларынан тепе-тең жер учаскелері ұсынылуда. |
|
13 |
Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелеріне талдау жүргізіп, құрылыс жұмыстары жүргізілмеген жерлерді заңнама талаптарына сәйкес қайтару жұмыстарын жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
2021-2022 жылдары 1799 жер учаскелері берілген. Тұрғындарға 3 жыл ішінде құрылыс жұмыстары жүргізілмеген жағдайда жер телімдері заңға сәйкес мемлекетке қайтарылатындығы тұрақты түсінділуде. |
|
|
Бесағаш ауылының тұрғыны Н.Ахметовтің балық шаруашылығымен айналысуына жәрдем көрсету |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
«Бесағаш-Ынтымақ» шаруа қожалығының жерінен жеке қаражатына 4 бассейн құрылысын аяқтаған. Қазіргі таңда электр қуатын жүргізуде. Жыл соңына дейін балық өсіру жұмыстарын толық бастауды жоспарлауда. |
|
14 |
Бесағаш ауылындағы мектеп көшесін асфальттау |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
2023 жылы Абай орта мектебіне баратын 4 (М.Әуезов, О.Қарсақов, Жеңіс, Бесағаш) көшені орта жөндеу жұмыстары басталған («Рауан» ЖШС). Жұмыстар қыркүйек айына дейін аяқталады. Жалпы а.ж. Бесағаш ауылында 22, Түркісіб ауылында 6 көше жөнделуде. |
|
15 |
Суармалы жер көлемін арттыру бағытында «Базарбай» және «Шиелі» каналдарын коммуналдық меншікке алу жұмыстарын аяқтап, бетонды су жүйесі құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «КазСушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
«ҚазСуШар» мекемесіне 2 каналды аудандық меншікке беру туралы ұсыныс берілген. Теңгерімге алу аяқталған соң каналдарды бетондау жұмыстарына ЖСҚ әзірленеді. |
|
16 |
Аудандық полиция бөлімімен бірлесіп Ерназар ауылы ішімен жүк көліктерінің қатынауын шектеу Жүк көліктері үшін айналма жолды қалпына келтіріп, жол белгілерін орнату |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Саурықов, облыстық полиция департаменті (келісім бойынша), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Аталған мәселе аудандық полиция бөлімімен бірлесіп зерделенген. Ауыл ішімен жүк көліктерінің жылдамдығын шектеу жол белгілері орнатылған. Қосымша жол кедергілерін орнату жоспарланған. Айналма жол салу мәселесі зерделенуде. |
|
17 |
Қаржыландыру мүмкіндігіне қарай 2023 жылы Ерназар ауылдық округін «Ауыл аманаты» жобасына ұсыну және жеке кәсібін дамытуға ниетті тұрғындарға қолдау көрсету |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Жігітеков (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында бағдарламаға Ақбастау және Ерназар ауылдық округтерін ұсыну жоспарланған. |
|
18 |
Ерназар ауылындағы Б.Кейкиев орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы тиісті өтінімді экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына жолдаған (7,0 млн. тг,) |
|
19 |
Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат ауылдарына табиғи газбен қамтамасыз ету жобасын зерделеп, қаржыландыру мәселесі бойынша ұсыныс беру |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қ.Қорғанбаев (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат елді мекендеріне баратын магистральді газ желісінің жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға шілде айында ұсынылады. Жоба құны 1,9 млрд. |
|
20 |
Тоғызтарау ауылындағы орта мектепке қосымша ғимарат құрылысын жүргізуге (спорт зал, асхана, акт залы және оқу кабинеті) жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Қосымша құрылыс ғимаратының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жобалаушы мердігерді анықтауға мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүруде (жобалау құны 8,9 млн.тг). |
|
21 |
Құмсуат ауылындағы ауылішілік көшелерді кезең-кезеңімен жөндеуден өткізу бойынша жұмыстар жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Ауылдағы орталық О.Сметілда көшесіне дайындалған ЖСҚ сараптамадан өткізілуде (жобаның болжамды құны 17,8 млн. тг). Сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін мәслихат сессиясында қаржы бөлу қаралатын болады. |
|
22 |
Тоғызтарау ауылындағы Аса өзенінің бойындағы гидротехникалық имарат құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қ.Бисембаев, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Тоғызтарау ауылында Аса өзенінің бойынан гидротехникалық имарат құрылысын салу үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. (келісім шарт сомасы 138,9 млн. тг, мердігері «Ай Дин Тараз» ЖШС, құрылыстың аяқталуы 2023 ж. желтоқсан) |
|
23 |
«Сұлтан» каналын «Қазсушар» РМК теңгеріміне өткізіп, Тоғызтарау ауылдық округінің шаруа қожалықтарына ағын су беруге шлюз орнату мүмкіндігін қарастыру
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «КазСушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Тоғызтарау ауылында Аса өзенінің бойынан гидротехникалық имарат құрылысы аяқталғаннан кейін «Сұлтан» каналы «Қазсушар» РМК теңгеріміне өткізіледі. Тоғызтарау ауылдық округінің шаруа қожалықтарына ағын су беруге шлюз орнату үшін ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 3,2 млн. теңге бөлінген (мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуге құжаттар дайындалуда). |
|
24 |
Өрнек ауылындағы аппатты жағдайдағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Д.Әбдібеков, Облыс әкімдігінің денсаулық басқармасының басшысы Ж.Оспанова (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу үшін облыс бюджет есебінен 100,4 млн. теңге бөлініп, денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуде. (Конкурс нәтижесіне шағым жасау бөлігінде тұр (16.08.2023 ж. дейін), «Қаратау Құрылыс-2030» ЖШС) |
|
25 |
Өрнек ауылындағы №17 Жамбыл колледжінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және оқу-өндірістік шеберханасы, жатаханасы мен асханасына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу мәселесін зерделеп, ұсыныс беру |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек |
ЖСҚ әзірлеу қажетті қаржыға өтінім беру үшін тиісті құжаттары (есептеулер) жинақталуда. |
|
26 |
Бесағаш ауылдық округіндегі ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарының ағымдағы жылдың маусым айына дейін толық аяқтап, тұрғындарға пайдалануға берілуін қамтамасыз ету |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қ.Қорғанбаев, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Тапсырма мердігердің жауапсыздығынан орындалмады. (Жоба құны 1,3 млрд. теңге. Мердігері «Көлсай строй» ЖШС). Құрылыс 2022 жылғы қарашада аяқталуы тиіс болған. ГАСК арқылы мердігерге 2,0 млн. теңге, тех. қадағалаушыға (6 айға аттестаты тоқтатылған) 0,6 млн. теңге айыппұл салынған. Бүгінгі күні Бесағаш ауылындағы су жүйесінің 98%, Түркісіб ауылындағы су жүйесінің 85% жұмыстары атқарылған. |