Облыс әкімінің №11 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Облыс әкімінің №11 аумақтық округінің тұрғындарымен

 кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

3

4

5

1.

Тараз қаласының №11 аумақтық округінде тұрғындардың сұранысына сәйкес емхана салу мәселесін зерделеп, нақты ұсыныс енгізу

2023 жылыдың

5 мамыраны дейін

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

 

Тараз қаласының №11 аумақтық округінде тұрғындардың сұранысына сәйкес емхана салу мәселесін зерделеп, Бүгінгі танда, тұрғындарды «Құмшағал», «Шөлдала», «Қызыл-Абад», «Көлтоған», «Жиделі», «Казарма» шағын аудандары қалалық №2, №8 емханаға филиалына тілкелген. Қазмет сол емханада алуда. Бүгінге жаңа емхана салу қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар жеке емхана құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

2.

«Қызыл – Абад» тұрғын алқабындағы 5 көшенің жолы реттелмеген 2 көшесінің (Сығанақ,Ордабасы) жолдарын шағал таспен тегістеу жұмыстарын жүргізу

 

 

2023 жылғы

1 шілдеге дейін

Тараз қаласының әкімі

2024 жылға Қызылабад, Шөлдала, Құмшағал және 28 саяжай алқабына шағал жол төсеу жұмыстары жоспарланған.

Қызыл Абад тұрғын алқабындағы 5 көшенің жолдарына шағал тас төсеу жұмыстары 3-жылдық жоспарға сәйкес 2024 жылға жоспарлануда.

3.

«Шаңырақ», «Көлтоған» тұрғын алқаптарына қосымша қоғамдық көлік жүргізу (автобус саны мен маршрутын арттыру)

2023 жылғы

1 мамырға дейін

Тараз қаласының әкімі

Қазіргі уақытта «Шөлдала», «Құмшағал» алқаптарына №54 маршрут «Ауыл Береке базары – Құмшағал»  бағытында қоғамдық көлік қызметін көрсетуде. Тасымалдаушы мекеме «ТаразПассТранс» ЖШС-гі.

Алқап тұрғындарының сұранысына сәйкес бүгінде бағыттың кесте саны 5-ке көбейтіліп, жүру аралығы                  30 минуттан 25 минутқа қысқартылды. Қосымша 3 кестемен «Құмшағал, Көлтоған алқаптары – Темір жол вокзалы» бағытында қызмет көрсетуді бастады.

«Шаңырақ» алқабы бойынша №9 бағыттты созу жоспарда. Бұл бағытта тасымалдаушы мекеме «Smart City Service» ЖШС бағыттың таңғы (сағат 07:20-да Шаңырақ ш.а. аумағынан бастайды), түскі (сағат 13:10-да Шаңырақ ш.а. аумағынан бастайды) және кешкі (сағат 20:40-та Шаңырақ ш.а. аумағында аяқтайды)1 реттік рейстері «Шаңырақ» алқабына дейін созылды.

Жолаушылар ағымына байланысты алдағы уақытта қосымша автобустар қосу арқылы бағытты «Шаңырақ» алқабына дейін толықтай ұзарту жоспарланып отыр.

Бүгінде аталған бағытта 10 бірлік автобус «Арай» алқабына дейін созылып, қызмет көрсетуде.

 

4.

«Шаңырақ», «Құмшағал» тұрғын алқаптарына ауыз су жүйесі құрылысын жүргізу

2023 жылы

ЖСҚ аяқтау

 

2024 жылы

Ауыз су кіргізу жұмыстарын

аяқтау

Тараз қаласының әкімі

«Шаңырақ» алқабындағы сумен жабдықтау жүйелерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін насостық станцияны қалпына келтіру жұмыстарын атқару қажет. Бұл жұмыстарды қала әкімдігінің құрылыс бөлімі ЖСҚ дайындауда. 2023 жылы жобаны аяқтау жоспарлануда.

Құмшағал тұрғын алқабында ауыз су желілерінің құрылысы жүргізілуде. Мердігер мекеме – «ТаразСтрой-2004» ЖШС. Келісімшарт - 991 296 033,06 теңге.Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда нысанды тексеріп мемлекеттік қабылдау актісі рәсімделуде.

5.

«Көлтөған» тұрғын алқабындағы сусорғы орналасқан аумақта жастарға арналған демалыс орнын салу үшін бос жатқан жер телімін зерделеп, шешу жолдарын қарастыру

2023 жылғы

5 мамырға дейін

Тараз қаласының әкімі

«Көлтоған» тұрғын алқабындағы сусорғы жүйесінің маңындағы жер телімдеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жастарға арналған демалыс орнын салу үшін жалпы көлемі 1,2 га жер телімі бос екендігі анықталып, ұсынылды.

6.

«Көлтоған» тұрғын алқабындағы ескі мектеп ғимараты орналасқан жер телімінің орнынан жекеменшік  балабақша ашуды қарастыру немесе демалыс орны ретінде аббаттандыру жұмыстарын жүргізу

2023 жылғы

5 мамырға дейін

Тараз қаласының әкімі

Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан «Көлтоған» тұрғын алқабындағы ескі мектеп ғимараты орналасқан жер телімін зерделей келе, ғимараттың түгелдей бұзылғаны, жер телімінің бос жатқаны, жалпы көлемі 0,040 га құрайтынын және балабақша ғимаратын тұрғызуға құрылыс нормалары мен ережелеріне сай екендігі анықталды.

7.

Новостройка көшесіне   бетондық  тірек  (бетонный столб) орнату

2023 жылғы

24 ақпан

 

Н.Қалдыбаев

Ғ.Алтаев

Тараз қаласы Навостроика көшесі тіректер инвест бағдарлама бойынша ЖЭС-тенгерімде 2026 жылы темір бетонды бағанаға ауыстыру жоспарлануда.

8.

«Қызыл-Абад» тұрғын алқабындағы мектепке газ кіргізу мәселесін шешу

2023 жылғы

1 шілдеге дейін

 

Облыс әкімдігінің білім беру басқармасы

 

«Қызыл-Абад» тұрғын алқабындағы мектепке газ кіргізу 2024 жылға жоспарланған.

9.

«Қызыл-Абад», «Көлтоған» тұрғын алқаптарында, «Химик» массивіндегі ағын су жүйелерін қалпына келтіру үшін жұмыс тобын құрып, тұрғындармен жұмыстар жүргізіп, мәселелерін шешу

2023 жылғы

6 сәуірден бастап

Тараз қаласының әкімі

Аталған алқаптың арық жүйелерінің жағдайы және арық жүйелерін қалыптастыру мүмкіндігі зерделенді.

«Химик» саяжай алқабы, Ақбаян, Шаған көшелерінің бойындағы Аса-Талас каналы өтеді.  Алқаптың жер қыртысы деңгейі канал арнасының деңгейінен биік орналасуына байланысты тұрғындарға ағын су сорғылардың көмегімен (принудительно) беріліп отырған. 2022 жылы алқапта жаңа электр желілері құрылысы жүзеге асқан. Бүгінгі күні жаңа трансформаторлық тораптарға насостарды қосуға техникалық шарт берілді.

«Қызыл-Абад» алқабында Аягөз, Бекеев, Қалымбетов, Сығанақ көшелерінің бас жағында үйлер ағын сумен қамтылған. Арық жүйелерінің тозығы жетуіне және жаңадан үлестірілген жер телімдерінде үй құрылыстары кезінде арық жүйелері көміліп қалуына байланысты алқаптың аяқ жағында (оңтүстік бөлігіне) ағын су бармайды. Су «Көлтоған» алқабы жақтан Солтүстік көшесі бойымен бұрыңғы егістік алқаптарының арықтары арқылы келеді.

«Көлтоған» алқабы бойынша мәселе қайталанады. Алқап ағын сумен қамтылған. Алайда, арық жүйелерінің жағдайы қанағаттанарлық. Жаңадан үй құрылысы жүрген аумақта арық жүйесі мүлдем жоқ. Егістік алқабының жанында орналасқандықтан су көлемін жеткізуде қиындықтан туындамайды. Су ел аузында «Қызыл шлюз» деп аталып кеткен су торабынан келеді.

Аталған алқаптарды толық ағын сумен қамту мәселесін магистралдық каналдарды бұру, арық жүйелерін салу және қалпына келтіру бойынша кешенді жоба әзірлеу сынды кешенді түрде шешу ұсынылды. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

10.

«Қызыл-Абад» тұрғын алқабында 2026 жылға соғылуы жоспарланған  мектеп құрылысын, 2024 жылға ауыстыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу

2023 жылғы

1 мамырға дейін

Облыс әкімдігінің білім беру басқармасы

 

«Қызыл-Абад» тұрғын алқабында 2026 жылға соғылуы жоспарланған мектеп құрылысының ЖСҚ әзірленуде, 2024 жылға құрлысын жүргізу мүмкіншілігі қарастырылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің №11 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
03 октября 2023