Жамбыл облысының ветеринария саласындағы кейбір заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 45-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 6), 7) тармақшаларына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Байзақ ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Жуалы ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Қордай ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Меркі ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Мойынқұм ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Т. Рысқұлов ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Сарысу ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Талас ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Шу ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Тараз қаласының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бірігу жолымен Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
- Кәсіпорнының Жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Жамбыл облысы әкімдігінің «Жамбыл облысының кейбір мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарын қайта атау туралы» 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 97 қаулысының күші жойылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемелекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік тіркелуін;
2) өзгеде осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы
басшысы Н. Құрмантаев