Қордай ауданы Жамбыл, Қасық, Отар және Кенен ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
БЕКІТІЛІСІ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
|
1 |
2 |
4 |
5 |
|
1. |
Республикалық мәндегі «Қордай – Шу» автожолының Әлжан ана ауылының бойынажол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камерасын орнату бойынша ұсыныс енгізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, Полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша), Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Облыстық полиция департаментінің мәлеметі бойынша Әлжан ана ауылының маңында жол ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешенін сатып алу және орнату 2024 жылға жоспарланған. |
|
2. |
Әлжан ана ауылында орналасқан спорт алаңшасын мемлекет меншігіне қайтару бойынша кәсіпкермен келіссөз жүргізу |
Қордай ауданының әкімі |
Меншік иесімен аталған спорт алаңшасын коммуналдық меншікке өтеусіз беру туралы келіссөз нәтижесіз болған. (иесі «АгроСпецСтрой» ЖШС 2020-2021 жылдары 2,9 млрд.тг 5 үйдің құрылысын жүргізген) Футбол алаңшасын 5,0 млн. теңгеге мемлекеттік меншікке сатып алуды ұсынуда. Сатып алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. |
|
3. |
Әлжан ана ауылындағы табиғи газ кірмеген аулалар санына талдау жүргізіп, ағымдағы жылы толық газдандырылуын қамтамасыз ету |
Қордай ауданының әкімі |
Ауылдағы жалпы 915 ауланың 866-ы газға қосылса (94,6%), 49-ы қосылмаған (5,4%). 49 ауланың 15-не газ кіргізілуде, 18-і бос тұрған үйлер. Қалған 16 үйге әр түрлі себептермен Ауылда әлеуметтік осал топтағы 1 отбасының тұрғын үйін газдандыруға 250,0 мың тг бір реттік әлеуметтік көмекке өтініші қабылданған (төлем жасау сатысында). (Ауданда 15 (Қарасу-14, Сарыбұлақ-1) тұрғын үйін газдандыруға 5,3 млн.тг әлеуметтік көмек алған) |
|
4. |
Қасық ауылдық округіндегі жайылым жер мәселесін шешу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу |
Қордай ауданының әкімі |
Қасық ауылдық округіндегі жайылым жер көлемі 1,5 мың га. Негізгі мәселе жайылым алқаптардың ауыл маңынан қашықта орналасуы. Мәселені шешу бағытында елді мекен жеріне босалқы жер қорынан 153 га жайылым берілген. 2 тұрғынның 410 бас малы шалғайдағы жайылымдарға шығарылып, 7 шаруа қожалығымен 1,1 мың га жер учаскелеріне кедергісіз мал жаю үшін меморандум жасалған. Ауыл әкімшілігінің алдына мал жаю схемасы көрсетілген ақпараттық бильборд орналасқан. (жайылымдардың орналасу схемасы, жайылым айналымдарының қолайлы схемалары, су көздері, ауылшарашылығы жануарларын жаю мен жүріп тұру маусымдық бағыттары көрсетілген) |
|
5. |
Жаз мезгілдерінде жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, ірі шаруа қожалықтардың ауылшаруашылығы жануарларын жайлауға көшіру жұмыстарын ұйымдастыру |
Қордай ауданының әкімі |
А.ж. мамыр айынан бастап Қасық және Жамбыл ауылдық округінің 38 тұрғынның иелігіндегі 5,2 мың ұсақ малдары жайлауға шығарылған (Жамбыл-4,8 мың бас, о.і.: 4,0 мың қой-ешкі, 0,6 мың МІҚ, 0,2 жылқы, Қасық-0,4 мың қой-ешкі). (Қасық а/о тұрғындарда – 13 138 мал (о.і. 9684 қой ешкі, 2795 МІҚ, 659 жылқы), ш/қ-5247 мал (о.і. 4704 қой ешкі, 378 МІҚ, 165) бар. Жамбыл а/о тұрғындарда – 11 962 мал (о.і. 9071 қой ешкі, 2481 МІҚ, 410 жылқы), ш/қ – 18 299 мал (о.і. 15889 қой ешкі, 2117 МІҚ, 293 жылқы) бар. |
|
6. |
Аудан көлеміндегі елді мекендердегі жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды зерделеп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу |
Қордай ауданының әкімі |
Жыл басынан 3 бағыт бойынша ауыл аралық қоғамдық көлік қатынасын ашу жоспарланған (Отар-Қордай, Бетқайнар-Қордай, Қайнар-Қордай). Бүгінгі күнге Қордай-Отар бағытында қоғамдық көлік қызметі жұмыс істеуде (ЖК «Асқар», 6 автобус (1-резерв), жолақысы 800 тг, 5 адамды жұмыспен қамтуда, күніне 5 мәрте қатынайды). Қордай-Бетқайнар және Қордай-Қайнар бағытына а.ж. 22 шілдесінде конкурс жарияланған. Нәтижесі 28 тамызға жоспарланған конкурстық комиссияда белгілі болады (1 өтінім түскен). |
|
7. |
Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына өзгерістер енгізіп, мұқтаж азаматтарға қарастырылатын қаржы көлемін көбейту мүмкіншілігін қарастыру |
Қордай ауданының әкімі |
Аталған қағидаға (№29-3 шешіммен) 2022 жылғы 6 қазанда өзгеріс енгізіліп, әлеуметтік көмектердің тізбесі арттырылған. (Өзгерген шешім: 25.12.2020 ж. №80-5) Тізбедегі 3 көмекке қосымша 3 әлеуметтік көмек санаттары енгізілген. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 64,2 млн теңге бөлінген (2022 жылы 20,3 млн. тг, артуы-43,9 млн. тг (3,2 есе). Жыл басынан 136 адамға 20,4 млн.тг көмек көрсетілген. (Тараз қаласы мен аудандарда әлеуметтік көмектердің мөлшерін теңестіру үшін қағидаға өзгеріс енгізу жұмыстары жүргізілуде) |
|
8. |
Даму жоспарына сәйкес Жамбыл ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу |
Қордай ауданының әкімі |
Аталған ауылда 9,0 млн. теңгеге спорт кешені құрылысына ЖСҚ әзірленіп («Тараз Техно Проект» ЖШС), «Сәулеттік бюроның» ұсыныстарына сәйкес жобаға түзету енгізілуде (қосымша фитнес залын жобалау тапсырылған). |
|
9. |
Жамбыл ауылдық округіндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыру |
Қордай ауданының әкімі |
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен округтегі 2 елді мекеннің (Жамбыл, Жаңатұрмыс) 18 негізгі және 9 қосалқы көшесін жөндеуге 278,0 млн.тг бөлінген. Бүгінгі күні 7 негізгі және 9 қосалқы көшенің орташа жөндеу жұмыстары бітсе, 11 көшедегі жұмыстар қыркүйекте аяқталады. Аталған жұмыстың нәтижесінде округтегі 29 көшенің 28-і немесе 96,5% асфальт жабындысымен қамтылады. (Мердігер «DAUREN BUILD» ЖШС, к/шарт құны 271,1 млн. тг) Техқадағалау «Саулет Эксперт» ЖШС, (7,9 млн.тг). (Жаңатұрмыста Дүйсенбай, Абай, Қабылбек, Ғ.Мұратбай, Өрлеу көшелері мен 9 қосалқы көшелері, Жамбылда Бірлік және Көгершін көшелері аяқталған) (Жөндеуді қажет ететін 1 көше (1,2 шқ, Жетісу), шқ, сметасы |
|
10. |
Жаңатұрмыс ауылына мәдениет үйінің құрылысын жүргізу үшін халық санының өсім динамикасына талдау жасап, қажеттілігіне байланысты ауданның Даму жоспарына ұсыныс енгізу |
Қордай ауданының әкімі |
Жамбыл ауылында 2021 жылы 90 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілген. Жаңатұрмыс ауылы округ орталығынан 6 шақырым жерде орналасқан, халық саны 1785 (301 аула). Халық саны соңғы 5 жылда 87 адамға артқан (2023-1785, 2022-1775, 2021-1746, 2020-1712, 2019-1688 адам). Аудан әкімдігі округ орталығында жаңа мәдениет үйінің және халық санының төмен екендігін (2000 адамға жетпейді) негізге ала отырып Жаңатұрмыс ауылында жаңа мәдениет үйін салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп санайды. |
|
11. |
Жаңатұрмыс ауылын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу |
Қордай ауданының әкімі |
Жаңатұрмыс ауылының 2,2 шқ (4 құдық) ауыз су жүйесі а.ж. мамыр-маусым айларында аудандық бюджеттен бөлінген (Мердігер: «ҚордайСтрой» ЖШС)
|
|
12. |
Жамбыл ауылына жаңа мектеп құрылысын жүргізу үшін халық санының өсім динамикасына талдау жасап, қажеттілігіне байланысты ауданның Даму жоспарына ұсыныс енгізу |
Қордай ауданының әкімі |
Жамбыл ауылында соңғы 3 жылда тұрғындар мен оқушылар санында өсім бар. Халық саны 2021 жылдан (5248 адам) 320 адамға (5568 адам), оқушылар 47 балаға артқан (2021 жыл 1327 бала, 2022 жылы 1384 бала, 2023 жылы 1374 бала). Ауылда 80 орындық жекеменшік, 660 орындық (№26) және іргелес жатқан Қалғұты ауылында 150 орындық (№52) мектеп бар. Аталған 3 білім мекемелері 2 шқ радиуста орналасқан. (№52 мектепте 247, №26 мектепте 1245, жеке меншік мектепте 150 ауыл оқушылары білім алуда) Жамбыл ауылындағы №26 мектепте орын тапшылығы мәселесі жоқ. Сондықтан жаңа мектеп құрылысына қажет етілмейді. Дегенімен, 1957 жылы пайдалануға берілген мектепті 2024 жылы күрделі жөндеуден өткізу жоспары бар (соңғы ремонт 2014 жылы 20,0 млн.тг атқарылған). |
|
13. |
Жамбыл ауылдық округі бойынша істен шыққан көше жарығы шамдарын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
Қордай ауданының әкімі |
2,5 млн.тг істен шыққан 230 дана түнгі көше жарықтары толық ауыстырылған (Мердігері ЖК «Айша»). |
|
14. |
Жамбыл-Қалғұты ауылдары арасындағы сол жақ канал арқылы өтетін көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Қордай ауданының әкімі |
Көпірді жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген (8,4 млн.тг), мердігері анықталған («BIG building NS» ЖШС, к/шарт құны-7,5 млн.тг). Бүгінгі күні жөндеу жұмыстарына дайындық басталған.
|
|
15. |
Қасық ауылдық округінің ұялы байланыс, интернет сапасын артыру бойынша шара қабылдау |
Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Қордай ауданының әкімі |
Әлжан ана ауылында «Кселл» 4G, «Теле2» және «Билайн» байланыс операторының 3G мобильді байланысымен қамтамасыз етілген. Мобильді байланыс сапасын жақсарту мақсатында жыл соңына дейін «Кселл» және «Билайн» байланыс операторлары елді мекен шетінде орналасқан базалық станцияны ауыл ортылығына орналастырады. Сондай-ақ, 2024 жылы елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту жоспарланған. |
|
16. |
«Отар - Гвардейск» темір жолы арқылы өтетін жол өткелін салу құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтап, бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ облыстық филиалы (келісім бойынша), Қордай ауданының әкімі (жинақтау) 2023 жылғы 31 мамыр |
Бүгінгі күнге жоба дайындалуда.
(ЖСҚ дайындалып, сараптамаға енгізілген (жобалаушы «Geo Engineering» ЖШС, 35,5 млн. тг, құрылыстың болжамды құны 2,4 млрд. теңге) |
|
17. |
Отар ауылындағы мектептердің материалдық-техникалық жабдықталу мәселесін шешу мүмкіндіктерін қарастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Аталған мектептің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға (жаңа модификациялы физика, химия, биология кабинеттері) және турникет, бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуге бөлінген 34,7 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде (мемлекеттік сатып алу басқармасы). Бүгінгі күні 3 кабинеттің жабдықтары орнатылуда (жеңімпаз «Техническая поддержка» ЖШС, 24,5 млн.тг (химия 7,8 млн.тг; физика 9,2 млн.тг; биология 7,5 млн.тг). 16 камера орнатылып, оның 3 интеграцияланған. Турникет бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. (Өтінім 04.05.2023 жылы берілген. 2 госзакуп рәсімдері камералды бақылаумен жойылған. Қайталама өтінім 18.07.2023 жылы мемлекеттік сатып алу басқармасына берілген, 08.08.2023 ашық конкурс жарияланған (ашылуы 06.09.2023.) |
|
18. |
Отар ауылындағы қатты қалдықтар тастау орнының аумағын қоршап, айналасында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету |
Қордай ауданының әкімі тұрақты, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну |
Полигон тазаланып, жұмысы ретке келтірілген. Аумағына ескерту тақтайшалары орнатылып, қоғамдық жұмысшылардың кезекшілігі ұйымдастырылған. |
|
19. |
Отар ауылдық округіндегі автокөлік жолдарын жөндеу және түнгі жарықтандыру мәселелерін кезең-кезеңімен шешу |
Қордай ауданының әкімі 2023 жыл, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну |
Отар ауылындағы ЖСҚ әзірленген 4 көшені жөндеу 2024 жылға жоспарланған. (Отарда - Ноғайбай көшесі 1,0 шқ, Кебекбай көшесі 1,2 шқ, Атамқұлов көшесі 1 шқ, Белде-Тәуелсіздік, 1,2 шқ) (Қосымша жөндеуді қажет ететін 17 көше бар, 16 шқ) (Отарда 28 көше, ұзындығы 28,5 шқ) (Бел а. 5 көше, ұзындығы 3,4 шқ) (Аңырахайда 1 көше, 1,6 шқ) Көшелерді түнгі жарықтандыруға 5 ЖСҚ дайын. (С.Алабасов, Н.Төлесбай, Заңғар, А.Жұмағұлов, Б.Нұрланқұлов көшелері) (Қомымша жарықтандыруды қажет ететін 14 көше бар) Осы жылы 1 көше жарықтандырылған (Жамбыл көш., 1,2 шқ, бөлінгені 8,0 млн.тг, келісім шарт құны 6,0 млн.тг, «Алира Сервис Компании» ЖШС). Қалған көшелерді жарықтандыру кезең-кезеңімен шешу жоспарланған. |
|
20. |
Отар ауылдық мәдениет үйінің аумағын көріктендіру, абаттандыру жұмыстарына демеушілерді тарта отырып жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) 2023 жыл, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну |
Демеушілер көмегімен 100 түп жеміс ағаштары отырғызылған. Басқа көріктендіру, абаттандыру жұмыстары демеушілердің келісімімен күз айларына жоспарланған.
|
|
21. |
Отар ауылдық округі тұрғындарының жайылым жер мәселесін шешу бағытында жұмыстар жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) 2023 жыл, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну
|
Отар ауылдық округіндегі жайылым жер көлемі 12,6 мың га. Негізгі мәселе жайылым алқаптардың ауыл маңынан қашықта орналасуы. Мәселені шешу бағытында елді мекен жеріне босалқы жер қорынан 3,1 мың га жайылым берілсе, 6 тұрғынның 2,0 мың бас (1800 қой-ешкі, 160 МІҚ, 80 жылқы) малы шалғайдағы жайылымдарға шығарылып, 5 шаруа қожалығымен 1500 га жер учаскелеріне кедергісіз мал жаю үшін меморандум жасалған. Ауыл әкімшілігінің алдына мал жаю схемасы көрсетілген ақпараттық бильборд орналасқан. (жайылымдардың орналасу схемасы, жайылым айналымдарының қолайлы схемалары, су көздері, ауылшарашылығы жануарларын жаю мен жүріп тұру маусымдық бағыттары көрсетілген) |
|
22. |
Отар ауылындағы су құбыры желілері құрылысын мерзімінде және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) 2023 жыл, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну |
Су құбырына ағымды жөндеу жұмыстарына (задвижка ауыстыру) аудандық бюджеттен 4,4 млн.тг қаражат қарастырылған. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
|
|
23. |
Кенен ауылын ауыз сумен қамту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап, бюджеттік өтінім ұсыну |
Қордай ауданының әкімі (жинақтау) облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, 2023 жыл, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну |
Кенен ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 16,7 млн. теңге ЖСҚ әзірленуде. («АлиСтройПроект» ЖШС, аяқталу мерзімі 2023 жылғы желтоқсан соңы) (Резервуар 300 куб суға арналған, 2000 куб суға кеңейтіледі. 2 насос орнатылып, қолданыстағы су құбырларын жіберіледі) |
|
24. |
Кенен ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратын кеңейту жобасын 2024 жылы қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), 2023 жылғы 1 маусым |
Ауылдағы (Е.Қашағанова, №38) дәрігерлік амбулаторияға қосымша ғимарат құрылысын салу жобасы дайын (құны 241,2 млн.теңге, жобалаушы «БС Арчи Гроуп» ЖШС, сараптама Бірақ, даму жоспарына сәйкес құрылысы 2025 жылға жоспарланған (тапсырма 2024 жылға берілген).
|
|
25. |
Кенен ауылдық округі тұрғындарының сұранысы негізінде республикалық және облыстық мәндегі жолдарда жол белгілері мен жылдамдықты шектеу белгілерін орнату. Мәселенің облыс аумағында маңыздылығын ескере отырып тиісті шаралар қабылдау |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыстық полиция департаменті (келісім бойынша), «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филилалы (келісім бойынша), облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі 2023 жыл, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну |
Округ аумағынан республикалық маңызы бар «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы «Алматы – Тараз» бағыты бойынша 154-181 шақырым өтеді. Аталған автожолдың 154,161,162,165,169,178 шқ-да 6 дана мал өткелі, 174 шқ-да «жылдамдықты шектеу» жол белгісі, 165 шқ-да жылдамдықты шектеу камерасы орналасқан. Ағымдағы жылы 165-169 шқ-ғы жол бөлігінің екі жағынан малдың жолға шығуына қарсы қоршау орнатылған. Бұған қосымша, облыстық ПД қызметкерлерінің ҚР Ішкі Істер министірінің №757 бұйрығына сәйкес 1 қыркүйек-1 қараша аралығында жол-коммуналдық ұйымдарымен бірлесе отырып облыс аумағындағы республикалық және облыстық маңызы автокөлік жолдарына күзгі кешенді тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес Кенен ауылын қамтитын республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында қажеттілігіне қарай жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнатуға нұсқама жолдауды жоспарлауда. |
|
26. |
Отар және Кенен ауылдық округтеріне қызмет көрсететін медициналық жедел жәрдем көлігін жаңарту мүмкіндігін қарастырып, ұсыныс беру |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі (2023 жылғы 15 мамыр) |
Отар ауылында орналасқан жедел-жәрдем бригадасы 8 елді мекендегі (Отар, Кенен Аңрахай Бел Мұзбел Сұлутөр, Көктөбе ауылдары мен Гвардейск кенті) 19,6 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. (Отар - 4715, ПГТ Гвардейск-9000, Кенен - 2306, Үлкен Сұлутор – 1429, Мұзбель-184, Бель-492, Аңырахай-180, Көктобе-418) 2023 жылдың 6 айында халықтан 1,3 мың шақырту түскен (тәулігіне 6-7 шақырту). Жедел-жәрдем бригадасына 2018 жылғы «УАЗ» автокөлігі қызмет көрсетеді. Техникалық жағдайы жақсы. А.ж. 40 қызметтік көлікті сатып алынған (678,0 млн.тг, 40 машина сатып алуда, жеткізуші «Арлан» аккумлятор орталығы» ЖШС). Денсаулық сақтау басқармасы азаматтардың жүгіну көрсеткіштерін (1254) ескеріп қосымша ЖМК бригадасын (санитарлық автокөлікті) құру тиімсіз деп есептейді. Қосымша ЖМК бригадасының жұмысын қамтамасыз ету жылына Анықтама: Ауданда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының 9 бригадасы және БМСК жанындағы ЖМК 1 бригадасы қызмет көрсетеді. |
|
27. |
Аудан тұрғындарына санитарлық-тазалықты сақтауды қамтамасыз етуді, кері жағдайда айыппұл салу шаралары қабылданатынын насихаттау |
Қордай ауданының әкімі тұрақты, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну |
Аудан тұрғындарына санитарлық-тазалықты сақтау туралы насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505 бабына сәйкес ауыл әкімдері мен УПИ-ры 827 азаматқа ескерту беріп (а/о әкімдері-133, УПИ-694), 32 азаматқа 848,5 мың тг айыппұл салған (а/о әкімдері 20 айыппұл, 450,3 мың тг, УПИ 12 айыппұл, 398,2 мың тг). |
|
28. |
Бетқайнар ауылындағы №7 колледжі жатақханасын күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі (2023 жыл, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну) |
Облыстық бюджеттен бөлінген 230,0 млн.тг жөндеу жұмыстары басталған жоспарлы жүргізілуде.
|
|
29. |
Колледжде «Жылыжай ісі» мамандарын даярлау үшін арнайы білім беру лицензиясын алуға ықпал ету |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі 2023 жыл, тоқсан сайын аралық ақпарат ұсыну |
«Жылыжай ісі» мамандарын даярлау үшін лицензия алуға облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты кері қайтарылған. Бүгінгі күні кемшіліктермен жұмыс жасауда, жыл ішінде аталған мамандық бойынша лицензияға қайта сұраныс беріледі.
|