Қордай ауданы Масаншы, Қордай, Аухатты және Сарыбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
БЕКІТІЛІСІ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Жауапты орындаушылар Іске асыру мерзімдері |
Орындалу барысы |
|
1. |
2023 жылы Аухатты ауылдық округіндегі Бәйтерек ауылындағы негізгі мектептің құрылысын жүргізу үшін бюджеттік өтінім ұсынып, қаржы бөлу мәселесін шешу |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қордай ауданының әкімі |
150 орындық мектеп құрылысы а.ж. 28 сәуірінде басталған. Аяқталу мерзімі 2023 жылғы 28 желтоқсан. Мердігері «Темирстройсервис» ЖШС, 624,5 млн.тг; Авторы «Тараз-Технопроект» ЖШС, 7,3 млн.тг; Тех.қадағалаушы «КЗ стройэксперт» ЖШС, 15,2 млн.тг |
|
2. |
Күнбатыс ауылында ұялы (интернет) байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті орналастыруға жер телімін айқындап, ұялы байланыс операторларымен жұмыс жүргізу |
облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Бүгінгі күні ауылда ұялы байланыс жабдығына арналған антенна-діңгек орналастырылатын жер телімінің мәселесі шешіліп, мұнара (вышка) қойылған. Ұялы байланыс жабдықтарын жеткізілуде.
|
|
3. |
Қордай, Масаншы ауылдарында мұражай құрылысын жүргізуге ұсыныс енгізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (жинақтау), құрылыс басқармасы Қордай ауданының әкімі |
Масаншы ауылына мұражай құрылысын жүргізуге ұсыныс жолданып, 2024-2025 жылдарға жоспарланды. Қордай ауылына мұражайды құрылысы жоспарланған «Достық үйінде» орналасады. (Қордай ауылындағы саябақтан жер телімі дайындалған,)
|
|
4. |
Қордай ауылында 270 орындық жаңа емхана құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, қаржыландыру мәселесін шешу |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі
|
Нысан құрылысын жобалау 2020 жылы сәуірде басталған («Энерго Ресурс Снаб» ЖШС, 22,2 млн.тг). 2023 жылы наурызда сараптамаға енгізілгенімен, сәуір айында жобаға ТЭН болмағандықтан кері қайтарылған. Алайда, 2023 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына өзгеріс енгізіліп, ТЭН әзірлеу талабы күшін жойған. Бүгінгі күні, жобаның сыртқы инженерлік желілерімен қамту бөлігі толықтырылып әзірленуде (жер учаскесі «Самалтау» жаңа массивінен берілген, аталған массив инженерлік коммуналдық инфрақұрылыммен қамтылмаған). Болжаммен а.ж. қазанында мемлекеттік сараптамаға ұсынылады. |
|
5. |
Қордай ауылында оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге қажеттілікті зерделеп, ұсыныс енгізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі |
Аудан орталығында оқушылар сарайына қажеттілік бар. Мәселені құрылысы жоспарланған «Достық үйінде» орналастыру арқылы шешу қарастырылған. |
|
6. |
Масаншы ауылында жайылымдық жер жетіспеушілігі мәселесін шешу мүмкіндіктерін заңнама аясында қарастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Масаншы ауылдық округіндегі жайылым жер көлемі 20,4 мың га. Негізгі мәселе жайылым алқаптардың ауыл маңынан қашықта орналасуы. Мәселені шешу бағытында елді мекен жеріне босалқы жер қорынан 0,6 мың га жайылым берілсе, 3 тұрғынның 0,9 мың бас (843 қой-ешкі, 87 МІҚ) малы шалғайдағы жайылымдарға шығарылып, 7 шаруа қожалығымен 0,4 мың га жер учаскелеріне кедергісіз мал жаю үшін меморандум жасалған. Заң талаптары бұзыла отырып берілген 27,5 га жер қайтарылған. Ауыл әкімшілігінің алдына мал жаю схемасы көрсетілген ақпараттық бильборд орналасқан. (жайылымдардың орналасу схемасы, жайылым айналымдарының қолайлы схемалары, су көздері, ауылшарашылығы жануарларын жаю мен жүріп тұру маусымдық бағыттары көрсетілген) |
|
7. |
Тұрғындарға эпизоотиялық және энзоотиялық аурулардың алдын алу шараларының мемлекет және жеке тұрғындар қаражаты есебінен жүргізу тетігін түсіндіру. Ветеринар мамандардың жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі |
Аудандағы ветеринариялық станциялары тарапынан жергілікті тұрғындар арасында салаға қатысты іс-шаралар жөнінде, ҚР «Ветеринария туралы» Заңының талаптары мен қағидалары, мемлекет және жеке тұрғындар қаражаты есебінен жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы түсіндірілген (адам мен жануарлардың ортақ 12 түрлі аса қауiптi ауруларының профилактикасы мен диагностикасын алдын алу егу іс шаралары тегін жүргізіледі. Қалған жануарлардың инвазиялық ауруларын емдеу, олардың профилактикасы және жануарларға дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция жүргізу, мал ұстау мал иелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі). Ветеринар мамандарының жауапкершіліктерін арттыру мәселесі бақылауда, шағым жоқ. |
|
8. |
Егістік алқаптарды тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселесін шешу |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі |
2022 жылы 10,0 мың тонна тыңайтқыш 66,4 мың гектар алқапқа енгізілген (Аммиак-6,9 мың, аммафос-1,0, басқа да түрлері-2,1 мың тн). Ағымдағы жылы 35 шаруа қожалығы 3,8 мың тн тығайтқыш алған («КазАзот» ЖШС-1,3 мың тн аммиак, «КазФосфат» ЖШС-1,8 мың тн аммафос және 0,7 басқа да тығайтқыштар). Шаруалардың берген өтінімдері бойынша тыңайтқыш алуда мәселе жоқ. |
|
9. |
Жеке сектордағы 1 тұрғын үйге газ тарту қызметінің нақты қаржылай шығындарын қайта есептеп, қызмет құнын төмендету мүмкіндіктерін қарастыру. Қабылданған шараларды тұрғындарға түсіндіру |
Облыс әкімінің орынбасары Д.Рүстем, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі |
Қордай ауданында 41 елді мекеннің (158,5 мың адам) 34-і (150,1 мың адам) немесе 83,0% (94,7%) газдандырылған. Мемлекет есебінен елді мекендерге жеткізіуші газ құбыры жүргізілген. Ауылішілік газ құбырларын халық өз есебінен жүргізуге ортақ шешім қабылдаған. Бүгінгі таңда, үйге газ кіргізу құны 350,0 – 450,0 мың теңге.
|
|
10. |
Масаншы және Қордай ауылындағы мемлекеттік шекаралардағы бақылау-өткізу пункттеріндегі азаматтар мен автокөліктер кептелісін азайтуға бағытталған шаралар қабылдау |
Облыс әкімінің орынбасары Р.Дәулет, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің облыс бойынша департаменті (келісімі бойынша), Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Аталған 2 ауылдағы мемлекеттік шекарадағы бақылау-өткізу пунктіндегі азаматтар мен жеңіл көліктерінің кептілісі ретке келтірілген. |
|
11. |
«Жаңатұрмыс – Бірлік» АШК - не делдалдықты жою мақсатында ет тасуға арналған «Рефережатор» техникасын алу бағытында жұмыстар жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ (келісімі бойынша), Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Жамбыл ауылдық округіндегі «Жаңатұрмыс – Бірлік» АШК ет тасуға арналған «Рефережатор» техникасы тек қана ет тасуға арналғандықтан және ауылда қасапхана болмауына байланысты алудан бас тартты. |
|
12. |
Тұрғындардың сұранысы бойынша бау-бақша егу үшін 1 га жер телімін беру мәселесін қарастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Ауданда 47 азаматқа бау-бақша егу үшін 1,0 гектар жер учаскелері берілген.
|
|
13. |
Ауыл әкімдері табысы төмен отбасыларды анықтап, оларды мемлекеттік бағдарламаларға тарту |
Қордай ауданының әкімі |
Аудан бойынша табысы төмен отбасыларды мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру жұмыстары жүргізілуде. А.ж. 406 отбасыға (2174 адам) 137,5 млн.тг мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленіп, олардағы 681 балаға (18,1 млн.тг) кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілген. 49 азамат қайтарымсыз грант алса (29 көп балалы отбасы), ақылы қоғамдық жұмысқа 1014 адам тартылған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 91 адам қатысуда. «Ауыл аманаты» бағдарламасына АСП алатын 1 адам қатысып (Кенен а/о), 2,4 млн.теңге несие алған. Жыл басынан 3,7 мың отбасыға 73,3 млн.тг қайырымдылық көмек көрсетілген. |
|
14. |
Республикалық мәндегі «Қордай – Шу» автожолының Сарыбұлақ ауылынан өтетін жаяу жүргіншілерге арналған өткел салу және бейнебақылау камераларын орнату бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, Полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша), Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
«ҚазАвтоЖол» мекемесінің облыстық филиалы автомобиль жолдары ережелері жинағының (ҚР ЕЖ 3.03 – 101.20136.1.2.) 6.1.2 тармағына сәйкес әр түрлі деңгейдегі жүргіншілер өткелін (жер асты немесе жер үсті) І-б санатындағы жол үшін жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқындылығы 100 адам/сағ. кезінде жобалау талап етілгендігін басшылыққа ала отырып жаяу жүргіншілерге арналған өткел құрылысын жүргізуге мүмкіндік жоқ екенін хабарлады. Ал, облыстық ПД ҚР ІІМ №757 бұйрығына сәйкес, 1 қыркүйек-1 қараша аралығында жол-коммуналдық ұйымдарымен бірлесе отырып облыс аумағындағы республикалық және облыстық маңызы автокөлік жолдарына күзгі кешенді тексеру кезеңінде қажеттілігіне қарай жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бейнебақылау камераларын орнатуға нұсқама береді. |
|
15. |
Қызылсай ауылына су қоймасын салу мәселесін жан-жақты зерделеп, ұсыныс енгізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы (келісім бойынша),Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Қызылсай су қоймасының құрылысына инженерлік-іздестіру жұмыстарының қорытындысы дайын. (орындаушы «ЮниПрожектГроуп» ЖШС, 2,3 млн.тг) (Жанысай өзенінен түсетін 423,7 мың м³ суды жинап, 757 га жерді суару болжамдалған) Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сұранысына сәйкес аудан әкімдігі жер телімінің құжаттары рәсімделуде.
|
|
16. |
Қызылсай ауылына ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Жаңа ауыз су жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде («Жамбыл жоба» ЖШС, 8,0 млн. тг, 01.01.2024 жылы аяқтау жоспарланған). |
|
17. |
Ауқатты ауылдық округіндегі ескірген электр бағаналарын анықтап, оларды ауыстыру бойынша тиісті шаралар қабылдау |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС (келісім бойынша),Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Қызылсай ауылында комиссиямен анықталған 75 ескірген электр желілері мен бағаналары ауыстырылуда (А.Иманов көшесі, 3,0 шқ).
|
|
18. |
Ауқатты ауылының тұрғын үйлерін газға қосу техникалық рұқсатнамасын алу бойынша жұмыстарын бір ай көлемінде аяқтау |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша), Қордай ауданының әкімі (жинақтау) |
Бүгінгі күні ауыл тұрғындарының үйлерін газдандыруға техникалық шарт алуда мәселе жоқ (құжаттардың толық пакеті ұсынылса 1-2 аптада дайындалады). 1068 ауланың 792 газдандырылса, 120 аулаға газ тартылуда (156 аула үй құжаттарын және қаржы мәселесін реттеуде). (Аухатты-1068, Қызылсай-208, Бәйтерек-109 аула, барлығы-1385) |