Облыс әкімінің №4 аумақтық округінің тұрғындарымен
кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Жауғаш батыр көшесінің бойынан қоғамдық көлік аялдамасын орнату |
2023 жылғы 31 шілдеге дейін |
Тараз қаласының әкімі |
Ағымдлағы жылы қала аумағына 36 аялдама орнату жұмыстарына бюджет есебінен тиісті қаржы қарастырылды. Оның ішінде 6 аялдама №4 аумақтық округке қарасты Жауғаш батыр көшесінің бойына орнатылатын болады. Олар: - 14 мектеп аумағы – 1; - Барысхан алқабы бас жағына – 2; - Барысхан алқабы ортасы жағына – 1; - Барысхан алқабы соңына – 2. Қазіргі уақытта аялдама орнату жұмыстары толығымен аяқталды. |
|
2. |
Қарасай алабы Ниязымбетов көшесінідегі ағын су мәселесін шешу |
2023 жыл 30 тамыз |
Тараз қаласының әкімі |
«Қарасай» (Казпоселок) алқабында шамамен 650 тұрғын үй бар. Алқаптың бір бөлігі, яғни «Төрегелді» каналы арқылы 350 үй ағын сумен қамтылған. Алайда, Талас өзенінің жағалауына жақын орналасқан Речная, Набережная, Ниязымбетов көшелеріндегі тұрғын үйлерге аталған канал арнасынан биік орналасуына байланысты су жеткізу техникалық тұрғыдан мүмкін болмай отыр. Ағын сумен қамтылмай отырған үйлердің саны – 300 үй шамасы. Аталған көшедегі үйлерге Талас өзенін бойлай салынған лоток жүйесі арқылы ағын су беріліп отырған. 2016 жыл 6 шілде күні Қырғыз Республикасында орналасқан «Киров» су қоймасынан бір мезетте 200 текше метр суды жіберуі салдарынан (аварийный сброс) аталған лоток жүйесін шайып кеткен. Кейін «Тараз-Аква» ЖШС-мен лоток арнасы қолдан қалпына келтіріліп, 2022 жылға дейін ағын су беріліп отқан. 2021 жылы мердігер мекеме - «Идель» ЖШС жүзеге асырылған Талас өзенінің жағалауын бекіту жұмыстары кезінде қолдан жасалған су бұру жүйесі түбегейлі жойылған. Қазіргі таңда қалпына келтіру мүмкін емес. Мердігердің демеуімен сатып алынған сорғының (насос) 300 үйді ағын сумен қамтуға қуаттылығы жетпейді. Сонымен қатар, тұрғындар электр энергиясына кететін төлемақыдан бас тартуда. |