Облыс әкімінің №8 аумақтық округінің тұрғындарымен
кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
«Салтанат» (4) мөлтек ауданы №3 үй, №103 пәтерде және «Талас» (6) мөлтек ауданы №23 үй, №82 пәтерде тұратын қарт аналарға көмек көрсету |
2023 жылғы 2 қазан |
Тараз қаласының әкімі |
Халықпен кездесу барысында Тараз қаласы «Салтанат» (4) мөлтек ауданы №3 үй, №103 пәтерге өтінішті қарастыру мақсатында жоғарыда көрсетілген меке-жайға шығып, пәтер иесі тұрғын Р.Яшонкованы (1941 ж.т.) үйіне зерделеу жұмыстары жасалынды.Зерделеу барысында жоғарыда көрсетілген меке-жайда 2 бөлмелі пәтерде бір өзі тұратындығы және жасына байланысты зейнеткер екендігі анықталды. Үйінде ит асырайды, пәтер ішіне антисанитариялық көмек көрсетілді. Р.Яшонкованы айтуымен немер қызы Лисицкая Ирина Владимировнамен хабарласып кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар Р.Яшонкованың жағдайы ескеріліп қарттар үйіне орналастыру ұсынылды, алайда Р.Яшонкова ұсыныстан бас тартты. Бүгінгі күні немере қызы И.Лисицкая апасы Р.Яшонковаға күтім жасайтынын және алдағы уақытта көршілер тарапынан шағым түспейтіндігін жеткізді. «Талас» (6) мөлтек ауданы №23 үй, №82 пәтерінің тұрғыны жасына байланысты, зейнеткер Валентина Константиновна Кутенкованың (ЖСН 471120402272) жағдайын көтерген болатын.Осы орайда аталған мекен-жайда В.Кутенкованың жалғыз өзі тұратындығы анықталды.Жақын туыстары жоқ, жалғыз қызы төрт жыл бұрын қайтыс болған. 2023 жылғы 31 тамыз күні В.Кутенкованы участкелік полиция қызметкерінің, Емхана дәрігерлерінің, төтенше жағдай қызметкерлері мен көршілерінің қатысуымен Жамбыл облысы психонервологиялық диспансерге бір апталық мерзімге жатқызылды.Бүгінгі күнде В.Котенкованы әрекетке қабілетсіз деп тану үшін Тараз қалалық сотына арыз беру үшін құжаттар жинақталуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. |
|
2. |
«Самал» (7) мөлтек ауданы №1 көпқабатты тұрғын үйде пәтерді жалға берушілердің құжаттарының заң талаптарына сәйкестігін анықтау |
2023 жылғы 2 қазан |
Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үйді заңсыз жалға беруді анықтау мақсатында "Самал" (7) шағын ауданының №1 көпқабатты үйіне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 5 жалдамалы пәтер анықталып, Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыныстар жолданды. |
|
3. |
Тәжік-Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қою мәселесін заң талаптарына сәйкес қарастырып, ұсыныс беру |
2023 жылғы 1 қазан |
Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Тараз қаласында Тәжік-Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қою мәселесі Жамбыл облысы әкімі Н.Нұржігітовтың қабылдауында қаралып оң келісімі алынған болатын, алайда қала бюджеті есебінен Тәжік-Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қою үшін қаражат қарастыру қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келмейді. Қазіргі таңда жоғарыда аталған мәселе бойынша өтініш иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта өз тараптарынан демеушілер табылған жағдайда «Жеңіс» саябағынан Тәжік-Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қою үшін орын бөлінетіндегі жайлы хабарланған. |
|
4. |
Тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында «Малибу» кафесінің жұмыс уақытын реттеу, учаскеліп полиция қызметкерлері күнделікті бақылауын қамтамасыз ету |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Тараз қаласының Полиция басқармасымен бірнеше рет, жергілікті атқарушы органдарға Тараз қаласы аумағында орналасқан ойын-сауық орындарындағы криминогендік жағдай туралы, сондай-ақ кафелер мен балаларлардың жұмыс режимін шектеу туралы ақпарат жолданды. Сонымен қатар Тараз қаласы Шостакович көшесі 5А мекен-жайында орналасқан "Малибу" кафесі түңгі сағат 01.00-ге дейін жұмыс жасайды. Полиция басқармасы тарапынан көңіл көтеру орындарында, сондай-ақ жақын маңдағы аумақта құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу бойынша, қажетті алдын алу іс шаралары қабылданды. Күнделікті осы периметрде патрульдік полиция батальонының (2) қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін күзетуді жүзеге асырады. Бұған қоса, апта сайын жұмадан - сенбіге дейін, сондай-ақ мереке күндері қала аумағындағы көңіл көтеру орындарындағы қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын полиция қызметкерлерінен құралған тәуліктік кезекшіліктері қарастырылған түрақты бақылауда. |
|
4. |
№8 аумақтық округке қарасты көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы күл-қоқысты тұрақты және мерзімінде шығару, санитарлық-тазалықты қамтамасыз ету мақсатында белгіленбеген орындарға қоқыс қалдықтарын тастап, заңнама талаптарын бұзған тұрғындарға айыппұл салу жұмыстарын жүргізу |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау)
|
Жамбыл облысы ПД басшылығының тапсырмасын орындау үшін, Ішкі істер органдары құзыреті шеңберінде, тазалық жөнінде ахуалды жақсарту, халықтың қоғамдық орындарында өздерін ұқыпты ұстауын әдетке айналдыру үшін, сонымен қатар басқада құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен Тараз қаласы аумағында 2023 жылдың тамыз айының 4-ші жұлдызы мен 6-шы жұлдызы аралығында «Таза қала» атты жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Тараз қаласы аумағында барлығы 351 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, барлығы 620000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Атап айтатын болсақ оның ішінде: ҚР ӘҚБК-нің 505 бабы –190 хаттама, (абаттандыру қағидаларын бұзу). ҚР ӘҚБК-нің 204 бабы – 64 хаттама, (белгіленбеген орында сауда жасау). ҚР ӘҚБК-нің 434-2 бабы –26 хаттама, (ортақ пайдалынатын орынды ластау). ҚР ӘҚБК-нің 597 бабы – 8 хаттама, (көлік құралдарын тоқтап тұру қағидаларын бұзу). ҚР ӘҚБК-нің 440 бабы – 28 хаттама, (қоғамдық орында масаң келу). Басқа да анықталған әкімшілік құқық бұзушылық деректері-34 хаттама. Жедел профилактакалық іс-шарасын жүргізу барысында Тараз қаласы аумағында белгіленген талаптарға сәйкес емес қоқыс тастайтын 11 орын анықталып, олар бойынша ескерту жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралар қала аумағында өз жұмысының жалғасын табуда және күнделікті назарға алынды. |
|
5. |
«Салтанат» (4)мөлтек ауданындағы«Назира восток» балабақшасына барар жолды жөндеу |
жыл соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, Тараз қаласының әкімі |
Ағымдағы жылы қаладағы мөлтек ауданындағы ішкі жолдарды ағымды жөндеу жұмыстарына мердігер "Ерлан и К" ЖШС-мен келісімшарт жасалған болатын. Қазіргі таңда мердігер өз міндетін атқармағандықтан келісімшарт бұзылды. Алдағы уақытта бюджеттен қосымша қаражат қарастырылған жағдайда ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылатын болады. |
|
6. |
Тараз қаласындағы жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауға алу |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Қаладағы жол жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші, нысанның авторлық және техникалық қадағалаушылары, зертхана мамандарының тұрақты бақылауында.
|
|
7. |
«Таразға тарту» жобасы аясында «Мойынқұм ауданы әкімдігі» тарапынан тарту ұсынылған сквердегі газонды автотұраққа айналдыру фактісін зерделеп, тиісті шаралар қабылдау |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Тараз қаласы аумағында Полиция Басқармасының ППБ қызметкерлерімен тұрақты түрде «Заңсыз тұрақ» атты жедел профилактикалық іс-шара өтуде. ҚР ӘҚБтК 597 бабы ағымдағы жылдың басынан 462 әкімшілік хаттама. Сонымен қатар Аталған мекен-жайға «Заңсыз тұрақ» бойынша автокөлік иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. |
|
8. |
Мәмбет батыр көшесіндегі аялдаманы Жамбыл даңғылы көшесіне қарай жылжыту мәселесі заңнама талаптарына сай жүргізу |
2023 жылғы 30 қыркүйек |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Аталған жерге аялдама орнату мәселесі қала әкімдігінің ТЖКШ, ЖК және АЖ бөлімі мамандарымен орынға шығып зерделенді. Зерделеу нәтижесі бойынша Мәмбет батыр көшесінен Жамбыл даңғылына қарай орналасқан мекемелерге бірнеше кіреберіс жолдардың болуына байланысты павильоны бар аялдама алаңын қоюға мүмкіндік болмауда. |
|
9. |
Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №40 гимназиясың қасбетін және ішкі баспалдақтарын жөндеу жоспарына енгізу |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Тараз қаласының әкімі |
Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан № 40 гиназиясын қасбетін және ішкі баспалдақтарын жөндеуі енгізілмеген , қаражат бөлінбегеніне байланысты орындалған жоқ. 2024 жылға смета жасалып ұсыныс беріледі. |
|
10. |
№40 гимназиясың ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары сапалы және мерзімінде аяқтау |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
№40 гиназиясының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары мердігер тарапынан толық орындалып пайдалануға берілді, сапалы және мерзімінінде аяқталды.
|
|
11. |
№40 гимназиясының оқу кабинеттерінің жабдықтарын жаңарту бойынша ұсыныс енгізу |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
№40 гимназиясының оқу кабинеттерінің жабдықтарын жаңарту бойынша ұсыныс берілді бірақ қарастырылмады.
|
|
12. |
Үй жануарларын есепке алу (ит, мысық)мақсатында жануарлар иесінің өтінішісіне сәйкес чиптендіру жұмыстарын заңнама талаптарына сай жүргізу |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау) |
Тараз қалалық ветеринариялық станциясының мәліметі бойынша бүгінгі күнге қала тұрғындарынан 336 өтініш түсіп, 720 үй жануарларына (ит, мысық) сырға түріндегі чиптер салынды
|
|
13. |
«Мыңбұлақ» (9) мөлтек ауданы №21 үйдің және «Алатау» (8) мөлтек ауданы №29 үйдің кәріз құбырларын ретке келтіру |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Тараз қаласының әкімі
|
«Жамбыл Су» МКК-ның мамандары аталған мекен-жайға шығып зерделеу барысында кәріз жүйесі құбырлары қалыпты жағдайда екендігі анықталды. |
|
14. |
«Самал» (7) шағын ауданындағы «Абай» атындағы кітапхана мен №1 балабақша аралығына түнгі жарық жүйесін жүргізу |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Тараз қаласының әкімі
|
Қазіргі таңда Тараз қаласы, «Самал» (7) шағын аудандағы көп қабатты тұрғын үйлермен «Абай» атындағы кітапхана мен №1 балабақшаға барар жолдарды жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 2024 жылы құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. |
|
15. |
«Мыңбұлақ» (9) мөлтек ауданы, №10, 11, 15 үй аулаларына балалар ойын алаңшасының құрылысын 2024 жылғы жоспарға енгізу |
2023 жылғы 1 желтоқсан |
Тараз қаласының әкімі
|
2024 жылы 75 мекенжай бойынша ауланы абаттандыру, оның ішінде балалар ойын алаңшаларын салу жоспарланып отыр. Мыңбұлақ м/а, №10,11,15 үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша 2024 жылға ұсыныс беріліп, бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда жұмыстар жүзеге асады. |
|
16. |
«Салтанат» (4) мөлтек ауданы №24 үйде суық су болмауын анықтап, жергілікті жерде мәселені реттеу |
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Тараз қаласының әкімі
|
«Жамбыл Су» МКК-ның мамандары аталған мекен-жайға шығып зерделеу барысында суық су бар, су қысымы талапқа сай екендігі анықталды. |
|
17. |
«Самал» (7) және «Мыңбұлақ» (9) мөлтек ауданындағы мектеп және балабақшаларға баратын С.Сейфуллин көшесіндегі жаяу жүргінші жолына мердігер тарапынан жарықтандыру жұмыстарын жүргізу
|
2023 жылғы 1 қыркүйек |
Тараз қаласының әкімі
|
Тараз қаласы «Самал» (7) және «Мынбұлақ» (9) шағын аудандағы Сейфулин көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолдарын жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары 2024 жылы жоспарда. |
|
18. |
Тараз қаласындағы арық-жүйелері жөндеу жұмыстарын сапалы және мерзімінде аяқтау |
2023 жылғы 30 қыркүйек |
Тараз қаласының әкімі |
Қала аумағындағы арық жүйелерін қалпына келтірудің 2023-2025 жылдарға арналған жоспары бекітіліп, ағымдағы жылы 1,4,5,6,7,8,9 мөлтек аудандарында жұмыстар басталған. Осы мақсаттақала бюджетінен 1,0 млрд.теңге қарастырылды. Ағымдағы жылы аталған мөлтек аудандағы жұмыстарды аяқтау жоспарда. Жұмыстарды сапалы және мерзімінде аяқталуы жіті бақылауда. |
|
19. |
Қала тұрғындарынан түсетін өтініштері мен ұсыныстардың қарау бойынша кері байланыс орнату жұмыстарын күшейту |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Тараз қаласының әкімі |
2023 жылдың қаңтар айынан бастап Instagram әлеуметтік желісіндегі түрлі парақшаларда қалалық әкімдіктің ресми парақшасын белгілеуі және жарияланған посттар – 1414, Facebook әлеуметтік желісінде жеке азаматтардың әкімдіктің ресми парақшасын белгілеуі немесе топтарда жарияланған посттар –445. Жыл басынан бері жалпы әлеуметтік желіге 1859 арыз-шағым түскен. Қазіргі уақытқа дейін әрбір сұрақ зерделеніп, апталық және айлық дайджест уақытылы ұсынылуда. Тараз қаласының тұрғындарынан әлеуметтік желілерге түсіп отырған өтініш-арыздарға шұғыл жауап беріліп, қалған мәселелер назарға алынды. |
|
20. |
«Үш бұлақ» каналын (Жеңіс саябағындағы және «Талас» (6) мөлтек ауданындағы су қоймаларына) су өсімдіктерінен тазарту мақсатындабалық жіберу мүмкіншілігін зерделеу |
2023 жылғы 1 қазан |
Тараз қаласының әкімі |
Су қоймаларын өсімдіктер мен балдырлар басудың алдын алудың тиімді, әрі арзан жолы – қоймаға арнайы ақ амур, дөңмаңдай (толстолобик) балық тұқымдарын жіберу. Ақ амур ірі қамыс-балдыр сабақтарымен, дөңмаңдай қойма суын жасыл түске бояйтын өрмекшінің торы секілдес майда балдырлармен қоректенеді. Аталған балық тұқымдарының 10-15 см болатын шабақтарының нарықтағы бағасы 95-110 тг. құрайды. Су қоймаларына балық шабақтарын жібермес бұрынбірінші кезекте қоймадағы судың гидрохимиялық құрамын зерттеу қажет. Сондай-ақ, балықтардың қыс мезгілінде қолайлы қыстауы үшін су қоймасында 2-2,5 метр тереңдікте шұңқырлардың болуы. |
|
21. |
Тараз қаласының тұрғындарына қатты тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайын бейнероликтер жариялау |
2023 жылғы 30 қыркүйек |
Тараз қаласының әкімі |
2023 жылдың мамыр-тамыз аралығында полиция қызметкерлерінің қатысуымен қала аумағында күл-қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленбеген орынға қалдырған жеке және заңды тұлғаларды анықтап, оларға әкімшілік шара қолдану жұмыстары жүргізілді. Бұл шараға жергілікті телеарналар мен баспа басылымдардың тілшілері және блогерлер қатысты. Бүгінгі күні тақырыптық 3 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерген таратылды. Сондай-ақ, жергілікті «JAMBYL», «Taraz 24» «77 TV» телеарналарында 14 сюжет көрсетіліп, «Jambyl-Taraz» қалалық газетінде 7 мақала, сайттарда 6 және әлеуметтік желілерде 18 материал жарияланды. |
|
22. |
Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамту жұмыстарын тұрақты жүргізу |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Тараз қаласының әкімі |
Тараз қаласы бойынша ветеринариялық станциясының мәліметі бойынша: - 2022 жылы ауланғаны – 9 766. - 2023 жылдың басынан бері ауланғаны – 10 544. - «Jambyl-109»-дан түскен өтініштер саны – 3 734, орындалғаны – 3 681. - 2 бригада күндізгі және түнгі ауысыммен (2 - жұмысшы, 2 - автокөлік) жұмыс атқаруда. |